БенеФикс® (500 МЕ)

МНН: Нонаког альфа
Производитель: Вайет Фарма С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Nonacog alfa
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021015
Информация о регистрации в РК: 01.10.2019 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 115 396.05 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

БенеФикс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Нонаког альфа

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ 250 ХБ, 500 ХБ, 1000 ХБ, 2000 ХБ,  5 мл еріткішпен жиынтықта 

Құрамы

Препараттың бір құтысының ішінде

белсенді зат – 276.0 ХБ, 552.0 ХБ, 1100 ХБ, 2200 ХБ нонаког альфа, тиісінше, бұл 250 ХБ, 500 ХБ, 1000 ХБ, 2000 ХБ сәйкес.

қосымша заттар: L-гистидин, глицин, сахароза, полисорбат 80, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.

Еріткіштің бір ампуласының ішінде: натрий хлориді, 5.1 мл дейінгі инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Препарат: ақ түсті ұнтақ немесе лиофилизацияланған масса.

Еріткіш: механикалық қосылыстардан бос дерлік мөлдір, түссіз сұйықтық.

Қалпына келтірілген ерітінді – түссіз, мөлдір, көрінетін бөлшектерден бос дерлік.

Фармакотерапиялық тобы

Қан түзуге және қанға әсер ететін препараттар.

Қан ұю факторлары. Нонаког альфа.

АТХ коды B02BD09

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

В гемофилиясына шалдыққан және бұрын қан ұю факторларымен ем алған пациенттерде БенеФикс® препаратын қолдану нәтижелері (бастапқы деректер) бойынша 15 %-ден 62 % дейінгі (орта есеппен – 33,7±10,3 %) ауқымда IX қан ұю факторы белсенділігінің қалпына келуінен көрініс беретін in vivo деректер алынған. Көрсетілгендей, БенеФикс® препаратының бір халықаралық бірлігін (ХБ) енгізу айналымдағы IX қан ұю факторы белсенділігінің, орта есеппен, 0,75 ХБ/дл арттырады (ауытқу ауқымы - 0,3 ХБ/дл-ден 1,4 ХБ/дл дейін).

Нонакога альфа T1/2 (жартылай шығарылу кезеңі) 11-ден 36 сағатқа дейін (орта есеппен – 19,3±5 сағат) ауытқиды.

Сәбилер мен балаларда жасөспірімдер мен ересектерге қарағанда жоғарырақ клиренс, таралу көлемінің жоғарылығы, жартылай шығарылу кезеңінің қысқалығы және шығарылу көрсеткішінің аздығы байқалатынын көрсеткен популяциялық фармакокинетикалық модель жасалды. Жартылай шығарылу кезеңінің ақырғы фазасы < 6 жас шамасындағы балалардағы 24 сағаттан артық кезең үшін мәліметтердің жоқтығына байланысты, түбегейлі сипатталған жоқ.

БенеФикс® препаратының қалпына келуі қан плазмасынан алынған IX қан ұю факторы препараттарымен салыстырғанда 28 %-ға төмен. 

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

БенеФикс® генетикалық модификацияға ұшыраған қытай атжалманы аналық бездері жасушаларымен экспрессияланатын гликопротеин түрінде болады.

БенеФикс® құрамында рекомбинантты IX қан ұю факторы (нонаког альфа) бар. Рекомбинантты IX қан ұю факторы – құрамында серин протеазалары тектестігіне жататын және К витаминіне тәуелді қан ұю факторы болып табылатын молекулалық салмағы шамамен 55 000 Дальтон бір тізбекті гликопротеин.

Рекомбинантты IX қан ұю факторы құрылымы мен функциясы жағынан эндогенді IX қан ұю факторымен ұқсас рекомбинантты ДНҚ технологиясын пайдаланумен алынған ақуыз түрінде болады. Соңғысы VII қан ұю факторымен (гемокоагуляцияның сыртқы жолына қатысатын тіндік қан ұю факторымен), сондай-ақ гемокоагуляцияның ішкі жолына қатысатын XIa қан ұю факторымен белсенділенеді. Белсендірілген IX қан ұю факторы белсендірілген VIII қан ұю факторымен бірігіп, Х қан ұю факторының белсенділенуіне алып келеді, өз кезегінде, бұл протромбиннің тромбинге айналуын қамтамасыз етеді. Тромбин фибриногеннің фибринге айналуын катализдейді және қан ұйындысы түзілуі мүмкін. В гемофилиясы бар пациенттерде IX қан ұю факторының белсенділігі жоқ немесе едәуір төмен, бұл орын басу емінің жүргізілуін талап етуі мүмкін.

Фармакодинамикалық әсерлері

B гемофилиясы қан ұю жүйесінің жынысқа бекіген тұқым қуалайтын ауруы болып табылады, оған IX фактор деңгейінің төмендеуі негіз болады және буындарға, бұлшықеттерге және ішкі ағзаларға лақылдап қан кетулерге немесе өздігінен болатын, не болмаса байқаусызда немесе хирургиялық жарақаттың нәтижесіндегі қан кетулерге алып келеді. Орынбасушы емнің көмегімен қан плазмасындағы IX қан ұю факторының деңгейлері арта түседі, сол арқылы фактор тапшылығының уақытша түзетілуін және қан кетулерге бейімділіктің түзетілуін қамтамасыз етеді.

Бала жастағы пациенттер

Препаратты профилактикалық сызба бойынша қабылдап жүрген бала жастағы пациенттердегі қауіпсіздігін талдау күтілгенге сәйкес қауіпсіздік бейінін көрсетті. БенеФикс® препаратын қолданумен  байланысты жалғыз ғана құжат түрінде тіркелген күрделі жағымсыз құбылыс зерттеуге қосылған,  бұрын емделмеген, аса жоғары сезімталдық және тежегіштің өндірілуі байқалған бір ғана пациентте білінді.

Қолданылуы

-​ В гемофилиясы (туа біткен IX фактор тапшылығы) бар пациенттердегі, қан кетулерді емдеу және профилактикасы үшін.

БенеФикс® препаратын барлық жас топтарына қолдануға болады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Емді гемофилияны емдеу тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен бастау қажет.

Емдеуге мониторинг жүргізу

Емдеу барысында енгізілетін дозасы мен қайталанатын инфузиялар жиілігін басқару үшін, IX фактор концентрацияларының  тиісінше анықталуын бақылап отыру ұсынылады. IX факторды енгізуге жауаптар әр пациенттерде әр түрлі болуы мүмкін. Түрлі жартылай шығарылуы мен шығарылу кезеңдері байқалуы мүмкін. Жеткіліксіз немесе шамадан тыс дене салмағымен пациенттер үшін дозасын дене салмағына қарай түзей отырып түзету қажет болуы мүмкін. Атап айтқанда, пациенттер ауқымды хирургиялық араласуға ұшырайтын жағдайларда, коагуляция талдауының (қан плазмасындағы IX фактор белсенділігі) көмегімен жүргізілетін орынбасушы емнің дәл мониторингі қажет.

Қандағы IX фактор белсенділігін анықтауға арналған бір сатылы коагуляция талдауының негізінде ішінара белсендірілген тромбопластиндік уақытты (ІБТУ) in vitro пайдаланғанан кезде, IX фактор белсенділігінің нәтижелеріне осы зерттеуде қолданылатын ІБТУ-реагент те, референттік стандарт та айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Бұл әсіресе зертхана және/немесе аталған зерттеу үшін пайдаланылатын реагенттер ауыстырылған кезде маңызды.

Дозалау режимі

Орынбасушы емнің дозасы мен ұзақтығы IX фактор тапшылығының айқындылық дәрежесіне, қан кетудің орналасқан орны мен дәрежесіне, сондай-ақ пациенттің клиникалық жағдайына тәуелді.  Енгізілетін IX фактор бірліктерінің саны Халықаралық Бірліктермен (ХБ) көрсетіледі, олар IX фактор препараттарына арналған ағымдағы ДДСҰ стандарттарына сәйкес келеді. Қан плазмасындағы  IX фактордың белсенділігі пайыздармен (адамның қалыпты қан плазмасына қатысты), немесе Халықаралық Бірліктермен (қан  плазмасындағы IX факторға арналған халықаралық стандартқа қатысты) көрсетіледі. 

IX фактор белсенділігінің Бір Халықаралық Бірлігі (ХБ) адам қаны плазмасының миллилитріндегі IX фактор мөлшеріне баламалы.

Талап етілуіне қарай емдеу

БенеФикс® препаратының қажетті дозасын есептеу 12 жастан бастап және одан үлкен пациенттерде дене салмағының килограмына есептелген IX фактор белсенділігі бір бірлігінің IX фактордың айналымдағы орташа деңгейінен 0.8 ХБ/дл (0,4-тен 1,4 ХБ/дл дейінгі ауқым) асатындығына негізделуі тиіс.

 

Қажетті доза мына формуланы пайдаланумен белгіленеді:

IX қан ұю факторының ХБ қажетті мөлшері

=

дене салмағы

(кг)

Х

IX қан ұю факторының қалаулы артуы (%) немесе (ХБ/дл)

Х

IX қан ұю факторы белсенділігінің арту дәрежесінің кері шамасы 

Дозалануын бағалау әдісі мына үлгіде жүргізіледі.

Мысалы, IX фактор деңгейін 0.8 ХБ/дл дейін арттыру қажет болса, мына формула бойынша есептейміз:

IX қан ұю факторының ХБ қажетті мөлшері

=

Дене салмағы

(кг)

Х

IX қан ұю факторының қалаулы артуы (% немесе ХБ/дл)

Х

1.3 ХБ/кг

Препараттың енгізуге арналған мөлшері мен енгізу жиілігін таңдаған кезде, үнемі әр нақты жағдайдағы клиникалық тиімділігін бағдарға алу керек.

Қан кетулер мен хирургиялық араласуларда дозалануы

Төмендегі кестеде берілген геморрагиялық жай-күйлер дамығанда, қан плазмасындағы IX қан ұю факторының белсенділігі тиісті уақыт кезеңі ішінде көрсетілген мәндерден төмен азаюы тиіс (қалыпты % немесе ХБ/дл).

Қан кету дәрежесі немесе операциялық араласу түрі

IX қан ұю факторының қажетті белсенділік деңгейі

Енгізу реттілігі (сағат)/ем ұзақтығы (күндер)

Қан кету

Гемартроздың бастапқы фазасы, жұмсақ тіндерге қан құйылу немесе ауыз қуысынан қан кету

20-40

Ауыру синдромының жойылуы немесе жарақаттың жазылуы бойынша айқындалатын геморрагиялық көрініс басылғанша кем дегенде бір тәулік бойы әр 24 сағат сайын қайталау.

Аса ауқымды гемартроз, жұмсақ тіндерге қан құйылу немесе гематома

30-60

Ауыру синдромы және функцияның жедел бұзылуы басылғанша 3-4 тәулік немесе одан көп уақыт әр 24 сағат сайын енгізуді қайталау

Өмірге қатерлі қан кетулер

60-100

Өмірге төндіретін қатері жойылғанша әр 8-24 сағат сайын енгізуді қайталау

Хирургиялық араласу

Шағын (соның ішінде, тіс экстракциясы)

30-60

Жазылуға жеткенше кем дегенде бір тәулік бойы әр 24 сағат сайын қайталау

Үлкен хирургиялық араласулар

80-100 (операцияның алдындағы және кейінгі кезеңде)

Жарақат дұрыс жазылғанша әр 8-24 сағат сайын енгізуді қайталау, артынан кейінгі 7 тәулікте доза 30 %-дан (ХБ/дл) 60 % дейінгі (ХБ/дл) ауқымда IX фактор белсенділігін сақтау қамтамасыз етілетіндей түзетіледі

Профилактика

В гемофилиясының ауыр түрі бар пациенттерде БенеФикс® препаратын қан кетудің ұзақ мерзімді профилактикасы үшін қолдануға болады. Жоспарлы екіншілік профилактикасының клиникалық зерттеуінде бұрын емделген науқастарға арналған орташа дозасы 3-тен 4 күнге дейінгі аралықтармен 40 ХБ/кг (13-тен 78 ХБ/кг дейінгі ауқым) құрайды.

Кей жағдайларда, әсіресе жастау пациенттерде препаратты дозалаудың қысқалау аралықтары немесе жоғарырақ  дозалары қажет болуы мүмкін.

Бала жастағы пациенттер

6 жастан кіші, БенеФикс® препаратымен ем қабылдаған пациенттердегі талап етілуі бойынша емдеу және хирургиялық операциялар кезіндегі құжатқа тіркелген тәжірибелер шектеулі.

Профилактикаға арналған орташа дозасы ( стандартты ауытқу) 3-тен 7 күнге дейінгі аралықтармен 63,7 ( 19,1) ХБ/кг құрады. Жасы кіші пациенттерде препаратты дозалаудың қысқалау аралықтары немесе жоғарырақ дозалары қажет болуы мүмкін. Бағалауға жарайтын пациенттерде стандартты профилактика үшін IX фактордың жұмсалуы жылына 4607 ( 1849) ХБ/кг және айына 378 ( 152) ХБ/кг құрады.

Қан плазмасындағы IX фактор белсенділігіне жүргізілген мұқият мониторинг клиникалық көрсетілімдер бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда, дозасына түзету жүргізу үшін, шығарылу дәрежесі және жартылай шығарылу кезеңі сияқты фармакокинетикалық параметрлерді есептей отырып орындалуы тиіс. Егер > 100 ХБ/кг дозаларын қабылдау жоспарлы профилактика немесе емдеу кезінде бірнеше рет қажет болса, онда  емдеу әдісін құрамында IX қан ұю факторы бар басқа өнімді пайдаланумен ауыстыруды қарастыру керек. 

Егде жастағы пациенттер

БенеФикс® препаратын клиникалық зерттеулерге 65 жас шамасындағы және одан үлкен пациенттер саны, олардағы емдеуге жауаптың жастау пациенттердегі осындайдан айырмашылығы бар-жоғын анықтау үшін жеткілікті кірістірілмеген. БенеФикс® препаратын қабылдап жүрген кез келген пациент жағдайындағы сияқты, егде жастағы пациент үшін дозасын таңдау жекелей жүргізілуі тиіс.

Енгізу тәсілі

БенеФикс® лиофилизацияланған ұнтақтан натрий хлоридінің 0,234 % стерильді ерітіндісін пайдалана отырып ерітінді дайындағаннан кейін баяу, сорғалатып көктамыр ішіне енгізіледі. 

БенеФикс® препаратын баяу жылдамдықтағы инфузияның көмегімен енгізу керек. Көп жағдайларда  инфузия жылдамдығы минутына 4 мл дейінді құрады.

Енгізу жылдамдығын пациенттің жайлылық деңгейіне қарай анықтау керек. Егер БенеФикс® препаратын енгізумен байланысты болуы мүмкін деп болжанған қандай-да бір аса жоғары сезімталдық реакциясы дамыса, инфузия жылдамдығын азайту немесе инфузияны тоқтату керек.

Катетер түтігіндегі/еккіштегі қан эритроциттерінің агглютинациясы

БенеФикс® препаратын енгізген кезде катетер түтігіндегі/еккіштегі эритроциттер  агглютинациясы туралы хабарламалар тіркелді. Осы байқалғанға сәйкес жағымсыз құбылыстар тіркелген жоқ. Агглютинация мүмкіндігін төмендету үшін, катетер түтігіне түсетін қан мөлшерін шектеу маңызды. Қан еккішке түспеуі тиіс. Егер канюляда/еккіште эритроциттер агглютинациясы байқалса, ол материалды түгелімен жою (катетер түтігін, еккішті және БенеФикс® препаратының ерітіндісін) және жаңа қаптаманы пайдаланып, енгізуді қайта бастау қажет.

Үздіксіз инфузия

Үздіксіз инфузия жолымен енгізу мақұлданған жоқ және ұсынылмайды.

Еріту техникасы

Ерітіндіні дайындау шарасы кезінде стерильділігін қадағалау қажет.

Ерітінді дайындауға арналған барлық компоненттер стерильді контейнерлер ашылғаннан кейін контаминация болмас үшін мүмкіндігінше тез қолданылуы тиіс.

Алдын ала толтырылған еккіште болатын натрий хлориді ерітіндісімен лиофилизатты еріту арқылы ерітінді дайындалған соң БенеФикс® көктамыр ішіне енгізіледі.

1. Тоңазытқыштан шығарғаннан кейін лиофилизацияланған ұнтағы бар БенеФикс® құтысын және еріткіші бар алдын ала толтырылған еккішті бөлме температурасына дейін жеткізу қажет.

2. Резеңке тығындарын орталық бөлігінен итеріп, БенеФикс® құтысынан және еріткіші бар құтыдан пластмасса қалпақшасын алып тастаңыз.

3. Құтының үстіңгі бөлігін спиртті тампонмен сүртіңіз немесе басқа антисептикалық ерітіндіні пайдаланыңыз. Тазалаған соң резеңке тығынына қолмен тиіспеңіз және оны қандай да бір беткейге тигізіп алмаңыз.

4. Адаптердің пластик қаптамасының жалпақ бөлігінен қорғағыш жапсырмасын алып тастаңыз. Адаптерді өзінің мөлдір пластик қаптамасынан суырмаңыз.

5. Құтыны тегіс беткейге орналастырыңыз. Адаптерді қаптамасында ұстап тұрып, адаптерді құтының үстіне орналастырыңыз.  Құтының төбесіндегі адаптерден сырт еткен дыбыс естілгенше және құтының тығынын тескенше қатты басыңыз.

6. Адаптердің қаптамасын ашыңыз және лақтырып тастаңыз.

7. Поршеньді еріткіші бар еккішке оны, суретте көрсетілгендей, итеріп және бұрай отырып жалғаңыз. Поршень корпусына тиіп кетпеңіз.

8. Еріткіші бар еккіш ұштығының пластиктен жасалған қорғағыш қалпақшасын сындырып алыңыз. Бұл қалпақшаны тесік сызығы бойымен үзіліп түскенше жоғары-төмен бүгу арқылы жүзеге асырылады. Еккіштің қалпақшасының немесе ұштығының ішкі бөлігіне қолыңызды тигізбеңіз. Қалпақшаны таза беткейге қоя тұрыңыз. Қалпақшаны қайта орнату қажет болуы мүмкін (егер қалпына келтірілген БенеФикс® препараты кідіртпей енгізілмесе), сондықтан оны үстіңгі бөлігін төмен қаратып қоя тұрыңыз.

 

9. Құтыны тегіс беткейге орналастырыңыз. Еріткіші бар еккішті құты адаптері арқылы, ұштықты адаптер ойығына қойып, пәрменмен жылжытып және еккішті сағат тілімен айналдыра отырып, қауіпсіз біріккенше жалғаңыз.

10. Бүкіл еріткіш ұнтағы бар құтыға аударылғанша поршеньге баяу басыңыз.

11. Еккішті суырмай тұрып, құтының ішіндегісін ұнтақ толық еріп кеткенше жайлап аударыстырыңыз.

12. Енгізер алдында дайындалған ерітіндіні бөлшектерінің бар-жоғы тұрғысынан қарап тексеріңіз. Ерітінді мөлдір және түссіз болуы тиіс. Ескертпе: егер сіз бір инфузияға БенеФикс® препаратының бір құтысынан көп пайдалансаңыз, мына нұсқауларды басшылыққа ала отырып, әр құтының ішіндегісін қалпына келтіру қажет. Адаптерді орнында қалдырып, еріткіші бар екішті алып тастау қажет, ал әр жеке құтының ішіндегі қалпына келтірілген ерітіндіні алу үшін бөлек үлкен люэр ұштығын (еккішті құтымен жалғайтын құрылғы) пайдалануға болады.

13. Поршеннің еккішке толық кигізілгеніне көз жеткізіп, құтыны аударыстырыңыз. Ерітіндіні еккішке баяу сорып алыңыз.

14. Еккішті жайлап суырып, сағат тіліне қарсы айналдыра отырып, еккішті құтының адаптерінен ажыратыңыз. Қоса берілген адаптермен бірге құтыны тастаңыз.

Ескертпе: егер ерітінді дереу пайдаланылмаса, еккіштің қалпақшасын абайлап ауыстыру керек. Еккіштің ұштығына немесе қалпақшаның ішкі жағына тиіп кетпеңіз.

БенеФикс® препаратын қалпына келтірілгеннен кейін кідіртпей немесе 3 сағат ішінде енгізу керек. Қалпына кетірілген ерітіндіні енгізер алдында бөлме температурасында сақтауға болады.

Енгізу

1. Еккішті катетер түтігінің люэр ұштығына жалғаңыз.

2. Бұрауды тартыңыз да, жинақта болатын спиртті сүрткімен теріні жақсылап сүртіп, инъекция орнын әзірлеңіз.

3. Көктамыр пункциясын орындаңыз. Инені көктамырдағы катетер түтігіне қойыңыз да, бұрауды шешіңіз. БенеФикс® препаратының дайындалған ерітіндісі көктамыр ішіне баяу сорғалатып енгізіледі. Препаратты енгізудің ұсынылатын жылдамдығы – 4 мл/мин.

Дайындалған БенеФикс® ерітіндісін басқа дәрілік препараттармен енгізуге болмайды.

Емшара біткеннен кейін жүйені шығарып алыңыз да, кейіннен жойылатын пайдаланылмаған ерітіндімен, бос құтымен, пайдаланылған инелермен және еккіштермен бірге медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз.

БенеФикс® препараты қаптамасының барлық құрамдас бөліктерін қайтадан пайдалануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

БенеФикс® препаратын қолданған кезде көрініс беру жиілігіне қарай төмендегіше жіктелген жағымсыз әсерлер тіркелді: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 - < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 - < 1/100 дейін) және белгісіз (қолда бар мәліметтердің негізінде анықтау мүмкін емес).

Өте жиі

- бас ауыруыг

- жөтелк

- пирексия

Жиі - аса жоғары сезімталдықв

- бас айналуы, дисгевзия

- флебит, қан кернеулеріж

- құсу, жүрек айнуы

- бөртпел, есекжем

- кеуде қуысындағы жайсыздықп, инфузия орнындағы реакцияо, инфузия орнының ауыруын

Жиі емес

- инфузия орнындағы панникулита 

-  IX факторының тежелуіб

- ұйқышылдық, тремор

- көрудің бұзылуыд

- тахикардияе -  артериялық гипотензияз

- бүйрек инфарктісім

Белгісіз - анафилаксиялық реакция*

- жоғарғы қуыс көктамыр синдромыи*, терең көктамырлар тромбозы*, тромбоз*, тромбофлебит*

- емге жауаптың жеткіліксіздігі*

- IXр фактор белсенділігінің қалпына келуінің жеткіліксіздігір*.

*Тіркеуден кейінгі кезеңде анықталған ЖЖР

а целлюлитті қоса

б төмен титрлі тежегіштің транзиторлық түзілуі

в дәріге аса жоғары сезімталдықты, ангионевроздық ісінуді, бронх түйілуін, ысқырып дем алуды, ентігу мен көмейдің түйілуін қоса

г бас сақинасын, синустық бас ауыруын қоса

д жыпылықтағыш скотома мен көрудің бұлыңғырлығын қоса

е жүректің жиырылу жиілігінің артуын, синустық тахикардияны қоса

ж қан тебулерді, ысыну сезімін, дене температурасының жоғарылауын қоса

з төмен артериялық қысымды қоса

и БенеФикс® препаратының орталықтық көктамырлық катетер арқылы тұрақты инфузиясын қабылдаған, қиын жағдайдағы жаңа туған сәбилердегі жоғарғы қуыс көктамыр синдромы (ЖҚКС)

к өнімді жөтелді қоса 

л макулярлық бөртпені, папулездік бөртпені, макулопапулездік бөртпені қоса м C гепатитіне антиденелері бар пациентте БенеФикс® препаратының дозасын енгізгеннен  кейін 12  күннен соң дамыған қан кету көрінісіне қатысты.н инъекция орнының ауыруын, инфузия орнындағы жайсыздықты қосао инфузия орнындағы қышынуды қоса, инфузия орнындағы эритема

п кеуденің ауыруы мен кеуденің қысылуын қоса

р Бұл сөзбе-сөз аударылған термин. MedDRA сөздігінен ҚҚТ 17.1 табылған жоқ

Аса жоғары сезімталдық реакциялары/аллергиялық реакциялар

Егер БенеФикс® препаратымен байланысты болуы мүмкін деп болжанған қандай-да бір аса жоғары сезімталдық реакциясы дамыса, «Қолдану тәсілі және дозалары» және «Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз.

Тежегіштердің өндірілуі

Бұрын плазма препараттарын қабылдап жүрген, БенеФикс®  препаратын қабылдаған 65 пациенттің 1-еуінде (тек хирургиялық араласу жүргізілетін зерттеуге қатысқан 9 пациентті қоса), клиникалық тұрғыдан маңызды, төмен реакциялы тежегіштер анықталды. Ол пациент БенеФикс®  препаратымен емделуді сыртартқысында тежегіштер титрінің жоғарылауының немесе анафилаксияның туындауынсыз жалғастыра алды.

Бала жастағы пациенттер

Ересектерге қарағанда, балалар аллергиялық реакцияларды жиі бастан өткеруі мүмкін.

Бұрын БенеФикс® препаратымен ем қабылдамаған пациенттердегі туындау жиілігі туралы ақпарат беру үшін мәліметтер жеткіліксіз.

Болжалды жағымсыз реакциялар туралы деректерді хабарлау

Дәрілік препаратты тіркеуден кейін анықталған болжалды жағымсыз реакциялар туралы деректердің хабарлануының маңызы зор. Бұл дәрілік препараттың пайдасы мен қаупінің арақатынасына мониторинг жүргізуді жалғастыруға мүмкіндік береді.

Медицина қызметкерлері мен пациенттерден кез келген жағымсыз  реакциялар туралы медициналық қолдану жөніндегі осы нұсқаулықтың соңында көрсетілген мекенжайға хабарлау сұралады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- атжалмандар ақуыздарына аллергиялық реакция

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Адамның IX қан ұю факторы (рДНҚ) препараттарының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы хабарланған жоқ. 

Айрықша нұсқаулар

Аса жоғары сезімталдық

БенеФикс® препаратын қолданған кезде аллергиялық типті аса жоғары сезімталдық реакциялары дамуы мүмкін. Препаратты алу технологиясының ерекшеліктерін ескерсек, БенеФикс® препаратының құрамында атжалмандар жасушалары ақуыздарының іздік мөлшерлері бар. Осының салдарынан БенеФикс® препаратын қоса, IX фактор препараттарын қолданғанда, өмірге қауіп төндіруі мүмкін анафилаксиялық/анафилактоидтық реакциялар туындаған. Аса жоғары сезімталдық симптомдары дамыған жағдайда, пациенттерге дәрілік затты қолдануды дереу тоқтатуды және өз дәрігеріне хабарласуды ұсыну керек. Пациенттер тыныстың тарылуын, ентігуді, ісінуді, есекжемді, жайылған есекжемді, ауа жетпеуді, қышынуды, тыныстың тарылу, бронхоспазм, ларингоспазм, ысқырып дем алуды, гипотонияны, көру жітілігінің нашарлауы мен анафилаксияны қоса, аса жоғары сезімталдық реакцияларының бастапқы белгілері туралы хабардар болуы тиіс. Кей жағдайларда бұл реакциялар ауыр анафилаксияға дейін үдейді.

Шок реакциясы кезінде шокты емдеуге арналған ағымдағы медициналық стандарттар сақталуы тиіс. Ауыр аллергиялық реакциялар жағдайында қан кетуді тоқтатудың баламалы шараларын қолдану керек.ТежегіштерIX қан ұю факторының белсенділігін бейтараптандыратын тежегіштер  бұрын емделген, құрамында IX фактор  бар препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде сирек кездесетін асқыну болып табылады. IX рекомбинантты факторды қолдану кезіндегі антигенділікке қатысты тәжірибе әлі де шектеулі болғандықтан, БенеФикс® препаратын қабылдаған пациенттер IX фактор  тежегіштерінің түзілуіне қатысты мұқият тексерілуі тиіс, олардың титрлерін сәйкесінше биологиялық тестілеуді пайдалана отырып, Бетесда бірліктермен анықтау қажет. IX фактор тежегіштерінің туындауы мен аллергиялық реакциялар арасындағы өзара байланыстылықты көрсететін хабарламалар болды. Осыған байланысты, аллергиялық реакцияларды бастан өткерген пациенттерде қан плазмасында тежегіштердің бар-жоқтығын тексеру керек.  IX факторды қолдануды келесіде қайта бастау кезінде IX фактор тежегіштері бар пациенттердің анафилаксия қаупінің жоғарылауына ұшырауы мүмкіндігін ескеру керек. Болжалды деректер пациенттің IX факторы геніндегі ірі мутациялардың (делециялар) болуы мен тежегіштердің түзілу қаупінің жоғарылауы, сондай-ақ аса жоғары сезімталдықтың жедел реакциялары арасында өзара байланыстылық болуы мүмкін екендігін көрсетеді. IX фактор генінде ірі делециялары бар пациенттерге әсіресе, препаратты алғаш қолданудың бастапқы сатыларында, аса жоғары сезімталдықтың жедел реакцияларының белгілері мен симптомдарына қатысты мұқият қадағалау жүргізу керек.IX фактор концентраттарын қолданған кезде аллергиялық реакциялардың туындауына байланысты, аллергиялық реакцияларды тиісінше еммен қамтамасыз етуге мүмкіндік болуы үшін, БенеФикс® препаратын алғашқы енгізулер емдеуші дәрігердің пікіріне сәйкес, емдеуші дәрігердің қатысуымен және медициналық қадағалаумен жүргізілуі тиіс. 

ТромбозБенеФикс® препаратының құрамында тек IX фактор бар. Алайда, тромбоз бен қанның диссеминацияланған тамырішілік ұюының (ДТҰ) даму қаупі жоққа шығарылмайды. Тәжірибеде IX фактордың кешенді концентраттарын қолдану тромбоэмболиялық асқынулардың дамуымен жиі байланыстырылатындықтан, фибринолиз белгілері бар пациенттер мен қанның ДТҰ бар пациенттерде құрамында IX фактор бар препараттарды пайдаланудың қауіптілігі зор болуы мүмкін. Тромбоздық асқынулар қаупінің мүмкіндігіне байланысты, аталған препаратты бауыр аурулары бар пациенттерге, хирургиялық араласуды бастан өткерген пациенттерге, жаңа туған балаларға, немесе тромбоздық құбылыстар немесе қанның ДТҰ туындау қаупі бар пациенттерге енгізген кезде сәйкесінше биологиялық сынақтарды жүргізу арқылы, тромбоз бен қажытатын коагулопатияның ерте білінетін белгілерін клиникалық қадағалауларды бастау қажет. Пациенттердің аталған топтарының әрқайсысы үшін БенеФикс® препаратымен емдеудің пайдасы аталған асқынулардың қауіп дәрежесінен асып түсуі тиіс.

БенеФикс® препаратын үздіксіз инфузия жолымен енгізудің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ. Науқасы ауыр жаңа туған нәрестелерде орталықтық көктамырлық катетер арқылы БенеФикс® препаратының  үздіксіз инфузиясын алу кезінде өмірге қауіп төндіретін жоғарғы қуыс көктамыр  (ЖҚК)  синдромын қоса, постмаркетингтік хабарламалар бар.

Жүрек-қантамырлық құбылыстар

Жүрек-қантамыр аурулары дамуының қауіп факторлары бар пациенттерде IX факторымен орынбасушы ем жүрек-қантамыр жүйесі үшін қауіпті арттыруы мүмкін.

Нефроздық синдром

Сыртартқысында IX фактор тежегіштерінінің және аллергиялық реакцияның болуымен B гемофилиясы бар пациенттерде иммунологиялық төзімділікті индукциялау әрекетінен кейінгі нефроздық синдром жағдайы туралы хабарланды. БенеФикс® препаратын нефроздық синдромы бар пациенттерде иммундық төзімділікті индукциялау үшін қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.

Пациенттердің ерекше топтары

Клиникалық зерттеулерден бұрын БенеФикс® препаратымен ем қабылдамаған пациенттерді емдеу жөнінде алынған мәліметтер жеткіліксіз.

Пайдаланылуын тіркеуге алу

Пациент туралы деректер мен дәрілік заттың сериясы арасындағы байланысты ұстап тұру мақсатында БенеФикс® препаратын пациентке әр енгізген сайын қатаң түрде препараттың атауы мен серия нөмірін жазып отыру ұсынылады. Серия нөмірін олардың күнделігінде тіркеп отыру немесе кез келген жағымсыз әсерлері туралы хабарлап отыру үшін, пациенттер құтының сыртындағы алынатын заттаңбалардың біреуін жабыстырып қоюына болады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Әйелдердің В гемофилиясымен сирек ауыратындығына байланысты, жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдерде қолданылу тәжірибесі жоқ. Сондықтан БенеФикс® препаратын тек нақты көрсетілімдер кезінде және пайдасы мен қаупінің арақатынасына баға бергеннен кейін ғана тағайындау керек.

БенеФикс® препаратының фертильділікке әсері анықталған жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

БенеФикс®  көлік құралын басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

IX рекомбинантты қан ұю факторы препараттарының артық дозалану симптомдары туралы хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат «flip-off» типті қақпақшалардың полипропилен дискілері бар тығыздағыш алюминий сақиналармен қаусырылған, сұр резеңке бромбутил тығындармен тығындалған сыйымдылығы 10 мл I типті мөлдір түссіз шыныдан жасалған құтыларға салынады.

Еріткішті ерітінді ағып кетпес үшін сұр түсті бромбутил тығыздағыштан және ақ түсті қорғағыш полипропилен қалпақшасы бар, боросиликатты шыны корпустан, сұр түсті бромбутил плунжерден тұратын бір реттік полипропилен еккіш-қаламға құйылады.

Ішінде препараты бар 1 құтыдан, еріткіші бар 1 еккіш-қаламнан, 1 поршеннен, 1 сүзгілі адаптерден, 1 микроинфузияларға арналған жинақтан, 1 бұласырдан, 1 дәке сүрткіден, 2 спиртті сүрткіден пластик контейнерде медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 2 ºС-ден 8 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек. Бөлме температурасында (30 ºС-ден аспайтын) 6 ай бойы бір реттік сақтауға жол беріледі.

2 ºС-ден 30 °C-ге дейінгі температурада 2 жылдан асырмай сақтау керек.

Қалпына келтірілген ерітіндіні 30 ºС-ден аспайтын температурада 3 сағаттан асырмай сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Вайет Фарма, С.А., Испания

Аутовиа дель Норте А-1 Км 23. Десвио Алгете,

28700 Сан Себастиан де лос Рейес Мадрид,

Испания ФЕИ 3003973260

Қаптаушы

Вайет Фарма, С.А., Испания

Аутовиа дель Норте А-1 Км 23. Десвио Алгете,

28700 Сан Себастиан де лос Рейес Мадрид,

Испания ФЕИ 3003973260

Тіркеу куәлігінің иесі

Пфайзер Эйч Си Пи Корпорэйшн, АҚШ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар)

сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Пфайзер Эйч Си Пи Корпорэйшн» (АҚШ) компаниясының өкілдігі Алматы қ., Фурманов к-сі, 100/4

Тел.: (727)  250-09-16

Факс: (727) 250-42-09 Электронды поштасы: PfizerKazakhstan@pfizer.com

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Пфайзер Эйч Си Пи Корпорэйшн» (АҚШ) компаниясының өкілдігі Алматы қ., Фурманов к-сі, 100/4 Тел.: (727) 250-09-16 Факс: (727) 250-42-09 Электронды поштасы: PfizerKazakhstan@pfizer.com

Прикрепленные файлы

830020871477976587_ru.doc 294 кб
688258461477977741_kz.doc 338 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники