Бензилбензоат
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Бензилбензоат
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған эмульсия 20% 50 г және 100 г
Құрамы
100 г эмульсияның құрамында
белсенді зат - 20 г бензилбензоат,
қосымша заттар: эмульгатор Т-2, көк немесе кір сабын, сусабын, тазартылған су
Сипаттамасы
Әлсіз өзіне тән иісі бар ақ түсті эмульсия. Эмульсияның қатпарлануына жол беріледі, олар шайқағанда жойылады
Фармакотерапиялық тобы
Эктопаразиттерді жоюға арналған препараттар (қотыр кенесі, инсектицидтерді, репелленттерді қоса). Эктопаразиттерді жоюға арналған препараттар (қотыр кенесін қоса). Эктопаразиттерді жоюға арналған басқа да препараттар. Бензил бензоат.
АТХ коды Р03А Х01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Эпидермистің жоғарғы қабатына өтеді, жүйелі қан ағысына сіңбейді.
Фармакодинамикасы
Инсектицидтік дәрі. Хитин жабындары арқылы өтеді және эктопаразиттер организмінде балаңқұрттар мен ересек құрттардың өлуін тудыра отырып,
уытты концентрацияларда жинақталады; жұмыртқаларына әсер етпейді.
Кенелердің өлуі 7-32 минуттан кейін басталады.
Қолданылуы
- қотырда
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа, жергілікті (қолданар алдында шайқау керек). 3-тен 5 жасқа дейінгі балалар үшін препаратты қайнаған сумен 1:1 арақатынаста сұйылту керек.
Қотырды емдеу. Эмульсияны қолданар алдында душ қабылдау қажет. Эмульсияны бетті және бастың шашты бөліктерін қоспағанда, бүкіл денеге тампонмен (жаққышпен де болады) жағады (әсіресе білезік тұсына, қолтыққа, санға, шап аймағына, тырнақтарға, қол саусақтары мен аяқ башпайлары арасындағы бөліктерге, табанға мұқият жағу). Эмульсияның кебуіне (әдетте жылы бөлмеде 10 мин) мүмкіндік береді. Эмульсия кепкеннен кейін таза іш киім киеді. Өңдегеннен кейін қол 3 сағат бойы жуылмауы керек. Іш киімдер мен төсек жаймаларын өңдеудің алдында және емдеудің үшінші күнінен кейін ауыстырады.
Эмульсияны мұқият жаққан кезде әдетте теріні бір өңдеу жеткілікті. Содан кейінгі 3 күн бойы қайталап өңдеу қалдық инвазия болуы ықтималдығын төмендетеді. Қайталама инвазияның алдын алу үшін отбасының бірге тұратын мүшелерін, сондай-ақ қарым-қатынаста болатын адамдарды бір мезгілде емдеу қажет. Эмульсия қоюланғанда құтыны немесе жылы суы бар (40 0С аспайтын) ыдыста контейнерді абайлап жылыту керек.
Жағымсыз әсерлері
- терінің тітіркенуі
- терінің қызаруы
- қысқа мерзімдік ашытып шымылдатуды сезіну
- қышыну
- препаратпен өңделетін тері бөлігінің құрғауы
- аллергиялық реакциялар
Айқын жағымсыз әсерлерінің дамуы кезінде сабынның көмегімен препаратты дереу жуып тастау керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- жүктілік және лактация кезеңі
- 3 жасқа дейінгі балалар
- терінің зақымдануы
- терінің іріңді аурулары
- препарат компоненттерін дербес көтере алмаушылық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Сипатталмаған
Айрықша нұсқаулар
Препараттың көзге және шырышты қабықтарға тиюіне жол бермеу керек.
Препарат көзге тиген кезде:
-
сумен немесе 1% натрий гидрокарбонаты ерітіндісімен мұқият жуу керек; көз шырышты қабығының тітіркенуі кезінде 30% альбуцид ерітіндісін, ауырғанда – 2% новокаин ерітіндісін тамызады;
препарат ауызға тиген кезде:
-
ауызды сумен немесе 2% натрий гидрокарбонаты ерітіндісімен шаю керек;
препарат асқазанға түскен кезде:
-
препаратты кездейсоқ ішке қабылдап қойғанда дереу дәрігерге қаралған
жөн.
Емдеу курсы аяқталғаннан кейін 2 апта бойы (асқынулар болғанда – одан да көп) дәрігердің бақылауы қажет.
Бір ошақта науқастарды, сондай-ақ қарым-қатынаста болатын адамдарды емдеу бір мезгілде жүргізілуі тиіс. Пиодермиттер, экзема түріндегі асқынуларды қотырмен бір мезгілде емдеген және оны жойғаннан кейін жалғастырған жөн. Қотырды емдеуді бастаудың алдында науқас душ қабылдағаны дұрыс, бұл кенелерді тері беткейінен механикалық жоюға, сондай-ақ эпидермистің беткейлік қабаты босауына (препараттың енуін жеңілдету үшін) керек.
Мәжбүрлі әрбір қол жуудан кейін оны қайтадан өңдеу қажет.
Іш киім мен төсек жаймаларына, сыртқы және бас киімдерге міндетті түрде өңдеу жүргізу керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды. Емдеу кезеңінде бала емізуді тоқтату қажет.
Педиатрияда қолдану
Препаратты 3 жасқа дейінгілерге тағайындау ұсынылмайды. 3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға қолдану үшін препаратты қайнаған сумен 1:1 арақатынаста сұйылту керек. Балаларды емдеу дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автокөлікті басқару немесе күрделі механизмдермен жұмыс кезіндегі реакция жылдамдығына әсер етпейді.
Артық дозалануы
Препараттың жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін, несеп шығарудың қиындауы, жанаспалы дерматит, кенеттен естен тану, балаларда – құрысулар.
Емі: симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
50 г немесе 100 г препараттан бұрандалы пластмасса қақпағы бар, тығынмен тығындалған шыныдан жасалған құтыларға салынған.
Құтыға заттаңба жекелей жапсырылады.
Әр құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
15 0С-ден 25 0С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
"Луганск химико-фармацевтикалық зауыты" ЖАҚ, 91019, Украина, Луганск қ., Киров к-сі, 17.
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
"Луганск химико-фармацевтикалық зауыты" ЖАҚ, Украина, Луганск қ., Киров к-сі, 17.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Тлеубергенова Г.С. ЖК, 010000, Ақмола обл., Астана қ.,
Бозінген к-сі 8 үйaldokinakbar@mail.ru