Ацесоль 200 мл

МНН: Калия хлорид, Натрия ацетата тригидрат, Натрия хлорид
Производитель: Биосинтез ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Электролиты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013653
Информация о регистрации в РК: 20.03.2015 - 20.03.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 116.84 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Ацесоль

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған ерітінді 200 мл және 400 мл

Құрамы

1 л ерітіндінің құрамында

белсенді заттар:

натрий хлориді – 5,0 г,

натрий ацетат тригидраты – 2,0 г,

калий хлориді – 1,0 г

қосымша зат:

инъекцияға арналған су 1 л-ге дейін

Иондық құрамы:

1 л ерітіндінің құрамында:

- Na+

100,3 ммоль

 

- K+

13,4 ммоль

 

- Cl–

99,0 ммоль

 

- ацетат

14,7 ммоль

 

Осмолялділігі

190-нан 250 мосмоль/кг-ге дейін

 
 

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінділер. Су-электролитті теңгерімге әсер ететін ерітінділер. Электролиттер.

АТХ коды В05ВВ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

К+ және Na+ иондары тамыр арнасында аз ғана тұрып, организмнің барлық тіндеріне жылдам таралады. Негізінен бүйрекпен, аздаған мөлшерде ішек арқылы, термен, көз жасымен және т.б. шығарылады.

Организмде ацетат Коэнзим А-ацетилге белсендіріледі, содан соң белсенді ацетаттың негізгі мөлшері толығымен көмірқышқыл газы мен суға дейін Кребс циклінде тотығады. Ацетаттың тотығу үдерісі бұлшықет жасушаларында жүзеге асады, сондықтан организмнің оның метаболизміне қабілеттілігі негізінен дененің бұлшықет массасына байланысты болады. Ацетил-КоА метаболизмі май қышқылдарын, кето-қышқылдарын және холестерин түзумен тотығудың шағын жолымен де жүруі мүмкін.

Фармакодинамикасы

Біріктірілген препарат, уытсыздандырғыш, плазма алмастырғыш, регидратациялаушы, диурездік, шокқа қарсы, антиагреганттық әсер етеді. Гиповолемияны азайтады, қанның қоюлануына және метаболизмдік ацидоздың дамуына кедергі жасайды, диурезді күшейтеді, микроайналымды жақсартады.

Қолданылуы

- сусыздануда

- уыттануда (жедел шигеллез, тағамдық уытты жұқпа, тырысқақ).

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты пероральді регидратацияға арналған ерітінділерді қабылдау мүмкін болмағанда орташа ауырлықтағы және ауыр жағдайлар кезінде ғана қолданады, көктамыр ішіне сорғалатып енгізеді (1-3 сағ).

Ерітіндіні енгізер алдында 36-38 °С-ге дейін жылытады. Енгізілетін ерітінді көлемі су-электролитті теңгерімді қалпына келтіруге қажетті мөлшерде зертханалық көрсеткіштерді бақылаумен жекелей таңдалады (аурудың ауыр түрлері кезінде 1 сағат бойы науқастың дене салмағының 7-10 % сәйкес мөлшерде ерітіндіні сорғалатып енгізеді; содан соң сорғалатып енгізуді жылдамдығы минутына 40-120 тамшы (24-48 сағ) тамшылатумен алмастырады). Енгізілген және жоғалған сұйықтық теңгерімі әрбір 6 сағат сайын анықталып отырады. Енгізілетін ерітіндінің жалпы көлемі нәжіспен, құсықпен, несеппен және термен кеткен сұйықтық көлеміне сәйкес келуі тиіс.

Жағымсыз әсерлері

- ісінулер

- алллергиялық реакциялар

- тахикардия

- қалтырау

- гиперкалиемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компонентінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • гиперкалиемия

  • гипернатриемия

  • жүрек жеткіліксіздігі

  • алкалоз

  • созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

  • организмге сұйықтықтың көп мөлшерін енгізуге қарсы көрсетілімдер болуы (мидың, өкпенің ісінуі, гипергидратация және т.б.)

Сақтықпен

Бүйректің бөліну функциясы бұзылған емделушілерге сақтықпен қолданады.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қажет болғанда қан, плазма, полиглюкин және т.б. құюмен біріктіруге болады.

Препаратты басқа дәрілік заттармен араластырғанда үйлесімділігін көзбен шолып қарау қажет.

Айрықша нұсқаулар

Емдеуді гематокритті және қан электролиттерінің концентрациясын бақылай отырып, жүргізеді.

Гиперкалиемия дамыған жағдайда электролитті теңгерім қалыпқа түскенге дейін препаратты «Дисоль» ерітіндісімен алмастыруға болады.

Жалпы жағдайда сусыздану кезінде ішке арнайы ерітінділерді енгізу көрсетіледі, мұндай енгізу мүмкін болмағанда ғана (тоқтаусыз құсу, айқын сусыздану дәрежесі, жалпы жағдайдың ауырлығы және т.б.) препаратты парентеральді енгізеді.

Жүктілік және лактация

Жүкті және бала емізетін әйелдерде қолданудың талапқа сай және қатаң бақыланатын зерттеулері жүргізілмеген. Анасы үшін болжамды пайдасы ұрыққа және балаға төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана, жүктілік кезеңінде препаратты қолдануға болады. Препаратты лактация кезеңінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқару және жоғары зейін қою және психомоторлық реакция жылдамдығын талап ететін басқа да қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысу қабілетіне препараттың әсері туралы деректер жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: созылмалы бүйрек аурулары бар емделушілерде немесе организмнен калий шығарылуының бұзылумен қатар жүретін кез келген ауруларда немесе препаратты көктамыр ішіне тым жылдам енгізген кезде өлімге әкеп соғу қаупінің ықтималдығы зор гиперкалиемия дамуы мүмкін. Гиперкалиемияның клиникалық ерте байқалуы (Р тісшесінің сүйірленуі, U тісшесінің жоғалуы, ST сегментінің төмендеуі және QT аралығының ұзаруы) әдетте сарысудағы калийдің 7-ден 8 мэкв/л дейінгі концентрациясы кезінде пайда болады. Анағұрлым ауыр симптомдары (оның ішінде бұлшықеттің салдануы және жүректің тоқтап қалуы) калийдің 9-10 мэкв/л концентрациясы кезінде дамиды. Өлімге әкеп соғатын гиперкалиемияның жылдам және симптомсыз өтетінін ескерген жөн.

Емі: препаратты тоқтату, гиперкалиемия құбылыстары кезінде - препаратты теңгерім қалыпқа түскенге дейін "Дисоль" ерітіндісімен алмастырады. Қажет болғанда гемодиализ және перитонеальді диализ жүргізеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

200 мл немесе 400 мл препараттан резеңкеден жасалған тығындармен тығындалған және алюминий немесе біріктірілген қалпақшалармен қаусырылған қанға, трансфузиялық және инфузиялық препараттарға арналған шыны бөтелкелерде.

200 мл 24 бөтелкеден немесе 400 мл 12 бөтелкеден медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтардың теңдей санымен бірге топтық қаптама - гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге (стационар үшін) салынады.

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Препаратты мұздатып қатыру оны қолдануына қарсы көрсетілім емес.

Бөтелкенің ішкі бетінің дымқылданбауы препараттың қолдануға қарсы көрсетілім емес.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Биосинтез» ААҚ, Ресей

440033, Пенза қ., Дружба көшесі, 4, тел/факс (8412) 57-72-49.

e-mail: certificate@biosintez.com

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Биосинтез» ААҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Биосинтез» ААҚ, Ресей

440033, Пенза қ., Дружба көшесі, 4, тел/факс (8412) 57-72-49.

e-mail: certificate@biosintez.com

 

 

5

 

Прикрепленные файлы

214858521477976527_ru.doc 66 кб
362872571477977687_kz.doc 67 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники