Бенлиста (400 мг)

МНН: Белимумаб
Производитель: ГлаксоСмитКляйн Мэньюфэкчуринг С.п.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Belimumab
Номер регистрации в РК: № РК-БП-5№018915
Информация о регистрации в РК: 05.09.2017 - 05.09.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 209 072.86 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Бенлиста

Халықаралық патенттелмеген атауы

Белимумаб

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 120 мг және 400 мг

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат - 120 мг немесе 400 мг белимумаб,

қосымша заттар: лимон қышқылының моногидраты, натрий цитратының дигидраты, сахароза, полисорбат 80.

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік лиофилизат.

Қалпына келтірілген ерітінді: көрінетін бөлшектерден бос дерлік, түссізден ашық-сары түске дейін бозаңданатын ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Иммунодепрессанттар. Селективті иммунодепрессанттар. Белимумаб.

АТХ коды L04AA26

Фармакологиялық тобы

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Белимумаб көктамырішілік инфузия түрінде енгізіледі. Белимумабтың ең жоғары сарысулық концентрациясы инфузия соңында немесе ол аяқталғаннан кейін дереу байқалады. AUC (препарат концентрациясының уақытқа тәуелділік қисығы) зерттеуінің нәтижелері бойынша ең жоғары сарысулық концентрациясы (Сmax) 313 мкг/мл құрайды.

Таралуы

Белимумаб 5,29 л тең жалпы таралу көлемімен тіндерде таралады.

Метаболизмі

Белимумаб жорамалды метаболизм жолы кең таралған протеолитикалық ферменттерінің ұсақ пептидтерге және жекелеген амин қышқылдарына ыдырауынан тұратын ақуыз болып табылады. Препараттың биоөзгерісіне классикалық зерттеулер жүргізілмеген.

Шығарылуы

Сарысудағы белимумаб концентрациясының төмендеуі 1,75 күндік жартылай таралу кезеңімен және 19,4 күнге тең жартылай шығарылуының соңғы кезеңімен биэкспоненциальді сипат иеленеді. Жүйелі клиренсі тәулігіне 215 мл құрайды.

Дәрілермен өзара әрекеттесулері

Микофенолат мофетилін, азатиопринді, метотрексат пен гидроксихлорохинді қатарлас қолдану белимумаб фармакокинетикасына елеулі ықпал етпейді, бұл жөнінде популяциялық фармакокинетикалық талдау нәтижелері айғақтайды. Сондай-ақ, басқа дәрілік заттардың кең ауқымы (қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер, аспирин, ГМГ-КоА редуктаза тежегіштері) белимумаб фармакокинетикасына елеулі әсерін тигізбейді. Популяциялық фармакокинетикалық талдау жүргізгенде стероидтар мен АӨФ тежегіштерін қатарлас енгізу жүйелі клиренсінің статистикалық тұрғыда едәуір жоғарылауына апарады. Алайда бұл әсерлердің клиникалық мәні жоқ, өйткені ауытқулар шамасы клиренс көрсеткіштерінің табиғи өзгергіштігі шектерінде болады.

Емделушілердің ерекше топтары

Егде жастағы емделушілер

Белимумаб қолдану егде жастағы емделушілердің шектеулі тобында зерттелді. Зерттеулер аясында препаратты көктамыр ішіне қабылдаған жүйелі қызыл жегісі (ЖҚЖ) бар жалпы емделушілер қауымында популяциялық фармакокинетикалық талдау жасалғанда жас ерекшелігі белимумаб көрінісіне ықпалын тигізген жоқ. Алайда, 65 жастағы және одан үлкен емделушілердің аз санын ескерумен, жас ерекшелігінің ықпалы бары түпкілікті жоққа шығарылмайды.

Балалар мен жасөспірімдер

Балалар жасындағы емделушілердегі препараттың фармакокинетикасы жөнінде ақпарат жоқ.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар емделушілер

Бүйрек жеткіліксіздігінің белимумаб фармакокинетикасына әсер етуіне ресми зерттеулер жүргізілген жоқ. Клиникалық сынақтарда белимумаб ЖҚЖ және бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі < 60 мл/мин, соның ішінде креатинин клиренсі < 30 мл/мин емделушілердің аздаған саны) шектеулі тобында зерттелді. Протеинурия (≥ 2 г/тәулік) белимумаб клиренсінің жоғарылауына, ал креатинин клиренсінің азаюы оның төмендеуіне әкелсе де, бұл өзгерістер күтілімді өзгергіштік ауқымының шектерінде болды. Сондықтан, бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде дозаны ретке келтіру қажет емес.

Бауыр функциясының бұзылуы бар емделушілер

Бауыр жеткіліксіздігінің белимумаб фармакокинетикасына әсер етуін тексеруге арналған ресми зерттеулер жүргізілмеген. Белимумаб сияқты IgG1 молекулалары бауыр тінінде ғана болмайтын кең таралған протеолитикалық ферменттермен ыдырайды; сондықтан бауыр қызметінің өзгеруі, бәрінен бұрын, организмнен белимумабтың шығарылуына ықпалын тигізбейді.

Емделушілердің басқа сипаттамаларының фармакокинетикаға әсері

Емделушілердің жынысы, нәсілдік немесе этникалық ерекшелігі белимумаб фармакокинетикасына елеулі әсер еткен жоқ. Дене өлшемдеріне қарай белимумаб әсерінің өзгеруі дозаны дене салмағының негізінде есептеу арқылы ретке келтіріледі.

Фармакодинамикасы

Бенлиста (белимумаб) адамның ерігіш BLyS-мен айрықша байланысатын және оның биологиялық белсенділігін басатын IgG1 класының толық адамдық моноклональді антиденесі болып табылады.

BLyS (BAFF және TNFSF13 ретінде де белгілі) - ісік некрозы факторының (ІНФ) отбасылық лигандасына жататын В-лимфоциттер көтермелегіші, В-лимфоциттер апоптозын басады және иммуноглобулин өндіретін плазмалық жасушаларға В-лимфоциттердің дифференциялануын көтермелейді.

ЖҚЖ бар емделушілерде шамадан тыс BlyS экспрессиясы байқалады. ЖҚЖ белсенділік дәрежесі (қызыл жегі кезіндегі эстрогендер қауіпсіздігін Ұлттық бағалау - жүйелі қызыл жегінің белсенділік индексі [SELENA‑SLEDAI] негізінде) мен қан плазмасындағы BlyS деңгейі арасында күшті өзара тәуелді байланысы бар.

Иммуноглобулиннің молекулалық массасы ≈ 147кДа. Сүтқоректілер жасушаларын экспрессиялау жолымен рекомбинантты ДНҚ технологиясы бойынша өндіріледі.

Белимумаб В-лимфоциттермен тікелей емес, BlyS-пен байланысу есебімен жанаспалы байланысады. Бенлиста В-лимфоциттердің, соның ішінде аутореактивті клондардың тіршілік ету қабілетін басады, әрі иммуноглобулин өндіретін плазма жасушаларына В-лейкоциттер дифференциялануын төмендетеді.

Американдық ревматологтар коллегиясының жіктелу өлшемдерімен сәйкес клиникалық ЖҚЖ диагнозы бар 1,684 емделуші арасында III фазадағы екі рандомизирленген, екі есе жорамалды плацебо-бақыланатын зерттеулерде Бенлистаның тиімділігі зерттелді.

1 зерттеу (HGS1006-C1056) Солтүстік Америкада және Батыс Еуропада жүргізілді. 2 зерттеу (HGS1006-C1057) Оңтүстік Америкада, Шығыс Еуропада, Азияда және Австралияда жүргізілді. Зерттеулердің екеуі де зерттеу басталуынан 52 апта өте бере бағаланды.

Нәтижелер ЖҚЖ жауабының индексі бойынша белгіленді:

  • SELENA‑SLEDAI –жалпы ауру белсенділігін төмендетудің объективті шарасы ретінде;

  • BILAG – ағзалар жүйелері бойынша расталымды нашарлау болмауын қамтамасыз ету,

  • PGA – ауру бойынша жақсаруға жетудің емделушінің жалпы жай-күйінің есебінен емес екенінің кепілі.

    Белимумаб ЖҚЖ жауабы индексінің расталымды жақсаруына әкелді, сондай-ақ екі зерттеудегі SELENA‑SLEDAI индексінің жекелеген құрамдас бөліктері бойынша, кестеден қараңыз.

    Препарат қабылдаудың 52 аптасына қарай жауап деңгейі

    Жауап

    1 зерттеу

    2 зерттеу

    Біріктірілген 1 және 2 зерттеу

    Плацебо

    (n=275)

    Бенлиста

    10 мг/кг

    (n=273)

    Плацебо (n=287)

    Бенлиста

    10 мг/кг

    (n=290)

    Плацебо

    (n=562)

    Бенлиста

    10 мг/кг

    (n=563)

    ЖҚЖ жауап индексі

    33.8%

    43.2%

    (P=0.021

    43.6%

    57.6%

    (P=0.0006)

    38.8%

    50.6%

    (P<0.0001)

    ЖҚЖ жауап индексінің компоненттері

    SELENA‑

    SLEDAI 4 бойынша төмендеуі бар емделушілер %

    35.6%

    46.9%

    (P=0.006

    46.0%

    58.3%

    (P= 0.0024)

    40.9%

    52.8%

    (P<0.0001)

    BILAG индексі бойынша нашарлауы жоқ емделушілер %

    65.1%

    69.2%

    (P=0.32)

    73.2%

    81.4%

    (P=0.018)

    69.2%

    75.5%

    (P=0.019)

    PGA бойынша нашарлауы жоқ % емделушілер

    62.9%

    69.2%

    (P=0.13)

    69.3%

    79.7%

    (P=0.0048)

    66.2%

    74.6%

    (P=0.0017)

    Екі зерттеудің де жинақталған талдауында тәулігіне >7.5 мг преднизолон алатын емделушілердің пайызы (немесе оның баламасы) басында, кортикостероидтар дозасы, ең кем дегенде, 40-52 апта ішінде тәулігіне 7.5 мг преднизолонға баламалы болатын дозаға дейін бастапқысынан 25% төмендеп, Бенлиста тобында 17.9% және плацебо тобында 12.3% (P=0.0451) құрады.

    Жоғарылаған сарысулық IgG деңгейлерінің және екі тізбекті ДНҚ (анти-dsDNA) антиденелерінің 8-ші аптадан бастап төмендеуі байқалды және 52-ші аптаға дейін жалғасты. Зерттеу басталғанша Бенлиста мен плацебо алған гипергаммаглобулинемиясы бар емделушілерде IgG деңгейінің 52-ші аптаға қарай қалыптануы, тиісінше, 49% және 20% жағдайларда байқалды. Бенлиста тобындағы бастапқыда анти-дсДНҚ болған емделушілер арасында, бастапқы деңгеймен салыстырғанда, анти-дсДНҚ бар емделушілер санының азаюы байқалды; олардың санының азаюы 8-ші аптадан бастап анық болды, ал 52-ші аптада анти-дсДНҚ Бенлистамен ем алған 16% және плацебо алған 7% емделушілерде анықталмай қалды.

    Бастапқы комплемент деңгейі төмен емделушілерде Бенлиста препаратымен емдеу оның деңгейінің 4-ші аптадан бастап және одан кейінгі бүкіл кезең бойына жоғарылауымен қатар жүрді. 52-ші аптаға қарай С3 және С4 деңгейлері, плацебо алған 17% және 19% емделушілермен салыстырғанда, тиісінше, Бенлиста алған 38% және 44% емделушілерде қалыптанды.

    Есте сақтау жасушалары және иммундық жауап, антиденелер типіне қарай, антиденелер деңгейінің 52-ші аптаға қарай болымсыз төмендеуімен (25%-дан 37%-ға дейін) сақталады.

    Белимумаб нысанасы В-лимфоциттердің тірі қалуы, олардың дифференциялануы мен пролиферациясы үшін өлшеусіз маңызды BLyS, цитокин болып табылады. Бенлиста 8-ші аптадан бастап, айналымдағы белсенділігі жойылған және белсенділендірілген В-лимфоциттер, плазмалық жасушалар және жегілік В‑лимфоциттер субпопуляцияларының санын төмендетеді. Ауру белсенділігінің төмендеуі, глюкокортикостероидтарды қажетсінуі, өршулер қаупі, шаршаудың азаюы, комплемент пен иммуноглобулиндер деңгейлерінің қалыптануы, аутореактивті В-лимфоциттер және аутоантиденелер деңгейлерінің төмендеуі дәлелденген 52-ші аптада бұл жасушалардың едәуір төмендеуі байқалды.

    Клиникалық зерттеулер ауру белсенділігінің төмендеуімен, глюкокортикостероидтарды қажетсінумен, өршулер қаупімен, шаршаудың азаюымен, комплемент және иммуноглобулиндер деңгейлерінің қалыптануымен, аутореактивті В-лимфоциттер және аутоантиденелер деңгейлерінің төмендеуімен сипатталған Бенлистаның тиімділігін жария етті. Препараттың көтерімділігі, жұқпа жиілігінің және асқын сезімталдық реакцияларының орташа жоғарылауымен ғана ерекшелене отырып, плацебомен ұқсас болды.

    Иммуногенділігі

    Емделушілер препаратты 10 мг/кг және 1 мг/кг дозада алған III фазаның екі зерттеулерінде препаратты 10 мг/кг дозада алған 563 емделушінің (0,7%) 4-де және препаратты 1 мг/кг дозада алған топтағы 559 (4,8%) емделушінің 27-сінде белимумабқа персистирленетін антиденелердің түзілуі байқалды. 10 мг/кг доза алатын емделушілер тобындағы бұл құбылыстың жиілігі препараттың жоғары концентрацияларының болуымен анықтау әдістемесі сезімталдығының болжамды азаюының нәтижесінде төмен болады.

    Бейтараптандырғыш антиденелер препаратты 1 мг/кг дозада қабылдаған үш емделушіде байқалған. Алайда белимумабқа антиденелердің түзілуі салыстырмалы түрде сирек кездесті, сондықтан антиденелері бар емделушілердің аз сандылығының салдарынан иммуногенділіктің белимумаб фармакокинетикасына ықпал етуіне қатысты қандай да бір белгілі болған қорытындылар жасалмайды.

Қолданылуы

- ауру белсенділігінің дәрежесі жоғары және стандартты ем аясындағы аутоантиденелері бар ересек емделушілердегі жүйелі қызыл жегінің қосымша емінде (анти-дс ДНҚ титрі жоғары және комплимент деңгейі төмен)

Қолдану тәсілі және дозалары

Бенлиста препаратын қолдануды ЖҚЖ бар емделушілерге диагностика жүргізу мен енгізу тәжірибесі бар дәрігер жүргізуі тиіс. Препаратты енгізуді дәрілік заттарды инфузиялық енгізу саласындағы білікті маман жүзеге асыруы тиіс. Бенлиста препаратын енгізу препаратты енгізуге байланысты реакциялар, кейбір жағдайларда – инфузия басталғаннан кейін бірнеше сағаттан соң дамуы ықтимал өліммен аяқталуға дейінгі айқын дәрежедегі аса жоғары сезімталдық реакциялары дамуына әкелуі мүмкін. Препаратты қайталап енгізуге емделушіні қайталану нысанына байқау қажет. Бенлиста препаратының инфузиясы анафилаксияны қоса, енгізілген препаратқа реакция дамуы жағдайында жәрдем көрсетуге қажетті нәрсенің бәрімен жарақталған кабинетте жүргізілуі тиіс. Инфузия аяқталғаннан кейін, енгізуге қатысты кейінге қалған жағымсыз реакциялар дамуын ескере отырып, емделушілер кем дегенде 2 сағат дәрігердің бақылауында қалулары тиіс.

Бенлиста препаратын қабылдайтын емделушілер ауыр немесе өмірге қауіп төндіретін аса жоғары сезімталдық немесе кейінге қалған жағымсыз реакциялар дамуының ықтимал қаупі немесе препаратты қайта енгізуге қайталанулар дамуы мүмкіндігі туралы ақпараттанған болуы тиіс. Бенлиста препаратын тағайындаған кезде медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық әрқашан емделушіде болуы тиіс.

Бенлиста препаратын айқын дәрежелі жегілік нефрит және этиологиясы жегілік орталық жүйке жүйесі зақымдануы бар емделушілерде қолданылуы туралы жеткілікті деректер жоқ, сондықтан Бенлиста препараты мұндай емделушілерде қолдануға ұсынылмайды.

Ересектер

Ұсынылатын Бенлиста препараты дозасы кесте бойынша 0, 14-ші және 28-ші күндері және ары қарай 4 апта сайын 1 рет 10 мг/кг құрайды. Емделушінің жай-күйі бүкіл емдеу курсы бойы бағалануы тиіс. Жүргізілген емге жауап болмағанда препаратты 6 ай қолданып болғаннан кейін Бенлистаны тоқтату туралы мәселе қарастырылуы тиіс.

Қолданылуы жөніндегі нұсқаулық

Бенлиста препараты инфузиясының алдында қызу түсіретін дәріні бірге немесе онсыз ішуге арналған гистаминге қарсы дәріні қолданумен премедикация жасауға болады.

Бенлиста препараты көктамыр ішіне тамшылатып енгізіледі. Препарат көктамыр ішіне сорғалатып немесе көктамыр ішіне болюсті енгізілмеуі тиіс!

Енгізер алдында лиофилизатты қалпына келтіріп (ерітіп), сұйылту қажет.

Бенлиста препаратының құрамында консерванттар жоқ, сондықтан препаратты еріту және ары қарай сұйылту асептикалық жағдайларда атқарылуы тиіс.

Тоңазытқыштан шығарғаннан кейін құтыны бөлме температурасы жағдайында 10-15 минут қойып қойыңыз.

80 мг/мл белимумабтың түпкілікті концентрациясына жету үшін бір рет қолданылатын құтыдағы 120 мг препаратты инъекцияға арналған 1,5 мл стерильді суда еріту қажет.

80 мг/мл белимумабтың түпкілікті концентрациясына жету үшін бір рет қолданылатын құтыдағы 400 мг препаратты инъекцияға арналған 4,8 мл стерильді суда еріту қажет.

Көпіршік түзілуін барынша азайту үшін инъекцияға арналған судың ағынын құтының қабырғасына бағыттау қажет. Бөлме температурасы жағдайында құтының ішіндегісін 60 секундтай шеңберлі қимылдармен ұқыпты араластырған дұрыс. Содан кейін құтыны тік қалыпта орналастырып, 5 минут қалдыру қажет, сосын құтының ішіндегісін 60 секундтай қайта араластырып, құтыны тағы 5 минут тік қалпында қалдыру қажет. Құтының ішіндегісін араластырудың және сақтап қоюдың сипатталған шараларын лиофилизат толық еріп кеткенше қайталайды. Құтыны сілкімеңіз!

Еріту үдерісі, әдетте, стерильді су қосқаннан кейін 10-нан 15 минутқа дейін уақыт алады, бірақ 30 минутқа дейін де созылуы мүмкін. Алынған ерітіндіні тікелей түсетін күн сәулесінен қорғаңыз.

Егер лиофилизатты еріту үшін механикалық құрылғы пайдаланылса, айналдыру жылдамдығы минутына 500 айналымнан аспауы тиіс, құтыны айналдыру уақыты 30 минуттан аспауы тиіс.

Қалыпқа келтірілген ерітінді көзге көрінетін бөлшектерден бос дерлік түссізден ашық-сары түске дейін бозаңданатын ерітінді болуы тиіс. Ерітіндіде ауаның ұсақ көпіршіктері бола береді.

Алынған ерітінді көктамырішілік инфузияларға арналған 0,9% физиологиялық ерітіндімен 250 мл көлемге дейін сұйылтылады.

Көктамырішілік енгізуге арналған 5% глюкоза/декстроза ерітіндісі Бенлистамен үйлеспейді, сондықтан да пайдаланылмауы тиіс.

250 мл физиологиялық ерітіндісі бар инфузиялық ыдыстан бір емделушіге

есептелген препарат дозасын енгізу үшін қажет болатын белимумаб ерітіндісінің көлеміне тең көлемді шығарып алыңыз. Сонан соң осы инфузияға арналған ыдысқа Бенлистаның алынған ерітіндісінің қажетті көлемін қосыңыз. Ерітіндіні араластыру үшін ыдысты ұқыпты аударып-төңкеріңіз. Құтылардағы пайдаланылмаған ерітіндінің қалдықтары жергілікті талаптарға сай жойылуы тиіс.

Пайдаланар алдында ерітіндінің ерімеген бөлшектерінің бар-жоғы немесе реңінің сәйкессіздігі тұрғысынан ерітіндіні қарап тексеріңіз. Егер оның ерімеген бөлшектері болса немесе ерітінді түсінің өзгерісі байқалса, ерітіндіні жойыңыз.

Егер препарат ерітіндісі бірден пайдаланылмаған болса, ол тіке түсетін күн сәулесінен қорғалып, тоңазытқышта 2C-ден 8C-ге дейінгі температурада 8 сағаттан асырмай сақталуы тиіс.

Физиологиялық ерітіндіде сұйылтылған препарат 2C-ден 8C-ге дейінгі температурада немесе бөлме температурасында да 8 сағаттан асырмай сақталуы тиіс.

Препаратты сұйылтудан бастап инфузияның аяқталуына дейінгі жалпы уақыт 8 сағаттан аспауы тиіс.

Бенлиста инфузиясы 1 сағат ішінде атқарылуы тиіс.

Бенлиста басқа препараттармен бірге көктамыр ішіне енгізуге арналған бір жүйе арқылы бір мезгілде енгізілмеуі тиіс.

Бенлиста препаратын көктамыр ішіне сорғалатып енгізуге болмайды.

Емделушіде инфузиялық реакциялар пайда болғанда енгізу жылдамдығын азайтуға болады немесе препаратты енгізуді тоқтата тұруға болады. Егер емделушіде өмірге зор қатер төндіретін реакция дамыса, инфузияны дереу үзу керек.

Емделушілердің ерекше топтары

Балалар

Бенлистаны 18 жасқа толмаған емделушілерде қолдану зерттелмеген. Осы жас тобындағы емделушілерде Бенлистаның қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде деректер жоқ.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілерде препаратты қолдану жөніндегі деректердің шектеулі екеніне қарамастан, дозаға реттеу жүргізу ұсынылмайды.

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерді емдеу үшін Бенлистаны пайдалануға ресми зерттеулер жүргізілмеген.

Бенлиста әсерін зерттеу ЖҚЖ және бүйрек жеткіліксіздігінің құбылыстары бар емделушілердің шектеулі тобында жүргізілді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерді емдеу үшін дозаны реттеу қажет емес.

Бауыр функциясы бұзылған емделушілер

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерді емдеу үшін Бенлистаны қолдануға ресми зерттеулер жүргізілмеген. Алайда, бәрінен анығы, бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде препаратты қолданғанда дозаны реттеу қажет болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Мәліметтер ЖҚЖ бар 674 емделушінің клиникалық зерттеулердің нәтижесінде алынған, оның 472-сі Бенлиста препаратын 52 аптадан астам уақыт 10 мг/кг дозада кесте бойынша 0, 14, 28 күн және ары қарай – 52 апта ішінде 4 апта сайын 1 рет қабылдаған. Төменде келтірілген жағымсыз құбылыстар анатомиялық-физиологиялық жіктелуіне және кездесу жиілігіне қарай тізіп көрсетілген. Кездесу жиілігі төмендегіше анықталады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 және <1/10), жиі емес (≥1/1 000 және <1/100), сирек (≥1/10 000 және <1/1 000), өте сирек (<1/10 000, жекелеген жағдайларды қоса). Жиілік санаттары препаратты клиникалық зерттеулердің негізінде қалыптастырылған.

Өте жиі

- диарея, жүрек айнуы

- жұқпалар (оппортунистік емес)

Зерттеулерде анықталған жұқпалардың жалпы пайызы белимумабты қабылдаған топта 70 %-ды, және плацебо қабылдаған топта - 67 % құраған. Белимумабты қабылдаған топтардың 3 %-ында және, плацебо қабылдаған емделушілердің 1 %-ында дамыған жұқпалар назофарингит, фарингит, бронхит, цистит, гастроэнтерит сияқты болған. Күрделі жұқпалы аурулар екі топтағы емделушілердің 5 %-ында дамыған.

Жиі

- асқазан-ішектік вирустық жұқпалар, назофарингит, фарингит

- лейкопения

Плацебо тобындағы емделушілердің 2 %-ында және белимумаб тобындағы емделушілердің 4 %-ында туындаған.

- депрессия, ұйқысыздық, бас сақинасы

Ұйқысыздық белимумаб тобындағы емделушілердің 7 %-ында және 5 % - плацебо тобында; депрессия белимумаб тобының 5 %-ында және 4 % - плацебо тобында байқалған.

- аяқтардың ауыруы

- аса жоғары сезімталдық реакциялары (гипотензия, тамыр ісінуі, есекжем, бөртпе, қышыну, ентігу), инфузиялық реакциялар (брадикардия, миалгия, бас ауыруы, бөртпе, есекжем, қызба, гипотензия, гипертензия, бас айналуы, артралгия)

Симптоматикасының ұқсастығына байланысты, аса жоғары сезімталдық реакциялары мен инфузиялық реакциялар арасында салыстырмалы диагностика жүргізу қиын. Препаратты толығымен тоқтатуды қажет еткен аса жоғары сезімталдықтың клиникалық маңызды реакциялары белимумабты қабылдаған емделушілердің 0.4 %-ында байқалған, олар көбінесе инфузия жүргізілген күні болған, сондай-ақ келесі күні де туындаған. Сыртартқысында дәрілік препараттарға көптеген аллергиялық реакциялары бар емделушілерде қауіп жоғары болуы мүмкін. Препаратты енгізген сәттен бірнеше сағат өткеннен кейін жедел аса жоғары сезімталдық реакциялары дамуы, сондай-ақ алдын-ала аса жоғары сезімталдық реакциясының салдарыларын жойғаннан кейін Бенлиста препаратын қайта тағайындаған кезде клиникалық маңызды симптомдары қайта жаңғыруы мүмкін. Бөртпе, жүрек айнуы, шаршау, миалгия, бас ауыруы, бет аймағының ісінуі сияқты кейіннен баяу өрбитін аса жоғары сезімталдық реакциялары дамуы мүмкін.

- қызба

Жиі емес

- анафилактикалық реакциялар, ангионевротикалық ісіну

- бөртпе, есекжем

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- сыртартқыда белимумабқа немесе препараттың қандай да бір компонентіне аса жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бенлистаның басқа препараттармен дәрілік өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ.

Клиникалық сынақтарда ЖҚЖ бар емделушілерде микофенолат мофетилін, азатиопринді, гидроксихлорохинді, метотрексатты, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды, аспирин мен ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерін бір мезгілде тағайындау белимумаб әсеріне елеулі ықпалын тигізген жоқ.

Үйлесімсіздігі

Бенлиста препараты 5% глюкоза/декстроза ерітіндісімен үйлесімсіз.

Айрықша нұсқаулар

Бенлистаны жегілік нефрит дәрежесі айқын және белсенді фазадағы этиологиясы жегілік орталық жүйке жүйесін зақымдаған емделушілерде, АИВ бар емделушілерде; В немесе С гепатитінен зардап шегетін емделушілерде, сондай-ақ бұрын В немесе С гепатитін өткерген емделушілер; гипогаммаглобулинемиясы (IgG < 400 мг/дл) және IgA тапшылығы (IgA<10 мг/дл) бар емделушілерде қолдану жөнінде жеткілікті деректер жоқ; діңдік жасушалар, сүйек кемігі немесе бүйрек трансплантациясы мен алмастыру болған емделушілерге соған орай осы патология кезінде Бенлиста препаратын қабылдау ұсынылмайды.

Препаратты келесі жағдайларда абайлап тағайындау керек:

В-лимфоциттер белсенділігін мақсатты бәсеңдететін препараттармен және циклофосфамидпен бір мезгілде қолдану

Бенлистаны В-лимфоциттер белсенділігін мақсатты түрде басатын басқа препараттармен немесе көктамырішілік циклофосфамидпен бір мезгілде қолдану зерттелмеген. Бенлистамен немесе В-лимфоциттер белсенділігін басатын басқа препараттармен, немесе циклофосфамидпен бір мезгілде емдегенде сақтық шарасын қадағалау керек.

Инфузиялық реакциялар және асқын сезімталдық реакциялары

Бенлиста препаратын енгізу препаратты енгізумен байланысты реакцияларға және кейбір жағдайларда – өліммен аяқталуға дейін апаратын айқын дәрежелі асқын сезімталдық реакцияларының дамуына әкеледі. Бенлистаны енгізуге ауыр реакция дамыған жағдайда оны үзіп, тиісті дәрі-дәрмекпен емдеу тағайындау қажет. Дәрілік препараттарға көптеген аллергиясы бар емделушілерде асқын сезімталдық реакцияларының даму қаупі жоғары екенін ескеру керек.

Бенлиста препараты инфузиясы алдында қызу түсіретін дәріні қолданумен немесе онсыз ішуге арналған гистаминге қарсы дәріні қолданумен премедикация жасауға болады. Алайда премедикация жүргізген кезде асқын сезімталдық реакциясының даму жиілігінің төмендеу кепілдігіне мүмкіндік беретін нақты деректер жоқ. Клиникалық зерттеулер деректері бойынша, препаратты енгізумен байланысты күрделі реакциялар және асқын сезімталдық реакциялары 1%-дан да аз емделушілерде дамыды және анафилактикалық реакцияларды, брадикардияны, гипотензияны, ангионевротикалық ісінуді және ентігуді қамтыды. Инфузиялық реакциялар алғашқы екі инфузия жасау кезінде жиі дамыды, әр келесі инфузия сайын реакциялар санының азаю үрдісі білінді, бірақ асқын сезімталдықтың жедел реакцияларының дамуы түріндегі кейіннен біліну жағдайлары да байқалды. Сондықтан, емделушілер инфузия жүргізгеннен кейін қажетті уақытта медициналық бақылауды қалулары тиіс.

Бенлиста қабылдайтын емделушілер ауыр немесе өмірге қатер төндіретін асқын сезімталдық реакцияларының ықтималды даму қаупі, олардың белгілері мен симптомдары, олардың препаратты қайталап енгізгенде болатын қайталанулары, сондай ақ осы реакциялардың дамуы туралы дәрігерге дереу хабарлаудың маңыздылығы жөнінде хабардар болулары тиіс.

Бөртпе, жүрек айну, шаршау, миалгия, бас ауыру, бет аймағының ісінуі секілді кейінге қалған жеделге жуық реакциялары дамуы мүмкін. Жұқпалардың даму қаупі

Басқа иммунитет модуляциялайтын дәрілер жағдайындағыдай, Бенлиста препаратының әсер ету механизмі жұқпаның ықтималды даму қаупін арттыра алады. Бенлистамен емдеу кезінде жұқпалы ауруы дамыған емделушілерді мұқият қадағалау керек. Дәрігерлер созылмалы жұқпалары бар емделушілерге Бенлистаны тағайындаған кезде сақ болғаны дұрыс. Созылмалы жұқпасына орай ем алған емделушілерге Бенлиста препаратымен емді бастамау керек.

Үдемелі шағын ошақты лейкоэнцефалопатия (ҮШОМ)

Иммуносупрессивті ем алатын белимумабты қоса, ЖҚЖ ауруы бар емделушілерде өліммен аяқталатын жағдайларды қоса алғанда, неврологиялық жеткіліксіздікке әкелетін үдемелі шағын ошақты лейкоэнцефалопатия даму жағдайлары анықталған. ҮШОМ диагнозы неврологиялық белгілер мен симптомдары алғаш туындаған барлық емделушілерде немесе болған белгілер нашарлағанда қаралуы тиіс. Болған симптомдарды бағалау үшін емделушілер невропатолог немесе басқа да ұқсас маманға жіберілуі тиіс, ҮШОМ диагнозын растау жағдайында Бенлиста препаратын қоса, иммуносупрессивті емді тоқтату туралы мәселені қарастыру қажет.

Қатерлі ісіктердің пайда болу қаупі

Басқа иммунитет модуляциялайтын дәрілер жағдайындағыдай, Бенлиста препаратының әсер ету механизмі қатерлі ісіктердің ықтималды даму қаупін арттыра алады. Клиникалық зерттеулерде Бенлиста препаратымен ем алатын топтарда және плацебо алатын топтарда қатерлі ісіктер дәрежесіндегі айырмашылықтар болған жоқ.

Иммунизациялау

Бенлиста препаратымен емдеуге дейін 30 күн бұрын және онымен емдеу кезінде тірі вакциналармен вакцинация жасауға болмайды, өйткені осындай қосылымның клиникалық қауіпсіздігі анықталған жоқ. Бенлиста препаратын алатын емделушілерге вакцинация алатын тұлғалардан жұқпаның салдарлы берілуі жөнінде деректер жоқ. Өзінің әсер ету механизмінің күшіне қарай, Бенлиста препараты иммунизацияға берілетін жауапты бұзуы мүмкін. Бенлиста препаратын алатын емделушілердегі вакцинацияның тиімділігі белгісіз. Онша көп емес деректер Бенлиста препаратын тағайындауға дейін жүргізілген иммунизация кезінде қорғағыш иммундық жауапты сақтап тұру қабілетіне Бенлиста препараты болымсыз әсер етеді деп жорамалдауға мүмкіндік береді.

Фертилділік

Бенлиста препаратының фертилділік функциясына әсері туралы деректер жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Бенлиста препаратын жүкті әйелдерде пайдалану жөнінде деректер шектеулі; ресми зерттеулер жүргізілген жоқ. G иммуноглобулиніне (IgG) антиденелер, соның ішінде белимумаб плаценталық бөгет арқылы өтеді. Бенлиста препаратын жүктілік кезінде ана үшін күтілетін пайдасы ұрыққа төнетін ықтималды қауіптен артық болатын жағдайларда ғана тағайындау керек.

Бала көтеру жасындағы әйелдер Бенлиста препаратымен емдеу кезінде жүктіліктен сақтану шараларын қадағалау керек. Бенлистаны қолдану кезінде және, кем дегенде, препаратты соңғы енгізуден кейін 4 ай ішінде контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалану керек.

Бенлиста препаратының әйелдерде сүтпен бөлінуіне немесе емізгеннен кейін сәби ішегінен жүйелі қан ағымына сіңуіне қатысты деректер жоқ.

Бенлиста препаратын лактация кезінде пайдалану қауіпсіздігі анықталмаған. Ананың антиденелері емшек сүтімен бөлінетіндіктен, бала емізу немесе Бенлиста препараты емін тоқтату жөніндегі мәселені шешкен кезде сәби үшін емшекпен қоректендірудің және ана үшін препарат қабылдаудың маңыздылығын ескеру қажет.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бенлиста препаратының автокөлік жүргізу немесе механикалық заттарды басқару қабілетіне әсер етуіне зерттеулер жүргізілмеген. Бенлиста препаратының фармакологиялық сипаттамалары оның осындай қызмет түрлерін атқару қабілетіне теріс ықпалын тигізбейді деп санауға негіз береді.

Емделушінің жоғары зейін шоғырландыру, күрделі қозғалыс және когнитивтік біліктіліктерін талап ететін міндеттерді орындау қабілеті жөніндегі мәселені қарастырғанда емделушінің клиникалық жай-күйін және Бенлиста препаратының қауіпсіздік профилін ескеру қажет.

Артық дозалануы

Клиникалық тәжірибеде Бенлиста препаратының артық дозаланған жағдайлары байқалған жоқ. 21 күндік аралықпен препараттың 20 мг/кг екі дозасын көктамырішілік инфузиялар түрінде алған емделушілерде, препаратты әр кг дене салмағына 1, 4 немесе 10 мг дозаларда алған емделушілермен салыстырғанда, жағымсыз реакциялар жиілігінің немесе ауырлығының артуы байқалған жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 120 мг немесе 400 мг.

120 мг препараттан мөлдір түссіз шыныдан жасалған көлемі 5 мл құтыға немесе 400 мг препараттан көлемі 20 мл құтыға құяды (I тип, ЕФ немесе АҚШФ).

Көлемі 5 мл әр құты каучук бутилді тығынмен тығыздалған, алюминий қалпақшамен қаусырылған және өздігінен жұлып алынатын күңгірт-сұр түсті пластик құрылғымен жабдықталған.

Көлемі 20 мл әрбір құты каучук бутилді тығынмен тығыздалған, алюминий қалпақшамен қаусырылған және өздігінен жұлып алынатын ақ түсті пластик құрылғымен жабдықталған.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Ашылмаған қаптамасы: жарықтан қорғалған жерде, 2C-ден 8ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды. Түпнұсқалық қаптамада сақтау керек.

Қалпына келтірілген ерітінді: 8 сағаттан артық емес. Инъекцияға арналған сумен сұйылтқан кезде 2C-ден 8C-ге дейінгі температурада, физиологиялық ерітіндімен сұйылтқан кезде не бөлме температурасында, не 2C-ден 8C-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Тасымалдануы: 2ºС-ден 8ºС-ге дейінгі температурада.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

ГлаксоСмитКляйн Мэньюфэкчуринг С.п.А., Италия

Strada Provinciale Asolana, 90, San Polo Di Torrile, 43056, Parma, Italy

Қаптаушы

ГлаксоСмитКляйн Мэньюфэкчуринг С.п.А., Италия

Strada Provinciale Asolana, 90, San Polo Di Torrile, 43056, Parma, Italy

Тіркеу куәлігінің иесі

Глаксо Групп Лтд., Ұлыбритания

980 Great West Road, Brentford, Middlesex, TW8 9GS, UK

Бенлиста ГлаксоСмитКляйн компания тобының лицензиясы бойынша Human Genome Sciences, Inc.-тің тіркелген сауда белгісі болып табылады.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ГлаксоСмитКляйн Экспорт Лтд Қазақстандағы өкілдігі

050059, Алматы қ., Фурманов к-сі, 273

Телефон нөмірі: +7 7019908566, +7 727 258 28 92, +7 727 259 09 96

Факс нөмірі: + 7 727 258 28 90

Электронды поштасы: kaz.med@gsk.com

 

Прикрепленные файлы

961969601477977107_ru.doc 135.5 кб
172918711477978272_kz.doc 183.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники