Бифидумбактерин (5 доз.)

МНН: Бифидобактерии бифидум
Производитель: Партнер ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Противодиарейные препараты биологического происхождения, регулирующие равновесие кишечной микрофлоры
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018666
Информация о регистрации в РК: 25.01.2012 - 25.01.2017

Инструкция

Саудалық атауы

БИФИДУМБАКТЕРИН

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішке қабылдауға және жергілікті қолдануға арналған ұнтақ, 5 доза

Құрамы

Белсенді зат: 500 млн кем емес КТБ тірі бифидобактериялар,

қосымша зат: лактоза моногидраты

Сипаттамасы

Сары немесе ақшыл сары теңбілдермен, әлсіз сүтқышқылды иісі бар ақтан ашық ақшыл сары түске дейінгі ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Диареяға қарсы микроорганизмдер

АТЖ коды А07ҒА

Фармакологиялық қасиеттері

№ 1 Bifidobacterium bifidum штамының тірі бифидобактериялары кең ауқымды патогенді (шигеллалар, сальмонеллалар, алтын стафилококтар) және шартты патогенді микроорганизмдерге (протейге, клебсиеллаға) қарсы антогонистік белсенділікке ие. Бифидобактериялардың препараттағы жоғары мөлшерлі деңгейі ішек микрофлорасының қалыпқа келуіне мүмкіндік береді және осылайша асқазан-ішек жолының қызметін, зат алмасу үдерістерін, қабырғалық ас қорытуды жақсартады, организмнің өзіне тән емес спецификалық емес төзімділігін арттырады.

Қолданылуы

Емдеу үшін:

  • ішек дисбактериозында

  • ішек қызметінің этиологиясы анықталмаған бұзылуларында

  • ішек микрофлорасы бұзылуымен ас қорыту мүшелерінің созылмалы ауруларында

  • жедел ішек жұқпаларынан кейінгі реконвалесценттерде

  • бактериялық вагиноздарда, оның ішінде жүкті әйелдердегі бактериялық кольпитте, сондай-ақ табиғаты гормональді сенильді кольпитте

Кешенді ем құрамында емдеу үшін:

  • ішектің жедел жұқпалы ауруларында (дизентерия, сальмонеллез, эшерихиоз, иерсиниоз, ротавирусты жұқпа, этиологиясы анықталмаған ТІЖ)

  • пневмонияда, сепсисте және басқа да іріңді-жұқпалы ауруларда, сондай-ақ анемияда, гипотрофияда, рахитте асқынуларды төмендету және негізгі емнің тиімділігін әсіресе балаларда (оның ішінде жаңа туған нәрестелерде және шала туған нәрестелерде) арттыру үшін

  • аллергиялық ауруларда (гастроинтестинальді аллергия, атопиялық дерматит, дерматореспираторлы синдром, бронх демікпесі)

  • дисбиоздарды және әйелдің жыныс мүшелеріндегі қабыну үдерістерін

Дисбактериоздардың алдын алу үшін:

  • бактерияға қарсы препараттарды (оның ішінде антибиотиктерді), гормональді және қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдаған кезде, сәулемен және химиямен емдеу кезінде

  • стресс жағдайында

  • жиі ауыратын барлық жастағы балаларға

  • преморбидті ауыр жағдайдағы, мезгілінен бұрын туған немесе шала туу белгілері бар, ерте неонатальді кезеңде антибиотик қабылдаған балаларға

  • ауыр токсикоздан немесе жүктіліктің басқа патологиясынан зардап шеккен, лактостазбен, емшек ұштары жарылған және маститтен жазылғаннан кейін емшек емізуді қайта бастаған аналардың балаларына

  • жасанды тамақтандыруға және донор сүтімен қоректендіруге ерте көшірілген емшек жасындағы балаларға.

Препаратты маститтің алдын алу, «қауіпті» топтағы бала емізетін аналардың сүт бездерін (емшек ұшы кіріп кеткен, оның эрекциясы төмендеген, жарылғаны бар әйелдерде) жергілікті өңдеу үшін қолданады.

Қолдану тәсілдері және дозасы

Препаратты тамақтанғанда, қажет болған кезде ас қабылдауға қарамай-ақ, ішке қабылдайды.

Препаратты қолданар алдында сұйық аспен, мүмкіндігінше қышқыл сүт өнімімен араластырады, жаңа туған және емшек жасындағы балаларға ана сүтімен немесе жасанды қоректендіруге арналған қоспамен бірге береді.

Препаратты бөлме температурасындағы 30-50 мл қайнаған сумен араластыруға болады, мұндай кезде ақшыл немесе сұрғылт түсті сәл жылтыр жүзінді түзіледі. Алынған сулы жүзіндіні толық ерігенін күтпей-ақ, ішкен жөн.

Бифидумбактеринді емдік мақсатта тағайындайды:

  • 6 айға дейінгі балаларға күніне 2-3 рет 1 пакеттен, 2-3 күннен бастап, қажет болған кезде препаратты қабылдау санын күніне 4-6 ретке дейін арттыруға болады

  • 6 айдан асқан және 3 жасқа дейінгі балаларға препаратты 1 пакеттен күніне 3-4 рет тағайындайды.

  • 3-тен 7 жасқа дейінгі балаларға – күніне 3-5 рет 1 пакеттен

  • 7 жастан асқан балаларға және ересектерге препаратты күніне 3-4 рет 2 пакеттен тағайындайды, препаратты қабылдау санын қажет болған кезде күніне 6 ретке дейін арттыруға болады.

Емделу курсы – 3-4 апта. Қажет болған кезде бифидумбактеринмен емделу курсын 2-3 рет қайталауға болады, әрбір курс – бір айдан соң. Айқын дисбактериозбен жедел кезеңдегі аурудың ауыр ағымында препараттың тәуліктік дозасы емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша ғана арттырылуы мүмкін. Препаратты жедел ішек жұқпаларында кешенді ем ретінде қолданған кезде емдеу курсы 7-10 күнді құрайды.

Алдын алу мақсатында препаратты мынадайда тағайындайды:

  • 6 айға дейінгі балаларға күніне 1 рет 1 пакеттен, 6 айдан асқан балаларға – күніне 1-2 рет 1 пакеттен

  • 3 жастан асқан балаларға және ересектерге – күніне 2-3 рет 2 пакеттен.

Профилактикалық курс жылына 2-3 рет 2-3 апта бойы жүргізіледі.

Жаңа босанған әйелдің сүт безін жергілікті өңдеу үшін препараттың 1 пакетін бөлме температурасындағы қайнаған судың 10-15 мл-не салады, алынған қоспаға стерильді тампонды батырып, онымен баланы әр емізерден 20-30 минут бұрын емшектің ұшын және ареолын өңдей жағады. Мұндай өңдеуді кем дегенде 5 күн жасау керек.

Гинекологиялық іс-әрекетте жергілікті қолданғанда – 2 пакеттегі препаратты бөлме температурасындағы 15-20 мл қайнаған суға салады да, алынған қоспаны тампонға мол етіп сіңіріп, оны қынапқа таңертеңгілік және кешкісін 2-3 сағатқа енгізу керек. Емделу курсы – 8-10 күн.

Ішектің созылмалы ауруларында препарат жергілікті дәрілік клизма ретінде енгізілуі мүмкін. 2-3 пакетті бөлме температурасындағы 30-40 мл қайнаған суға салып, алынған қоспаны алмұрт тәріздес баллонның көмегімен тазарту клизмасынан кейін 30-40 минуттан соң күніне 1 рет тік ішекке енгізу керек. Емдеу курсы – 10 күн.

Жағымсыз әсері

Анықталған жоқ.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың әр адамға жекелей жақпаушылығында

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты витаминдермен (әсіресе В тобының) бір мезгілде қолданған кезде препараттың әсері күшейеді. Антибиотиктермен бірге қолданған кезде препараттың емдік әсері төмендеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты әйелдердің жүктілік және бала емізу кезеңдерінде қолдануына рұқсат етіледі.

Препарат лактаза жеткіліксіздігінде сақтықпен қолданылады.

Препарат түпнұсқалық қаптаманың тұтастығы бүлінген кезде және таңбасы анық болмағанда қолдануға жарамсыз.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозаланғанда

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

0,85 г-ден көп қабатты металлополимерлі материалдан жасалған пакеттерде. 10 немесе 30 пакеттен мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

10оС-ден аспайтын температурада сақтау және тасымалдау керек.

Препаратты 20оС-ге дейінгі температурада 10 күннен асырмай тасымалдауға болады. Температураның төменгі шегі лимиттелмейді.

Препаратты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босату шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Партнер» («Партнер» ЖАҚ) жабық акционерлік қоғамы, Ресей Федерациясы. Мекенжайы: 119180, Мәскеу қ., Большая Якиманка к-сі, 31-үй, тел (495) 925-51-09, факс (495) 737-33-45..

Тіркеу куәлігінің иесі

«Партнер» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Препарат сапасына қатысты тұтынушы шағымдары мына мекенжайға жіберіледі: «КлаФарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 006200, Алматы қ., Аксай-4 ықшауданы, 14-үй, 46-кеңсе, тел. (727) 389-32-32, факс (727) 389-32-32, электрондық пошта: «klafarm@mail.ru»

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

418880251477977183_ru.doc 51.5 кб
623676351477978339_kz.doc 57.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники