Борная кислота
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Бор қышқылы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
3 % спирттi ерiтiндi
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялық заттар. Бор қышқылы және оның негізіндегі препараттар.
АТХ коды D08AD
Қолданылуы
жедел, созылмалы отитте
пиодермияда
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және емшек емізу кезеңі
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Шырышты қабықтарға және дененің ауқымды беткейіне, әсіресе тері жабындарының зақымдануы болған кезде жағудан аулақ болыңыз.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Арнайы сақтандырулар
Препараттың шырышты қабықтарға түсуінен аулақ болу керек.
Педиатрияда қолдану
Препаратты балаларға қолдануға болмайды
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік немесе емшек емізу кезеңінде препаратты қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді
басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруға әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
3-5 тамшыдан тағайындайды, отит кезінде турундаға жағады және сыртқы есту жолына күніне 2-3 рет енгізеді. Бор қышқылы ерітіндісіне суланған тампонмен терінің зақымданған жерлерін сүртеді.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа қолдануға арналған
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 3-5 күн.
Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар
Анықталмаған
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт бойы препаратты қолдануға болмайды.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
эпителий десквамациялары (терінің беткі қабатының қабыршықтанып түсуі)
қышыну, ашытып күйдіру
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша ақпарат
Дәрілік препараттың құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында:
белсенді зат: бор қышқылы - 30.0 мг;
қосымша заттар: этил спирті 96%, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Спирт иісі бар түссіз мөлдір сұйықтық
Шығарылу түрі және қаптамасы
50 мл полиэтилен тығынмен және бұрандалы пластмассалы қақпақтармен жабылған шыны құтыларда. Әр құтыға заттаңбалы немесе жазу қағаздан жасалған немесе өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәлімет
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3
тел./факс: +7(727) 2530388, эл.пошта: dosfarm@dosfarm.kz
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Житофарм» ЖШС, Қазақстан, 050035, Алматы қ., 10 ы-ауданы, 23 үй
тел./факс: (727) 3870606, эл.пошта: Jf_apteka@mail.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3
тел./факс: (727) 2530388, эл.пошта: dosfarm@dosfarm.kz