Бифидумбактерин

МНН: Бифидобактерии бифидум
Производитель: Экополис ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Противодиарейные препараты биологического происхождения, регулирующие равновесие кишечной микрофлоры
Номер регистрации в РК: № РК-БП-5№019717
Информация о регистрации в РК: 19.02.2013 - 19.02.2018
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Бифидумбактерин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар, 5доза

Құрамы

Бір капсуланың (5 доза) құрамында

белсенді зат – тірі бифидобактериялар 5х107 КТБ кем емес,

қосымша заттар: лактоза немесе лактулоза,

капсула қабығының құрамы: желатин, титанның қостотығы (Е 171), индигокармин (Е132).

Сипаттамасы

Жартылай сфералық шеттерімен цилиндр пішінді, қатты желатинді капсулалар № 3; корпусы ақ түсті; капсула қақпағы көк түсті. Капсуланың ішінде - сарғыш немесе ақшылдау сұр түсті өзіне тән иісі бар ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Диареяға қарсы препараттар. Антидиареялық микроорганизмдер.

АТХ коды А07FA

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат АІЖ арқылы қанға сіңбейді және жергілікті әсер етеді.

Фармакодинамикасы

Препарат лиофилизацияланған Bifidumbacterium bifidum №1 немесе 791 түрлерінің тірі антагонистік белсенді бифидобактериялары-ның микробты массасы болып табылады.

Капсулалардағы бифидумбактериннің емдік әсерін кең ауқымды патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерге қатысты антагонистік белсенділігі бар оның құрамындағы тірі бифидобактериялар анықтайды және осының арқасында ішек пен қынаптық микрофлораны қалпына келтіреді. Капсулалардағы бифидумбактеринді қолданғанда қол жетімді бифидофлораның жоғары сандық деңгейі және оның микробиоценозда көп болуы, асқазан-ішек жолының қызметін қалпына келтіреді, зат алмасуды жақсартады, ішек ауруларының ұзаққа созылатын түрлерінің қалыптасуына кедергі болады, организмнің спецификалық емес төзімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Капсулалардағы бифидумбактеринді пероральді қолдану препараттың биожетімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді және осылайша бифидобактериялардың емдік әсерін күшейтеді.

Қолданылуы

Асқазан-ішек ауруларын емдеу және алдын алуда моно- немесе кешенді емде:

  • әртүрлі этиологиядағы ішек қызметінің ұзақ уақыт бұзылуында

  • жедел ішек жұқпаларында (жедел дизентерия, сальмонеллез, эшерихиоз, вирусты диареяны кешенді емдеуде), стафилококты этиологиядағы ішек қызметінің ұзақ уақыт бұзылуында, сондай-ақ ішек қызметінің ұзақ уақыт бұзылуының жедел ішек жұқпаларынан кейінгі реконвалесценттерінде

  • бифидофлораның болмауымен немесе тапшылығымен микрофлораның бұзылуы аясында жедел және созылмалы қабыну ауруларында (колит, энтероколит)

- антибиотиктермен, гормондық, сәулелік және басқа ұзақ уақыт емдеуден кейін, стресс жағдайларында және экстремальді жағдайларда пайда болатын ішек дисбактериозында, сондай ақ осы тұлғаларда дисбактеиозды алдын алу мақсатында

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ауыз арқылы бүтін капсуланы бөлме температурасындағы сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен ішу арқылы немесе қайнатып суытылған судың аздаған мөлшерінде ашылған капсуланың ішіндегісін еріту жолымен алынған жүзіндіні ішу арқылы қабылдау керек. Суда еріткен кезде қышқыл сүттің иісі және дәмі бар мөлдір емес жүзінді түзеді. Препараттты ыстық суда еріту және оны ерітілген күйінде сақтауға болмайды.

Еріту әдісі. Таза ыдысқа бір капсуланың ішіндегісін салады (капсуланың қақпағын капсула корпусынан абайлап ажырата отырып) және препараттың бір дозасына 1 шай қасық, қайнатып суытылған суды қосып, ақшыл-сұр немесе сарғыштың әртүрлі реңімен біртектес жүзінді алғанға дейін араластырады. Осылайша дайындалған ерітіндінің бір шай қасығы бір дозаны құрайды.

Препаратты тамақтануға дейін 20-30 минут бұрын немесе тамақтан кейін 1-1,5 сағаттан соң қабылдайды.

1 капсуладан (5доза) күніне 2-3 рет қабылдау ұсынылады. Аурудың ауыр жағдайларында дозаны екі еселеуге болады.

Капсулалардағы бифидумбактеринмен емдеу курсының ұзақтығы клиникалық біліністердің ауырлығымен, аурудың жасымен анықталады және 2-4 апта, ал кейбір жағдайларда 3- айға дейінді құрайды.

Препарат алдын алу мақсатында 1 капсуладан (5 доза) күніне 1-2 рет 1-2 апта бойына тағайындалады.

Қажет болғанда бифидумбактеринмен емдеу курсын қайталайды.

Жағымсыз әсерлері

  • жеке көтере алмаушылық

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Әсерін В тобы витаминдері күшейтеді. Антибиотиктермен және химиотерапиялық препараттармен бірге қабылдаған кезде препараттың емдік әсері төмендеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты мынадай жағдайларда қолдануға болмайды:

- қаптаманың тұтастығы бұзылғанда (банка – сынған немесе алғашқы ашылуының бақылануы бұзылған);

- банкасында заттаңбасы жоқ;

- жарамдылық мерзімі өтіп кеткен немесе препаратты қажетті шарттары сақталмай сақталғанда.

Лактаза жеткіліксіздігі бар адамдарға бифидумбактеринді сақтықпен тағайындаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Капсулада 5 дозадан. 10, 20, 30 капсуладан полипропиленнен жасалған полимер банкаға салынған. Бір банкадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 10ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Экополис» ЖАҚ, Ресей Федерациясы, 601900, Владимир облысы,

Ковров қ., Кузнечная к-сі, 143/1 үй, тел./факс (49232) 4-88-70,

e-mail: ecopolis07@mail.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Экополис» ЖАҚ, Ресей Федерациясы.

Қазақстан Республикасы аумағында препарат сапасына қатысты тұтынушылардың шағымдарын қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нестеренко Н.А.» ЖК, Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ-сы, Фурманов к-сі, 128 үй, 16 кеңсе, тел. (727) 2796659, факс (727) 2796659,

e-mail: ip_n_nesterenko@list.ru.

 

Прикрепленные файлы

576826121477976945_ru.doc 54.5 кб
027369971477978109_kz.doc 119 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники