Афлубин® (таблетки подъязычные гомеопатические)

Производитель: Рихард Биттнер АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие комбинированные препараты, применяемые при простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010387
Информация о регистрации в РК: 26.10.2017 - 26.10.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Афлубин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Гомеопатиялық тіл астына салатын таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: Сары шерменгүл (Gentiana) D1 - 3,6 мг, Дәріханалық уқорғасын (Aconitum) D6 - 37,2 мг, Қос үйлі итжүзім (Bryonia) D6 - 37,2 мг, Темір фосфаты (Ferrum phosphoricum) D12 - 37,2 мг, Сүт қышқылы (Acidum sarcolacticum) D12 - 37,2 мг.

қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, магний стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, тегіс беткейлі, бір жағында сызығы бар, диаметрі 8.9-ден 9.2 мм дейін және биіктігі 2.7-ден 3.3 мм дейінгі, ақ түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдарын қайтаруға арналған біріктірілген басқа да препараттар

АТХ коды R05Х

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қазіргі кезде гомеопатиялық медициналық препараттардың олардың жоғары сұйылтылуына байланысты фармакокинетикалық қасиеттері туралы хабарламалар жоқ.

Фармакодинамикасы

Афлубин® таблеткалары – бұл бір-бірін өте тиімді толықтыратын және қауіпсіздігін арттырып, ауруларды емдеу мен алдын алуды оңайлататын көрсетілім аясы анағұрлым кең бірнеше гомеопатиялық дәрілердің спецификалық біріктірілімі.

Гомеопатиялық емдеу дегеніміз жедел және созылмалы ауруларды емдеу кезінде қажетті организмнің қорғаныш күштерін нығайтуға ықпалын тигізетін емді білдіреді.

Қолданылуы

Емдеу және алдын алу

  • тұмауды

  • жедел респираторлы вирус жұқпаларды (ЖРВЖ)

Сондай-ақ аяқ-қолдың ауыру синдромымен қатарласа жүретін ревматизм ауруларын кешенді емдеуде қосымша ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

  • Емдеудің басталуы (емнің 1. және 2. күні)

    Жасы

    Дозасы

    Дозалау

    Ересектер мен жасөспірімдер

    1 таблетка

    Күніне 3-8 рет (асырмау керек), тамақтанудан 30 минут бұрын немесе астан кейін 1 сағаттан соң.

    Күніне 3-8 рет (асырмау керек). Шай қасық суда немесе емшек сүтіне ½ таблетканы ерітіп, тамақтанудан 30 минут бұрын немесе астан кейін 1 сағаттан соң 1 тамшыдан беру керек.

    12 жасқа дейінгі балалар

    1/2 таблетка

    1 жасқа дейінгі балалар

    1/2 таблетка

    Оңды динамика симптомдары болмаса, қабылдауды 2 кестеге сәйкес жалғастыру керек:

  • Ұзақ емдеу

    Жасы

    Дозасы

    Дозалау

    Ересектер мен жасөспірімдер

    1 таблетка

    Күніне 3 рет, 5-10 күн.

    Тамақтанудан 30 минут бұрын немесе астан кейін 1 сағаттан соң.

    Күніне 3 рет, 5-10 күн. Шай қасық суда немесе емшек сүтіне ½ таблетканы ерітіп, тамақтанудан 30 минут бұрын немесе астан кейін 1 сағаттан соң 1 тамшыдан беру керек.

    12 жасқа дейінгі балалар

    1/2 таблетка

    1 жасқа дейінгі балалар

    1/2 таблетка

  • Алдын ала емдеу (профилактика)

  • Жылыту маусымының басында немесе тұмау маусымы басталар алдындағы тұрақты профилактикалық емдеу:

    Жасы

    Дозасы

    Дозалау

    Ересектер мен жасөспірімдер

    1 таблетка

    Күніне 2 рет 3 апта бойы.

    Тамақтанудан 30 минут бұрын немесе астан кейін 1 сағаттан соң.

    Күніне 2 рет 3 апта бойы. Шай қасық суда немесе емшек сүтіне ½ таблетканы ерітіп, тамақтанудан 30 минут бұрын немесе астан кейін 1 сағаттан соң 1 тамшыдан беру керек.

    12 жасқа дейінгі балалар

    1/2 таблетка

    1 жасқа дейінгі балалар

    1/2 таблетка

  • Өте төмен температуралардың әсер етуінен кейін немесе тұмаумен ауыратын адамдармен қарым-қатынаста болғаннан кейінгі жедел жағдайлардағы профилактикалық емдеу

    Жасы

    Доза

    Дозалау

    Ересектер мен жасөспірімдер

    1 таблетка

    Күніне 2 рет 2 күн бойы.

    Тамақтанудан 30 минут бұрын немесе астан кейін 1 сағаттан соң.

    Күніне 2 рет 2 күн бойы. Шай қасық суда немесе емшек сүтіне ½ таблетканы ерітіп, тамақтанудан 30 минут бұрын немесе астан кейін 1 сағаттан соң 1 тамшыдан беру керек.

    12 жасқа дейінгі балалар

    1/2 таблетка

    1 жасқа дейінгі балалар

    1/2 таблетка

  • Аяқ-қолдың ауыруы мен басқа да қатарласа жүретін ревматизм симптомдарын емдеу:

    Жасы

    Дозасы

    Дозалау

    Ересектер мен жасөспірімдер

    1 таблетка

    Емнің басында күніне 3-8 рет (1-2 күн). Кейіннен 1 ай бойы күніне 3 рет, тамақтанудан 30 минут бұрын немесе астан кейін 1 сағаттан соң.

    Толық тиімділігін қамтамасыз ету үшін АФЛУБИН® таблеткаларын тамақтануға дейін 30 минут бұрын немесе тамақтанудан кейін 1 сағаттан соң қабылдау керек. Таблетканы толық ерігенше тіл астында ұстау керек.

Жағымсыз әсерлері

Анықталмаған.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді заттарға немесе толтырғыштардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, лактоза жеткіліксіздігі және глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі уақытта басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы ешқандай ақпараттар жоқ

Айрықша нұсқаулар

Гомеопатиялық дәрілік заттармен емдеудің басында организм иммунитет жүйесі көтермеленуіне байланысты бойда бар аурулардың бастапқы өршуі жүруі мүмкін. Бақылаусыз ұзақ емдеу жағымсыз әсерлердің туындауына себеп болуы мүмкін.

Жүктілік және бала емізу

Жүктілік және лактация кезеңінде препарат дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Афлубин® - автомобиль және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейтін таблеткалар.

Артық дозалануы

Ешқандай артық дозалану жағдайлары хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

12 таблеткадан ПВХ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1, 2 немесе 4 пішінді қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Рихард Биттнер АГ

Фельдкирхен, Австрия.

Тіркеу куәлігінің иесі

Рихард Биттнер АГ

Вена, Австрия.

Қаптаушы

Артесан Фарма ГмбХ & Ко КГ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «Хербс Трэйдинг ГмбХ» өкілдігі Алматы қ., Бегалин к-сі 115

Телефон. тел +7(727) 390-98-94 факс (727) 291-65-11

Электронды поштасы: dbadambaeva@mail.ru

 

 

 

Прикрепленные файлы

240468701477977086_ru.doc 62.5 кб
757090391477978252_kz.doc 85.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники