Бромгексин (таблетки 8 мг, Фармстандарт-Лексредства ОАО)

МНН: Бромгексин
Производитель: Фармстандарт-Лексредства ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Bromhexine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009554
Информация о регистрации в РК: 11.03.2012 - 11.03.2017
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Бромгексин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бромгексин

Дәрілік түрі

8 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 8 мг бромгексин гидрохлориді,

қосымша заттар: картоп крахмалы, лактоза (сүт қанты), сахароза (қант), кальций стеараты.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр тәрізді, ойығы бар ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қақырық түсіретін муколитикалық дәрілер.

АТЖ коды R05CB02

Фармакологиялық қасиеттері

Муколитикалық (секретолитикалық) дәрі, қақырық түсіртетін және жөтелге қарсы әлсіз әсері бар. Препарат қақырықты сұйылтады (мукопротеинді және мукополисахаридті талшықтарды деполимерлейді, бронх сөлінің серозды компонентін ұлғайтады); жыпылықтайтын эпителийді белсенді етеді, қақырықтың бөлінуін жақсартады және көлемін ұлғайтады. Тыныс алу үдерісінде альвеолярлы жасушалардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін эндогенді сурфактанттың шығарылуын көтермелейді. Емдеу басталғаннан 2-5 күннен соң әсері байқалады.

Қолданылуы

  • тұтқыр қақырық қиын шығарылатын тыныс жолдары ауруларында: трахеобронхитте, шығу тегі әр түрлі бронхиттерде (оның ішінде бронхоэктазбен асқынғанда), бронх демікпесінде, өкпе туберкулезінде, пневмонияда, муковисцидозда

  • операция алдындағы бронх тармағының санациясында

  • емдік және диагностикалық бронхішілік манипуляциялар жүргізу кезінде

  • операциядан кейін бронхтарда қою тұтқыр қақырық жиналуының алдын алу үшін

Қолдану тәсілі мен дозалары

Бромгексинді тамақтануға қарамастан ішке қабылдайды.

Ересектерге тәулігіне 3-4 рет 8-16 мг; 6-дан 14 жасқа дейінгі балаларға

  • тәулігіне 3 рет 8 мг тағайындайды.

Емдеу курсы – 4 күннен 28 күнге дейін.

Емдеу үдерісінде жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішу керек, бұл бромгексиннің секретоликалық әсеріне демеу көрсетеді.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар

  • диспепсия

  • бас айналуы, бас ауыруы

  • жүрек айнуы, құсу

  • асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруының өршуі

  • “бауыр” трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта

  • ойық жара ауруында (өршу сатысында)

  • жүктіліктің І триместрі және лактация кезеңінде

  • 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бромгексинді бронх-өкпе ауруларын емдеу кезінде қолданылатын басқа да препараттармен бір мезгілде тағайындауға болады.

Сұйытылған қақырықтың жөтелмен шығуын қиындататын болғандықтан құрамында кодеин бар дәрілік заттармен бір мезгілде бромгексинді тағайындамайды.

Бромгексин антибиотиктердің (эритромицин, цефалексин, окситетрациклин) өкпе тіндеріне өтуіне ықпал етеді.

Бромгексин сілтілік ерітіндімен үйлесімсіз.

Айрықша нұсқаулар

Емделу кезінде сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдаған жөн, ол бромгексиннің қақырық түсіргіш әсерін жоғарылатады. Балаларда емдеуді бронхтан сөлдің бөлініп шығуын жеңілдететін кеуде қуысына постуральді дренаж немесе вибрациялық массаж жасаумен қатар жүргізген жөн.

Сыртартқысында асқазан-ішектен қан кетуі болған, бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі, сөлінің шамадан тыс жинақталуы қатар жүретін бронх аурулары бар емделушілерге сақтықпен қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлік жүргізу немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне жағымсыз әсері байқалмаған.

Артық дозаланғанда

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея

Емі: симптоматикалық, асқазанды шаю (қабылдағаннан кейінгі алғашқы 1-2 сағатта).

Шығарылу түрі мен қаптамасы

20 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 пішінді ұяшықты қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармстандарт-Лексредства» ААҚ, 305022,

Ресей, Курск қ., 2-ші Агрегат к-сі, 1а/18

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Фармстандарт-Лексредства» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фармстандарт-Лексредства» ААҚ, 305022,

Ресей, Курск қ., 2-ші Агрегат к-сі, 1а/18

Тел/факс: (4712) 34-03-13.

Е-mail: www.pharmstd.ru

Сарапшы Мысықбаева С.С.

Аударған

Никбаева К.М.

06.02. 2012 ж.

 

 

 

Прикрепленные файлы

446715791477977117_ru.doc 46 кб
914072331477978284_kz.doc 54 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники