Бензилбензоат Гриндекс

МНН: Бензилбензоат
Производитель: Таллиннский фармацевтический завод АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Benzyl benzoate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004170
Информация о регистрации в РК: 06.06.2017 - 06.06.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 217.35 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

БЕНЗИЛБЕНЗОАТ ГРИНДЕКС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 200 мг/г 30 г жақпамай

Құрамы

1 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат – 200 мг бензилбензоат,

қосымша заттар: полисорбат-80, карбомер, натрий гидроксиді, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, бронопол, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, түсі ақ немесе ақ дерлік жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Эктопаразиттерді жоюға арналған басқа да препараттар (оның ішінде қотыр кенесі)

АТЖ коды Р03АХ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бензилбензоатты жергілікті қолданғанда эпидермистің жоғары қабатына өтеді, қанға сіңбейді. Бензилбензоат метаболизм үдерісінде бензил спиртіне айналады, ал ол одан әрі глицинмен өзара әрекеттесетін және организмнен гиппур қышқылы түрінде бөлініп шығатын бензой қышқылына метаболизденеді.

Фармакодинамикасы

Сыртқа қолдануға арналған паразиттерге қарсы препарат. Қотыр кенесіне (Acarus scabiei) және биттің барлық түріне (биттер 2-5 сағ кейін, кенелер - 7-32 мин кейін өле бастайды) қатысты уытты әсері бар. Препараттың белсенді заты – бензилбензоат - бензой қышқылының бензил эфирі болып табылады, қотыр кенесінің хитин жабындысы арқылы өтіп, олардың организмінде уыттылық концентрациясында жинақталады, сонысымен жүйке жүйесіне әсер ету арқылы ересек түрлері мен балаңқұрттардың өлуін туғызады. Препарат қотыр кенесінің жұмыртқасына әсер етпейді.

Бензилбензоаттың әлсіз жансыздандыратын әсері бар.

Қолданылуы

- қотырда

Қолдану тәсілі және дозалары

Қотырды емдегенде жақпамайды жуғаннан кейін тәулігіне 1 рет түнге қарай, бет пен бастың шашты бөлігін қоспағанда, бүкіл дене терісіне жағады. Жақпамайды қолмен жағады және қолды таңға дейін жумайды (қолды жуған жағдайда жақпамаймен қайта өңдеу керек). 4-ші күні жақпамайды қайталап жағады. 5-ші күні жуыну, іш киімді және төсек-орынды ауыстыру тағайындалады. Бір ысқылап жағуға 30-40 г, емдеу курсына- 60-80 г жақпамай кетеді.

Жағымсыз әсері

- аллергиялық реакциялар (терінің тітіркенуі, ашыту сезімі)

- жанаспалы дерматит

Жақпамайды теріге жаққанда бірнеше минуттан кейін қайтатын шымылдату сезімін тудыруы мүмкін. Егер шымылдату сезімі қоймаса, терідегі жақпамайды сүртіп, тазарту керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- жақпамайдың құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік, лактация кезеңі

- 3 жасқа дейінгі балаларға

Препаратты қабынған немесе зақымданған теріге, дененің суланып тұрған орындарына, көзге және шырышты қабықтарына жағуға болмайды.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Тітіркенуді болдырмау үшін жақпамайдың көзге және шырышты қабықтарға тимеуін қадағалау қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік жүргізу мен техникалық қондырғылармен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Симптомдары: жақпамайды абайламай жұтып немесе оны көп мөлшерде жағып қойғанда орталық жүйке жүйесінің стимуляциясы (құрысулар) және несеп бөлінудің кідірісі болуы мүмкін.

Емі симптоматикалық. Теріні жақпамайдан тазарту керек, жұтып қойған жағдайда белсенділендірілген көмірді пайдаланып, асқазанды шаю қажет. Қажет болған жағдайда құрысуға қарсы дәрілер қолданылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г алюминий сықпада. Сықпаны медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2,5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Таллинн фармацевтикалық зауыты АҚ. Тонди 33, 11316 Таллинн, Эстония

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Гриндекс» АҚ, Латвия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Гриндекс» АҚ өкілдігі

Алматы қ., Достық даңғ., 63-65/13 Шевченко көш. бұрышы

т./ф. 291-88-77, 291-13-84

эл. пошта: grindeks.azia.kz@mail.ru

 

 

 

4

 

Прикрепленные файлы

816048241477977087_ru.doc 49.5 кб
041670611477978261_kz.doc 52 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники