Бромгексин (таблетки 8 мг, Борисовский завод медицинских препаратов ОАО)

МНН: Бромгексин
Производитель: Борисовский завод медицинских препаратов ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Bromhexine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010299
Информация о регистрации в РК: 09.03.2023 - 09.03.2033
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Бромгексин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бромгексин

Дәрілік түрі

8 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 8 мг бромгексин гидрохлориді,

қосымша заттар: қант ұнтағы, лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы, картоп крахмалы.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді ойығы бар ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қақырық түсіретін препараттар. Муколитиктер.

АТХ коды R05CB02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішу арқылы қабылдағаннан кейін 30 минуттың ішінде АІЖ 99% -ға сіңеді. Биожетімділігі бауырдан бірінші өту әсерінің салдарынан 20% жуық құрайды, бұл орайда бірқатар фармакологиялық белсенді метаболиттер түзіледі (оның негізгісі - амброксол). 16 мг дозада қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы барынша жоғары концентрациясына (Сmax) 3,00±1,92 сағат өткенде қол жетеді және 31,50±10,73 нг/мл. құрайды.

Қанда 99% плазма ақуыздарымен байланысқан күйінде болады. Гистогематикалық бөгет, оның ішінде гематоэнцефальдік және плаценталық бөгеттер арқылы жақсы өтеді, емшек сүтіне бөлініп шығады. Таралу көлемі 5,7 л/кг құрайды.

Деметилдену және амброксолдар, сондай-ақ белсенсіз диброммантранил қышқылы мен глюкурон канъюгаттарын түзе отырып тотығу жолымен бауырда метаболизденеді. Бромгексиннің жартылай шығарылу кезеңі (Т½) 10-12,5 сағатқа тең, бұл орайда шығарылуы екі сатылы сипатта болады. Негізінен бүйрек арқылы бромгексиннің суда еритін метаболиттері түрінде (70%), өзгермеген күйінде 1% азы шығарылады. Бромгексиннің жалпы клиренсі - 11,4 мл/кг/мин. Ауыр бауыр жеткіліксіздігінде препараттың клиренсі төмендейді, ал бүйрек жеткіліксіздігі кезінде оның метаболиттерінің клиренсі азаяды. Көп рет қолданған кезде бромгексин жинақталуы мүмкін.

Фармакодинамикасы

Бромгексин бронхтық шырышты эпителий жасушаларының Na+/К+/2Cl- -транспортерінің жұмысын бөгеп, айқын муколитикалық және қақырық түсіретін әсер береді. Транспортер жұмысының бұзылуы бронх шырышының осмотикалығының жоғарлауына және оған судың қарқынды келіп түсуіне әкеледі. Нәтижесінде ақуызды емес (серозды) компонент есебінен бронх секретінің сұйылуы орын алады. Бромгексин серозды (ақуызды емес) компонент есебінен бронхтың шырышты қабығы, мұрын жұтқыншақ бездерінің секреторлық белсенділігін күшейтеді. Шырышта ақуызды және ақуызды емес құрамдастардың арақатынасын қалыпқа келтіреді. Кларк жасушаларынан шырыштың мукополисахаридтерін ыдырататын және оның тұтқырлығын төмендететін протеолитикалық лизосомальді ферменттерінің терминалды бронхиолаларын босатуды күшейтеді.

Бромгексин бронхтардың жыпылықтағыш эпителий кірпікшелерінің қимыл белсенділігін көтермелейді, шырышты секреттің бронх тармақтарын бойлап (мукоцилиарлық клиренс) жылжуын жеңілдетеді. Бромгексин өкпенің пренатальді дамуын демейді, өкпе макрофагтары арқылы сурфактанттың синтезі мен секрециясын арттырып, оның ыдырау жылдамдығын төмендетеді.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

  • трахеобронхитте

  • жедел және созылмалы бронхитте

  • пневмонияда

  • бронхоэктаздық ауруда

  • өкпенің созылмалы обструкциялық ауруында (оның ішінде созылмалы обструкциялық бронхитте, эмфиземада, пневмосклерозда)

  • муковисцидозда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Тамақтануға қарамастан 200 мл (1 стақан) ауыз сумен ішіп, ішке қабылдайды.

Ересектер мен 14 жастан үлкен балаларға тәулігіне 3-4 рет 8-16 мг-дан (1-2 таблеткадан) тағайындайды. Ересектерге арналған ең жоғарғы тәуліктік доза - 64 мг (8 таблетка). 6-14 жастағы балаларға күніне 3 рет 8 мг дозада тағайындайды. Емдеу курсы 5-7 күн.

Жағымсыз әсерлері

  • жүрек айнуы, құсу, қыжыл, гастралгия (әсіресе ұзақ қолданғанда), асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруының өршуі

  • тері бөртпесі, есекжем, ангионевротикалық ісіну, ринит, жекелеген жағдайларда: аллергиялық жанаспалы дерматит, анафилактикалық реакциялар

  • “бауыр” трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы

  • бас ауыруы, бас айналуы

  • жөтел, бронх түйілуі

  • тершеңдік

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • бромгексинге немесе бромидтерге жоғары сезімталдықта

  • қатерлі кірпіктік синдромда (шырыштың асқын секрециясы аясында бронхтар моторикасының бұзылуында)

  • жүктілік (І триместр) және лактация кезеңінде

  • асқазан мен ішектің асқыну сатысындағы ойық жарасында

  • құрысу синдромында

  • 6 жасқа дейінгі балаларға.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жөтелге қарсы дәрілермен (кодеинмен, декстрометорфанмен, окселадинмен, преноксдиазинмен) бір мезгілде қолданған кезде қақырық түсуінің қиындауы және қатерлі кірпіктік синдромның дамуы ықтимал.

Бронхтық секретке амоксициллиннің, цефуроксимнің, эритромициннің, доксициклиннің өтуін күшейтеді.

Сілтілік ерітінділермен үйлеспейді.

Айрықша нұсқаулар

Емделу кезінде сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдаған жөн, ол бромгексиннің қақырық түсіргіш әсерін жоғарылатады.

Балаларда емдеуді брохтан секреттің бөлініп шығуын жеңілдететін кеуде қуысын постуральді дренаж немесе вибрациялық массаж жасау арқылы қатар жүргізген жөн.

Бромгексинді бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі, секреттің шамадан тыс жинақталуы қатар жүретін бронх ауруы бар емделушілерге сақтықпен қолдану керек. Әдеттегімен салыстырғанда препарат дозасын 2 есе азайту немесе креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен болғанда енгізулер аралығын ұлғайту ұсынылады

Жүктілік

Жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрлерінде ана үшін болжамды пайдасы ұрық үшін қауіптен жоғары болған жағдайда қолдануға болады.

Автокөлікті жүргізу мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі.

Әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Симптомдары: диспепсиялық бұзылулар, оның ішінде жүрек айнуы, құсу, диарея

Емі: жасанды құсық, асқазанды шаю (қабылдағаннан кейін алғашқы 1-2 сағатта)

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 немесе 25 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 5 пішінді ұяшықты қаптама 10 таблеткадан немесе 2 пішінді ұяшықты қаптама 25 таблеткадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі, 64, тел/факс +375 (177) 734043

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық поштасы).

Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қ-сы, Абылай хан даңғылы, 30, «МедФармИнтерСервис» ЖШС, тел. 87013066011, 87714140258.

 

 

 

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

284240291477976983_ru.doc 58.5 кб
088899991477978148_kz.doc 69.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники