Афлубин® (капли гомеопатические)

Производитель: Рихард Биттнер АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие комбинированные препараты, применяемые при простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010386
Информация о регистрации в РК: 10.10.2017 - 10.10.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Афлубин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

20 және 50 мл гомеопатиялық тамшылар

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді заттар: Сары шерменгүл (Gentiana) D1 - 1 мл, Дәріханалық уқорғасын (Aconitum) D6 - 10 мл, Қос үйлі итжүзім (Bryonia) D6 – 10 мл, Темір фосфаты (Ferrum phosphoricum) D12 - 10 мл, Сүт қышқылы (Acidum sarcolacticum) D12 - 10 мл.

қосымша зат - 43 этил спирті.

Сипаттамасы

Түссізден сәл сарғыш түске дейінгі, өзіне тән иісі жоқ және әлсіз ғана шерменгүл дәмі бар мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдарын қайтаруға арналған біріктірілген басқа да препараттар

АТХ коды R05Х

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қазіргі кезде гомеопатиялық медициналық препараттардың олардың жоғары сұйылтылуына байланысты фармакокинетикалық қасиеттері туралы хабарламалар жоқ.

Фармакодинамикасы

Афлубин® - тамшылары – бірнеше гомеопатиялық дәрілердің спецификалық біріктірілімі.

Гомеопатиялық емдеу дегеніміз жедел және созылмалы ауруларды емдеу кезінде қажетті организмнің қорғаныш күштерін нығайтуға ықпалын тигізетін емдеуді білдіреді.

Қолданылуы

Кешенді емдеуде

  • тұмауды

  • жедел респираторлы вирус жұқпаларын (ЖРВЖ)

Сондай-ақ буын ауыруы синдромымен қатар жүретін қабыну және ревматикалық аурулардың қосымша емі ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

  • Емдеудің басталуы (емнің 1. және 2. күні)

     

    Дозасы

    Дозалау

    ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер

    10 тамшы

    Бастапқыда әр 30-60 минут сайын қабылдау керек

    (ең көбі күніне 8 рет).

    Сауығу белгілері байқалған кезде қабылдау жиілігі күніне 3 ретке дейін төмендетілуі тиіс.

    1 жастан 12 жасқа дейінгі балалар

    5 тамшы

    Жағымды динамикасының симптомдары болмаса, қабылдауды 2 кестеге сәйкес жалғастыру керек:

  • Ұзақ емдеу

     

    Дозасы

    Дозалау

    ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер

    10 тамшы

    Күніне 3 рет

    1 жастан 12 жасқа дейінгі балалар

    5 тамшы

    3. Алдын ала емдеу (профилактика)

    a) Суық мерзімнің басында немесе тұмау маусымы басталар алдындағы тұрақты профилактикалық емдеу:

     

    Дозасы

    Дозалау

    ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер

    10 тамшы

    Күніне 2 рет 3 апта бойы

    1 жастан 12 жасқа дейінгі балалар

    5 тамшы

    b) Тұмаумен ауырғандармен қарым-қатынастан немесе өте тоңғаннан кейін бірден профилактикалық емдеу

     

    Дозасы

    Дозалау

    ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер

    10 тамшы

    Күніне 2 рет 2 күн бойы

    1 жастан 12 жасқа дейінгі балалар

    5 тамшы

    АФЛУБИННІҢ® тиімділігін қамтамасыз ету үшін – тамшыларды тамақтануға дейін 30 минут бұрын немесе тамақтанудан кейін 1 сағаттан соң қабылдау керек.

    АФЛУБИН® - тамшыларын таза күйінде немесе судың аздаған мөлшерінде сұйылтып қабылдауға болады.

    1мл ішінде шамамен 25 тамшы бар.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

  • сілекей бөлінудің жоғарылауы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді заттарына немесе компоненттердің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 1 жасқа дейінгі балалар

- маскүнемдік, эпилепсия, бауыр аурулары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі уақытта басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы ешқандай ақпараттар жоқ

Айрықша нұсқаулар

Құрамында 43 % спирт бар екендігі ескеріле отырып, препарат жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ маскүнемдігі, бауыр аурулары немесе эпилепсиясы бар емделушілерге тағайындалмайды.

Гомеопатиялық дәрілік заттармен емдеудің басында организмнің иммунитет жүйесі көтермеленуіне байланысты бойда бар аурулардың бастапқы өршуі жүруі мүмкін. Бұл жағдай қауіпті емес. Ұзақ, сәйкессіз емдеу зерттелетін препаратқа реакция (жаңа симптомдар) туғызуы мүмкін.

АФЛУБИН® тамшыларының құрамында өсімдік және басқа да табиғи материалдары болады, сондықтан олардың дәмі мен иісі жағынан айырмашылығы және аздап бұлыңғырлануы болуы мүмкін. Бұл препарат сапасы мен тиімділігіне ешқандай әсер етпейді.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Ешқандай артық дозалану жағдайлары хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Пропиленнен жасалған бұралып жабылатын қақпағы және полиэтиленнен жасалған тамшылатқышы бар қоңыр шыныдан жасалған құтыға 20 немесе 50 мл препараттан құйылады.

1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан және күшті электромагнитті өрістен қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Рихард Биттнер АГ,

Австрия.

Тіркеу куәлігінің иесі

Рихард Биттнер АГ,

Австрия.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Хербс Трэйдинг ГмбХ» ҚР өкілдігі Алматы қ., Бегалин к-сі 115

Телефон +7(727) 390-98-94 факс (727) 291-65-11

Электронды поштасы: omegapharma.kz

Прикрепленные файлы

653083321477977039_ru.doc 60 кб
794912831477978224_kz.doc 57.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники