Беродуал® Н

МНН: Ипратропия бромид, Фенотерол
Производитель: Берингер Ингельхайм Фарма ГмбХ и Ко. КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Фенотерол в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010908
Информация о регистрации в РК: 06.02.2018 - 06.02.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 3 328.92 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

БЕРОДУАЛ Н

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ингаляцияға арналған дозаланған аэрозоль, 200 доза, 10 мл

Құрамы

Бір доза препаратының құрамында

белсенді заттар: 0,021 мг ипратропий бромиді моногидраты (0,020 мг ипратропий бромидіне баламалы), 0,050 мг фенотерол гидробромиді,

қосымша заттар: абсолютті этил спирті, cусыз лимон қышқылы, тетрафторэтан (HFA 134a, пропеллент), тазартылған су.

Сипаттамасы

Суспензиялық бөлшектерден бос, мөлдір түссіз немесе сәл сарғылт, немесе сәл қоңырқай түсті сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларын емдеуге арналған препараттар. Ингаляциялық симпатомиметиктер. Тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттармен біріктірілген симпатомиметиктер. Тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттармен біріктірілген фенотерол

АТХ коды R03AK03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Біріктірілген ипратропий бромиді мен фенотерол гидробромидінің тыныс жолдарындағы жергілікті әсері арқылы емдік нәтижеге қол жеткізіледі.

Бронхтарды кеңейту фармакодинамикасы препараттың белсенді компонентерінің фармакокинетикасына байланысты емес.

Ингаляция жасағаннан кейін тыныс жолдарында дозаның 10-нан 39 %-ға дейін шөгеді. Дозаның өкпеге шөккен бір бөлігі қан ағымына тез жетеді (бірнеше минутта), ал ауыз қуысында қалған әсер етуші заттың бір бөлігі АІЖ арқылы біртіндеп ішке жетеді. Осылайша жүйелік әсері пероральді сияқты да, сондай-ақ өкпелік биожетімділігімен де анықталады.

Біріктірілген екі компоненттің фармакокинетикасының әрбір жеке компоненттің фармакокинетикасынан айырмашылығы бары жөнінде дәлелденген деректер жоқ.

Фенотерол гидробромиді

Препараттың ішке түскен бөлігі қөбіне сульфат-конъюгат түзумен метоболизденеді. Ішке қабылдағаннан кейінгі абсолютті биожетімділігі төмен, 1.5 % жуық. Ингаляциядан кейін дем тартудағы дозаның шамамен 1 % дозаланған ингалятор БЕРОДУАЛ Н арқылы несеппен бос фенотерол түрінде 24 сағат ішінде шығады. Осы деректерге сәйкес, фенотерол гидробромидтің дем тартудағы дозасының жалпы жүйелі биожетімділігі 7 %-ды құрайды. Қан плазмасындағы ақуыздармен байланысы – 40 % жуық. Фенотеролдың жалпы клиренсі 1.8 л/мин құрайды, ал бүйректік клиренс – 0.27 л/мин. Фенотерол және оның метаболиттері гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді. Жалпы экскрециясы несеппен 48 сағат ішінде дозаның - 39 %, АІЖ арқылы дозаның - 40.2 %.

Ипратропий бромиді

Тәулігіне ипратропий бромидінің бүйректік экскрециясының жиынтығы – 3-тен 13 % дозаға дейін. Жалпы жүйелі биожетімділік – 7 ден 28% дейін. Қан плазмасындағы ақуыздармен байланысы – 20 %-дан төмен. Ипратропий бромиді гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді.

Терминальді жартылай шығару кезеңі 1.6 сағатқа жуық. Жалпы клиренс - 2.3 л/мин, ал бүйректік клиренс - 0.9 л/мин. Бүйректік экскрециясының жиынтығы 6 күн ішінде - 3.2%, АІЖ арқылы - 69.4 %. Жартылай шығарылу кезеңі - 3.6 сағат құрайды. Несептегі мускаринді рецепторлары бар негізгі метаболиттердің байланысуы өте елеусіз.

Фармакодинамикасы

БЕРОДУАЛ Н – бронх кеңейтетін екі компоненттен тұратын біріктірілген препарат: ипратропий бромиді (антихолинергиялық әсер ететін) және фенотерол гидробромиді (бета2-адреномиметик).

Ипратропий бромиді аммонийдің төртінші туындысы болып табылады және ол антихолинергиялық (парасимпатоликалық) қасиеттерге ие.

Ипратропий кезеген жүйкеден босап шығатын ацетилхолин – нейромедиатордың әсеріне қарсы әсер ете отырып, кезеген жүйке арқылы рефлексті тежейді. Антихолинергиялық дәрілер бронхтардың тегіс бұлшық еттерінде, ацетилхолиннің мускаринді рецепторлармен өзара әрекеттесуінен пайда болатын, Са++ жасушаішілік концентрациясының артуын болдырмайды.

Са++ босап шығуы IP3 (инозитол трифосфаты) және DAG (дицилглицерол) тұратын екінші хабарламалар жүйесімен медиаланады.

Ипратропий бромидін ингаляциялық жолмен енгізгенде бронх кеңеюі жүйелік емес, жергілікті, оқшаулау әсерімен шартталған.

Ипратропий бромиді тыныс жолдарында шырыштың секрециясына, мукоцилиарлы клиренске және газ алмасуға теріс ықпал етпейді.

Фенотерол гидробромиді тікелей симпатомиметикалық әсер етеді, емдік дозада ол бета2- адренорецепторларын таңдап стимуляциялайды. Жоғарылау дозаларда ол бета1- адренорецепторларды стимуляциялауға ықпалды. Бета2- адренорецепторларымен байланысуы ынталандыратын Gs- ақуызының қатысуымен аденилатциклазаны белсенді етеді.

Циклды АМФ деңгейінің жоғарылығы А протеинкиназаны белсенді етеді, ол содан кейін тегіс бұлшық еттерде ақуыз-нысананы фосфорлайды.

Бұл өз кезегінде миозинкиназаның жеңіл тізбегінің фосфорлануына, фосфоинозитид гидролизінің тежелуіне және кальциймен белсендірілген калий өзекшелерінің ашылуына әкеледі.

Фенотерол гидробромиді бронхтар мен қантамырлардың тегіс бұлшық еттерін босаңсытады және гистаминнің, метахолиннің, суық ауаның және аллергендердің әсерімен болатын бронхтың түйілу реакцияларының дамуын болдырмайды (жылдам түрдегі асқын сезімталдық реакциялары). Қолданғаннан кейін, фенотерол бірден бронхоконстрикторлы және қабыну медиаторларының жуан жасушалардан босап шығуын бөгейді. Фенотерол (0.6 мг) дозасын қабылдау мукоцилиарлы клиренсті арттырады.

Жоғарылау дозаларын пайдаланғанда метаболизмдік әсері байқалады: липолиз, гликогенолиз, гипергликемия және гипокалиемия, бұл қаңқа бұлшықеттерінің К+ иондарын көп пайдалануымен шартталған. Бета1-адренорецепторлардың емдік дозасынан асатын доза пайдаланғанда жүрек жиырылу жиілігі және күші артуы сияқты жүрекке бета-адренергиялық әсері фенотеролдың тамырға әсерінің және миокард бета2-адренорецепторларын стимуляциясына әсерінің салдары болып табылады. Жоғары дозаларды пайдаланғанда басқа да бета-адренергиялық препараттар пайдаланғандағыдай QT аралығының ұзаруы анықталды.

Бета-агонистердің көбіне жиі байқалатын әсері тремор болып табылады.

Бронхтардың тегіс бұлшықеттеріне әсерінен айырмашылығы бета-агонистердің қаңқа бұлшықеттеріне жүйелік әсері төзімділік дамуына алып келеді.

Ипратропий бромидін және фенотеролды бірге қолданғанда бронх кеңейтетін әсеріне әртүрлі фармакологиялық нысандарға әсер ету жолдарымен қол жеткізіледі. Екі белсенді зат бірін бірі толықтырады, нәтижесінде бронх бұлшықеттеріне қатысты спазмолитикалық әсері күшейеді және тыныс алу жолдарының констрикциясымен бірге жүретін бронх-өкпе ауруларында емдік әсерінің кең ауқымын қамтамасыз етеді. Өзара толықтыратын әсері сондай - қажетті әсерге қол жеткізу үшін бета-адренергиялық компоненттің өте төмен дозасы талап етіледі, бұл препаратты жеке дозалауды жеңілдетеді және қолайсыз реакциялардың өте аз болуына ықпал етеді.

Жедел бронх түйілуінде БЕРОДУАЛ Н препараты енгізгеннен кейін дереу тиімді және тиісінше сондай-ақ бронх түйілуінің жедел эпизодтарын емдеуге ыңғайлы.

Қолданылуы

  • тыныс жолдарының бронх түйілуі қайтымды обструкциялық ауруларын симптоматикалық емдеуде және алдын-алуда (өкпенің созылмалы обструкциялық ауруында, бронх демікпесінде, созылмалы обструктивті бронхитте, асқынған немесе асқынбаған эмфиземада).

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозаны әр адамға жекелей таңдаған жөн. Келесі дозаларды қолдану керек.

Ересектер және 6 жастан асқан балалар

Бронх демікпесінің жедел ұстамаларында:

Көп жағдайларда аурудың симптомдарын жедел басу үшін аэрозольдың екі ингалияциялық дозасы жеткілікті. Егер 5 минут ішінде тыныс алу елеулі жеңілдемеген ауырлау жағдайларда тағы да қосымша 2 ингаляциялық доза пайдалануға болады.

Егер төрт ингаляциялық дозадан кейін тиімділік болмаса, тағы да қосымша доза талап етілуі мүмкін.

Бұндай жағдайларда дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

Үзік-үзік және ұзаққа созылған ем (демікпеде БЕРОДУАЛ Н препаратын тек қажет болған жағдайда пайдалану керек):

Бір қабылдауға 1-2 ингаляциядан, ең көп дегенде күніне 8 ингаляцияға дейін (орташа есеппен 1-2 ингаляциядан күніне 3 рет).

Дозаланған БЕРОДУАЛ Н аэрозолын балаларға тек дәрігердің тағайындауымен және ересектердің бақылауымен қолданған жөн.

Емделушілер жақсы емделуі үшін дозаланған аэрозольді дұрыс пайдалану жөнінде үйретілуі тиіс (пайдалану бойынша нұсқаулықты қараңыз).

Пайдалану бойынша нұсқаулық

Дозаланған аэрозолды бірінші рет пайдаланар алдында баллонды сілкіңіз, қорғаныш қалпақшасын шешіп және екі рет аэрозольдің клапанын басыңыз.

Дозаланған аэрозолды әрбір пайдаланған сайын төмендегі ережені сақтау қажет:

  • Қорғаныш қақпақшасын шешу керек.

    (Егер ингалятор үш күннен астам пайдаланылмаса, қолданар алдында аэрозоль буы пайда болғанша баллон түбіне бір рет басу керек).

  • Баяу, толық демді шығару керек.

  • Баллонды ұстап (1-суретте көрсетілгендей) мүштікті ерінмен нықтап қымқырып ұстау қажет. Сілтеме және баллонның түбі жоғары қаратылуы тиіс.

    (1 сурет)

  • Барынша терең дем алып, сонымен бір мезгілде баллонды түбінен бір ингаляциялық доза босап шыққанша басу керек. Тыныс алуды бірнеше секундқа ірке тұрып, мүштікті ауыздан суырып алып және содан кейін баяу дем шығару керек. Екінші ингаляциялық дозаны алғанға дейін осы әрекетті қайталау қажет.

  • Қорғаныш қалпақшасын кигізіңіз.

    Баллон мөлдір емес, сондықтан оның толтырылу шамасын анықтау мүмкін емес. Ингалятор 200 ингаляциялық дозаға есептелген. Баллондағы барлық дозаны пайдаланып болғаннан кейін де аз мөлшерде ерітінді қалуы мүмкін. Дегенмен, ингаляторды ауыстырған жөн, өйткені қажетті емдік доза алынбай қалуы мүмкін.

    Ингаляторда қалған препараттың мөлшерін шамамен былайша тексеруге болады:

    • қандай да бір сұйықтықтың қалған-қалмағанын тексеру үшін баллонды сілкіңіз.

    • пластмасса мүштіктен баллонды алып шығыңыз және баллонды суы бар ыдысқа салыңыз. Баллон ішіндегі мөлшерін оның судағы жатысы бойынша анықтауға болады (2-суретті қараңыз).

    (2 сурет) ¾ немесе одан көп

    Ингаляторды ең аз дегенде аптасына бір рет тазалап тұрыңыз.

    Спрейдің шығуына кедергі жасайтын препарат жиналып қалуын болдырмау үшін ингалятор мүштігінің таза болуы маңызды.

     

    (3 сурет)

     

    Ингаляторды тазалау үшін бірінші шаңнан қорғайтын қақпағын, содан кейін баллонды ингалятордан шешу керек. Дәрілік заттардың барлық қалдығы және/ немесе кірі кеткенше ингаляторды жылы су ағынының астында мұқият жуу керек.

    (4 сурет)

     

    Тазалап болғаннан соң, ингаляторды сілкіңіз және қандай да бір қыздыру құрылғысын пайдаланбай, ауада кептіруге қалдырыңыз. Мүштік кеуіп болғаннан соң, баллонды ингаляторға қойыңыз және шаңнан қорғағыш қақпағын кигізіңіз.

     

    ЕСКЕРТУ: пластмасса мүштік дозаланған БЕРОДУАЛ Н аэрозолы үшін арнайы жасалған және дәрілік препараттың тиісті мөлшерін тұрақты алуды қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Мүштікті басқа кез келген дозаланған аэрозолмен пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ БЕРОДУАЛ Н дозаланған аэрозолын, өніммен бірге берілгеннен айырмашылығы бар кез келген басқа мүштікпен пайдалануға болмайды. Баллон ішіндегісі қысымда болады. Баллонды ашуға және 50° С-ден жоғары қыздыруға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Төменде аталатын жағымсыз әсерлердің көпшілігі БЕРОДУАЛ Н препаратының антихолинергялық және бета-адренергиялық қасиетінің салдары болуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері төмендегі жиілікпен анықталады:

Жиі (≥ 1/100 - < 1/10), жиі емес (≥ 1/1,000 - < 1/100), сирек (≥ 1/10,000 - < 1/1,000)

Жиі: жөтел

Жиі емес:

- ашушаңдық

- бас ауыруы, тремор, бас айналуы

- тахикардия, жиі жүрек қағуы

- фарингит, дисфония,

- құсу, жүрек айнуы, ауыз қуысының құрғауы

- систолалық артериялық қысымның жоғарылауы

Сирек:

- анафилактикалық реакциялар, аса жоғары сезімталдық

- гипокалиемия

- үрейлі қозу, психикалық бұзылулар

- глаукома, көзішілік қысымның жоғарылауы, аккомодация бұзылуы, қарашық кеңеюі, көру өткірлігінің нашарлауы, көздің ауыруы, мөлдір қабықтың ісінуі, конъюнктивалдық гиперемия, гало (жарық көзінің айналасында көру аумағында құбылып тұратын шеңберлер болуы)

- аритмия, оның ішінде жыпылықтағыш аритмия, суправентрикулярлық тахикардия, миокард ишемиясы

- бронх түйілуі, тамақ тітіркенуі, жұтқыншақ ісінуі, ларингоспазм, парадоксальді бронх түйілуі, тамақтың құрғауы, стоматит, глоссит, асқазан-ішек жолдарының моторикасы бұзылуы, диарея, іш қатуы, ауыз ісінуі

- есекжем, бөртпе, қышыну, Квинке ісінуі, гипергидроз

- бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет түйілуі, миалгия, несеп шығару іркілісі, диастолалық артериялық қысымның төмендеуі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • фенотерол гидробромидіне, атропинге ұқсас заттарға немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия

  • тахиаритмия

  • 6 жасқа дейінгі балаларға

  • жүктіліктің I триместрі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

БЕРОДУАЛ дәрілік затын басқа антихолинергиялық дәрілермен жүйелі түрде бірге қолдану зерттелмеген, осыған байланысты оларды бірге қолдану ұсынылмайды.

Бета-адренергиялық және антихолинергиялық заттар, ксантинді туындылар (мысалы, теофиллин) БЕРОДУАЛ Н препаратының бронхкеңейтетін әсерін күшейтуі мүмкін. Басқа да жүйелі қан ағымына түсетін антихолинергиялық дәрілер немесе ксантин туындыларын (мысалы, теофиллинді) басқа да бета-адреномиметиктерді бір уақытта тағайындау жағымсыз әсерлерінің күшеюіне әкелуі мүмкін.

Бета-адренблокаторлармен бір уақытта тағайындағанда БЕРОДУАЛ Н-нің бронхкеңейтетін әсері айтарлықтай төмендеуі мүмкін.

Бета2-адренорецепторларды қабылдауға байланысты гипокалиемия ксантин туындыларын, глюкокортикостероидтарды және диуретиктерді бір уақытта тағайындаумен күшеюі мүмкін. Тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларының ауыр түрлерімен емделушілерді емдегенде бұған айрықша көңіл бөлу керек.

Гипокалиемия дигоксин қабылдайтын емделушілерде аритмияның пайда болу қаупінің артуына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ гипоксия гипокалиемияның жүрек ырғағына жағымсыз әсерін күшейтуі мүмкін. Бұндай жағдайларда калийдің қан сарысуындағы концентрациясына мониторинг жүргізу ұсынылады.

Моноаминооксидаза тежегіштерін және үшциклді антидепрессанттарды қабылдаған емделушілерге, құрамында бета2-адреномиметиктердің агонистері бар дәрілік препараттарды сақтықпен тағайындау керек, өйткені бұл препараттар бета2-адренорецепторлардың әсерін күшейтуге ықпалды.

Галогенделген көмірсутекті анестетиктерді, мысалы галотанды, трихлорэтиленді немесе энфлуранды ингаляциялау бета-адренергиялық дәрілердің жүрек – қантамыр жүйесіне жағымсыз әсерін күшейтуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Жоғары сезімталдық

БЕРОДУАЛ препаратын енгізгеннен кейін жоғары сезімталдықтың шұғыл реакциялары дамуы мүмкін, бұған есекжемнің, ангионевротикалық ісінудің, бөртпенің, бронх түйілуінің, ауыз-жұтқыншақ аумағының ісінуінің және анафилаксияның сирек жағдайлары дәлел.

Парадоксальді бронх түйілуі

Ингаляцияға арналған басқа да препараттар сияқты, БЕРОДУАЛ препаратын қолдану өмірге қауіп төндіретін парадоксальді бронх түйілуіне алып келуі мүмкін. Парадоксальді бронх түйілуі пайда болғанда БЕРОДУАЛ препаратын қолдануды дереу тоқтату керек және оны альтернативті еммен алмастыру керек.

Офтальмологиялық асқынулар

БЕРОДУАЛ препаратын жабық бұрышты глаукомаға бейімі бар емделушілерде сақтықпен пайдалану керек.

Мидриаз, көзішілік қысымның жоғары болуы, жабық бұрышты глаукома, ингаляциялық ипратропий бромиді көзге түскенде ауыруы (немесе ипратропий бромиді бета2-адренорецепторлар агонистерімен үйлесімде) сияқты офтальмологиялық асқынулар туралы жеке-дара есептер болған.

Емделушілерге дозаланған аэрозольді ингалятор БЕРОДУАЛ Н пайдалану ережесі жөнінде мұқият түсіндіру керек және көзді қорғау шаралары жөнінде ескерту керек!

Жабық бұрышты глаукоманың белгілері көздің ауыруы және жайсыздануы, бұлыңғыр көру, көру аумағындағы жарық көзінің айналасында түрлі-түсті шеңберлер болуы, конъюнктивалдық гиперемия және мөлдір қабық ісінуі салдарынан көздің қызаруы болуы мүмкін. Бұл симптомдар біріктірілімінің кез келгені дамығанда миотикалық тамшымен емдеу және дереу дәрігермен кеңесу керек.

Жүйелік әсері

БЕРОДУАЛ препаратын төмендегі жағдайларда, әсіресе жоғары дозаларды қолданғанда, қаупін/артықшылығын мұқият бағалаудан кейін ғана пайдалану керек: жеткіліксіз бақыланатын қант диабеті, жуырда өткерген миокард инфарктісі, жүрек және тамырлардың ауыр органикалық зақымдануы, гипертиреоз, феохромоцитома немесе несеп шығару жолдарының бірге жүретін обструкциясы (мысалы, қуық асты безінің гиперплазиясы немесе қуық мойнының обструкциясы).

Жүрек-тамыр қызметіне әсері

Симпатомиметикалық дәрілер, оның ішінде БЕРОДУАЛ Н, жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер етуі мүмкін. Бета-агонистер қабылдауға байланысты миокард инфарктісі дамуының сирек жағдайлары туралы айғақтайтын деректер бар.

БЕРОДУАЛ Н препаратын қабылдайтын, негізінен ауыр жүрек ауруы бар емделушілер (мысалы, жүректің ишемиялық ауруы, аритмиясы немесе ауыр жүрек жеткіліксіздігі бар) кеудеде ауыру немесе жүрек ауруына байланысты жай-күй нашарлауының басқа да симптомдары пайда болған жағдайда медицина көмегіне жүгінуі керектігі туралы алдын ала ескертілуі тиіс. Ентігу және кеуденің ауыруы сияқты симптомдарды бағалауға назар аудару керек, өйткені олардың шығу тегі не респираторлық, болмаса жүректік болуы мүмкін.

Гипокалиемия

Потенциалды күрделі гипокалиемия бета2-адренорецепторлар агонистерімен емдеудің салдары болуы мүмкін.

Асқазан-ішек жолдары моторикасының бұзылуы

Кистозды фиброзы бар емделушілердің асқазан-ішек жолдары моторикасының бұзылуына бейімділігі басым болады.

Ентігу

Жедел, жылдам күрделенген ентігу жағдайында емделушілерге дәрігермен дереу кеңесу ұсынылады.

Ұзақ уақыт пайдалану

- бронх демікпесі бар емделушілерге БЕРОДУАЛ Н препаратын тек қажетіне қарай пайдалану керек. ӨСОА жеңіл түрі бар емделушілерге ұдайы пайдаланудан талап етуіне қарай (симптомдары болуына қарай) емдеу дұрыс болуы мүмкін

- бронх демікпесі және глюкокортикостероидқа тәуелді ӨСОА бар ауруларға жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуын бақылау үшін және аурудың нашарлауының алдын алу үшін қабынуға қарсы емді қосу немесе күшейткен дұрыс.

Құрамында БЕРОДУАЛ Н сияқты бета2-агонистері бар препараттардың үдемелі дозасын бронх обструкциясы симптомдарын бақылау үшін ұдайы пайдалану ауру барысының нашарлауын туындатуы мүмкін. Бронх обструкциясы күшейген жағдайда жоғарыда ұзақ уақыт бойына ұсынылатын бета2-агонистердің, атап айтқанда БЕРОДУАЛ Н препаратының дозасының жай ғана артуы жөнсіз ғана емес, ол қауіпті де.

Бұл жағдайда ауру барысының өмірге қауіп төндіретіндей нашарлауын болдырмас үшін емделушінің емдеу жоспарын қайта қарау және ингаляциялық кортикостероидтармен талапқа сай қабынуға қарсы ем туралы мәселені қарастыру керек.

Басқа симпатомиметикалық бронходилататорларды БЕРОДУАЛ Н препаратымен бір мезгілге тек медициналық бақылаумен ғана тағайындау керек.

Допингке қатысты сақтандырулар

БЕРОДУАЛ Н препаратын медициналық емес көрсетілімдер бойынша қолдану психобелсенді заттарды теріс мақсатта пайдалануға фенотеролға қатысты тесттің оң нәтижелеріне алып келуі мүмкін, мысалы спорттағы жоғары жетістіктерге жету үшін (допинг).

Фертильділік, жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік

Клиникаға дейінгі зерттеулердің деректері және адамда қолдану тәжірибесі

фенотерол немесе ипратропий препараттарының жүктілікте жағымсыз реакциялар дамуын туындатпайтынын айғақтайды. Дегенмен жүктілік кезіндегі дәрілік препараттар қолдануға байланысты, әсіресе бірінші триместрде әдеттегі сақтық шараларын ұстану керек.

БЕРОДУАЛ Н препаратының жатырдың жиырылғыштық қызметіне тежегіш әсері ықтималдығын ескеру керек.

Лактация кезеңі

Фенотерол гидробромид емшек сүтіне өтуі мүмкін, ипратропий бромидіне қатысты бұндай деректер алынбаған. Ипратропий препаратының емшектегі балаға елеулі әсерінің болуының, әсіресе препаратты аэрозоль түрінде қолданған жағдайда ықтималдығы аз. Дегенмен, БЕРОДУАЛ Н препаратын бала емізетін әйелдерге сақтықпен тағайындау керек.

Фертильділігі

Ипратропий бромидін және фенотерол гидробромидін біріктіріп қолданғанда, сондай-ақ екі компоненттің әрқайсысын қолданғанда фертильділігіне әсері туралы клиникалық деректер жоқ. Алайда клиникаға дейінгі зерттеулер деректері фенотерол гидробромиді және ипратропий бромидінің адам фертильділігіне жеке-дара теріс әсері жоқтығын көрсетті.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың автокөлік басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсеріне зерттеулер жүргізілген жоқ.

Дегенмен емделушіні БЕРОДУАЛ Н-ді қабылдау барысында бас айналуы, тремор, аккомодация бұзылуы, көз қарашығының үлкеюі және көру жітілігінің нашарлауы секілді болуы мүмкін жағымсыз әсерлер туралы хабардар ету керек. Автокөлік басқару және механизмдермен жұмыс істеу барысында сақ болу ұсынылады. Емделушілерде жоғарыда көрсетілген жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда, көлік құралын басқару сияқты немесе қимыл-қозғалыстың үйлесімділігінің дәлдігін және психомоторлы реакциясының жылдамдығын қажет ететін әлеуетті қауіпті қызметтерді атқарудан аулақ болған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: артық дозалану симптомдары әдетте көбінесе фенотеролдың әсеріне байланысты болады.

Бета-адренорецепторлардың шамадан тыс стимуляциясына байланысты симптомдар пайда болуы мүмкін. Тахикардияның, жүрек қағуының, тремордың, артериялық гипертензияның немесе артериялық гипотензияның, пульстік қысымның жоғарылауының, стенокардиялық ауырулар, аритмияның және ысынудың нәтижесінде пайда болу мүмкіндігі айқынырақ.

Фенотеролды ұсынылғаннан жоғары дозаларда қолданғанда метаболизмдік ацидоз және гипокалиемия байқалуы мүмкін.

Ипратропий бромидінің артық дозалануының болуы ықтимал симптомдары (ауыз ішінің құрғауы, көз аккомодациясының бұзылуы) әлсіз білінеді, бұл ингаляциялық ипратропияның өте төмен жүйелік қол жетімділігімен түсіндіріледі.

Емі БЕРОДУАЛ Н препаратымен емді тоқтату керек. Қышқыл-сілтілік және электролиттік мониторинг жүргізу керек.

Тыныштандыратын дәрілерді, транквилизаторларды, ауыр жағдайларда – қарқынды ем қолдану ұсынылады.

Арнайы у қайтарғысы ретінде бета-адреноблокаторлар, дұрысы бета1 - іріктелген адреноблокаторларды қолдану керек.

Алайда бронх демікпесімен немесе ӨСОА зардап шегетін емделушілерге, өлімге әкелуі мүмкін ауыр бронхтың түйілу қаупі дамуына байланысты бета-адреноблокаторлардың әсерінен бронхиалдық тарылудың күшеюі мүмкін екендігін және олардың дозасын мұқият таңдау керектігін ескерген жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Дозалайтын клапаны және қорғаныш қақпағымен мүштігі бар металл баллонға 10 мл препараттан.

Мемлекеттік және орыс тіліндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға 1 баллоннан салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Берингер Ингельхайм Фарма ГмбХ және Ко.КГ, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Берингер Ингельхайм Интернешнл ГмбХ, Ингельхайм, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Берингер Ингельхайм Фарма Гес мбХ» филиалы

Заңды және пошта мекенжайы:

050008, Алматы қ., Абай даңғ., 52

«Innova Tower» БО, 7-ші қабат

Тел:+7-727-250-00-77, факс:+7-727-244-51-77

e-mail: PV_local_Kazakhstan@boehringer-ingelheim.com

 

Прикрепленные файлы

673728791477976958_ru.doc 1286 кб
741549471477978141_kz.doc 697 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники