Берлиприл® 10 (Enalapril)

МНН: Эналаприл
Производитель: Берлин - Хеми АГ (Менарини Групп)
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Enalapril
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011037
Информация о регистрации в РК: 29.03.2017 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 5540/02/07/12/17/20
Информация о регистрации в РБ: 25.09.2017 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)

Инструкция

Саудалық атауы

Берлиприл® 10

Халықаралық патенттелмеген атауы

Эналаприл

Дәрілік түрі

Таблеткалар 10 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 10 мг эналаприл малеаты,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, негізгі жеңіл магний карбонаты, натрий тұзы гликолят крахмалы (А типі), желатин, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, магний стеараты, темірдің қоңыр тотығы (Е 172).

Сипаттамасы

Қиғашталған жиектерімен және бір бетінде бөлу үшін кертігімен екі беті сәл дөңес, солғын қоңыр түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін препараттар. Ангиотензинконвертирлеуші фермент (АКФ) тежегіштері.

АКФ тежегіштері. Эналаприл

АТХ коды С09АА02

Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Энaлaприл малеаты ішке қабылдағаннан кейін тез сіңіріледі; сонымен бірге плазмада ол ең жоғары кoнцeнтрaциясына бiр сағаттан соң жетедi. Энaлaприл малеаты таблеткасын ішке қабылдағаннан кейін несепте қайтадан анықталу дәрежесі бойынша белгіленген сіңірілуі шамамен 60%-ды құрайды. Берлиприлді® ішке қабылдағаннан кейін асқазан-iшек жолында тағамның бар болуы оның сіңірілу дәрежесiне әсер етпейді.

Ішке қабылданған Энaлaприл малеаты өзі сіңірілгеннен кейiн ангиoтeнзин өзгертуші ферменттiң қуатты тежегіші энaлaприлaтқа дейiн тез және толық масштабты гидролизге ұшырайды. Эналаприл малеатының таблеткасын ішке қабылдағаннан кейін плазмадағы энaлaприлaт концентрациясының шыңы шамамен 4 сағаттан соң анықталады. Энaлaприлaттың көп рет ішке қабылдағаннан кейін жартылай жинақталуының тиiмдi уақыты 11 сағатты құрайды. Қалыпты бүйрек қызметімен пробандтарда сарысудағы энaлaприлаттың концентрациясы өзінің стационарлық деңгейіне ем басталғаннан кейін шамамен 4 күннен соң жетедi.

Таралуы

Адамда терапевтiк мәндi концентрацияларының диапазонында плазма ақуыздарымен энaлaприлаттың байланысуы 60 %-дан аспайды.

Биотрансформациясы

Эналаприлатқа өзгеруден басқа бұдан әрі эналаприл малеатының елеулі метаболизмі туралы деректер болмай тұр.

Шығарылуы

Энaлaприлaт көбiнесе ренальді жолмен шығарылады. Несептегі негiзгi компоненттері энaлaприлaт болып табылады, оның үлесiн қабылданған дозаның 40%-ға жуығы және өзгермеген эналаприл малеаты (20% жуығы) құрайды.

Бүйрек қызметінің шектелуі

Бүйрек жеткіліксіздігімен емделушілердің организмінде эналаприл малеаты және эналаприлаттың экспозициясы жоғары.

Жеңілден орташа дәрежеге дейін бүйрек жеткіліксіздігімен емделушілерде (креатинин клиренсі 40-60 мл/мин) оны тәулігіне 5 мг мөлшерде қабылдаған кезде стационарлық деңгейі кезеңінде эналаприлат AUC мәні қалыпты бүйрек қызметімен емделушілерге қарағанда шамамен екі есе жоғары болған. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі кезінде (креатинин клиренсі ≤ 30 мл/мин) бұл AUC мәні шамамен сегіз есе жоғары болған. Бүйрек жеткіліксіздігінің бұл сатысында көп реттік дозаларды енгізгеннен кейін эналаприлаттың тиімді жартылай шығарылу кезеңі ұзартылған, стационарлық деңгейге жетуі баяулаған.

Эналаприлатты гемодиализдің көмегімен қанайналымы жүйесінен шығарып тастауға болады. Эналаприлат диализденеді және оны диализациялау дәрежесі минутына 62 мл құрайды.

Балалар және жасөспірімдер

Артериялық гипертониямен зардап шегетiн 2 айдан 16 жасқа дейiнгі 40 қыз бен ұлда эналаприл малеатының әр түрлi дозаларын (ішке қабылданатын тәулігіне 0,07-0,14 мг/кг) енгiзумен фармакокинетикасын зерттеу жүргізілген. Эналаприлат фармакокинетикасына қатысты бұл зерттеудiң нәтижелерi бойынша, жалпы алғанда балалар мен ересектердің арасында үлкен айырмашылықтар байқалмаған. Нәтижелер жас мөлшеріне қарай AUC ұлғаюын (дене массасына есептеуде дозаларды нормалау кезінде) көрсетедi; дегенмен егер дозалар дене ауданына есептеуде нормаланса, AUC-тың мұндай ұлғаюы байқалмаған. Эналаприлаттың орташа тиімді жартылай жинақталу кезеңі тұрақты деңгей кезінде 14 сағатты құраған.

Лактация:

Бес әйелде босанғаннан кейiнгi кезеңде ішке қабылдау арқылы 20 мг дозада препаратты қабылдағаннан кейін 4-6 сағат бойы ана сүтінде эналаприл концентрациясының шыңы орташа 1,7 мкг/л (шыңдардың диапазоны 0,54-тен 5,9 мкг/л-ге дейiн) құраған.

Эналаприлаттың концентрациясы шыңдарының орташа мәні 1,7 мкг/л (1,2-ден 2,3 мкг/л-ге дейiн) құрады; концентрациясының шыңдары 24 сағат бойы әр түрлi уақытта бақыланған. Ана сүтінде ең жоғарғы концентрациясы бойынша деректерге сәйкес тек ана сүтін ғана қабылдайтын бөбектер үшiн белгіленген бір реттік доза дене салмағының килограмына есептеуде алынған анасының дозасынан 0,16%-дан аспауы керек.

11 ай ішінде тәулiгіне эналаприлді 10 мг-нан қабылдаған әйелдерде 2 мкг/л құрайтын концентрациясының шыңы дозаны қабылдағаннан кейiн - шамамен 4 сағаттан соң, ал 0,75 мкг/л құрайтын эналаприлат концентрациясының шыңы дозаны қабылдағаннан кейiн шамамен 9 сағаттан соң байқалған. Сонымен бірге ана сүтінде эналаприлдің жалпы тәулiктiк деңгейі - 1,44 мкг/л, ал эналаприлаттың жалпы тәулiктiк деңгейі 0,63 мкг/л құраған.

Бiр емделушi әйелдiң 5 мг эналаприлдің бiр реттік дозасын 4 сағаттан соң және екi емделушi әйелдiң 10 мг эналаприлдің бiр реттік дозасын қабылдағаннан кейiн сүтте эналаприл деңгейінің анықталу шегiнен төмен (<0,2 мкг/л) болып, эналаприл құрамының деңгейі анықталмаған.

Фармакодинамикасы

Берлиприл® (энaлaприл мaлeaты) – бұл малеин қышқылының және екі амин қышқылы (L-аланин мен L-пролин) туындысы болып табылатын энaлaприлдің тұзы. Ангиoтeнзин өзгертуші фeрмeнт (АӨФ) aнгиoтeнзин I-ді aнгиoтeнзин II-ге – тамыр тарылтқыш әсерге ие cубcтaнцияға айналуын катализдейтін пeптидилдипeптидaза болып табылады. Эналаприл мaлeaты сiңірілгеннен кейiн АӨФ-ті тежейтін эналаприлат түзілгенге дейiн гидролизге ұшырайды. АӨФ-ті басу плaзмада aнгиoтeнзин II-нің құрамының төмендеуіне әкеледі. Бұл плазма ренинiнің белсендiлiгінiң жоғарылауын (ренин сөлінісіне қатысты теріс қайтымды байланыстың түсiп қалу нәтижесiн) және aльдocтeрoн сөлінісінің төмендеуін туғызады.

АӨФ кининаза II-ге ұқсас. Сондықтан Берлиприл® тамырларға айқын босаңсытатын әсер ететін брадикининнің, пептидтің ыдырауын тежеуі мүмкiн. Бұл мeхaнизм эналаприл мaлeaтының терапиялық әсерінде қандай роль атқаратыны, әзірге белгісіз.

Бiр жағынан Берлиприл® бірінші кезекте ренин-aнгиoтeнзин-aльдocтeрoнды жүйені басу арқасында гипотензиялық әсер етедi, ал эналаприл тiптi қанында рениннің төмен деңгейімен емделушiлерде артериялық қысымды төмендетеді.

Гипертониямен емделушiлерде Берлиприл® жүректің жиырылу жиiлiгінің елеулі жоғарылауынсыз жатқан және тұрған күйде қан қысымының төмендеуіне әкеледi.

Симптомдық ортостатикалық гипотония сирек болады. Кейбiр емделушiлерде артериялық қан қысымы төмендеуiнің оңтайлы деңгейiне жеткенге дейiн бiрнеше апта өтуі мүмкiн. Берлиприлді® кенет тоқтату артериялық қан қысымының шамадан тыс жоғарылауымен қатар жүрмейдi.

АӨФ белсендiлiгін тиiмдi басу әдетте эналаприл малеатының бір дозасын қабылдағаннан кейін 2-4 сағаттан соң басталады. Гипотензиялық әсердің басталуы жиiрек 1 сағаттан соң, ал ең жоғары әсер препаратты қабылдағаннан кейін 4-6 сағаттан соң байқалған. Әсердің ұзақтығы дозаға тәуелді болады. Алайда, ұсынылған дозалар кезiнде гипотензиялық және гемодинамикалық әсерлер кемiнде 24 сағат сақталады.

Эссенциальді артериялық гипертензиядан зардап шегетін емделушілерде гeмoдинaмиканы зерттеуде артериялық қысымның төмендеуі aртeриялардың шеткі кедергісін азайтып, қанның минуттық көлемінің ұлғаюымен бiрге жүретiнi көрсетілген, бiрақ жүректің жиырылу жиiлiгі өзгерiске ұшырамады. Берлиприлді® қабылдағаннан кейін бүйректердегі қан ағымы ұлғайып, шумақтық сүзiлістің дәрежесі өзгерiссiз қалған. Тұздардың немесе сұйықтықтың іркілу белгiлерi болмады. Алайда Берлиприлмен® емдегенге дейiн шумақтық сүзiлістің дәрежесі төмен болған емделушiлерде ол жоғарылаған.

Қысқамерзiмдiк клиникалық зерттеулерде диабетпен қатар және онсыз бүйрек ауруларынан зардап шегетiн емделушiлерде эналаприл мaлeaтын қабылдағаннан кейін альбуминурияның азаюы, сондай-ақ IgG мен жалпы ақуыздың несеппен шығарылуының азаюы байқалған.

Тиазидтік қатардағы диуретиктермен препаратты бiрлесе қолдану кезінде Берлиприлдің® гипотензиялық әсерi кем дегенде қосылып жинақталады. Берлиприлдің® тиазидтермен туындаған гипокалиемияның дамуын төмендетуі немесе оның пайда болуына кедергi келтiруі мүмкiн.

Жүрек жеткіліксіздігінен зардап шегетiн және оймақгүл препараттарымен және диуретиктермен емделіп жатқан емделушiлерде эналаприл мaлeaтын (ішке қабылдап немесе көктамырішілік) енгiзу нәтижесiнде қантамырларының шеткергi кедергісі және қан қысымы төмендетілген. Қанның минуттық көлемi ұлғайтылды; жүрек жеткіліксіздігiмен емделушiлерде әдетте жоғары жүректің жиырылу жиiлiгі, керiсiнше, төмендетілген. Тап осылай өкпенің капиллярларындағы қысым төмендетілген. Дене жүктемесін көтере алушылық және жүрек жеткіліксіздігiнiң дәрежесi (Нью-Йорк кардиологтар қауымдастығы белгiлері бойынша) осылайша жақсы жаққа өзгерген. Ұзақ емдеу кезінде бұл әсерлер сақталады.

Ауырлығы жеңiлден орташа дәрежеге дейін жүрек жеткіліксіздігiнен зардап шегетiн емделушiлерде эналаприл мaлeaты солжақ қарыншада ақырғы диастолалық және систолалық көлемдерiн азайту және лықсу фракциясының көбеюi бойынша анықталатын жүрек дилатациясының/ұлғаюының және жүрек жеткіліксіздігiнің өршуiн баяулатады.

Эналаприл жүрек жеткіліксіздігiнің симптомдарымен емделушiлер жағдайының нашарлауына байланысты өлiм қаупін және госпитализацияны төмендетеді.

Солжақ қарыншаның симптомсыз дисфункциясымен емделушiлерде эналаприлмен емдеу жүрек жеткіліксіздігiнің даму және өлiм ықтималдығын төмендетеді. Тұрақсыз стенокардияға байланысты миокард инфаркты дамуының және госпитализацияның төмен жиiлiгі, эналаприл қабылдайтын солжақ қарыншаның симптоматикалық немесе симптомсыз дисфункциясымен емделушiлерде бақыланады.

Қолданылуы

- артериялық гипeртoнияны емдеуде

- симптомдық (симптомдардың болуымен) жүрек жеткіліксіздігін емдеуде

- солжақ қарыншаның симптомсыз дисфункциясымен емделушілерде симптомдық жүрек жеткіліксіздігін алдын алуда (сол қарыншадан лықсу фракциясы ≤35 %)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ас қабылдау эналаприл мaлeaтының сiңірілуіне әсер етпейді.

Дозаны емделушiнiң жағдайына және артериялық қан қысымының деңгейіне препараттың әсерiне байланысты жекелей таңдау керек.

Бұдан жоғары немесе төмен дозаларды қабылдау қажеттiлiгі кезінде әсер етуші заттың тиiстi құрамымен таблеткалар бар.

Артериялық гипeртoния

Бастапқы дoзa гипертония ауырлығының дәрежесіне және емделушiнiң жағдайына байланысты эналаприл малеатының 5 мг-ынан ең көбі 20 мг-ға дейін құрайды (төмендегіні қараңыз). Берлиприл® 1 тәулiгіне бiр рет тағайындайды. Ұсынылатын бастапқы доза жеңiл дәрежедегi артериялық гипертония кезінде 5-10 мг құрайды. Ренин-ангиотензин-альдостеронды жүйенiң айқын белсенділендіруімен емделушiлерде (мысалы, бүйрек гипертониясы, oргaнизмдe тұздың және/немесе сұйықтықтың жеткіліксіздігі, жүрек қызметiнің қалпына келмейтін жағдайы немесе ауыр артериялық гипертония кезінде) емдеу басында қан қысымының шамадан тыс төмендеуі орын алуы мүмкiн. Мұндай емделушiлерде емдеуді, сондай-ақ мұқият дәрiгерлiк бақылаумен 5 мг-нан немесе одан төмен дозадан бастау керек.

1 Берлиприлге® қатысты барлық деректер әр түрлi дозалауға жатады: 5 мг эналаприл малеаты (Берлиприл® 5), 10 мг эналаприл малеаты (Берлиприл® 10) және 20 мг эналаприл малеаты (Берлиприл® 20).

Жоғары дозалардағы диуретиктермен алдыңғы терапия кезiнде гиповолемия дамуы мүмкін, ол кезде эналаприл малеатымен емдеу басында гипотония қаупі бар. Мұндай емделушiлерде емдеуді 5 мг-нан немесе төмен дозадан бастау керек. Мүмкiндiгінше Берлиприлмен® ем басталар алдында диуретиктерді 2-3 күнге тоқтату керек. Бүйрек қызметін және сарысуда калийдің деңгейiн бақылауға кеңес берілген.

Әдеттегi демейтін тәулiктiк доза 20 мг эналаприл малеатын құрайды. Ең жоғары демеуші дoза тәулiгіне 40 мг эналаприл малеатын құрайды.

Жүрек жеткiлiксiздiгі/солжақ қарыншаның симптомсыз дисфункциясы

Симптомдық жүрек жеткiлiксiздiгін емдеу кезінде Берлиприлді® әдетте, диуретиктерге және көрсетілімдер болған кезде оймақгүлдің препараттарына немесе бета-блокаторларға қосымша қолданады.

Симптомдық жүрек жеткіліксіздігiмен немесе солжақ қарыншаның симптомсыз дисфункциясымен емделушiлер үшiн эналаприл малеатының бастапқы дозасы 2,5 мг құрайды. Емдеу басында қан қысымына препараттың әсерін анықтау үшін, терапияны мұқият дәрiгерлiк бақылаумен бастау керек. Егер эналаприл малеатымен жүрек жеткіліксіздігiн емдеуді бастағаннан кейiн симптоматикалық гипотония пайда болмаса немесе ол жойылса, препараттың дозасын 20 мг құрайтын жалпы қабылдайтын демеуші дозаға дейiн бiртiндеп жоғарылату керек. Демеуші дозаны бiр рет қабылдауға немесе көтере алушылығына байланысты - екi қабылдауға бөлуге болады. Мұндай дозаны таңдап алуды 2-4 апта бойы жүргiзу ұсынылады. Тәулігіне 40 мг құрайтын ең жоғары дозаны екі қабылдауға бөледі.

Жүрек жеткіліксіздігін/солжақ қарыншаның симптомсыз дисфункциясын емдеу кезінде Берлиприл® препараты дозасын ұсынылған таңдап алу:

Апта

мг/тәулігіне доза

1-апта

1-3-күндері:

тәулігіне 2,5 мг* бір рет

4-7- күндері:

тәулігіне 5 мг 2 рет қабылдау

2-апта

 

тәулігіне 10 мг бір рет немесе 2 рет қабылдау

3- және 4-апталар

 

тәулігіне 20 мг бір рет немесе 2 рет қабылдау

* бүйрек жеткiлiксiздiгiмен немесе диуретиктермен емдеудегі емделушiлер жағдайында ерекше сақтық шараларын сақтау керек.

Берлиприл® препаратымен емдеу басталғанға дейiн және одан кейiн артериялық қан қысымын және бүйрек қызметін мұқият бақылау жүргiзу керек, себебi гипотония және (сирек) келесi бүйрек жеткiлiксiздiгi туралы хабарланған. Диуретиктермен емделудегі емделушiлер үшiн, егер мүмкiн болса, эналаприл малеатымен емдеу басталар алдында бұл препараттардың дозасын азайту керек. Берлиприлмен® терапия басында гипотониялық реакция мұндай реакциялар препаратпен ұзақ емдеу кезінде орын алатынын бiлдiрмейдi және Берлиприл® препаратымен бұдан әрi емдеуді естен шығармайды. Сондай-ақ сарысу калийінің деңгейiне және бүйрек қызметіне бақылау жүргiзу керек.

Бүйрек қызметінің шектелуінде дозалау

Негiзiнен, эналаприл малеатын қабылдау арасындағы аралықтарды ұзарту және/немесе оның дозасының азайту керек.

Крeaтинин клирeнcі

(Kr-Cl) мл/мин

Бастапқы доза

мг/тәулігіне

30 < Kr-Cl < 80 мл/мин

5 -10 мг

10 < Kr-Cl ≤ 30 мл/мин

2,5 мг

Kr-Cl ≤ 10 мл/мин

2,5 мг диализ жүргізілген күні*

Айрықша нұсқаулар

Эналаприл диализденеді. Диализ жүргiзуден бос күндерде доза артериялық қан қысымының төмендеу дәрежесіне тәуелді болады.

Егде емделушiлерде қолданылуы

Дозаны емделушiнiң бүйрек қызметі жағдайына байланысты таңдап алу керек.

Жағымсыз әсерлері

- көрудiң айқын еместігі түрiнде көру бұзылысы

- бас айналу

- жөтел

- жүрек айну

- астения

Жиі ( 1/100-ден 1/10-ға дейін)

- бас ауыруы, депрессия

- гипотония (ортостатикалық гипотонияны қоса), естен тану, кеуде қуысының ауыруы, жүрек ырғағының бұзылуы, стенокардия, тахикардия

- ентікпе

- диарея, іштің ауыруы, дәмдi сезінудің өзгеруi

- бөртпе, жоғарғы сезiмталдық/ангионевротикалық iсiну (бетті, аяқ-қолдарды, ерінді, тiл, дауыстық қатпарларды және/немесе көмейді қоса, ангионевротикалық iсiну туралы хабарланған)

- шаршағыштық

- гиперкалиемия, сарысу креатинині деңгейiнің жоғарылауы

Кейде ( 1/1000-нан 1/100-ге дейін)

- анемия (апластикалық және гемолитикалық анемияны қоса)

- гипогликемия, сарысу мочевинасы деңгейiнің жоғарылауы, гипонатриемия

- сананың шатасуы, ұйқышылдық, ұйқысыздық, ашушаңдық, парестезия, бас айналу

- ортостатикалық гипотония, жүрек соғуы, миокард инфаркты немесе шамамен жоғары қауіп факторларының болуымен емделушiлерде артериялық қан қысымының шамадан тыс төмендеуінің нәтижесінде болған церебральді инсульт

- ринорея, тамақтың ауыруы және қарлығу, бронхтүйілуі/демікпе

- ішектің бітелуі, панкреатит, құсу, диспепсия, іш қату,тәбеттің болмауы, асқазанның тітіркену құбылыстары, ауыздың құрғауы, пептикалық ойық жара

- тершеңдiк, қышыну, есекжем, алопеция

- бүйрек қызметінің бұзылуы, бүйрек жеткiлiксiздiгi, протеинурия

- импотенция

- бұлшықеттiң құрысуы, қан құйылуы, құлақтағы шуыл, жайсыздық, қызба

- сарысу мочевинасы деңгейiнің жоғарылауы, гипонатриемия

Сирек ( 1/10000- нан 1/1000-ға дейін)

- нейтропения, гемоглобиннің және гематокриттің төмендеуі, тромбоцитопения, агранулоцитоз, бүйрек ферменттері деңгейінің жоғарылауы, сарысу билирубині көрсеткіштерінің жоғарылауы, сүйек кемігінің бәсеңдеуі, панцитопения, лимфатүйіндерінің ұлғаюы, аутоиммунды ауырулар

- түс көру сипатының өзгеруі, ұйқының бұзылуы

- Рейно синдромы

- өкпе инфильтраттары, ринит, аллергиялық альвеолит/ эозинофильді пневмония

- стоматит/афтозды жаралар, глоссит

- бауыр жеткiлiксiздiгi, некрозды, холестазды қоса (сарыауруды қоса) гепатит (гепатоцеллюлярлық немесе холестатикалық)

- мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, эксфолиативті дерматит, уытты эпидермалық некролиз, күлдіреуік, эритродермия

- олигурия

- гинекомастия

- бауыр ферменттерi деңгейiнiң жоғарылауы, сарысу билирубині көрсеткiштерiнің жоғарылауы

Өте сирек: < 1/10.000

- iшектің ангионевротикалық iсiнуі.

Белгiсiз: бар деректер бойынша бағалауға келмейді.

- Антидиуретикалық гормон сөлінісі бұзылысының синдромы

Кейбiр немесе келесi жағымсыз әсерлердің барлығымен: қызбамен, серозитпен, васкулитпен, миалгиямен/миозитпен, артралгиямен/артритпен, антиядролық антиденелер титрiнiң жоғарылауымен, ЭШЖ жоғарылауымен, эозинофилиямен және лейкоцитозбен бiрге жүретiн симптомдаркешені туралы хабарланған. Терi бөртпесі, фотосенсибилизация немесе басқа терiлік біліністері орын алуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- эналаприл малеатына, препараттың басқа компоненттеріне, ангиотензин өзгертуші ферменттiң басқа тежегіштеріне (АӨФТ) жоғары сезiмталдық

- сыртартқыда АӨФТ-мен алдыңғы терапияға қатысты aнгиoнeврoтикалық ісінудің бар болуы

- тұқым қуалаған немесе идиопатиялық ангионевротикалық iсiну

- жүктiлiк

- лактозаға жоғары сезiмталдық (лактозаны көтере алмаушылық, Лаппа лактозасының тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы)

- балалар және 18 жасқа дейiнгі жасөспiрiмдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Калийсақтағыш диуретиктер немесе калий препараттары

АӨФТ диуретиктермен туындаған калийді жоғалтуды азайтады.

Калийсақтағыш диуретиктер (мысалы, спиронолактон, эплеренон, триамтерен немесе амилорид), калий препараттары немесе құрамында калий бар тұздың алмастырғыштары сарысуда калий деңгейiнің елеулi ұлғаюына әкелуі мүмкін. Егер айқындалған гипокалиемияға байланысты бірмезгілде қолдану бәрібір көрсетілімде болса, онда мұны сақтықпен және сарысуда калий деңгейiн жиi бақылай отырып жүргізу керек.

Диуретиктер (тиазидті қатардағы немесе ілмектік диуретиктер)

Жоғары дозалардағы диуретиктермен алдыңғы емдеу эналаприл малеатымен терапия басталарда гиповолемияға әкеліп, сөйтіп гипотензияның даму қаупiн жоғарылатуы мүмкiн. Егер диуретик тоқтатылса, гипотензиялық әсерді азайтуға, сұйықтықтың және организмде тұздардың кемшiлiгiн толтыруға немесе энaлaприл малеатымен (оның төмен дозаларымен) терапияны бастауға болады.

Басқа гипотензиялық дәрілер

Басқа гипотензиялық дәрілермен бірмезгілде қолдану эналаприл малеатының гипотензиялық әсерiн күшейтуі мүмкiн. Нитроглицеринмен және басқа нитраттармен немесе басқа тамыр кеңейткiштермен бірмезгілде қолдану сондай-ақ артериялық қан қысымының бұдан әрi төмендеуiне әкелуі мүмкiн.

Литий

АӨФТ-мен бірмезгілде қолдану кезінде сарысуда литий кoнцeнтрaциясының қайтымды жоғарылауы және оның уытты әсерлерi туралы хабарланған. Тиазидті қатардағы диуретиктермен және АӨФТ-мен бірмезгілде емдеу кезінде сарысуда литий кoнцeнтрaциясы жоғарылауы мүмкін, ол литиймен улану қаупін туындату мүмкін. Сондықтан эналаприл малеатын және литийді бiрмезгілде қолдануға болмайды; егер бұл бiріктірілiм бәрiбір қажет болса, онда сарысуда литийдің деңгейiн мұқият бақылау керек.

Үшциклдiк антидепрессанттар / нейролептиктер / анестезияға арналған дәрілер / наркозға арналған дәрілер

Үшциклдiк антидепрессанттармен және нейролептиктермен наркоз жүргiзу үшін АӨФТ бірмезгілде қолдану артериялық қан қысымының төмендеуiн күшейтуі мүмкiн.

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрiлік заттары (ҚҚСДЗ)

ҚҚСДЗ-мен ұзақ емдеу АӨФТ гипотензиялық әсерiн әлсiретуі мүмкiн.

ҚҚСДЗ әсерлері, ЦОГ-2 деп аталатын тежегіштерді қоса (циклооксигеназа-2-нің селективті тежегіштері) және сарысу калийі деңгейiнің жоғарылауына қатысты АӨФТ қосылып, бүйрек қызметінің нашарлауына әкелуі мүмкін. Бұл құбылыс әдетте қайтымды. Әсiресе бүйрек қызметінің нашарлауымен емделушiлерде мысалы, егде емделушiлерде немесе (мысалы, диуретиктермен емдеу нәтижесiнде) организмде сұйықтық мөлшерінің төмендеуімен емделушiлерде жедел бүйрек жеткiлiксiздiгi анда-санда орын алуы мүмкiн. Көрсетiлген препараттармен бiрмезгiлде емдеу басында қалай болса, кезең-кезеңмен емдеу аяқталғаннан кейiн де солай, организмге сұйықтықтың тиiсiнше келіп түсуін және бүйректердiң қызметін бақылауды қамтамасыз ету керек.

Алтын препараттары.

Сирек жағдайларда АӨФ тежегіштерімен, соның ішінде Берлиприлмен® бірлесе алтынның инъекциялық препараттарын (натрий ауротималатын) қолдану кезінде нитритоидты реакциялар (симптомдар: беттiң қызаруы, жүрек айнуы, құсу және артериялық гипотензия) туралы хабарланған.

Симпатомиметиктер

Симпатомиметиктер АӨФТ гипотензиялық әсерiн әлсiретуі мүмкін.

Диабетке қарсы дәрiлік заттар

Эпидемиологиялық зерттеулердiң нәтижелері АӨФТ бiрмезгілде қолдану кезінде диабетке қарсы дәрілердің (инсулин, ішке қабылданатын гипогликемиялық дәрілердің) гипогликемиялық әсерiн мүмкін болатын күшейтуін көрсетедi; сонымен бірге гипогликемияның даму қаупі болады. Мұндай жағдайлар, көбінесе біріктірілген емнің алғашқы апталарында, сондай-ақ бүйрек қызметінің төмендеуімен емделушiлерде орын алады.

Алкоголь

Алкоголь АӨФТ гипотензиялық әсерiн күшейтедi.

Ацетилсалицил қышқылы, тромболитикалық дәрілер және бета- блокаторлар

Берлиприлді® қауіптенбей, ацетилсалицил қышқылымен (кардиологиялық дозаларда), тромболитикалық дәрілермен және бета-блокаторлармен бiрмезгiлде тағайындауға болады.

Айрықша нұсқаулар

Симптоматикалық гипотензия

Асқынбаған артериялық гипертония кезінде гипотония сирек байқалады.

Артериялық гипертониядан зардап шегетiн емделушiлерде мысалы, диуретиктермен емдеу, тұзды аз қолданумен тамақтану, диализ, iш өту немесе құсу салдарынан организмде, сұйықтықтың жеткіліксіздігінде Берлиприлмен® емдеу кезінде симптомдық гипотония жиiрек дамиды. Бүйрек жеткiлiксiздiгiмен қатар жүретiн немесе онсыз жүрек жеткіліксіздігімен емделушiлерде симптомдық гипотония байқалған. Бұл жеке алғанда, ауыр жүрек жеткіліксіздігімен емделушiлерге қатысты болуы мүмкін, олардың ауру ауырлығының дәрежесi ілмектік диуретиктердiң, гипонатриемияның жоғары дозаларында немесе бүйрек қызметінің төмендеуінде байқалады. Егер Берлиприлдің® және/немесе диуретиктің жаңа дозасын таңдап алу керек болса, онда мұндай емделушiлердi емдеуді дәрiгердің бақылауымен бастап, жүргiзу керек. Жүректiң ишемиялық ауруымен немесе цереброваскулярлық патологиямен емделушiлердiң жағдайында осыған ұқсас әрекет етеді, оларда қан қысымының шамадан тыс төмендеуі миокард инфарктына немесе церебральді инсультке әкелуі мүмкiн.

Гипотонияның даму жағдайында емделушiнi көлденең күйде жатқызып, егер қажет болса, натрий хлоридінің физиологиялық ерiтiндiсінің көктамырiшiлiк инфузиясын жүргiзу керек. Қайтымды гипотониялық реакция бұдан әрi емдеу үшiн қарсы көрсетілiм болып табылмайды, әдетте оны артериялық қан қысымын (айналымдағы қанның көлемін толықтыру көмегiмен) қалыпқа келтіргеннен кейiн кедергісіз жүргiзуге болады.

Артериялық қан қысымының мөлшері қалыпты немесе төмен, жүрек жеткіліксіздігімен кейбiр емделушiлерде Берлиприл® препаратын қолдану кезінде артериялық жүйелiк қысымның қосымша төмендеуі бақылануы мүмкiн. Бұл әсер күтiлетін жағдай болып табылады және емдеуді тоқтату үшiн ешқандай себеп болмайды. Егер артериялық гипотензия симптоматикалық болса, Берлиприлдің® және/немесе диуретиктің дозасын төмендету және/немесе Берлиприлді® тоқтату қажет болуы мүмкiн.

Аорталық немесе митральді стеноз/гипертрофиялық кардиомиопатия

Сонымен қатар басқа тамыркеңейткiштер секілді, АӨФ тежегіштерін сол жақ қарыншалық стенозбен немесе аорталық стенозбен емделушiлерде сақтықпен қолдану, сондай-ақ кардиогенді шок және гемодинамикалық негізделген обструкция жағдайларында препаратты қолданудан тартыну керек.

Бүйрек қызметінің бұзылуы

Бүйрек қызметінің бұзылуы жағдайында (креатинин клиренсі минутына < 80 мл) эналаприлдің бастапқы дозасын - емделушiде креатинин клиренсінің көрсеткiшіне, ал кейiн – артериялық қан қысымының төмендеу дәрежесіне байланысты таңдау алу керек. Мұндай емделушiлерде калий және креатинин деңгейлерiнің тұрақты мониторингі стандартты медициналық тәжiрибе бөлiгi болып табылады.

Ауыр жүрек жеткіліксіздігімен немесе осы патологияның негiзiнде жатқан бүйрек артерияларының стенозын қоса, бүйрек ауруларымен емделушiлерде эналаприл малеатын қолданумен өзара байланыста бүйрек жеткiлiксiздiгi туралы хабарланған. Диагнозды дер кезiнде қою және тиiстi емдеу кезінде эналаприл малеатымен терапияда бүйрек жеткiлiксiздiгi, әдетте қайтымды сипатқа ие болады.

Бүйрек аурулары жоқ артериялық гипертониядан зардап шегетiн кейбiр емделушiлерде диуретикпен эналаприл малеатының бiріктірiлімi сарысуда мочевина және креатинин деңгейінiң жоғарылауына әкелуi мүмкін. Мұндай жағдайларда эналаприл малеатының дозасын азайту және/немесе диуретиктi тоқтату қажеттiлiгi пайда болуы мүмкiн. Сонымен бірге бұл құбылыстардың себебі ретінде бүйрек артерияларының мүмкiн болатын стенозы туралы ойлау керек.

Реноваскулярлық гипертония

Бүйрек артерияларының екi жақты стенозымен немесе жалғыз жұмыс iстейтiн бүйректің бүйрек артериясының стенозымен емделушiлерде АӨФТ-мен емдеу қан қысымының төмендеуінің немесе бүйрек жеткiлiксiздiгi дамуының ерекше қаупiн білдіреді. Сонымен бірге сарысу креатинині көрсеткiштерiнiң жеңiл өзгерiстерi түрінде ғана жиi білінетін бүйрек қызметінің төмендеуі болуы мүмкiн. Бұл емделушiлердi емдеуді дозаны мұқият таңдап алып, бүйрек қызметін бақылап, төмен дозалардан және қатал дәрiгерлiк бақылаудан бастау керек.

Бүйректі ауыстырып қондыру

Жақында бүйрегiн ауыстырып қондырған емделушiлерде Берлиприлді® қолдану тәжiрибесi жоқ. Сондықтан мұндай емделушiлерді аталған препаратпен емдеуге болмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

АӨФТ емдеу кезінде холестатикалық сарғаюдан басталатын және кенеттен бауыр некрозына дейін өршитiн (кейде өлiммен аяқталатын) синдром анда-санда байқалған. Бұл синдромның патогенезi айқын емес. АӨФТ-мен емдеу кезінде сарыауру немесе бауыр ферменттерi деңгейiнің айқын жоғарылауы байқалатын емделушiлердiң жағдайында АӨФТ-ін тоқтату және тиiстi емдеу қажет.

Нейтропения / агранулоцитоз

АӨФТ қабылдайтын емделушiлерде нейтропения/агранулоцитоз, тромбопитопения және анемия туралы хабарланған. Қалыпты бүйрек қызметімен және ерекше қауіп факторларынсыз емделушiлерде нейтропения сирек байқалады. Үдеріске тамырлардың қатысуымен коллагеноздармен зардап шегетін емделушілерде, сондай-ақ иммунодепрессанттармен, аллопуринолмен, прокаинамидпен емделіп жатқан немесе бірнеше аталған қауіп факторларының болуымен емделушілерде эналаприл малеаты, әсіресе бүйрек қызметінің төмендеуі орын алған кезде аса сақтықпен қолданылуы керек. Бұл емделушiлердiң кейбіреуінде қарқынды антибиотиктерапияға кейбір жағдайларда жауап бермейтiн ауыр жұқпалы аурулар пайда болған. Егер бұл емделушiлер эналаприл малеатын қабылдаса, онда оларға лейкоциттердiң мөлшерін жүйелi бақылау ұсынылған, сондай-ақ кез-келген жұқпаның барлық белгiлерi туралы өз дәрiгеріне хабарлауға міндеттеу керек.

Жоғарғы сезiмталдық/ангионевротикалық iсiну.

Берлиприлді® қоса АӨФТ-мен емделген емделушiлерде бетті, аяқ-қолдарды, ерінді, тiлді, дауыс қатпарларын және/немесе көмейді қамтитын, ангионевротикалық iсiну туралы хабарланған. Емдеу уақытында олар кез келген мезетте пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда Берлиприлді® дереу тоқтату керек. Ауруханадан шығарғанға дейін симптомдардың толық керi дамуына көз жеткiзіп, емделушiні мұқият бақылауды белгілеу керек. Егер ангионевротикалық iсiну тыныс алу жеткiлiксiздiгi болмаған кезде тiлдi ғана қамтыса, бәрібір ұзақ бақылау керек, себебi антигистаминдік дәрілерді және кортикостероидтарды енгiзу жеткiлiксiз болуы мүмкiн.

Көмейдiң немесе тiлдің ангионевротикалық iсiнуінің дамуы аясында өлiммен аяқталатын өте сирек жағдайлар туралы хабарланған. Тiлдің, көмей немесе көмекейдiң iсiнуі кезінде, әсіресе тыныс алу жолдарына операция жасалған емделушiлерде тыныс алу жолдарының тарылу қаупі жоғары. Көмейдi қамтумен ангионевротикалық iсiну өлiммен аяқталуы мүмкін. Тiлдi, дауыс қатпарларын немесе көмейдi қамтумен тыныс алу жолдарының тарылу қаупінің пайда болуында тиiстi емді (мысалы, эпинефриннiң ерiтiндiсiн 0,3-0,5 мл-ден терiастына енгiзуді [сұйылту 1:1.000]) дереу бастау керек және/немесе тыныс алу жолдарының өтiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн шараларды қолдану қажет.

Қара түсті емес емделушiлермен салыстырғанда, қара түсті емделушiлерде АӨФТ-мен емдеу кезінде ангионевротикалық iсiнулердiң жағдайларының өте жоғары жиiлiгі туралы хабарланған.

Сыртартқысында АӨФТ-мен туындамаған ангионевротикалық iсiну бар емделушiлерде АӨФТ қабылдау кезінде оның дамуының жоғары қаупі болуы мүмкiн.

Жәндіктердуына қарсы бағытталған десенсибилизацияланған терапия уақытында анафилактикалық реакциялар

Жәндіктердiң уына қарсы бағытталған десенсибилизацияланған терапияны жүргiзген және АӨФТ бiрмезгілде қолданған кезде анда-санда өмiр үшiн қатер төндіретін анафилактикалық реакциялар байқалған. Егер жәндіктердiң уына қарсы бағытталған спецификалық иммунотерапия (десенсибилизия) көрсетілсе, онда АӨФТ-ін артериялық гипертонияны немесе жүрек жеткiліксiздігін емдеуге арналған басқа дәрілермен уақытша алмастыру қажет.

ЛПНП-аферез уақытында анафилактикалық реакциялар (тығыздығы төмен липопротеиндердің плазмаферезі)

Декстрансульфатты қолданумен ЛПНП-аферез кезінде АӨФТ-ін бiрмезгілде қолданғанда өмiр үшiн қауiптi анафилактикалық реакциялар анда-санда орын алған. Егер ЛПНП-аферез көрсетілімді болса, онда АӨФТ-ін артериялық гипертонияны немесе жүрек жеткiліксiздігін емдеуге арналған басқа дәрілермен уақытша алмастыру қажет.

Гемодиализ әдiсiмен емдеудегі емделушiлер

Диализ жүргізген және АӨФТ-ін бiрмезгілде қолданған кезде high-fluх жарғақшаларын (мысалы, “AN 69“) пайдалану кезінде анафилактоидты реакциялар хабарланған. Мұндай емделушiлерге қатысты диализ үшiн жарғақшалардың басқа типін қолдану немесе басқа кластағы антигипертензиялық препаратты тағайындау туралы мәселені шешу керек.

Гипогликемия

Қант диабетінен зардап шегетiн және ішке қабылданатын диабетке қарсы препараттармен немесе инсулинмен емделудегі емделушiлерге АӨФТ-мен емдеу басында, әсiресе көрсетiлген препараттарды бiрмезгілде қабылдаған бiрiншi айда қандағы глюкозаның көрсеткiштерiн мұқият бақылау қажеттiлiгі туралы хабарлау керек.

Жөтел

АӨФТ қолдануға байланысты жөтел туралы хабарланған. Әдетте қақырық болмайды, жөтел табанды сипатта болады және емді тоқтатқаннан кейiн кетедi. Жөтелдің дифференциальді диагнозы кезінде, сондай-ақ АӨФТ-терапиямен туындаған жөтелдi ескеру керек.

Операциялық араласу/анестезия

Ауқымды оперативті араласу немесе қан қысымын төмендететiн препараттардың көмегiмен анестезия жүргiзілген емделушiлерде эналаприл малеаты (рениннiң компенсаторлық сөлінісіне реакция ретiнде) ангиотензин II-нiң өндiрілуiн тежейдi. Сол себептен гипотонияның дамуы кезінде, оны айналымдағы қанның көлемін толықтыру жолымен түзетуге болады.

Гиперкалиемия

Эналаприлді қоса, АӨФТ-мен емдеу кезінде кейбiр емделушiлерде сарысулық калий концентрациясының жоғарылауы байқалған. Гиперкалиемияның даму қаупiнің факторлары: бүйрек жеткiлiксiздiгi, бүйрек қызметінің бұзылуы, егде жас (70 жастан асқан), қант диабеті, мынадай интеркуррентті факторлар, мысалы, дегидратация, жүректің жедел декомпекнсациясы, метаболиттік ацидоз және калийсақтағыш диуретиктермен (мысалы, спиронолактон, эплеренон, триамтерен немесе амилорид) бiрмезгілде емдеу, калий препараттарын немесе құрамында калий бар тұзды алмастырғыштарды қабылдау, сондай-ақ сарысулық калий (мысалы, гепарин) деңгейінiң жоғарылауына әкелуге қабiлеттi басқа дәрiлік заттармен бiрмезгілде емдеу болып табылады.

Калий препараттарын, калийсақтағыш диуретиктерді және құрамында калий бар тұзды алмастырғыштарды қолдану кезінде, бүйрек қызметінің бұзылуымен емделушiлерде қанда калий концентрациясының елеулi жоғарылауы мүмкiн. Гиперкалиемия, соның ішінде өлiммен аяқталатын ауыр аритмияның дамуын туғызуға қабiлеттi. Егер эналаприлмен бiрмезгiлде жоғарыда аталған препараттарды қолдану бәрiбір орынды деп есептелсе, онда қан сарысуында калий концентрациясын жүйелi бақылап, емді сақтықпен жүргiзу керек.

Литий

Негiзiнен, литий препараттарын Берлиприлмен® біріктіруге болмайды.

Лактоза

Берлиприл® құрамында лактоза бар. Сондықтан сирек кездесетiн тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылықтан, организмде лактозаның тапшылығынан немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромынан зардап шегетiн емделушiлерге бұл препаратты қабылдауға болмайды. Берлиприлдің® бiр таблеткасында лактозаның құрамы 200 мг-нан аспайды.

Лактация кезеңі

Шектелген фармакокинетикалық деректер ана сүтінде препараттың өте төмен концентрацияларда болуы туралы куәландырады. Концентрация клиникалық мәнге ие болмауы мүмкiн екендігіне қарамастан, туғаннан кейiн шала туған балаларға бiрнеше апта бойы емшек емізу кезеңінде Берлиприл® препаратын қолдануға болмайды, себебi жүрек-тамыр жүйесі және бүйрек тарапынан, сондай-ақ лактация кезеңінде препаратты қолданудың жеткiлiксiз клиникалық тәжiрибесі салдарынан жағымсыз әсерлер дамуының гипотетикалық қаупі болады.

Бұдан үлкендеу нәрестелер жағдайында емшек емізу кезеңінде Берлиприл® препаратын қолдану туралы мәселені егер мұндай ем анасы үшiн қажет, ал баласы қандай да болсын жағымсыз реакциялардың пайда болуына қатысты бақылауда болса, қарастыруға болады.

Этникалық айырмашылықтар

Эналаприл малеатының гипотензиялық әсерiнің айқындылығы - сонымен қатар басқа АӨФТ-нің жағдайындағыдай – қара түсті емделушiлерде қара түсті еместерге қарағанда аздау болуы мүмкiн; бұл, шамамен артериялық гипертониядан зардап шегетiн қара түсті емделушiлерде плазмада ренин деңгейiнің жиі төмен болуына байланысты болжамдалады.

Көлiк құралдарын жүргiзуге және механизмдерге қызмет көрсетуге қабiлеттiлiгіне әсері.

Көше қозғалысына белсендi қатысу немесе механизмдерге қызмет көрсету кезінде бас айналу немесе әлсiздiк пайда болу мүмкіндігін ескеру керек.

Артық дозалануы

Адамда артық дозалануға қатысты тек шектелген мәліметтер ғана болады. 300 мг және 440 мг эналаприл малеатын қабылдағаннан кейін сарысуда эналаприл малеатының терапиялық дозалары кезінде осындайдан 100 және 200 есе асатын оның концентрациялары анықталған болатын.

Симптомдары: ренин-ангиотензинді жүйені бірмезгілде бөгеумен және мелшиюмен ауыр артериялық гипотония (таблеткаларды қабылдағаннан кейін шамамен 6 сағаттан соң байқалады), қан айналымының бұзылысы, электролиттерді жоғалту, бүйрек жеткiлiксiздiгi, гипервентиляция, тахикардия, жүрек соғуы, брaдикaрдия, бас айналуы, қорқыныш сезімі және жөтел.

Емі: егер таблеткалар жақында қабылданған болса, aдcoрбенттерді немесе нaтрий cульфaтын қолданып, асқазанды шаю, натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісімен инфузиялық ем, симптоматикалық ем жүргізеді. Артериялық гипотензия кезінде емделушiнi көтеріңкі аяқтарымен көлденең жатқызу керек. Сондай-ақ ангиотензин ІІ-ні инфузиялық енгiзу және/немесе катехоламиндерді көктамырiшiлiк енгiзу туралы мәселені қарастыруға болады. Дәрiлерге төзiмдi брадикардия кезінде жасанды ырғақ жүргізушісі көрсетілімді. Жағдайды тұрақтандыруға дейiн тiршiлiкке маңызды мүшелердің қызметін, электролиттердiң кoнцeнтрaциясын және қан сарысуындағы креатининді бақылау қажет. Гемодиализ тиiмдi.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қатты алюминий фольгамен дәнекерленген алюминий композитті блистерге 10 таблеткадан салынған.

3 немесе 5 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25° С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Берлин-Хеми АГ (Менарини Групп)

Глиникер Вег 125

12489 Берлин, Германия

Тіркеу куәлігі иесі

Берлин-Хеми АГ (Менарини Групп)

Глиникер Вег 125

12489 Берлин, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР-дағы «Берлин-Хеми АГ» АҚ өкілдігі

Тел.: +7 727 2446183, 2446184, 2446185

Факс:+7 727 2446180

Электрондық поштасы: Kazakhstan@berlin-chemie.com

Прикрепленные файлы

329623261477976912_ru.doc 150 кб
262191631477978085_kz.doc 333.5 кб
5540_02_07_12_17_p.pdf 0.86 кб
5540_02_07_12_17_s.pdf 1.18 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ