Бетаверт (24 мг)

МНН: Бетагистин
Производитель: Sun Pharmaceutical Industries Ltd
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Betahistine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018677
Информация о регистрации в РК: 22.11.2017 - 22.11.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Бетаверт

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бетагистин

Дәрілік түрі

8 мг,16 мг, 24 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 8 мг,16 мг немесе 24 мг бетагистин дигидрохлориді

қосымша заттар: лактоза моногидраты, маннитол, микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, кросповидон, поливинилпирролидон К 30, сусыз лимон қышқылы, крахмал, тазартылған тальк, магний стеараты, сары хинолин лагы Е104.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, тегіс беткейлі, шеттері кертілген, бір жағында сындыру сызығы бар және келесі беті тегіс, ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар (8 мг және 16 мг дозалары үшін) және дөңгелек пішінді, тегіс беткейлі, шеттері кертілген, бір жағында сындыру сызығы бар және келесі беті тегіс, сары түсті таблеткалар (24 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Бас айналуды басатын дәрілер.

АТЖ коды NО7СА01

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Асқазан-ішек жолынан жылдам және толықтай сіңіріледі.

Сmax үшінші сағатында жетеді. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы – төмен. Гистогематикалық бөгеттен өтеді және тіндерге енеді. Биоөзгеріске ұшырайды: көп бөлігі апта ішінде 2-пиридил сірке қышқылына айналады. 24 сағат ішінде толықтай дерлік несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Бетаверт гистаминнің синтетикалық баламасы болып табылады.

Ішкі құлақтың гистаминді Н1-және Н3-рецепторлары мен ОЖЖ вестибулярлық ядроларына әсер етеді. Диаминооксидазаны тежеп, вестибулярлық жүйкенің бүйірлік ядроларында полисинапстық нейрондарында эндогендік гистаминдер ыдырауын және нейрональді трансмиссияны ми бағанының көпірі деңгейінде бөгейді, қылтамыр алдындағы сфинктерге әсер етеді, қылтамыр алдындағы қан ағымын арттырады.

Ішкі құлақ қылтамырларының микроайналымы мен өткізгіштігін жақсартады, базилярлық артериялардағы қан ағымын ұлғайтады, иірім мен ұлудағы эндолимфалар қысымын қалыпқа түсіреді. Бас айналудың жиілігі мен қарқындылығын төмендетеді, құлақтың шуылдауын азайтады, оны төмендеткен жағдайда естуді жақсартады.

Қолданылуы

- әртүрлі генездегі вестибулярлық бас айналуды емдеу және алдын алуда

- Меньер ауруы мен синдромында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер үшін 8 мг Бетаверттің бастапқы дозасы 1-2 таблеткадан тәулігіне 3 рет, 16 мг Бетаверт таблеткалары 1/2-2 таблеткадан тәулігіне 3 рет, 24 мг Бетаверт таблеткалары тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан, мүмкіндігінше тамақтанған уақытта.

Ұсынылатын ең жоғары тәуліктік дозасы 32 мг құрайды.

Әдетте ем жүргізудің басында-ақ жақсару байқалады, тұрақты емдік әсері емнің 2 аптасынан кейін басталады және бірнеше ай бойына күшейе беруі мүмкін.

Емдеу курсы жекелей белгіленеді.

Жағымсыз әсерлері

- жүрек айну, құсу, эпигастрийде ауырлықты сезіну

- бас ауыруы

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышу, есекжем)

- Квинке ісінуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің біріне жоғары сезімталдықта

- жүктілік және лактация кезеңінде

- 18 жасқа дейінгі балаларға

- феохромоцитомада

- өршу кезеңіндегі пептикалық ойық жарасында

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа да дәрілік заттармен өзара әрекеттестігі немесе үйлеспеу жағдайлары белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Бетавертті асқазан немесе он екі елі ішектің ойық жаралы ауруымен науқастарға сақтықпен тағайындайды.

Препаратты қолдану кезеңінде феохромоцитома және бронх демікпесі бар емделушілер медициналық бақылауда болуы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бетаверттің тыныштандыратын әсері жоқ және автокөлік жүргізу немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, ұйқышылдық, іштің ауыруы.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

8 мг,16 мг және 24 мг таблеткалар.

10 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға салынған.

3 пішінді ұяшықсыз қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Sun Pharmaceutical Industries Ltd.

Заңды мекенжайы:

Acme Plaza, Andheri - Kurla Road,

Andheri (E), Mumbai 400 059, Үндістан

Өндіріс орналасқан мекенжай:

Survey №214, Government Industrial Estate, Phase II,

Silvassa – 396 230, U.T of D & NH, Үндістан

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Sun Pharmaceutical Industries Ltd., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

050004, Алматы қ., Төлебаев к-сі, 38, 5-қабат

Тел. (727) 250-92-35, факс (727) 250-33-64

sunreports@intelsoft.kz, sunalmaty@intelsoft.kz

Прикрепленные файлы

930588681477977150_ru.doc 60 кб
832728481477978315_kz.doc 59.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники