Ацикловир Белупо (5 %)

МНН: Ацикловир
Производитель: БЕЛУПО, лекарства и косметика д.д.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Aciclovir
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021281
Информация о регистрации в РК: 31.03.2015 - 31.03.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 147.24 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Ацикловир Белупо

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ацикловир

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 5 % крем

Құрамы

1 г кремнің құрамында:

белсенді зат: ацикловир – 50 мг;

қосымша заттар: пропиленгликоль, глицерилстеарат полиэтиленгликоль-100 стеарат, цетостеарил спирті, ақ жұмсақ парафин, сұйық парафин, натрий лаурилсульфаты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Механикалық қоспасыз, ақ түсті гомогенді крем

Фармакотерапиялық тобы

Вирусқа қарсы препараттар. Ацикловир.

АТХ коды D06BB03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кремді қайталап қолданғанда жүйелік сіңуі өте аз.

Фармакодинамикасы

Ацикловир – ДНҚ компоненті болып табылатын ациклді пурин нуклеозид-дезоксигуанидиннің синтетикалық баламалары тобының вирусқа қарсы препараты.

Ацикловирдің 1 және 2 типті Herpes simplex вирусына; желшешек және белдемелі теміреткі тудыратын вирусқа (Varicella zoster); Эпштейн-Барр вирусына қатысты өзіндік жоғары ерекшелігі бар. Цитомегаловирусты жұқпа қоздырғышына қатысты белсенділігі орташа.

Вирус жұқтырған жасушалардың тимидинкиназасы ацикловирді бірінен кейін бірі жүретін реакциялар арқылы, яғни ацикловирді моно-, ди- және трифосфатқа айналуына белсенді қатысады. Соңғысы вирустың ДНҚ-полимеразасымен өзара әрекеттеседі және жаңа вирустар үшін синтезделетін ДНҚ-ға орналасады. Осылайша «ақаулы» вирусты ДНҚ қалыптасып, бұл вирустардың жаңа буыны репликациясын бәсеңдетеді.

Қолданылуы

- 1 және 2 типті Herpes simplex вирусынан туындаған тері мен шырышты қабық жұқпаларында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа.

Препаратты зақымданған тері аумақтарына күніне 5 рет (әр 4 сағат сайын) терінің зақымданған және онымен шектесетін жерлеріне жұқалап жағады. Зақымданған жерлерге қосымша жұқпа жұқтырмас үшін кремді тампонмен немесе таза қолмен жағады. Емдеуді сулы бөртпелерде қабыршықтар пайда болғанша, не олар толық жазылғанша жалғастыру керек.

Еріндегі герпесвирусты жұқпаны емдеу ұзақтығы – 4 күннен кем болмайды, емдеудің ең көп ұзақтығы – 10 күн. Егер 10 күн ішінде жазыла бастамаған жағдайда, дәрігерге қаралған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Сирек: терінің қызаруы, қышыну, қабыршықтану, қолданған жердегі күйдіру немесе шаншу.

Өте сирек: аллергиялық дерматиттің дамуы, аса жоғары сезімталдық реакциялары, Квинке ісінуі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ацикловирге немесе препарат құрамындағы басқа да компоненттерге жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен ацикловирді жергілікті қолданғанда клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі тіркелмеген.

Айрықша нұсқаулар

Ең жоғары емдік әсеріне қол жеткізу үшін препарат қолдануды жұқпа басталғаннан кейін (аурудың алғашқы белгілерінде: күйдіру, қышыну, шаншу, ширығуды сезіну және қызару) мүмкіндігінше ертерек бастау керек. Кремді ауыз қуысы мен көздің шырышты қабығына жағу ұсынылмайды, өйткені айқын жергілікті қабынудың дамуы мүмкін.

Ацикловир герпестің жыныстық жолмен берілуінен сақтандырмайды, сондықтан емдеу кезінде тіпті клиникалық көріністер болмаған кезде де, жыныстық қатынастардан тартына тұру қажет.

Иммунтапшылығы бар емделушілерге (мысалы, сүйек кемігі трансплантациясынан кейін немесе АИВ-жұқпасы болғанда) ацикловирді ішу арқылы қабылдау ұсынылады. Кез келген жұқпаны емдеудің алдында аталған емделушілер дәрігермен кеңесулері тиіс.

Жүктілік, лактация кезеңі

Ацикловирді жүкті әйелдерге қолдану тәжірибесінің жеткіліксіздігін ескере отырып, жүктілік кезінде ана үшін пайдасы ұрыққа төнетін қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.

Емдеу кезінде емшекпен қоректендіруді тоқтату қажет.

Көлік құралын және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі

Ацикловирді емдік дозада жергілікті қолданғанда көлік құралын және басқа құралдарды басқаруға жағымсыз әсер етуі туралы деректер жоқ.

Артық дозалануы

Құрамында 500 мг ацикловир бар 10 г Ацикловир Белупо кремі ішіндегісінің барлығын жұтып қойғаннан кейін де, жағымсыз әсерлері тіркелмеген. Алайда, ацикловирмен қайтадан кездейсоқ ішу арқылы артық дозалану бірнеше күннен кейін асқазан - ішек жолына (жүрек айну және құсу) және жүйке жүйесіне (бас ауыру және сананың шатасуы) жағымсыз әсер етуі мүмкін. Ацикловирді гемодиализдің көмегімен шығаруға болады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сыртқа қолдануға арналған 5 % крем

2 г, 5 г және 10 г препараттан алюминий сықпаға салынған. Сықпаның аузы жарғақшамен қорғалған. Сықпаны жарғақшаны тесуге арналған кескіші мен істігі бар полиэтилен қақпақшамен жабылады.

Әрбір сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

БЕЛУПО, дәрілер және косметика д.д., Хорватия Республикасы, 48000, Копривница қ, Даница көшесі, 5.

Тіркеу куәлігінің иесі

БЕЛУПО, дәрілер және косметика д.д., Хорватия Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «BELUPO, дәрілер және косметика д.д.» өкілдігі

Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 87, 24,25,26 кеңсе.

Тел. +7(727) 225-01-64;

Факс +7(727) 279-35-33

e-mail: belupo@belupo.kz

 

Прикрепленные файлы

887199551477976496_ru.doc 48.5 кб
344592161477977655_kz.doc 63.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники