Бисакодил (суппозитории ректальные, 0.01 г, Лекхим - Харьков)

МНН: Бисакодил
Производитель: Лекхим - Харьков АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Bisacodyl
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010998
Информация о регистрации в РК: 21.12.2021 - 21.12.2031
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 19.43 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Бисакодил

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бисакодил

Дәрілік түрі

0,01 г ректальді суппозиторийлер

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді зат – бисакодил 0,01г,

қосымша заттар: 0,01 г коллоидты кремнийдің қостотығы, 1,28 г қатты май.

Сипаттамасы

Пішіні, ақ немесе крем түсті, сигара пішінді суппозиторийлер. Қимасында теңбілдері болмауы керек, ауалы стержень немесе шұңғыма тәрізді тереңдетулерге жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Іш жүргізетін жанаспалы препараттар, Бисакодил

АТХ коды А06АВ02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бисакодил – жанаспалы әсер ететін дәрі. Болымсыз дәрежеде ішектен (бисакодил 5 %-ға дейін) сіңеді. Бауырдағы конъюгациядан кейін Бисакодил қанның ішек-бауыр айналымына қосылады, ішінара бүйрек арқылы шығарылады.

Ұйықтар алдында қолданған кезде 8-12 сағаттан кейін іш жүргізетін әсері басталады.

Фармакодинамикасы

Бисакодил – іш жүргізетін дәрі.

Бисакодил тоқ ішекте шырыш сөлінісін жоғарылатады, тоқ ішектің перистальтикасын жылдамдатып, күшейтеді, іш жүргізетін әсер береді. Бисакодил ізашар дәрі болып табылады. Ректальді қолданған кезде сілтілік ортада тоқ ішек шырышына тітіркендіргіш әсер ететін зат түзіле отырып, гидролиз жүреді.

Бисакодилдің әсері тоқ ішек шырышты қабығының жүйке ұштарын тікелей тітіркендіруге байланысты; ішек қуысына су мен электролиттердің келіп түсуін көтермелейді және олардың қайта сіңуін бөгейді.

Қолданылуы

  • шығу тегі әр түрлі іш қатуларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Пішінді қаптамадан қайшының көмегімен свечаны алдын ала шығарып алып, оны тік ішекке тереңдетіп енгізеді: ересектер мен 15-18 жастағы жасөспірімдерге - тәулігіне 1-2 свечадан; 8-14 жастағы балаларға – тәулігіне 1 свечадан. Бисакодилді 5-7 күннен артық қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

  • ішектің шаншуы, диарея (дегидратация, бұлшықет әлсіздігі, құрысулар, артериялық қысымның төмендеуі), абдоминальді ауырулар, метеоризм

  • аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- ішек бітелісі, құрсақ қуысы ағзаларының жедел ағымды қабыну аурулары, перитонит

- асқазан-ішек жолынан қан кету, метроррагия

- цистит

- жедел геморрой және проктит

- 8 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жүрек гликозидтерін бір мезгілде қолданған кезде калий тапшылығына байланысты оның әсері күшейеді.

Айрықша нұсқаулар

Бауыр/бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне шалдыққан емделушілерге абайлап қолдану керек.

Жүктілік пен лактация

Әсер етуші заттың плаценталық бөгет арқылы өту мүмкіндігіне байланысы препаратты жүктілік кезеңінде қолданбаған дұрыс. Бисакодил ана сүтіне өтпейді. Лактация кезеңінде абайлап тағайындалады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталмаған

Артық дозалануы

Симптомдары: сұйықтық пен электролиттерді көп мөлшерде жоғалтатын диареямен, бұлшық ет әлсіздігі және құрысулармен көрініс береді.

Емі: сусыздануды жою және/немесе иондық тепе-теңдікті қалпына келтіру шараларын қолданады.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

5 суппозиторийден поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

«Лекхим-Харьков» АҚ

61115, Украина, Харьков қ., 17-ші Партсъезд к-сі, 36.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

"MEDIKUS-CENTRE" ЖШС

050000, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Мусоргский к-сі, 2а

тел: +007(7272)71 48 12, 71 48 13

e - mail: postavki@medicus.kz

 

Прикрепленные файлы

647451011477976762_ru.doc 44.5 кб
027518031477977925_kz.doc 63.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники