Биопрост®

МНН: Тимол, Тыквы обыкновенной семян масло
Производитель: ООО "Альтфарм"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения урологических заболеваний
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011014
Информация о регистрации в РК: 25.04.2014 - 25.04.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Биопрост®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ректальді суппозиторийлер 2,0 г

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді заттар - 0,5 г асқабақ дәнінің майы, 0,1 г тимол,

қосымша зат: витепсол

Сипаттамасы

Пішіні торпеда тәрізді, өзіне тән иісі бар, сары-жасыл түсті суппозиторийлер.

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды G 04 ВХ

Фармакологиялық қасиеттері

Біріктірілген препарат. Қабынуға қарсы, бактериостатикалық және ауыруды басатын әсерге ие. Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы кезінде патологиялық үдеріс ағымына оң әсер етеді. Қуық асты безі маңының ауыруын азайтады және несеп шығаруды жеңілдетеді.

Қолданылуы

– созылмалы бактериялық және абактериялық простатиттерде

– қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясында (симптоматикалық емдеу)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ректальді, 1 суппозиторийден күніне 1-2 рет 14 тәулік бойы. Қайталап емдеу курсы – дәрігермен кеңескеннен кейін.

Жағымсыз әсерлері

– аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі

Қазіргі уақытқа дейін препараттың көлік құралы мен қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне жағымсыз әсер ету жағдайлары туралы хабарланбаған.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 суппозиторийден салынған. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеде.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Альтфарм» ЖШҚ

Ресей Федерациясы, 142073, Мәскеу облысы, Домодедов ауданы, Судаково д., Лесное д/ү.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Интелфарм» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

«Интелфарм» ЖАҚ

Мекенжайы: Ресей Федерациясы, 603600, Нижний Новгород қ., Пушкин к-сі, 34 «Б» үй.

немесе

«Альтфарм» ЖШҚ

Ресей Федерациясы, 142073, Мәскеу облысы, Домодедов ауданы, Судаково д., Лесное д/ү.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Интелфарм» ЖАҚ

Заңды мекенжайы: Ресей Федерациясы, 606540, Нижегород облысы, Чкалов ауданы, Чкаловск қ., Пушкин к-сі, 36 үй.

Нақты мекенжайы: Ресей Федерациясы, 603000, Нижний Новгород қ., Костин к-сі, 4.

тел.: (831) 430-02-06, факс: (831) 433-00-03

E-mail: bioprost@intelpharm.ru

www.intelpharm.ru

 

 

3

 

Прикрепленные файлы

309439241477976678_ru.doc 45 кб
689584001477977810_kz.doc 54 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники