Бессмертник (цветки)

МНН: Бессмертника песчаного цветки
Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний желчевыводящих путей
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022959
Информация о регистрации в РК: 10.05.2017 - 10.05.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Салаубас

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Гүлдер 25 г, 30 г

Құрамы

Бір қорапшаның ішінде

белсенді зат – 25г, 30 г салаубас гүлдері

Сипаттамасы

Шар тәрізді пішіндес, сары, дара немесе ұзындығы 1 см-ге дейін, диаметрі шамамен 7 мм қысқа түкті-киіз тәріздес гүлсидамдармен бірге бірнешеуден гүл себеттері. Себеттер жалаңаш гүл тұғырында орналасқан, лимон-сары түсті орауыштағы көптеген тығыз жабыспаған жапырақшалармен қоршалған көптеген гүлдерден тұрады. Барлық гүлдер түтік тәрізді, бес тісшелі, екі жынысты айдаршықты. Орауыштағы жапырақшалар бүгілген, құрғақ, үлбір тәрізді, жылтыр, сыртқылары – жұмыртқа тәрізді, орташалары – қалақша тәрізді, ұзартылған, ішкілері – жіңішке, желілік. Иісі әлсіз хош иісті. Дәмі татымды - ащы.

Фармакотерапиялық тобы

Өт шығару жолдарын ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды A05AX

Фармакологиялық қасиеттері

Өсімдік тектес дәрі; өт айдайтын, қабынуға қарсы әсер көрсетеді. Өт секрециясын күшейтеді және ондағы билирубин мөлшерін арттырады, өт қабының тонусын арттырады және өттің ағып шығуына ықпал етеді. Өт қабы мен өт шығару жолдарының сфинктерінің тегіс бұлшықетіне босаңсытатын әсер көрсетеді, өттің тұтқырлығын және химиялық құрамын өзгертеді. Асқазан сөлінің бөлінуін көтермелей отырып және асқазан мен ішектің эвакуаторлық функциясын баяулата отырып астың барынша сапалы қорытылуына ықпал етеді. Ұйқы безінің сыртқы секрециялық қызметін белсендіреді; ішектің қантамырларын кеңейтеді. Ішектің, өт жолдарының, өт қабының және қантамырларының тегіс бұлшықеттеріне спазмолитикалық әсер көрсетеді, асқазан сөлінің секрециясын көтермелейді және ұйқы безінің секрециялық қабілетін белсендіреді, диурезді арттырады.

Қолданылуы

Кешенді ем кезінде:

- созылмалы гепатитте;

- калькулезді емес холециститтің созылмалы түрінде;

- холангитте;

- өт шығару жолдарының дискинезиясында;

- өттің құрамы өзгеріп, тас пайда болу қаупі туындағанда

Қолдану тәсілі және дозалары

10 г (2 ас қасық) препаратты эмальді ыдысқа салып, үстіне 200 мл (1 стақан) қайнаған ыстық су құйып, қақпақпен жабады, 30 минут бойы жиі араластыру арқылы қайнаған су буында қыздырады, бөлме температурасында 10 минут бойы салқындатып, сүзеді, қалған шикізатты сығады. Алынған қайнатпаның көлемін қайнаған сумен 200 мл-ге дейін жеткізеді. Қолданар алдында қайнатпаны шайқау керек. Жылы күйінде 1/2-1/3 стақаннан күніне 2-3 рет тамақтанар алдында 15-20 минут бұрын ішке қабылдайды. Дайындалған қайнатпаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтау керек.

Емдеу курсын әр науқас үшін дәрігер жекелей тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Болуы мүмкін:

- аллергиялық реакциялар

- ұзақ уақыт қолданғанда бауырда іркілісті құбылыстар туғызуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы

- өршу сатысындағы гастрит

- жедел панкреатит

- өт-тас ауыруы

- жүктілік және лактация кезеңі

- артериялық қысымның жоғарылауы

- 7 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Лямблиозды емдеген кезде метронидазол мен аминохинол белсенділігін арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г, 30 г препараттан полипропилен немесе полимер және біріктірілген материалдан жасалған немесе картон қорапқа салынған полиэтилен пакетте, оған медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқаша аннотация жазылады.

Қорапша полипропилен немесе полимер және біріктірілген материалдан жасалған немесе полиэтилен үлбірмен қапталады, содан соң медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісті мөлшерімен бірге қораптық картоннан жасалған топтық тасымалдау ыдысына салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік Қазақстан облысы,

Шымкент қ., Химфармзавод ықш.ауд., 2/1.,

Тіркеу куәлігінің иесі

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік Қазақстан облысы,

Шымкент қ., Химфармзавод ықш.ауд., 2/1.,

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27,

е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты Қазақстан Республикасының аумағындағы ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды поштасы)

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік Қазақстан облысы,

Шымкент қ., Химфармзавод ықш.ауд., 2/1.,

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27,

е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz

Прикрепленные файлы

109107071498795301_ru.doc 53.5 кб
166851921498795832_kz.doc 57.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники