Билобил форте (Ginkgo folium)

МНН: Гинкго Билоба
Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ginkgo biloba
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023033
Информация о регистрации в РК: 21.11.2022 - 21.11.2032
Номер регистрации в РБ: 7262/05/10/15/17/21
Информация о регистрации в РБ: 23.04.2021 - бессрочно

Инструкция

Дәрілік затты медициналық қолдану

жөніндегі нұсқаулық

Билобил® форте

Саудалық атауы

Билобил® форте

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар, 80 мг

Құрамы

белсенді зат - гинкго (Ginkgo biloba L) жапырақтарының құрғақ, тазартылған және стандартталған экстрактісі (35-67:1) - 80 мг (флаваноидты гликозидтер түріндегі 17,6 – 21.6 мг флаваноидтарға,

                        2,24 – 2,72 мг A, B, C гинкголидтеріне,

                      2,08 – 2,56 мг билобалидтерге баламалы),

технологиялық реагент – сұйық глюкоза 5% (құрғақ бүрку),

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, тальк,  сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,

капсула қабығының құрамы: темірдің қара тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), азорубин (кармоизин, Е122), желатин

Сипаттамасы

Қызғылт түсті қатты желатинді капсулалар.

Капсулалардың ішіндегісі – ақшылдан- күңгірт-қоңыр түске дейінгі, көзге көрінетін күңгірттеу бөлшектері бар және кішкентай кесектері болуы мүмкін ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесінің ауруларын емдеуге арналған препараттар. Психоаналептиктер. Деменцияны емдеуге арналған препараттар. Деменцияны емдеуге арналған  басқа препараттар. Гинкго билоба.

АТХ коды N06DX02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішу арқылы қолданғаннан кейін гинкго билоба гликозидтерінің флавоноидтары жіңішке ішекте сіңіріледі. Ең жоғарғы концентрациясына 2 сағаттан соң жетеді. Бауырда метаболизденеді. Экстракт өкпе арқылы, сондай-ақ несеппен және нәжіспен бірге шығарылады.

Фармакодинамикасы

Билобил® форте капсулаларының құрамында гинкго билоба жапырақтары экстрактісінің биологиялық белсенді заттары (флавондық гликозидтер, терпендік лактондар) бар, олар тамыр қабырғасының нығаюына және созылғыштығының артуына ықпал етеді, қанның реологиялық қасиеттерін жақсартады және соның салдарынан микроциркуляция, ми мен шеткері тіндердің оттегімен және глюкозамен қамтылуы жақсарады. Препарат жасушалардағы зат алмасуын қалыпқа түсіреді, эритроциттер агрегациясына кедергі келтіреді, тромбоциттердің белсенділену факторын тежейді. Қантамыр жүйесіне дозаға тәуелді әсер береді, ұсақ артерияларды кеңейтеді, веналардың тонусын арттырады, қантамырлардың қанмен толуын реттейді. Әсер ету механизмі оттегінің уытты радикалдары белсенділігінің жойылуымен және холинорецепторлар мен альфа-2-адренорецепторлардың қартаюының азаюымен түсіндіріледі.

Қолданылуы

  • этиологиясы әр түрлі (инсульт, бассүйек-ми жарақаты, қарттық жас), зейіннің төмендеуімен, жадының әлсіреуімен, интеллекттілік қабілеттері төмендеуімен, қорқынышпен, үреймен, ұйқының бұзылуымен қатар жүретін дисциркуляторлы энцефалопатияда
  • шеткері қанайналым мен микроциркуляцияның бұзылуында (соның ішінде, аяқтардың артериопатиясы), Рейно синдромында
  • нейросенсорлық бұзылуларда (бас айналуы, құлақтағы шуыл, гипоакузия), кәріліктен болатын  сары дақ дегенерациясында
  • диабеттік ретинопатияда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге

Препарат ішке, күніне 2 рет (таңертең және кешке) 1 капсуладан тағайындалады. Капсулаларды аздаған мөлшердегі сумен іше отырып жұту керек. Емдеу курсы кемінде 3 ай. Жақсарудың алғашқы белгілері әдетте 1 айдан соң пайда болады. Дәрігермен кеңескеннен кейін курсын қайталап жүргізуге болады.

Жағымсыз әсерлері

  • тері бөртпесі, қышыну
  • диспепсия
  • бас ауыруы
  • асқазан-ішектен қан кетулер, миға және көздің торқабығына қан құйылулар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • қан ұюының төмендеуі
  • эрозиялы гастрит
  • асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы
  • ми қанайналымының жедел бұзылулары
  • жедел миокард инфарктісі
  • артериялық гипотензия
  • балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
  • жүктілік және лактация кезеңі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Билобил® форте препаратын ацетилсалицил қышқылын немесе антикоагулянттарды, ҚҚСД үнемі қабылдайтын пациенттерге қолдану ұсынылмайды. ҚҚСД бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды, өйткені ол препараттарды бір мезгілде қолдану қанның ұю уақытының ұзаруымен байланысты қан кетулердің даму қаупінің жоғарылауына алып келуі мүмкін. Билобил® форте препаратын келесі ДЗ: эпилепсияға қарсы, Р-450 цитохромы ферменттік жүйесі арқылы метаболизденетін препараттармен бір мезгілде қабылдау ерекше сақтықты қажет етеді.

Айрықша нұсқаулар

Препараттың ұсынылған дозаларын арттырмау керек.

Препаратты қабылдау аясында алкоголь пайдалану ұсынылмайды.

Капсулаларды тамақпен және сусындармен бірге қабылдауға болады.

Хирургиялық араласу алдында пациенттер дәрігерге өздерінің Билобил® фортені қабылдап жүргендігі туралы айтуы тиіс. Өздігінен қан кетулерге (геморрагиялық диатез) аномальді бейімділігі бар  пациенттер мен қан ұюының профилактикасына арналған препараттарды қабылдап жүрген пациенттер емдеуді бастар алдында дәрігермен кеңесуі тиіс. Препараттың балаларда, егде жастағы пациенттер мен бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолданылу тәжірибесі болған жоқ.

Кейбір қосымша заттары туралы арнайы ақпарат

Билобил® форте препаратының құрамында лактоза және глюкоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, Лапп лактазасы тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы керек.

Билобил® форте құрамында азобояғыш азорубин (Е122) бар, ол аллергиялық реакцияларды туғызуы мүмкін.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік және басқа да механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Қазіргі кезде препараттың артық дозаланған жағдайлары туралы хабарланған жоқ.

Шығарылу түрі  және қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 немесе 6 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Ылғалдан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада, түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Сақтау мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

КРКА, д.д. Ново место, Словения.

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения.

Тіркеу куәлігінің иесі

КРКА, д.д. Ново место, Словения

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік  заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«КРКА Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 19, 1б корпусы, 2-ші қабат, 207 кеңсе

тел.: +7 (727) 311 08 09

факс: +7 (727) 311 08 12

info.kz@krka.biz

 

Прикрепленные файлы

7262_05_10_15_p.pdf 0.3 кб
7262_05_10_15_s.pdf 0.37 кб
Билобил_форт_каз.doc 0.09 кб
Билобил_форте_(русс).doc 0.08 кб
7262_05_10_15_17_21_p.pdf 0.39 кб
7262_05_10_15_17_21_s.pdf 0.46 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

«Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ