Боботик

МНН: Симетикон
Производитель: Медана Фарма АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Silicones
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015656
Информация о регистрации в РК: 15.07.2019 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Боботик

Халықаралық патенттелмеген атауы

Cиметикон

Дәрілік түрі

Ішуге арналған 66,66 мг/мл, 30 мл эмульсия

Құрамы

1 мл эмульсияның құрамында

белсенді зат - 66,66 мг симетикон (30% эмульсия түрінде),

қосымша заттар: натрий сахаринаты, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий кармеллозасы, лимон қышқылы, таңқурай хош иістендіргіші, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақшыл немесе ақшыл-крем түстес, қышқыл-тәтті дәмімен, жеміс иісі бар, қою, мөлдір емес сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Ішектің функционалды бұзылуын емдеуге арналған препараттар. Ішектің функционалды бұзылуын емдеуге арналған басқа да препараттар. Силикондар.

АТX коды A03AX13

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Симетиконді ішу арқылы енгізгеннен кейін АІЖ-дан сіңбейді және нәжіспен өзгермеген күйде шығарылады. Боботик ішекте тамақтың сіңуіне әсер етпейді. Асқазан сөлінің рН және көлемін өзгертпейді.

Фармакодинамикасы

Боботик препаратының әсер етуші заты симетикон (диметикон, белсендірілген кремний қостотығы) болып табылады. симетиконның әсер ету механизмі полидиметилполисилоксан тамшылары көмегімен шағын газ көпіршіктерін біріктіру жолымен ішек қабырғасына төселетін үлбірлі шырыштың беткейлік керуін төмендетуге негізделген, бұл шырышты қабат беткейінің жарылуына және газдың шығуына алып келеді. Осылайша түзілетін газ асқазан-ішек жолында сіңуі немесе перистальтикалық қозғалыстар нәтижесінде ішектен кетіріледі.

Асқазан-ішек жолының радиологиялық және ультрадыбыстық зерттеулерін жүргізген кезде Боботик шолып көруді жақсартады, өйткені зерттелетін мүшелер көрінісіне газдың және ішектің көпіретін құрамының көлеңкелері түсуін болдырмайды.

Қолданылуы

- асқазан-ішек жолында газдың шамадан тыс жинақталуы жағдайында (іш қуысындағы асыра толу сезімі, ұзақ метеоризм, операциядан кейінгі метеоризм)

- емделушіні кейбір іш қуысы мүшелерін рентгенологиялық және ультрадыбыстық зерттеулер сияқты кейбір диагностикалық зерттеулерге дайындау үшін қосымша дәрі ретінде, сондай-ақ гастроскопия және дуоденоскопия кезінде қолданылады

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қолданылады.

1 мл препаратта шамамен 27 тамшы болады.

Асқазан-ішек жолында газдың шамадан тыс жинақталуы жағдайында :

28 күннен бастап 2 жасқа дейінгі балалар: - 8 тамшыдан (20 мг симетикон) тәулігіне 4 рет.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға: - 14 тамшыдан (35 мг симетикон) тәулігіне 4 рет.

6 жастан асқан балаларға және ересектерге - 16 тамшыдан (40 мг симетикон) тәулігіне 4 рет.

Препаратты әдетте ас ішкеннен кейін күніне 3 рет және тікелей ұйықтар алдында қолданады.

Диагностикалық зерттеулерге дайындау:

Асқазан-ішек жолының радиологиялық және ультрадыбыстық зерттеуі

Зерттеуден бір күн бұрын:

Жасы 28 күннен асқан 2 жасқа дейінгі балалар: - 10 тамшыдан (25 мг симетикон) тәулігіне 2 рет.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар: - 16 тамшыдан (40 мг симетикон) тәулігіне 2 рет.

6 жастан асқан балалар және ересектер – 20 тамшыдан (50 мг симетикон) тәулігіне 2 рет.

Зерттеу жүргізілетін күні таңертең, ашқарынға бір реттік дозаны қайталау керек.

Ескерту:

Препаратты қабылдар алдында құтының ішіндегісін бірнеше рет мұқият шайқаған жөн.

Боботикті қайнатылып, салқындатылған судың аздаған мөлшерімен, емдәмдік қоспамен немесе басқа да газдалмаған сұйықтықпен араластырып алуға болады.

Дәрілік препарат құрамында қант жоқ және диабеті бар адамдарға қолдануға болады.

Емдеуді симптомдар жойылғанға дейін жалғастырған жөн.

Қажет болғанда Боботик препаратын анағұрлым ұзақ уақыт қолдануға болады.

Басталған қаптаманы 2 ай ішінде пайдаланған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлері жайлы хабарламалар жоқ.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- симетиконға немесе препарат құрамындағы қандай болсын қосымша затқа жоғары сезімталдық

Боботик препаратын жаңа туған нәрестелерге (жасы 28 күнге дейінгі балалар) қолданбаған жөн.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кейбір хабарламалардан шығатыны, симетикон пероральді антикоагулянттардың сіңуін бұзуы мүмкін. Симетиконды қолдану гваяк шайыры қолданылатын диагностикалық тестілердің жалғаноң нәтижелерін беруі мүмкін, алайда жылдам уреазды тест (Helicobacter pylori диагностикасы) нәтижесіне әсер етпейді.

Айрықша нұсқаулар

Боботик дәрілік препаратын қолданғанда газдалған сұйықтықты ішуге болмайды.

Дәрілік препарат құрамында аллергиялық реакциялар туындатуы мүмкін болатын (баяулаған типті реакциялар болуы мүмкін) парагидроксибензоат және пропилгидроксибензоат болады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті әйелдер мен емшекпен қоректенетін балаларда бақыланатын зерттеулер жоқ.

Дәрілік препарат жүктілік кезінде, дәрігердің пікірі бойынша анасы үшін пайдасы ұрыққа төнетін ықтимал қауіптен асып түскен жағдайда ғана, қолданылуы мүмкін. Емшекпен қоректендіру кезеңінде препаратты қолдану туралы деректер жоқ.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Боботик көлік құралдарын басқару және механизмдер қызметін көрсету қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симетикон ішке қабылдаудан кейін асқазан-ішек жолынан сіңбейді және өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндірмейді. Артық дозалану симптомдары бақыланылмайтын газ шығарылуы немесе кекіру болуы мүмкін. Артық дозалану симптомдарының қарқындылығы көп дәрежеде қабылданған тамақтың түріне және көлеміне байланысты болады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30.0 мл препараттан «Oster» типті күңгірт шыны құтыларға құйылады. Құтылар нығыздағыш сақинасы мен тік тұрған тамшылатқышы бар бұрандалы полиэтилен қақпақпен тығындалады.

Заттаңба жапсырылған әр құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасын алғаш ашқаннан кейін құтыны 2 ай ішінде пайдалану қажет.

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Медана Фарма» АҚ                                                                    

98-200 Серадз, В. Локетка к-сі, 10, Польша

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы

Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы infomed@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

772810301477976569_ru.doc 71.5 кб
081962031477977730_kz.doc 74.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники