Бризантин

Производитель: Материа Медика Холдинг НПФ ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты, применяемые при никотиновой зависимости
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022737
Информация о регистрации в РК: 01.02.2017 - 01.02.2022
Номер регистрации в РБ: 10491/16
Информация о регистрации в РБ: 28.07.2016 - 28.07.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Бризантин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ауыз қуысында ұнтақталатын таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: Мидың спецификалық S-100 ақуызына аффинді тазартылған антиденелер - 0,006 г*, 1 типті каннабиноидты рецепторға аффинді тазартылған антиденелер - 0,006 г*

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты.

* 10012, 10030, 100200 есе сәйкес сұйылтылған субстанцияның үш белсенді су-спиртті қоспасы түрінде лактоза моногидратына жағылады.

Сипаттамасы

Ақтан ақ дерлік түске дейінгі, ойығы және сызығы бар жалпақ цилиндр пішінді таблеткалар. Сызығы бар тегіс жағында MATERIA MEDICA жазуы, ал басқа тегіс жағында BRIZANTIN жазуы бар.

Фармакотерапиялық тобы

Никотинге тәуелділікті емдеуге арналған дәрілер.

АТХ коды N07ВА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Талдаудың қазіргі физика-химиялық әдістерінің сезімталдығы (газ сұйықтық хроматография, тиімділігі жоғары сұйықтықты хроматография, хромато-масс-спектрометрия) биологиялық сұйықтықтарда, ағзаларда және тіндерде антиденелердің ең аз дозаларының құрамын бағалауға мүмкіндік бермейді, сондықтан Бризантин препаратының фармакокинетикасын зерттеу техникалық тұрғыдан мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Біріктірілген препарат.

Мидың спецификалық S-100 ақуызына антиденелер антиоксиданттық, антигипоксанттық, нейропротекторлық, анксиолитикалық, антидепрессивтік әсер етеді. Ақпараттық және метаболизмдік үдерістердің мида түйіндесуін іске асыратын S-100 ақуызының функционалдық белсенділігін модификациялайды. Амплитуданың төмендеуін және әсер ету әлеуетінің генерациясын бәсеңдетуді туындата отырып, мембранотроптық әсер иеленген; мидың, гиппокамптың, ретикулярлық формацияның лимбиялық құрылымында синапстық берілуді модуляциялайды; ОЖЖ ГАМҚ тежегіш әсерінің күшеюіне ықпал етеді. In vitro рецепторының сигма 1 агонистінің қасиеттерін көрсетеді.

Липидтер тотығының қышқылдану үдерістерін тежейді.

1 типті каннабиноидты рецепторға антиденелер І типті каннабиноидты рецептордың функционалдық белсенділігін модуляциялайды, жасушаішілік цАМФ концентрациясына әсер етеді. ОЖЖ (негізінен мезолимбиялық жүйенің нейрондарында) және шеткері тіндерде эндоканнабиноидты жүйені реттейді, энергетикалық теңгерімді қалпына келтіреді (глюкоза және липидтер метаболизмі).

Тәжірибеде латеральді гипоталамустың өзін-өзі стимуляциялайтын модельдерінде Бризантин біріктірілген препаратының құрамында екі компонентті бір мерзілде пайдалану кезінде синергиялық антиаддиктивті әсер көрсетілген.

Бризантин никотинизм кезінде психикалық белсенді заттарға әуестіктің айқындылығын төмендете отырып, оң эмоциялық нығайту жүйесін модуляциялайды; ОЖЖ нейромедиаторлардың теңгерімін қалпына келтіреді.

Бризантин сондай-ақ нейропротекторлық белсенділігін көрсетеді, мидың уытты әсерлерге төзімділігін арттырады, интегративті қызметін жақсартады, когнитивтік бұзылуларды жоюға көмектеседі, ойлау қабілетін арттырады, абстинентті жағдайларда соматовегетатвиті белгілерді қалпына келтіреді.

Препарат аффективті (ашушаңдық, көңіл-күйдің түсуі, ішкі жайсыздық), идеаторлық (никотин туралы ойлар) және астеновегетативті бұзылуларды жояды (айқын жалпы әлсіздік, жұмысқа қабілеттіліктің, тәбеттің төмендеуі, тершеңдік, тахикардия және т.б.). Шегетін темекі санының және никотинді тұтыну дозасының азаюына әкеледі. Темекі шегуден бас тарту аясында үрейді төмендетеді. Миорелаксантты әсер етпейді; дағдылануды, дәрілік тәуелділікті туындатпайды; наркогендік әлеуетке иеленбеген. Темекі шегуден бас тарту аясында салмақ қосуға әкелмейді.

Қолданылуы

- препаратты никотинге құмарлықты төмендету үшін оны қабылдаудан бас тартудың алғашқы күндерінде (абстиненция кезеңі), сондай-ақ оны тұтынуға ниет импульсивті пайда болған кезде қолданады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке. Бір қабылдауға – 1 таблетка (толығымен ерігенге дейін ауызда ұстау керек). Тамақтанудан тыс тәулігіне 2-3 рет 1 таблеткадан қабылдау. Никотинге құмарлану күшейген кезде қабылдау жиілігін тәулігіне 5-6 ретке дейін арттыруға болады.

Ұсынылған препаратты қабылдау курсы 3 ай.

Жағымсыз әсерлері

Препарат компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық реакциялары мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі уақытқа дейін басқа дәрілік заттармен сыйымсыздық жағдайлары анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Препарат құрамына лактоза моногидраты кіреді, соған байланысты туа біткен галактоземия, глюкоза немесе галактоза мальабсорбциясы синдромы бар немесе туа біткен лактаза жеткіліксіздігі кезінде пациенттерге тағайындау ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Бризантинді жүкті әйелдерде және лактация кезеңінде қолдану қауіпсіздігі зерттелмеген. Жүкті және емшек емізетін аналарға ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бризантин көлік құралын және басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Қазіргі уақытқа дейін артық дозалану жағдайлары тіркелмеген. Кездейсоқ артық дозалану кезінде диспепсиялық құбылыстар болуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 20 таблеткадан салынған.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ;

Ресей, 127473, Мәскеу қ-сы, 3-ші Самотечный қысқа көшесі, 9-үй.

Тел./факс: (495) 684-43-33.

Өндіріс алаңы

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ, Ресей, 454139,

Челябинск қаласы, Бугурусланская к-сі, 54.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ, Ресей.

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

ҚР «МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ өкілдігі

Алматы қ-сы, Сейфуллин к-сі 498, 507-кеңсе.

Тел./факс: 2734713

E-mail: kz@dep.materiamedica.ru

Прикрепленные файлы

Бризантин_инструкция_рус.doc 0.05 кб
Бризантин_инструкция_каз.docx 0.02 кб
10491_16_p.pdf 0.16 кб
10491_16_s.pdf 0.15 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники