Афлубин® - Назе

Производитель: Рихард Биттнер АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для местного применения при заболеваниях носа
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019747
Информация о регистрации в РК: 07.03.2013 - 07.03.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Афлубин® - Назе

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Мұрын спрейі

Құрамы

100 мл құрамында

белсенді заттар: Қара қыша (Sinapis nigra) D2 – 1мл, Құрамында шайыр бар ақшыл сүттіген шырыны (Euphorbium) D6 –10 мл, Шалғындық шанышқақ (Pulsatilla pratensis) D6 – 10 мл, Люффа (Luffa operculata) D12 – 10 мл, Сынап (II) йодиді (Hydrargyrum biiodatum) D12 – 10 мл

қосымша заттар: натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі, бензалконий хлориді.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Мұрын ауруларында жергілікті қолдануға арналған басқа да препараттар

АТХ коды R01AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фармакокинетикалық қасиеттері туралы деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Афлубин®-Назе – мұрын спрейі - бұл бір-бірін толықтыратын бірнеше гомеопатиялық дәрілердің спецификалық біріктірілімі.

Препарат қабынуға қарсы, аллергияға қарсы әсер етеді, жергілікті иммунитетті күшейтеді және мұрын жұтқыншағы шырышты қабығының қалыпты биоценозын қалыпқа келтіреді.

Қара қыша. Фармакодинамикалық әсерге ие компоненттермен, қара қыша құрамында глюкозинолаттар: синигрин (аллилглюкозинолат 1-ден 5%-ға дейін) бар, ол ферменттердің әсерімен тұқымдарын ұнтақ қылып майдалағанда және жылы сумен араластыру кезінде, сондай-ақ шайнау кезінде аллилизотиоцианатқа дейін ыдырайды. Ұшпа қыша майының құрамында 92% аллилизотиоцианат бар. Тұқым құрамында майлы май (30-дан 35% дейін), протеиндер (шамамен 40%) және синапинді қоса (синап қышқылының холинді эфирі, 1%-ға жуық) фенилпропан туындылары бар. Қара қыша тұқымы антибактериялық және антисептикалық қасиеттерге ие. Жергілікті-тітіркендіргіш әсері осы тұстағы қан айналымын көтермелей және ауыруды баса отырып, терінің аздап қызаруын туындатады. Қара қыша жоғарғы тыныс жолдарының қабынуын емдеуге пайдаланылады.

Құрамында шайыры бар ақшыл сүттіген шырыны. Негізгі компоненті шайыр болып табылады (шамамен 40%), сондай-ақ оның құрамында мыналар бар:

- дитерпендер: тиглиан эфирлері, ингенан және ингиолэфир эфирлері, ингеол.

- тритерпендер: эуфорбон, β-амирин, α-эуфол, резиниферол, ингенол;

- органикалық қышқылдар (шамамен 6%, мысалы эуфорибикалық қышқыл), кальций малаты, калий малаты,

- балауыз, каучук

- лигнин, бассорин, ұшпа май және еритін шайырсыз су

- резинфератоксин құрамында шайыр бар ақшыл сүттіген шырыны құрамына кіретін капсаициннің аналогы болып табылады.

Сүттіген эфирде еритін шайырдан (26.95%), эфирде ерімейтін шайырдан (14.25%) тұрады, ал препаратқа жоғары күйдіргіш әсерін эфирде еритін шайыр береді.

Қабынуға қарсы қасиеттерге ие. Ринит, фарингит сияқты жоғарғы тыныс жолдарының қабынулары кезінде қолданылады.

Шалғындық шанышқақ. Лактондар Пульсатилла құрамындағы негізгі компонент болып табылады. Басқа компоненттерге таниндер, ұшпа май, кальций тұзы түріндегі хелидон және янтарь қышқылы, сондай-ақ флавоноидтар кіреді. Дельфинидин және пеларгонидин гликозидтері гүлдерінде болады.

Тыныс жолдарынан шырыш бөлінумен сипатталатын шырышты қабықтардың катаральді қабынуларында қолданылады, ринит, ларингит және бронхит кезінде қолданылады.

Люффа компоненттері, кукурбитациндер деп аталатын тритерпендермен сипатталады. Негізгі фармакологиялық қасиеттері: цитоуыттылық, қабынуға қарсы, антибактериялық және антигистаминдік. Ауыз қуысы, тамақ және жоғарғы тыныс жолдарының қабыну ауруларын (ринит, аллергиялық ринит, катаральді қабыну, синусит) емдеу үшін қолданылады.

Сынап (II) йодиді. Сынап қосылыстары көптеген тіршілік үдерістеріне әсер етеді. Сынап иондары ақуызға арналған шөгінді затты білдіреді, бұл тіндермен тікелей жанасқанда ауыр дәрежелі некрозға әкеледі. Олар ферменттер, жарғақша ақуыздары, нуклеин қышқылдары және митоздық аппарат сияқты жасушалар қызметі мен тіршілігіне қажетті жасушалық компоненттердің көбіне ұқсас. Сынап жарғақшаның сульфгидрильді топтары мен дисульфидті байланыстарымен өзара әрекеттеседі, соның нәтижесінде спецификалық жарғақшалық тасымалдану бөгеледі, ал жарғақшаның таңдамалы өткізгіштігі өзгереді. Синуситті емдеу үшін пайдаланылады.

Қолданылуы

- ринитті (тұмау) емдеуде

- пішен қызбасында (аллергиялық ринит)

- фарингитте

- есту түтігінің қабынуында

- маңдай және мұрын қосалқы қуыстарының қатар жүретін қабынуларын емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозалануы клиникалық симптомдарының жекелей ерекшеліктеріне сәйкес түзетілуі тиіс.

Жасы

Доза

Дозалануы

Ересектер және 12 жастағы балалардан бастап

2

бүрку

Күніне 4 рет 1-4 апта бойы. Қажет болған жағдайда дәрілік заттарды қабылдауды қайталауға болады.

Емдеудің басында 30-60 минут сайын әр мұрын жолына 2 бүрку жасау керек.

Сауығу белгілері пайда болған кезде қабылдау жиілігі 4 есеге дейін азайтылуы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

  • сілекейдің көп бөлінуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді заттарға немесе толтырғыштардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балаларға

- қалқанша без аурулары (гипотиреоз)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі уақытта басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы ешқандай ақпараттар жоқ

Айрықша нұсқаулар

Гомеопатиялық дәрілік заттармен емдеудің басында организмнің иммундық жүйесінің көтермеленуіне байланысты бойда бар аурулардың өршуі жүруі мүмкін. Мұндай жағдай қауіпті емес.

Жүктілік және лактация кезеңі

Қазіргі кезде жүктілік және емшекпен қоректендіру кезінде қолдануға қатысты ықтимал қауіптері жайында ешқандай дәйектер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Афлубин®-Назе - автомобиль жүргізу және механизмдерді пайдалану қабілетіне ешқандай әсер етпейді.

Артық дозалануы

Ешқандай артық дозалану жағдайлары хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Пластик дозатор мен шашыратқышы, қорғаныш пластик қалпақшасы бар пластик құтыда 20 мл-ден.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде, 30 º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

Рихард Биттнер АГ

Фельдкирхен, Австрия.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Рихард Биттнер АГ

Вена, Австрия.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «Хербс Трэйдинг ГмбХ» өкілдігі Алматы қ., Бегалин к-сі 115

Телефон. тел +7(727) 390-98-93 факс (727) 291-85-34

Электронды поштасы: www.omegapharma.kz

 

 

 

Прикрепленные файлы

927450881477976928_ru.doc 48.5 кб
610659101477978106_kz.doc 81 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники