Бепантен® (мазь, 5%)

МНН: Декспантенол
Производитель: ГП Гренцах Продукционс ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dexpanthenol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005719
Информация о регистрации в РК: 08.06.2017 - 08.06.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Бепантен®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Декспантенол

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 5% жақпамай

Құрамы

Бір грамм жақпамайдың құрамында

белсенді зат - 50 мг декспантенол,

қосымша заттар: протегин Х, цетил спирті, стеарил спирті, ланолин, араның ақ балауызы, ақ жұмсақ парафин, бадам майы, сұйық парафин, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән әлсіз иісі бар, крем тәріздес ақ түсті, жұмсақ, созылмалы, гомогенді, мөлдір емес жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Аса жоғары тыртықтануды емдеуге арналған басқа да препараттар. Декспантенол

АТХ коды D03AХ03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Декспантенол теріге тез сіңеді. Декспантенол пантотен қышқылына айналады және витаминнің эндогендік бөлігімен бірігеді. Қанда пантотен қышқылы плазма ақуыздарымен байланысады; өзгермеген күйде – 60-70%-ы несеппен, қалған бөлігі асқазан ішек жолы (АІЖ) арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Декспантенол Бепантеннің® белсенді компоненті болып табылады, жасушаларда пантотен қышқылына жылдам өзгереді. Пантотен қышқылы – эссенциялық А коэнзимінің компоненті. А ацетилкоэнзимі түрінде жасуша метаболизмінде маңызды рөл атқарады және тері регенерациясын жақсартады.

Қолданылуы

  • жеңіл зақымдануларда, жарылуларда, сыдыруларда, тері тітіркенулерінде, жаялықтан болған эритемада, жеңіл күйіктерде, созылмалы ойық жараларда, тесілулерде, теріні ауыстырып салғанда және жатыр мойнының эрозиялары кезінде терінің жазылу үдерісін тездету (белсенділендіру) үшін

  • емшек жасындағы балаларда базданудың профилактикасында және емдеуде

  • емізу кезіндегі сүт бездері күтімінде: емшек ұшының «құрғақтығын» және жарылуын емдеуде

  • тері жабындары бүтіндігі бұзылған кездегі тері құрғауының профилактикасында және емдеуде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Жақпамайды терінің зақымданған немесе қабынған бөлігіне күніне 1-2 рет жағады.

Бала емізетін аналардың сүт бездерінің күтімі: жақпамайды баланы әр емізгеннен кейін емшек ұшына жағады.

Емшектегі баланың күтімі: жаялықты (жөргекті) әрбір ауыстырған сайын жақпамайды жағады.

Емдеу ұзақтығы көрсетілімдері мен емдеу тиімділігіне байланысты.

Жағымсыз әсері

Сирек

  • аллергиялық реакциялар (есекжем, қышыну).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың құрамдас бөліктеріне жекелей жоғары сезімталдықта

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттармен өзара әрекеттесу жағдайлары белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Жақпамайды жүктілік кезінде және емшек емізу кезеңінде пайдалануға болады

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бепантен® көлік құралдарын және басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

3,5 г, 30 г немесе 100 г препараттан алюминий сықпаға салады. 1 сықпадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

25  С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

ГП Гренцах Продукционс ГмбХ, Германия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Байер Консьюмер Кэр АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Байер КАЗ» ЖШС,

050057, Алматы, Қазақстан Республикасы

Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес-орталығы, 15 пав.

тел. +7 727 258 80 40

факс: +7 727 244 70 01

e-mail: kz.claims@bayer.com

 

Прикрепленные файлы

427014241477977099_ru.doc 46 кб
937328531477978276_kz.doc 48.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники