Бонджигар (капсулы)

МНН: Барбариса остистого плодов экстракт густой, Берхавии раскидистой травы экстракт густой, Вербезины белой травы экстракт густой, Паслена черного плодов экстракт густой, Пикроризы курроа корневищ и корней экстракт густой, Редьки посевной семян экстракт густой, Тамарикса гребенщика плодов экстракт густой, Цикория обыкновенного семян экстракт густой
Производитель: Хербион Пакистан (Пвт) Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения заболеваний печени и желчевыводящих путей
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009761
Информация о регистрации в РК: 14.01.2022 - 14.01.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Бонджигар

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар:

Ақ вербезин шөбінің қою сығындысы 130.0 мг

Пикрориза курроа тарамтамырлары мен

тамырларының қою сығындысы 43.0 мг

Қара алқа жемістерінің қою сығындысы 25.0 мг

Кәдімгі шашыратқы тұқымдарының қою сығындысы 93.5 мг

Тамарикс жыңғылы жемістерінің қою сығындысы 48.0 мг

Егістік шомыр тұқымдарының қою сығындысы 32.0 мг

Қылқанды бөріқарақат жемістерінің қою сығындысы 76.0 мг

Жайылған берхавия шөбінің қою сығындысы 52,5 мг

Капсула қабығының құрамы: натрий лаурилсульфаты, метилпарабен, пропилпарабен, желатин, тазартылған су, титанның қостотығы, FD&C Хинолинді сары №10, FD&C Аллура қызыл № 40, FD&C Бриллиантты көк №1

Сипаттамасы

Корпусы мен қақпағы қоңыр түсті, қатты желатинді капсулалар, өлшемі №0.

Корпусы мен қақпағында “BONJIGAR” жазуы бар.

Капсулалардың ішіндегісі өзіне тән хош иісі мен ащылау дәмі бар күңгірт-қоңыр түсті ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Бауыр және өт шығару жолдарының ауруларын емдеуге арналған препараттар.

АТХ коды А 05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі асқазан-ішек жолында жүреді. Бонджигар препаратының әсері оның компоненттерінің жиынтық әсері болып табылады, сондықтан кинетикалық бақылаулар жүргізу мүмкін емес; компоненттер маркерлердің немесе биозерттеулердің көмегімен қадағаланбайды. Осы себептен препараттың метаболиттерін анықтау да мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Бонджигар – кешенді өсімдік тектес препарат, фармакологиялық әсері оның құрамына кіретін гепатопротекторлық қабынуға қарсы, уыттануға қарсы және өт айдайтын әсер беретін белсенді компоненттер кешеніне негізделген.

Ақ вербезин құрамында гепатоуыттылыққа қарсы қасиеттері бар видилолактон мен диметил видилолактон, аскорбин қышқылы, алкалоид эклиптин, сондай-ақ тиофен туындылары бар.

Пикрориза курроа құрамында гликозидтер – пикрозид, куткосид, андросин, апоцинин бар. Антигистаминдік, қабынуға қарсы (тромбоциттер белсенділенуін тежеу арқылы), өт айдайтын және антиоксиданттық әсер береді, бұдан бөлек иммунитетті реттейтін әсері бар.

Қара алқа құрамында гликоалкалоидтар – соласодин, соламарин, соласонин бар. Тыныштандыратын, ауыруды басатын, іш жүргізетін әсері бар.

Кәдімгі шашыратқы құрамында таниндер, полифенолдар, майлар бар. Өт айдайдын, гепатапротекторлық әсер береді.

Тамарикс жыңғылы құрамында тамарексин, аглюкон бар. Басқа гепатоқорғағыш препараттар әсерін белсенділендіреді, қан тоқтататын қасиеттері бар.

Егістік шомыр құрамында гликозидтер, эфир майлары, аскорбин қышқылы, лизоцим, аминқышқылдары бар (орнитин, цитрулин, аргинин). Антиоксидант ретінде әсер етеді, гепатотроптық және өт айдайтын әсер береді, бауырдың детоксикациялық қабілетін күшейтеді, метаболизмнің реттелуіне ықпал етеді.

Қылқанды бөріқарақат құрамында алкалоидтар берберин, бербамин, аромолин, карахин, пальмитин, оксиакантин, органикалық қышқылдар мен қанттар, кофе және ферулий қышқылдары бар. Өт айдайды, микробқа қарсы, диареяға қарсы әсері бар.

Жайылған берхавия құрамында алкалоидтар триаконтанол, гентриаконтан, флавоноидтар, гликозидтер бар. Гепатопротекторлық, ауыруды басатын, несеп айдайтын әсер береді.

Бонджигардың қабынуға қарсы әсері простагландиндер биосинтезіне қажетті 2-А арахидон қышқылы фосфолипидінің өндірілуін болдырмауға негізделген. Гепатопротекторлық әсері есебінен лизосомалар жарғақшасы тұрақтанады, ұлғайған бауырдың өлшемі азайып, АЛТ, АСТ және билирубин көрсеткіштері жылдам нормаға келеді. Бонджигардың уытсыздану қызметі трикарбон қышқылдары циклін күшейтуге негізделген, бұл ақуыздар алмасуының аммиакқа дейін ыдырау өнімдерін жылдам шығаруына және бастапқы несеп түзілуіне әкеледі. Бонджигардың липотропты әсері липотропты агенттер: холин, метионин мен лецитиннің өндірілуі есебінен бауыр жасушаларында май жиналуын болдырмауға негізделген. Олар майларды май қышқылдарына дейін ыдыратады, олардың сіңуіне кедергі келтіреді және бауыр жасушаларынан бұрын түзілген май қосылыстарының жойылу үдерісін тездетеді. Өт айдайтын әсері өт өндірілуінің күшеюіне және тұтқырлықтың төмендеуіне негізделген. Бонджигар лейкоциттердің иммунологиялық және бактерияларға қарсы қызметін, олардың қозғалғыштығын ұлғайта және фагоцитозды көтермелей отырып, реттейді. Бұдан басқа, препарат дербес интерферон өндірілуіне ықпал етеді. Антиосидантты әсері бар (жасуша ішінде қуат өндірілуін көтермелейді және бос радикалдардың әсерінен бауырды оларды байланыстыру және организмнен шығару арқылы қорғайды).

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

  • өт шығару жолдардың дискинезиясында

  • созылмалы калькулездік емес холециститте

  • шығу тегі әр түрлі жедел және созылмалы гепатиттерде, химиялық заттар, дәрілік препараттардың, алкогольдің жағымсыз әсерлерінен туындаған уытты гепатитте

  • майлы гепатозда (соның ішінде қант диабеті кезіндегі)

  • бауыр циррозында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер – күніне 2 рет 1-2 капсуладан.

Препаратты тамақтан кейін қабылдайды.

Аурудың жедел түрлерін емдеу кезінде препаратты қабылдау ұзақтығы – 2 апта.

Аурудың созылмалы түрлерін емдеген кезде – 4-6 апта.

Жағымсыз әсерлері

  • препараттың компоненттеріне аллергиялық реакциялар

  • нәжістің жиілеуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Препараттың жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы жөнінде клиникалық мәліметтер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдер мен машиналарды басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 капсуладан бұрандалы пластмасса қақпағы бар пластмассадан жасалған құтыларда. Құтыларға капсулалармен бірге ылғал жұтқышы бар қалташа салынады, бос кеңістік гигроскопиялы медициналық мақтамен толтырылады. Құтының мойнын алюминий фольгамен желімдейді.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пашкеге салынады.

Сақталу шарттары

25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Хербион Пәкістан Пвт Лтд,

Коранги өнеркәсіп аймағы, 30/28

Карачи қ., Пәкістан.

Тіркеу куәлігінің иесі

Хербион Пәкістан Пвт Лтд, Пәкістан.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Фармация Юниверсал» ЖШС

Алматы қ., Чаплин/Халиуллин к-сі 71/66

 

Тел: 234-48-53, 234-44-88

Факс: 234-41-77

Е-mail: info.kz@herbion.com

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

594423041477977188_ru.doc 53.5 кб
577398751477978345_kz.doc 76.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники