Бриллиантовый зеленый (раствор спиртовой 1%, Султан ТОО)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Бриллиантты көк
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
1% спиртті ерітінді
Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында:
белсенді зат – 1,0 г бриллиантты көк,
қосымша заттар - 60% этил спирті.
Сипаттамасы
Спирт иісі бар, мөлдір, қою-жасыл түсті сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Антисептиктер және зарарсыздандыратын басқа да препараттар.
АТХ коды D08AX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препарат зақымданбаған тері арқылы өтпейді. Зақымданған теріге жаққан кезде ең аз мөлшерде сіңеді.
Фармакодинамикасы
Бояғыштар тобынан антисептикалық дәрі, грамоң бактерияларға қатысты белсенді. Салыстырмалы жылдам әсер ететін антисептик, жоғары белсенділікке ие. Ақуыздардың қатысуында микробқа қарсы белсенділігі төмендейді.
Қолданылуы
-
терінің ұсақ зақымдануларын өңдеу үшін (сызаттарда, кесулерде)
-
операциядан кейінгі және жарақаттан кейінгі жаңа тыртықтарда
-
пиодермияда, фолликулитте
Қолдану тәсілдері және дозалары
Бриллиантты көк ерітіндісін сау тіндерді қамти отырып терінің зақымданған жеріне жағады.
Жағымсыз әсерлері
-
жарақатты өңдеген кезде шымылдатып ашығанды сезіну мүмкіндігі бар
-
аллергиялық реакциялар
-
терінің тітіркенуі
-
көздің шырышты қабығына түскен кезде – ашыту, жас ағу
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Препаратқа жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Құрамында белсенді йод, хлор, сілтілер (оның ішінде аммиак ерітіндісі) бар зарарсыздандырушы дәрілік заттармен сыйымсыз.
Айрықша нұсқаулар
Егер жара немесе сызат қанап тұрса, препараттың белсенділігі айтарлықтай азаяды.
Жүктілік және лактация
Қарсы көрсетілімдер жоқ.
Педиатрияда қолданылуы
Қарсы көрсетілімдер жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын немесе басқа да қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлері күшейеді
Емі: белгілеріне қарай емдеу
Шығарылу түрі және қаптамасы
Полиэтилен тығынмен тығындалған және пластмасса қақпақпен бұралып жабылған шыныдан жасалған құтыларда 10 мл және 20 мл-ден.
Құтыларға заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңба немесе өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады.
Заттаңба жапсырылған құтылар мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөнідегі нұсқаулықтың сәйкес санымен қораптық картоннан жасалған қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Султан» ЖШC, Қазақстан, Алматы облысы, Талғар ауданы, Еркін ауылы, Б.Момышұлы к-сі, 5
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Султан» ЖШC, Қазақстан
ҚР аумағында өнім сапасы туралы түскен шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Султан» ЖШС, Қазақстан
Алматы облысы, Талғар ауданы
Еркін ауылы, Б.Момышұлы к-сі, 5
Тел./факс 7 727 312-11-51/-52/-53
Электрондық пошта: toosultan@list.ru