Бепантен® (крем 5%)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Бепантен®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Декспантенол
Дәрілік түрі
5% сыртқа қолдануға арналған крем
Құрамы
1 г кремнің құрамында
белсенді зат: 50 мг декспантенол
қосымша заттар: DL-пантолактон, феноксиэтанол, амфизол К, цетил спирті, стеарил спирті, ланолин, изопропил миристаты, пропиленгликоль, тазартылған су.
Сипаттамасы
Жұмсақ, созылымды, гомогенді, өзіне тән әлсіз иісі бар, ақтан бозғылт-сарғыш-ақ түсті күңгірт крем.
Фармакотерапиялық тобы
Қалыпты тыртықтануға ықпал ететін басқа да препараттар
АТЖ коды D03AХ03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Декспантенол теріге тез сіңеді. Декспантенол пантотен қышқылына айналады және витаминнің эндогендік бөлігімен бірігеді. Қанда пантотен қышқылы плазма ақуыздарымен байланысады; өзгермеген күйде – 60-70%-ы несеппен, қалған бөлігі АІЖ арқылы шығарылады.
Фармакодинамикасы
Декспантенол Бепантеннің® белсенді компоненті болып табылады, жасушаларда пантотен қышқылына жылдам өзгереді. Пантотен қышқылы – эссенциялық А коэнзимінің компоненті. А ацетилкоэнзимі түрінде жасуша метаболизмінде маңызды рөл атқарады және тері регенерациясын жақсартады.
Қолданылуы
-
ұсақ жарақаттарда, қызаруларда, жарылуларда, сыдыруларда, тері тітіркенулерінде, жаялықтан болған эритемада, жеңіл күйіктерде, күнге күйгенде, созылмалы ойық жараларда, тесілулерде, теріні ауыстырып салғанда және жатыр мойны эрозиялары кезінде терінің жазылу үдерісін тездету (белсенділендіру) үшін
-
емшек жасындағы балаларда базданудың алдын алу және емдеуде
-
емізу кезіндегі сүт бездері күтімінде: емшек ұшының «құрғақтығын» және жарылуын емдеуде
-
тері жабындары бүтіндігі бұзылған кездегі тері құрғауының алдын алу және емдеуде
Қолдану тәсілі мен дозалары
Кремді қажеттілігіне қарай күніне бір немесе бірнеше рет алдын ала тазартылған жараға немесе терінің қабынған бөліктеріне жұқалап жағып, жеңіл ысқылайды. Қажет болған жағдайда таңғышты пайдалануға болады.
Емдеу ұзақтығы көрсетілімдері мен емдеу тиімділігіне байланысты.
Жағымсыз әсері
Сирек
-
аллергиялық реакциялар (есекжем, қышу).
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың құрамдас бөліктеріне жекелей жоғары сезімталдықта
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа препараттармен өзара әрекеттесу жағдайлары белгісіз.
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік пен емшек емізу кезеңі
Кремді жүктілік кезінде және емшек емізу кезеңінде пайдалануға болады
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Бепантен® көлік құралдарын және басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозаланғанда
Артық дозалану жағдайлары белгісіз.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
30 г препаратты алюминий сықпаға салады. 1 сықпадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
25 ° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші ұйымның атауы мен елі
ГП Гренцах Продукционс ГмбХ, Германия
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Байер Консьюмер Кэр АГ, Швейцария
Қазақстан Республикасы аумағында өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Қазақстан Республикасындағы «Байер КАЗ» ЖШС,
050057 Алматы, Тимирязев к-сі, 42, Экспо-Сити, 15 павильон, 3 қабат.
тел. +7 727 258 80 40 (148)
факс: +7 727 244 70 01
e-mail: kz.claims@bayer.com