Бетлибен (крем, 0,05%)

МНН: Бетаметазон
Производитель: Ядран Галенски Лабораторий АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Betamethasone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019827
Информация о регистрации в РК: 22.04.2013 - 22.04.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Бетлибен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бетаметазон

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 0.05 % 25 г крем

Құрамы

100г кремнің құрамында

белсенді зат - 0.0643 г бетаметазон дипропионаты (0,0500 г бетаметазонға баламалы),

қосымша заттар: жұмсақ ақ вазелин, сұйық парафин, кремофор A 25 (цетостеарилді макрогол эфирі А25), кремофор A 6 (цетостеарилді макрогол эфирі А6), цетостеарилді спирт, пропиленгликоль, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, динатрий эдетаты, натрий дигидрофосфат дигидраты, динатрий гидрофосфат дигидраты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақ, гомогенді иіссіз дерлік крем

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар. Белсенді глюкокортикостероидтар. Бетаметазон

АТХ коды D07AC01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бетлибен препаратының фармакокинетикасы туралы деректер жоқ. Бетаметазон қабылдаған дозасына және терінің қасаң қабығының зақымдану деңгейіне қарай тері арқылы сіңеді. Қабылданған дозаның 5% көп емес шамасы сіңеді деп болжанады. Сіңген бетаметазон бауырда гидролиз және тотығу жолымен метаболизденеді және бүйрек арқылы шығады. Өтуі мен сіңуі эпидермальді тосқауылдың жай-күйіне байланысты (қабыну және тері аурулары сіңуді жоғарылатады).

Бетаметазонның 64% жуығы плазма ақуыздармен байланысады. Жартылай шығарылу кезеңі 6,5 сағатты құрайды. Бетаметазонның сарысулық концентрациясының 5% азы несеппен өзгермеген түрде шығарылады. Көп бөлігі окклюзиялық таңғыш астында жергілікті температура және ылғалдылық ұлғаюынан сіңіріледі.

Фармакодинамикасы

Бетлибен кремінің белсенді заты - бетаметазон дипропионаты тері ауруларын емдеуге арналған синтетикалық адренокортикостероид болып табылады. Препарат белсенділігі жоғары преднизолон аналогы болып табылады. Бетлибен кремінің негізгі әсері - әртүрлі қабыну медиаторлары кинин, гистамин, лизосомальді ферменттер, простагландиндер, лейкотриендер және комплементтердің түзілуінің азаюына және босап шығуына байланысты қабынуға қарсы әсері. Бетаметазонды қоса, кортикостероидтардың қабынуға қарсы әсері фосфолипаза А2 тежеуге негізделген. Осыған байланысты, простагландиндер және лейкотриендердің ізашары арахидон қышқылының түзілуі төмендейді. Кортикостероидтар лейкоциттер және макрофагтардың миграциясын бәсеңдетеді, бұл қан тамырларының өткізгіштігі мен кеңеюінің төмендеуіне алып келеді. Бұның салдарынан сарысудың тіндерге сіңуі төмендеп, сондай-ақ ісіну мен қышыну азаяды. Бетаметазон ең соңында инфильтрация және грануляция үдерістері азаюына алып келетін қабыну аумағындағы хемотаксисті баяулатады.

Бетаметазонды жергілікті қолдану қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, ісінуге қарсы және антипролиферативті әсеріне орай кейбір дерматоздар мен дерматиттерді емдеуде тиімді болып табылады. Жүйелі сіңуінде жүйелі әсері білінуі мүмкін, мысалы ағзада су іркілуі, гипертония, бүйрек үсті бездерінің қызметі бәсеңдеуі, ойық жара ауруы.

Қолданылуы

-  себореялық, атопиялық дерматит, нейродермитте

- экземада

- псориазда

-  фотодерматитте

-  жанаспалы дерматитте

-   аногениталдық аумақтың идиопатиялық қышынуында

-  терінің жергілікті буллезді өзгерістерінде

-  терінің түйінді муцинозында

-  терінің жәндіктер шағуына өте жоғары сезімталдық реакцияларында

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер

Бетлибен кремінің жұқа қабатын терінің зақымданған бөлігіне күніне екі рет жеңіл сылау қимылдарымен жағады. Әсері біліне бастағаннан кейін аппликация санын тәулігіне 1 ретке дейін қысқартады.

Крем терінің суланған жедел зақымдануларын емдеу үшін пайдаланылады.

Зақымдануы ауырлау жағдайларда препарат жағу жиілігін ұлғайту керек. Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер аурудың ауырлығына және барысына қарай анықтайды.

Бетлибен кремі окклюзиялық таңғышпен бірге пайдаланылмайды.

Балаларға

Бетаметазонды балаларда жергілікті қолданғанда жүйелік сіңу қаупі бар, демек дене салмағына қатысты тері аумағының көлемі үлкен болуынан, сондай-ақ терінің қасаң қабығы пісіп-жетілмеуі салдарынан жүйелік уыттылықтың білінуі жоғары.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті

- тері және эпидермальді атрофия

- стероидты пурпура

- қызару, қышыну және ашыту түріндегі терінің жоғары сезімталдығы

- стероидты безеулер

- терінің құрғауы

- фолликулит

- гипертрихоз

- баздану

- гипопигментация

- стрийлер

- миалгия

- аллергиялық жанаспалы дерматит

- иммундық жүйе әлсіреуінен болатын салдарлы тері жұқпасы

Жүйелік жағымсыз әсерлер

- гипоталамо-гипофизарлық-бүйрек үсті безі жүйесі қызметінің бәсеңдеуі

- бой өсуінің баяулауы

- салмақ қосудың аз болуы

- бассүйекішілік қысым жоғарылауы

- Кушинг синдромы

- гастрит, АІЖ шырышты қабығының ойық жаралануы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- бетаметазон дипропионатына немесе кез келген басқа кортикостероидтарға және қосымша заттарға жоғары сезімталдық

- терінің бактериялық, зеңдік, вирустық аурулары

- мерездің терідегі білінулері

- тері туберкулезі

- қотыр

- розацеа (қызғылт безеулер)

- периоральді дерматит

- көктамырдың варикозды кеңеюіне байланысты сирақтың трофикалық ойық жаралары

- тері обыры, невус, атерома, меланома, гемангиома, ксантома, саркома

- тұрпайы безеулер

- поствакциналық тері реакциялары

- 1 жасқа дейінгі балалық жас

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бетаметазон дипропионатты жергілікті қолданғанда басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі байқалмайды.

Айрықша нұсқаулар

Терінің аллергиялық реакциялары туындағанда дәрілік заттар қолдануда дереу тоқтату керек (қызару,ашыту, қышыну).

Терісінің сіңіру қабілеті жоғары болғандықтан балаларды емдеу үшін дәрілік препараттың үлкен мөлшерін қолдануға болмайды. Жаялық балаларда (әсіресе синтетикалық жаялықтар) окклюзиялық таңғыш сияқты әсер етуі мүмкін, сондықтан препаратты шектеулі уақыт бойына және сақтықпен пайдалану қажет. Бетаметазонды жаялықтан болатын баздануды емдеу үшін 5-7 күннен астам пайдалануға болмайды.

Көзге және көз ұясы аумағына тигізуден сақ болу керек. Қызғылт безеу, периоральді дерматит және безеу бөртпесі сияқты дерматиттер туындауына алып келу мүмкіндігіне байланысты Бетлибен кремін бетке қолдану ұсынылмайды. Дәрілік затты жүйелі жағымсыз симптомдар туындауына алып келетін жүйелік сіңуі ұлғаю мүмкіндігіне орай окклюзиялық таңғышпен бірге пайдалануға болмайды. Бас терісінің шашы бар бөлігіне қолдануға болмайды.

Ұзақ уақыт емдеуді талап ететін бауыр қызметі жеткіліксіздігі бар балаларда және емделушілерде, әсіресе окклюзиялық таңғышпен Бетлибен кремін қолдануды мұқият бақылау керек, өйткені бұл бетаметазон сіңуінің ұлғаюына және жүйелік білінулерге, өсудің баяулауына, бассүйекішілік гипертензияға (балаларда), гипоталамдық-гипофизарлық-бүйрек үсті безі жүйесінің бәсеңдеуіне, Кушинг синдромы білінуіне, гипергликемия және глюкозурияға алып келуі мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Бетлибенді жүктілік кезеңінде қолданудың қауіпсіздігі дәлелденбеген. Жүкті әйелдерге Бетлибен кремін көп мөлшерде, дененің үлкен аумағында, немесе ұзақ уақыт бойына қолдану ұсынылмайды. Бетлибен кремін жүктілік кезеңінде егер потенциалды пайдасы ұрық үшін потенциалды қаупін ақтайтындай болған жағдайда қолдану керек.

Бетлибен кремін үлкен мөлшерде пайдаланушы аналарға бала емізуге болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік препарат автокөлік басқару және техникамен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары

Терінің үлкен бөлігінде қолданылатын кортикостероидтардың үлкен дозасы жалпы қан айналу жүйесіне сіңуі мүмкін және бүйрек үсті безі қызметінің нашарлауын, Кушинг синдромын, қант диабетін, гипертония және балалардағы бой өсуінің баяулауын туындатуы мүмкін.

Емі: Симптоматикалық ем. Қажет болғанда электролиттік дисбалансты түзету керек. Созылмалы уытты әсер етуі жағдайында глюкокортикостероидтарды біртіндеп тоқтату ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г препараттан екі қабат қорғаныш лакпен жабылған, дәнекерленген тесігі мен пластик қалпақшасы бар алюминий сықпаға салынған.

Сықпаны медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Ядран» Галенски Лабораторий АҚ, Пулац н/ж, 51000 Риека, Хорватия

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ядран» Галенски Лабораторий АҚ, Хорватия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы «Ядран» Галенски Лабораторий АҚ өкілдігі, Алматы қ., Луганский к-сі 54, котт.9, тел (факс). +7 272 62-14-71, www.jadran.ru

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

993578951477976904_ru.doc 62.5 кб
321880751477978073_kz.doc 70.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники