Борной кислоты раствор спиртовой 3%

МНН: Борная кислота
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты борной кислоты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009568
Информация о регистрации в РК: 27.03.2017 - 27.03.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Бор қышқылының 3 % спиртті ерітіндісі

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

3 % спиртті ерітінді

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат – 3,0 г бор қышқылы

қосымша зат - 70 % этил спирті

Сипаттамасы

Спирттің иісі бар түссіз мөлдір ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Антисептикалық және зарарсыздандыратын препараттар. Бор қышқылы және оның негізіндегі препараттар.

АТЖ коды D08AD

Фармакологиялық қасиеттері

Антисептикалық дәрі.

Бор қышқылы жасуша өлімін туғыза немесе бактериялардың өсуін және дамуын кідірте отырып (препараттың концентрациясына байланысты) микробты жасушалардың ақуыздарын коагуляциялайды, жасуша қабықтарының өткізгіштігін бұзады.

Қолданылуы

  • жедел, созылмалы отитте

  • пиодермияда

  • экземада

  • баздануда

Қолдану тәсілі және дозалары

Отит кезінде күніне 3-5 тамшыдан 2-3 рет тағайындайды. Бор қышқылының ерітіндісіне малынған тампонмен терінің зақымданған жерін сүртеді. Емдеу курсы 3-5 күн.

Жағымсыз әсерлері

  • жекелей көтере алмаушылық

  • эпителий десквамациясы (терінің жоғарғы қабатының түлеуі)

- қышу, шымылдатып ашыту

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдықта

- жүктілікте, лактация кезеңінде

- 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Препаратты шырышты қабыққа түсірмеуге тырысу керек.

Көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі

Препарат 10 мл, 15 мл, 20 мл, 30 мл-ден қақпағы бұралып жабылатын және полиэтиленнен жасалған тығынмен тығындалған бұрандалы мойны бар шыны массасынан жасалған құтыларда. Құтылар мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге топтық қаптамада.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Шаншаров – Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

Б. Бұлқышев көшесi № 4е

Тіркеу куәлігінің иесі

«Шаншаров – Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Шаншаров – Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Б. Бұлқышев көшесi № 4е

Тел./факс: +7 727 2 33-27-58

Электронды пошта: farm-4@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

522964371477977085_ru.doc 40 кб
501492601477978248_kz.doc 42.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники