Бивалос®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Бивалос
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған 2 г түйіршіктер
Құрамы
1 пакеттің ішінде
белсенді зат – 2 г сусыз стронций ранелатына баламалы 2,632 г стронций ранелаты,
қосымша заттар: аспартам (Е951), маннитол (Е421), мальтодекстрин.
Сипаттамасы
Сары түсті ұнтақ. Дайындалған суспензия бозғылт-сары түсті бұлыңғырлау ерітінді түрінде болады.
Фармакотерапиялық тобы
Сүйек ауруларын емдеуге арналған препараттар. Сүйек құрылымына және минералдануына әсер ететін басқа да препараттар. Стронциум ранелаты
АТХ коды М05ВХ03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Стронций ранелаты тұрақты стронцийдің 2 атомынан және ранел қышқылының 1 молекуласынан тұрады, бұл органикалық құрамдас бөлік дәрілік препараттың молекулалық салмағы, фармакокинетикасы мен көтерімділігі тұрғысынан ең үздік үйлесім мүмкіндігін береді. Cтронций мен ранел қышқылының фармакокинетикасы дені сау ерлерде және менопаузадан кейінгі кезеңде дені сау әйелдерде, сондай-ақ остеопороз себебімен ұзақ уақыт қабылдаған ерлерде, егде жастағы әйелдерді қоса, менопаузадан кейінгі кезеңдегі дені сау әйелдерде зерттелген. Ранел қышқылының жоғары полярлығы себепті, оның сіңірілуі, таралуы және плазма ақуыздарымен байланысуы төмен. Ранел қышқылы жинақталмайды және метаболизмдік белсенділік танытпайды. Сіңірілген ранел қышқылы бүйрекпен өзгермеген күйде жылдам шығарылады.
Сіңірілуі
2 г дозасын ішу арқылы қабылдағаннан кейін стронцийдің абсолютті биожетімділігі 25% жуық (19%-дан 27% дейінгі шекте) құрайды. Плазмадағы ең жоғары концентрациясына (Сmax) 3-5 сағаттан соң жетеді. Плазмадағы препарат тұрақты концентрациясына 2 апта емделуден кейін жетеді. Стронций ранелатын кальциймен немесе тамақпен бір мезгілде қабылдау стронций биожетімділігін, препаратты ас ішуден кейін 3 сағаттан соң қабылдаған кездегісімен салыстырғанда, шамамен 60-70% төмендетеді. Стронцийдің салыстырмалы баяу сіңірілуін ескеріп, Бивалос қабылдауға дейін де және одан кейін де ас ішпеу немесе кальций қабылдамау керек. D витаминін қосымша пероральді қабылдау стронций әсеріне ықпал етпейді.
Таралуы
Стронцийдің болжамды таралу көлемі 1 л/кг құрайды. Стронцийдің плазма ақуыздарымен байланысуы төмен (25%), стронций сүйек тінімен жоғары тектестік иеленеді. 60 айға дейінгі уақытта күніне 2 г дозаланған стронций ранелатымен емдеуден өткен емделуші әйелдерде өндірілген мықын қыры сүйегінің биоптаттарындағы стронций концентрацияларын өлшеу сүйектегі стронций концентрацияларының шамамен 3 жыл емделуден кейін платоға жететінін көрсетеді.
Емнен тыс сүйектен алынатын стронций кинетикасы жөнінде деректер жоқ.
Биоөзгерісі
Стронций - екі валентті катион, сондықтан метаболизмге ұшырамайды. Стронций ранелаты Р450 цитохромы ферменттерін тежемейді.
Шығарылуы
Стронцийдің шығарылуы уақыт пен дозаға байланысты. Тиімді жартылай шығарылу кезеңі 60 сағатқа жуық. Стронцийдің шығарылуы бүйрек және асқазан-ішек жолы арқылы жүреді. Плазмадағы стронций клиренсі 12 мл/минутқа жуық (CV 22%), ал бүйрек клиренсі 7 мл/минутқа жуық (CV 28%).
Айрықша клиникалық жағдайлардағы фармакокинетикасы
Егде жастағы емделушілер
Қауымдағы фармакокинетика жөніндегі деректерде мақсатты нысанадағы қауымның жас ерекшелігі мен көріністі клиренс арасындағы байланыс анықталмаған.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер
Ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар емделуші әйелдерде (креатинин клиренсі 30-70 мл/мин), стронций клиренсі креатинин клиренсімен бір мезгілде азаяды (төмендеуі 30-дан 70 мл/минутқа дейінгі креатинин клиренсі аясында шамамен 30%), сондықтан да плазмадағы стронций деңгейінің өсуіне әкеледі. III фаза зерттеулерінде емделушілердің 85%-ын қосқан кезде креатинин клиренсі 30-дан 70 мл/минутқа дейін, ал 6%-да 30 мл/минуттан аз, орта есеппен, креатинин клиренсі 50 мл/минут құрады.
Ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде дозаны түзету қажет емес.
Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі ауыр емделушілердегі (креатинин клиренсі 30 мл/минуттан төмен) препарат фармакокинетикасы жөнінде деректер жоқ.
Бауыр функциясы жеткіліксіздігі бар емделушілер
Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілердегі препарат фармакокинетикасы жөнінде деректер жоқ. Стронцийдің фармакокинетикалық параметрлерінің ескерілуімен, емделушілердің осы санатында дозаны түзету талап етілмейді.
Балалар мен жасөспірімдер
Стронций ранелатының тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ, сондықтан осы жас тобындағы тұлғаларға препарат қабылдау ұсынылмайды.
Фармакодинамикасы
In vitro стронций ранелаты:
-
сүйек тіні құрылымында сүйек қалыптасуын, сондай-ақ остеобласттар ізашарларының репликациясын және сүйек жасушалары өсіріндісіндегі коллаген синтезін көтермелейді;
-
остеокласттар жіктелуін және кері сіңірілу белсенділігін төмендету есебінен сүйектік қайта сіңірілуді азайтады.
Нәтижесінде сүйек алмасу сүйек қалыптасу пайдасына қарай бейімделеді.
Стронцийдің сүйек тініне түсуі, негізінен, сүйек кристалының беткейінде сіңірілуі есебінен жүреді, стронций аздаған дәрежеде ғана кальцийді қайта қалыптасқан сүйектегі апатит кристалында алмастырады. Cтронций ранелаты сүйек тінінің сипаттарын өзгертпейді. Стронцийдің сүйекте таралуы мен кальциймен салыстырылған стронцийдің жоғары радиациялық сіңірілуінің біріккен әсері сүйек тінінің минералдық тығыздығын (СТМТ) қос энергетикалық рентгенді абсорбциометрия әдісімен өлшеудің артуына апарады. Қолда бар деректер күніне 2 г дозада Бивалос препаратымен емделген 3 жылда өлшенген СТМТ өзгерісі 50%-ның нақ осы факторлардан туындағанын көрсетеді. Осы ерекшелігін препаратпен емделу барысында СТМТ өзгерістерін түсіндірген кезде назарға алу керек. III фаза барысында сынулардың алдын алу үшін препаратпен емдеудің тиімділігі жария етілген зерттеулерде Бивалоспен емдеу кезінде өлшенген орташа СТМТ, бастапқы көрсеткіштермен салыстырғанда, омыртқаның бел бөлігінде жылына шамамен 4% және сан мойыны аумағында жылына 2% ұлғайды. Осылайша, 3 жыл ішінде СТМТ, зерттеуге қарай, тиісінше, 13-15% және 5-6% артты.
Стронций ранелатын қолданған кезде емдеудің үшінші айынан бастап, 3 жыл бойы сүйек қалыптасуының биохимиялық маркерлерінің жоғарылауы (спецификалық сүйектік сілтілі фосфатаза және I типті проколлагеннің карбокситерминалдық пропептиді), сондай-ақ сүйектік қайта сіңірілу биохимиялық маркерлерінің төмендеуі (өзара байланысқан сарысудағы С-телопептидтер және несептегі N-телопептидтер) анықталған.
Стронций ранелатының фармакологиялық әсерінен басқа, клиникалық зардаптарсыз сарысудағы кальций мен паратиреоидты гормон концентрацияларының мардымсыз төмендеуі, фосфор концентрациясының және сілтілі фосфатазаның жалпы белсенділігінің артуы байқалды.
Клиникалық тиімділігі
Менопаузадан кейінгі остеопорозды емдеу
Сүйек сынуларының алдын алудағы препарат тиімділігін зерттеу бағдарламасы екі плацебо-бақыланатын SOTI және TROPOS зерттеулерінен тұрады. SOTI зерттеуіне менопаузадан кейінгі кезеңде остеопороз диагнозы қойылған 1649 әйел (омыртқасының бел бөлігінде СТМТ төмен және әйелдердің жартысынан астамының сыртартқысында сынулары бар) алынды, зерттеуге қатысушылардың орта жасы 70 жас болды. TROPOS зерттеуіне менопаузадан кейінгі кезеңде остеопороз диагнозы қойылған 5091 әйел (cан мойынының СТМТ төмен және әйелдердің жартысынан астамының сыртартқысында сынулары бар) алынды, зерттеуге қатысушылардың орта жасы 77 жас болды. Зерттеулердің екеуіне де зерттеуге алынған тұста 80 жастан асқан 1556 емделуші қатысты (бұл бүкіл зерттелген қауымда 23,1% құрады). Стронций ранелатын тәулігіне 2 г дозада немесе плацебо қолданудан тыс, емделушілер бүкіл зерттеу кезеңі бойына кальций қоспалары мен D витаминін қабылдады.
Бивалос препаратын қабылдау омыртқалар сынған жаңа жағдайлардың салыстырмалы даму қаупін 3 жыл бойы 41% төмендетті (SOTI зерттеуі). Зерттеудің 1-ші жылынан бастап, тиімділігі статистикалық тұрғыда сенімді болды. Осындай артықшылықтар зерттеу басталғанша көптеген сынулары болған әйелдерде де көрініс берді. Клиникалық симптоматикасы бар омыртқалардың салыстырмалы сыну қаупі (арқаның ауыруымен және/немесе өсудің кемінде 1 см азаюымен қатар жүретін сынулар ретінде айқындалды) 38% төмендеген. Бивалос қолдану, сондай-ақ, өсу кемінде 1 см азайған жағдайлар санының азаюымен қатар жүрген. QUALIOST арнайы шкаласы бойынша бағалау арқылы, сондай-ақ SF6-3 сауалнамасының жалпы шкаласы негізіндегі жалпы хал-ахуалдың балл шкаласы бойынша тіршілік сапасын зерттеу нәтижелері препарат артықшылықтарын жария етті. Препараттың омыртқалар сынған жаңа жағдайлардың даму қаупін төмендету тиімділігі TROPOS зерттеуінде, соның ішінде емдеу басталғанша сынулары болмаған остеопорозы бар емделушілерде расталды.
SOTI және TROPOS зерттеулерінің біріктірілген деректерін талдау зерттеуге алынған тұста 80 жастан асқан емделушілерде Бивалостың® жаңа омыртқа сынуларының салыстырмалы даму қаупін зерттелген 3 жыл ішінде 32% төмендеткенін көрсетті. Сыртартқысында сынулары болмаған, бірақ емдеу алдында омыртқаның бел бөлігінің және/немесе сан мойынының СТМТ көрсеткіштері остеопениямен сипаттас ауқымда болатын сынулардың пайда болу қаупінің кем дегенде бір қосымша факторы бар емделушілер арасында Бивалос® препаратын қолдану емделген 3 жыл ішінде омыртқаның алғашқы сынуының даму қаупін 72% төмендетті.
TROPOS зерттеуін өткізгеннен кейін деректерді талдау сынулар қаупі жоғары — сан мойынының СМТ Т-критерий ≤ – 3 SD (зерттеуде пайдаланылған ауқым сәйкестігі – NHANES III бойынша 2,4 SD) болатын жасы 74-тен асқан емделушілердің қосалқы тобында жүргізілді. Осы топта (n=1977, яғни ТROPOS зерттеуіне қатысқан 40% емделуші) Бивалос® 3 жыл бойы емделгенде сан мойынының сыну қаупін 36% төмендетті.
Қолданылуы
Ауыр остеопорозды емдеуде:
- менопаузадан кейінгі әйелдерде,
- ересек ерлердегі,
остеопорозды емдеу үшін мақұлданған басқа препараттарды қолдану мүмкіндігі жоқ, мысалы қолдануға болмайтын жағдайларда немесе жағымсыз болған жағдайлардағы сынық қаупі жоғарылығында. Стронций ранелаты менопаузадан кейінгі әйелдерде омыртқаның және санның сыну қаупін төмендетеді.
Стронций ранелатын тағайындау туралы шешім нақты емделушідегі жалпы қауіпті бағалауға негізделуі тиіс.
Қолдану тәсілі және дозалары
Емді остеопорозды емдеу тәжірибесі бар дәрігер тағайындайды.
Ұсынылатын дозасы күніне бір рет пероральді 1 пакеттен (2 г) тұрады. Стронций ранелатының тамақты, сүтті және туынды өнімдерді ішкенде сіңірілуі төмендейді, сондықтан БИВАЛОС препаратын тамақ ішу арасындағы үзілісте қолдану керек.
Баяу сіңірілуін ескеріп, препаратты, дұрысы, тамақтан кейін 2 сағат өткен соң барып, ұйықтар алдында қабылдау ұсынылады.
Қолданар алдында түйіршіктер кемінде 30 мл суда (шамамен 1/3 кәдімгі стақан) ерітіледі. Зерттеулерде суспензиядағы препараттың 24 сағат бойы тұрақтылығының расталуына қарамастан, суспензияны әзірлегеннен кейін дереу қабылдаған дұрыс.
Ауру табиғатының ескерілуімен стронций ранелаты ұзақ уақыт қолдануға арналған.
Стронций ранелатын қабылдайтын емделушілер, егер олардың тамақтағы мөлшері қабылданған қалып шегіне сәйкес келмесе, D витамині мен құрамында кальций бар қоспаларды қабылдауы тиіс.
Стронций ранелатының тиімділігі мен қауіпсіздігі остеопороздан зардап шегуші, жас шамасының кең ауқымындағы (100 жасқа дейінді қоса) постменопаузадағы ересек еркектер мен әйелдер қатысуында анықталды.
Егде жастағы емделушілерге дозаны түзету қажет емес.
Бүйрек функциясы жеткіліксіздігі әлсіз немесе орташа емделушілерде (КК 30-70 мл/мин) дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясы жеткіліксіздігі ауыр емделушілерге (КК 30 мл/мин аз) Бивалос тағайындау ұсынылмайды.
Бауыр функциясы бұзылған емделушілерде дозаны түзету қажет емес.
Жағымсыз әсерлері
Клиникалық сынақтардың III фазасы кезінде 60 ай бойы тәулігіне 2 г дозада стронций ранелатын алатын менопаузадан кейінгі кезеңдегі остеопорозы бар әйелдерде препаратты ұзақ уақыт қолдану қауіпсіздігі бағаланды. Зерттеулерге 8000 жуық емделушілер қатысты. Зерттеуге алынған сәттегі орта жас 75 жас болды, ал зерттеуге алынғандар санынан 23% емделуші 80-100 жас аралығында болды.
Жағымсыз әсерлердің, әдетте, айқындылығы әлсіз және қайтымды. Әдетте, емдеудің басында жүрек айну және диарея сияқты жағымсыз әсерлер бәрінен жиі болды. Емдеуді тоқтатуға негізінен жүрек айну себеп болады. Емделушілердің зерттеуге алынған сәтте 80 жастан кіші әлде одан үлкен болғанына қарамастан, жағымсыз құбылыстар сипатында қандай да бір айырмашылықтар болмаған.
Стронций ранелатымен клиникалық және/немесе постмаркетингтік зерттеулер кезінде туындайтын келесі жағымсыз реакциялар жөнінде хабарланды. Жағымсыз реакциялар төмендегі жиілікпен берілген: өте жиі (>1/10); жиі (>1/100 және <1/10); жиі емес (>1/1000 және <1/100); сирек (>1/10 000 және <1/1000); өте сирек (<1/10 000).
Өте жиі
-
бас ауыру, бас айналуы, сананың бұзылуы, естен айрылу
-
парестезия
-
миокард инфарктісі
-
жүрек айну, диарея, сұйық нәжіс, құсу, іш аумағындағы ауыру, гастроэзофагеальді рефлюкс, ас қорытудың бұзылуы (диспепсия), іш қату, гастроинтестинальді ауыру, метеоризм
-
экзема
-
көктамырлық тромбоэмболия (КТЭ)
-
гиперхолестеринемия
-
ұйқысыздық
-
вертиго
-
бронхтың асқын белсенділігі
-
гепатит
-
шеткергі ісіну
-
креатинфосфокиназа (КФК)а белсенділігінің жоғарылауы
-
тері тарапынан аса жоғары сезімталдық реакциясының көріністері, тері бөртпесін, қышынуды, есекжемді, ангиоэдеманы қоса
-
сүйек-бұлшықет ауыруы, бұлшықеттер түйілуін, миалгияны, сүйектің ауыруын, артралгияны және аяқ-қолдың ауыруын қоса
Жиі емес
-
құрысулар
-
лимфаденопатия (терідегі аса жоғары сезімталдық реакциясы көріністерімен бір мезгілде)
-
сананың шатасуы
-
ауыздың шырышты қабығының тітіркенуі, стоматит және/немесе ауыз қуысы шырышты қабығының ойық жаралануын қоса
-
ауыз кеберсуі
-
қан сарысуындағы трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы (тері тарапынан аса жоғары сезімталдық реакциясы көріністерімен бір мезгілде)
-
дерматит, алопеция
-
дене температурасының көтерілуі (терідегі аса жоғары сезімталдық реакциясы көріністерімен бір мезгілде)
-
дімкәстану
Сирек
-
сүйек кемігінің жеткіліксіздігіб
-
эозинофилия (тері тарапынан аса жоғары сезімталдық реакциясы көріністерімен бір мезгілде)
-
эозинофилиясы және жүйелік симптомдары бар дәрі-дәрмектік бөртпе (DRESS-синдромы) с
Өте сирек
-
Стивенс-Джонсон синдромын, уытты эпидермальді некролизді с қоса, терінің ауыр реакциялары жағдайлары
Жеке-дара хабарланған жағымсыз реакциялар
-
көктамырлық тромбоэмболия
- миокард инфарктісі
а Жоғарғы қалып шегінен 3 есе жоғары сүйек-бұлшықет фракциясы.
Көпшілік жағдайларда бұл көрсеткіштер емдеу сызбасын өзгертпей-ақ өздігінен қалпына түсті.
б Постмаркетингтік зерттеулер
с Азиаттық елдерде сирек жағдайлар болды.
Жеке-дара жағымсыз реакциялардың сипаттамалары
Көктамырлық тромбоэмболия
Стронций ранелатын қабылдаған емделушілердегі 5 жыл бойғы бақылаулар нәтижесінде, 1,4 (95% ДИ = [1,0; 2,0]) салыстырмалы қаупі бар плацебомен салыстырғанда, көктамырлық тромбоэмболиялардың (КТЭ) басталу жиілігі III фазасының зерттеулерінде (жылға есептегенде) шамамен 0,7% құрады.
Миокард инфарктісі
Постменопауза кезеңіндегі остеопорозы бар емделушілер қатыстырылған рандомизацияланған плацебо-бақыланатын зерттеулер деректерінің талдауы салыстырмалы қаупі 1,6 (95 % ДИ = [1,07; 2,38]) бар, плацебо (1,1 % қарсы 1,7 %) қабылдайтын адамдармен салыстырғанда стронций ранелатын қабылдаған емделушілерде миокард инфарктісінің даму қаупі жоғарылығын анықтады.
Жағымсыз реакцияларға күдік болғандағы хабарламалар
Дәрілік препаратты тіркегеннен кейінгі жағымсыз реакцияларға күдік болғаны туралы хабарламалар өте маңызды болып табылады. Бұл дәрілік препараттың қауіп/пайда теңгерімінің мониторингін жалғастыруға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау мамандарынан кез келген күдікті жағымсыз реакциялар туралы мәлімдемелердің ұлттық жүйесі арқылы хабарлауын өтінеміз.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препараттың белсенді затына немесе қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық
-
терең көктамырлардың тромбозы мен өкпе эмболиясын қоса, бұрынғы немесе қазіргі уақыттағы көктамырлық тромбоэмболия (КТЭ)
-
хирургиялық манипуляциялар нәтижесіндегі уақытша немесе тұрақты иммобилизация немесе ұзаққа созылатын төсек режимі
-
сыртартқыдағы, қазіргі немесе бұрынғы, ишемиялық жүрек ауруы, шеткергі артериялардың аурулары және/немесе цереброваскулярлық аурулар
-
бақыланбайтын артериялық гипертензия
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Тамақ, сүт және сүт өнімдері, сондай-ақ құрамында кальций бар дәрілік препараттар стронций ранелатының биожетімділігін шамамен 60-70% төмендетуі мүмкін (препарат қабылдау мен ас ішу арасында ұсынылатын аралық кемінде 2 сағат құрайды).
Екі валентті катиондар асқазан-ішек жолында ішуге арналған тетрациклиндермен (мысалы, доксициклинмен) және хинолон тобы антибиотиктермен (мысалы, ципрофлоксацинмен) ортақ кешендер түзуге қабілетті, бұл олардың сіңірілуіне апарады, осыған орай, стронций ранелатын осы типтеc дәрілік препараттармен бір мезгілде қабылдамау керек. Ішуге арналған тетрациклиндермен және хинолондармен емделген уақытта алдын алу шарасы ретінде Бивалос қабылдауды үзген жөн.
Алюминий және магний гидроксидтерін стронций ранелатымен бір мезгілде әлде препарат қабылдауға дейін 2 сағат бұрын қабылдау стронций ранелаты сіңірілуінің аздап төмендеуіне (AUC 20-25% төмендеуі) әкеледі, сондықтан, антацидті препараттарды Бивалос қабылдаудан кейін кем дегенде 2 сағаттан соң қабылдаған дұрыс. Алайда, осылай қабылдау режимі ұтымсыз болуы мүмкін, егер Бивалостың ұйықтар алдында қабылдауға ұсынылатынын ескерсек, мұндай жағдайларда аталған препараттарды бір мезгілде қабылдай беруге болады.
Ішу арқылы қосымша қабылданатын D витаминімен өзара әрекеттесуі болмаған.
Мақсатты қауым қатысқан клиникалық зерттеулер барысында Бивалоспен қатарлас қабылдауға жиі тағайындалуы жорамалданатын дәрілік препараттар қабылданғанда клиникалық өзара әрекеттесуіне немесе қандағы стронций деңгейінің релевантты өсуіне дәлелдер табылмаған. Оларға: қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ацетилсалицил қышқылын қоса), анилидтер (парацетамол), Н2-гистаминорецепторлар блокаторлары және протондық сорғы блокаторлары, диуретиктер, дигоксин және жүрек гликозидтері, органикалық нитраттар және жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да тамыр кеңейткіш препараттар, кальций өзекшелерінің блокаторлары, бета-адреноблокаторлар, АӨФ тежегіштері, ангиотензин II антагонистері, бета-2-адренорецепторлардың селективті агонистері, ішуге арналған антикоагулянттар, тромбоциттер агрегациясының тежегіштері, статиндер, фибраттар және бензодиазепин туындылары жатады.
Айрықша нұсқаулар
ЖИА
Менопаузадан кейінгі остеопорозы бар емделушілер қатыстырылған рандомизирленген плацебо-бақыланатын зерттеулерінің талдауы плацебомен салыстырғанда, Бивалосқабылдаған емделушілерде миокард инфарктісі даму қаупінің елеулі жоғарылағанын анықтады.
Ем бастар алдында емделушілерде жүрек-қантамыр ауруларының қаупіне баға беру ұсынылады. Жүрек-қантамыр ауруларының елеулі қауіп факторлары бар (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, шылым шегу) емделушілерге Бивалос препаратын тек емделушіні мұқият тексергеннен соң ғана тағайындауға болады. Бивалос препаратымен ем барысында жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупіне әрбір 6-12 ай сайын ұдайы баға беру керек.
Егер емделушілерде жүректің ишемиялық ауруы, шеткергі артерия ауруы, цереброваскулярлық ауру дамыса немесе егер артериялық гипертензия бақыланбайтын күйге жетсе ем тоқтатылуы тиіс.
Ишемиялық жүрек ауруы, шеткергі тамырлардың, ми тамырларының аурулары, бақыланбайтын гипертензия дамыған жағдайда Бивалоспен емделуді тоқтату қажет.
Көктамырлық тромбоэмболия
Клиникалық зерттеулердің нәтижелері стронций ранелатымен емдеудің, өкпе эмболиясын қоса, көктамырлық тромбоэмболия ауруы (КТЭ) қаупінің артуымен қатар жүретінін айғақтайды. Бұл құбылыстың себебі қазіргі сәтте анықталмаған. Бивалоссыртартқысында немесе қазіргі уақытта көктамырлық тромбоэмболиясы бар науқастарға қолдануға болмайды және КТЭ даму қаупі бар емделушілерде сақтықпен пайдаланылуы тиіс.
КТЭ қаупі бар 80 жастан асқан емделушілерді емдегенде емді жалғастыру қажеттілігіне сыни тұрғыда баға берілуі тиіс.
Ауру немесе ұзақ уақыт қозғалыссыз болатын жай-күйге алып келетін жағдайда Бивалоспрепаратын қабылдауды мүмкіндігінше дереу тоқтату керек және талапқа сәйкес шаралар қолдану керек.
Емді емделушінің жай-күйі жақсарған сәтке дейін және толық қимыл-қозғалыс қалпына келгенше жаңғыртуға болмайды. КТЭ басталғанда Бивалоспрепаратын қабылдауды тоқтату керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр емделушілерде препаратты қолдану қауіпсіздігі жөнінде деректердің болмауына орай, креатинин клиренсі 30 мл/мин аз емделушілерге Бивалос тағайындау ұсынылмайды.
Бивалос қолданылған кезде созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде бүйрек функциясын ұдайы бағалап отыру ұсынылады.
Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі дамыған емделушілерді Бивалоспрепаратымен емдеуді одан әрі жалғастыру туралы шешім жеке түрде қабылдануы тиіс.
Тері реакциялары
Препаратты қолдану кезеңінде, эозинофилиямен және жүйелі белгілермен (DRESS-синдром) қатар жүретін Стивенс-Джонсон синдромын, уытты эпидермалық некролизді, тері бөртпесін қамтитын ауыр дәрежедегі аса жоғары сезімталдық реакцияларының даму жағдайлары жөнінде хабарламалар алынған. Емделушілер бұл белгілер мен симптомдар туралы хабардар болуы тиіс. Тері реакцияларының пайда болуын мұқият қадағалау керек. Көбінесе емдеудің алғашқы аптасында Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермалық некролиз даму қаупі жоғарылау, DRESS-синдромының даму қаупі 3-6 апта ішінде дамиды.
Стивенс-Джонсон синдромының, уытты эпидермальді некролиздің (мысалы, үдемелі тері бөртпесі, көбіне сулы бөртпелері немесе шырышты қабық зақымдануы бар), DRESS-синдромы (бөртпе, қызба, эозинофилия және жүйелік зақымданулар (аденопатия, гепатит, бүйректің интерстициальді зақымдануы, өкпенің интерстициальді аурулары)) симптомдары мен белгілері анықталғанда Бивалос емін дереу тоқтату керек.
Стивенс-Джонсон синдромын, уытты эпидермальді некролизді және DRESS-синдромын ерте анықтағанда және кез келген күдікті препаратты қабылдауды дереу тоқтатқанда емі дұрыс болады. Қабылдауды ерте тоқтату жақсы хабар болжамымен бірге жүреді. DRESS синдромы көп жағдайларда Бивалоспрепаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін, қажет болғанда глюкокортикостероидтармен (ГКС) ем жүргізгенде жақсы болады. Сауығу біртіндеп жүзеге асады. ГКС емін тоқтатқаннан кейін симптоматиканың жаңғыруы мүмкін.
Егер емделушілерде Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз немесе DRESS-синдромы Бивалоспрепаратын қабылдау аясында дамыса, онда емделуші Бивалоспрепаратын ешқашан қайтып қабылдамауы тиіс.
Азиат текті емделушілерде тері бөртпесін, Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермальді некролизді қоса, аса жоғары сезімталдық реакцияларының жоғары дәрежесі туралы сирек болса да хабарланған.
Азиаттық ұлт адамдарында, есеп берілген деректер бойынша, аса жоғары сезімталдық реакциялары мен тері бөртпесінің пайда болу қаупі жоғары.
Зертханалық тесттердің нәтижелеріне әсері
Стронций қандағы және несептегі кальций концентрацияларын бағалаудың колориметриялық әдістері нәтижелеріне ықпал етеді. Дәлірек баға беру үшін индукциялы байланысқан плазмамен атомдық эмиссиялық спектрометрия немесе атомдық сіңіру спектрометриясы әдістерін пайдалану керек.
Препарат құрамында организмде фенилаланинге дейін өзгеретін аспартам бар, бұл фенилкетонуриямен науқастарда ескерілу қажет.
Жүктілік және лактация кезеңі
Бивалос тек менопаузадан кейінгі әйелдердің және ересек ерлердің қабылдауына арналған. Жүктілік дәйегі расталса, препарат қабылдауды тоқтату керек. Стронций емшек сүтімен бөлініп шығады. Бала емізетін әйелдерге Бивалос қолдануға болмайды.
Фертильділігі
Жануарларға жүргізілген зерттеулерде фертильділігіне әсері анықталмады.
Педиатрияда қолданылуы
Препаратты балалар мен жасөспірімдерге тағайындаудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.
Дәрілік заттың автокөлік және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Стронций ранелаты автокөлік жүргізуге және машина құрылғысы мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе тіптен аз әсер етеді.
Артық дозалануы
Клиникалық сынақтар барысында (ең көп дегенде 147 күн ұзақтықпен тәулігіне 4 г дейін) клиникалық мәнді құбылыстар байқалмаған.
Емі: сүт немесе антацидті препараттар қабылдау белсенді заттың сіңірілуін азайтуға ықпал етеді. Едәуір артық дозаланған жағдайда организмнен сіңірілмеген белсенді затты шығару үшін құстыру керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған түйіршіктер, 2 г.
4 г ұнтақтан қағаз/полиэтилен/ алюминий фольга/полиэтиленнен жасалған екі қабатты пакеттерге салады.
28 пакеттен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
30С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Les Laboratoires Servier Industrie (Ле Лаборатуар Сервье Индастри), Франция
Тіркеу куәлігінің иесі
Les Laboratoires Servier (Ле Лаборатуар Сервье), Франция
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
ҚР «Les Laboratoires Servier S.A.S.» компаниясының өкілдігі
050020, Алматы қ., Достық д-лы 310г, Бизнес орталығы, 3 қабат
Тел.: (727) 386 76 62, 386 76 63, 386 76 64, 386 76 70, 386 76 71
Факс: (727) 386 76 67
Электронды пошта: kazadinfo@kz.netgrs.com