БЛЕМИШ

МНН: Адапален, Клиндамицин
Производитель: Кусум Хелткер Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Адапален в комбинациях с другими препаратами
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024099
Информация о регистрации в РК: 11.04.2024 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

БЛЕМИШ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Деректер жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған гель 15 г

Құрамы

1 г гель құрамында

белсенді заттар: адапален 1 мг,

клиндамицин фосфаты 11,882 мг

(клиндамицинге баламалы 10 мг),

қосымша заттар: карбомер 980, полисорбат – 80, пропиленгликоль, полиэтиленгликоль 400, метилпарабен, феноксиэтанол, динатрий эдетаты, натрий гидроксид пеллеттері, тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, ақтан ақшыл сары түске дейінгі біртекті гель.

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Анти-акне препараттары. Безеу бөртпесін жергілікті емдеуге арналған препараттар. Безеу бөртпесін жергілікті емдеуге арналған ретиноидтар. Адапален, біріктірілімі.

АТХ коды D10AD53

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Адапаленнің тері арқылы сіңірілуі өте төмен (қолданылатын дозаның 4 % жуығы). Организмнен, негізінен өт арқылы шығарылады. Клиндамицин фосфатын сыртқа қолданғаннан кейін қан плазмасында және несепте клиндамициннің өте төмен концентрациясы анықталған.

Фармакодинамикасы

Адапален нафтой қышқылының, ретиноид тәрізді заттардың туындысы болып табылады, ол жасушалық дифференциалдау мен кератинизациялану үдерістерін, сондай-ақ акне дамуында негізгі патогенетикалық байланысуды түзетін терінің қабыну үдерістерін модульдейді. Адапален жасушалық ядроның ретиноидты рецепторларымен байланысады және осылайша фолликулалар эпителий жасушаларының қалыпты жіктелуіне ықпал етеді, бұл микромедондар түзілуінің азаюына әкеледі және акне дамуын болдырмайды, тері бүтіндігінің сақталуына ықпал етеді.

Препараттың емдік әсері әдетте ем басталғаннан кейін 8-12 апта ішінде білінеді. Адапаленді гель түрінде қолданған кезде дәрілік заттың тері арқылы қанға сіңірілуі өте төмен.

Клиндамицин фосфаты жартылай синтетикалық антибиотик болып табылады, ол рибосомалар 50S субъбірлігімен байланысу арқылы бактериялық ақуыздар синтезінің тежегіші ретінде әсер етеді және пептидті тізбек түзу бастамасы үдерісін тежейді. Клиндамицин ең төменгі тежейтін концентрациясы 0,4 мкг/мл болатын тестілеуге тартылатын барлық Рropionibacterium асnеs тежейді. Клиндамицин мен эритромицин арасында айқаспалы резистенттілік анықталған.

Қолданылуы

- тері бөртпесін (Acne vulgaris) жергілікті емдеу.

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа.

Гельді жұқалап таза құрғақ терінің зақымданған беткейіне күніне бір рет, ұйықтар алдында жағады.

Емдеудің бірінші аптасы ішінде безеу бөртпесі бұрын көрінбеген ошақтық зақымданудың белсенді субстанция әсеріне байланысты өршуі мүмкін. Мұндай жағдайда емдеуді тоқтатпаған жөн, емдік әсері 1-4 аптадан соң дамиды, емдеу курсы 4-8 апта. Емдеу ұзақтығын пациенттің клиникалық жағдайы негізінде дәрігер белгілеуі тиіс.

Жағымсыз әсерлері

- көздегі ашыту сезімі

- қолданудан кейін бірден препаратты жаққан жердегі терінің қызаруы, қабыршықтануы, қышуы және ашуы, ол кейіннен қалпына келеді,

аллергиялық реакциялар, фотосезімталдық реакциясы, безеу бөртпесінің күшеюі, ашытуын сезіну, терінің қатты майлануы, жанаспалы дерматит

- іштің ауыруы, диарея

- грамтеріс флора туындатқан фолликулит

Сирек жағдайларда колиттің дамуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- адапаленге, клиндамицинге, линкомицинге немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кейбір пациенттерде жергілікті тітіркендіретін әсерінің болуы мүмкін болғандықтан, тітіркендіру ықтималдығы бар жергілікті қолдануға арналған басқа препараттарды бірге қолдану теріде жағымсыз әсерлерінің туындау қаупін арттырады.

Гельді құрамында күкірт, резорцин немесе салицил қышқылы бар препараттармен пайдаланған кезде сақтық танытқан жөн.

Егер препаратты басқа препараттармен бірге пайдалану қажет болса, гельді күніне бір рет түнде және басқа препараттарды таңертең пайдаланыңыз.

Клиндамицин мен линкомицин арасында айқаспалы резистенттілік болады. Клиндамициннің жүйке-бұлшықет берілісін бөгейтін қабілеті бар екендігі анықталған, бұл осыған ұқсас қасиеттері бар басқа препараттар әсерінің артуына әкелуі мүмкін. Сондықтан оны мұндай препараттар қабылдайтын пациенттерге сақтықпен пайдалану керек.

Сонымен қатар эритромицин мен клиндамицин арасындағы өзара қарсы әсері байқалған.

Айрықша нұсқаулар

Препарат тек сыртқа қолдануға арналған.

Көзге, ауыз қуысына, танауға және басқа шырышты қабықтарға тигізуден аулақ болу керек. Гель абайсызда осы аймақтарға тиген жағдайда жылы сумен мұқият шаю керек.

Гельді терінің экзематозды зақымдануына, күннен болған күйікке, тіліктер мен терінің басқа зақымдануларына жағуға болмайды.

Емдеу кезінде тері сезімталдығының жоғарылауына және күн эритемасының жоғарылау қаупіне байланысты күн сәулесінің шамадан тыс әсер етуін және шамын қоса, ультракүлгін сәуленің әсер етуін болдырмаған жөн.

Емдеу кезінде теріні құрғататын косметикалық препараттарды пайдалану (абразивті немесе емдік сабын, теріні тазартуға арналған заттар, сабын және құрғататын әсері бар косметикалық заттар: иіссу, құрамында этанол бар заттар, қырынуға және одан кейін қолдануға арналған кремдер немесе лосьондар және т.б.) тітіркендіретін әсеріне әкелуі мүмкін.

Препараттың кез келген компонентіне аллергиялық реакция пайда болған жағдайда емдеуді тоқатып, тиісті шаралар қолдану керек.

Клиндамицинді сыртқа қолданғанда диарея мен колит туындау жағдайлары сирек, дегенмен сақтық танытқан жөн, әрі диареяның айқын дамуы немесе ұзаққа созылуы кезінде препаратты тоқтатып, қажет болған жағдайда тиісті диагностикалық және емдік шараларын жүргізу керек.

Жүктілік және бала емізу

Жүкті әйелдерге препаратты қолданудың қауіпсіздігіне сәйкесінше клиникалық сынақ жүргізілмегендіктен, гельді осы кезең ішінде пайдаланбау керек.

Бала емізу кезінде препаратты пайдалануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруға әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: гельдің шамадан тыс мөлшерін жаққан кезде терінің қызаруы мен қабыршықтануы мүмкін.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 г гельден ақ бұрандалы қақпағы бар алюминий негізіндегі ламинацияланған сықпаға салынады.

Әр сықпа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Кусум Хелткер Пвт. Лтд.,

СП 289 (А), Риико Индл. Ареа Чопанки, Бхивади (Радж.), Үндістан

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Кусум Хелткер Пвт. Лтд., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«Дәрі-Фарм (Қазақстан)» ЖШС

заңды мекенжайы: Алматы қ., Достық даңғ., 117/6, «Хан Тәңірі» БО

орналасқан мекенжайы: Алматы қ., Достық даңғ., 117/6, «Хан Тәңірі» БО.

Телефон: 8(727) 295-26-50 

E-mail: claims@kusum.kz

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Дәрі-Фарм (Қазақстан)» ЖШС, Алматы қ., Достық даңғ., 117/6, «Хан Тәңірі» БО.

Телефон: 8(727) 295-26-50

Электронды пошта: phv@kusum.kz

Прикрепленные файлы

ИМП_Блемиш.doc 0.06 кб
КАЗ_Блемиш_гель1.doc 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту