Ауробин® (AGENTS FOR TREATMENT OF HEMORRHOIDS AND ANAL FISSURES FOR TOPICAL USE)

МНН: Декспантенол, Лидокаин, Преднизолон
Производитель: Гедеон Рихтер ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения геморроя и анальных трещин для местного применения
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014379
Информация о регистрации в РК: 25.12.2018 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 656/95/2000/04/08/13/18
Информация о регистрации в РБ: 09.07.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Ауробин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жақпамай, 20 г

Құрамы

1 сықпаның ішінде

белсенді заттар - 0,04 г преднизолон капронаты, 0,40 г декспантенол, 0,40 г лидокаин гидрохлориді,

қосымша заттар: полисорбат 60, триклозан, метилпарагидроксибензоат, цетил спирті, глицерин, пропиленгликоль, макрогол стеараты, вазелин майы (сұйық парафин), диметикон, бейтарап май, стеарин қышқылы, тазартылған су

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті, иісі жоқ дерлік гомогенді жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған геморрой мен анус сызаттарын емдеуге арналған дәрілер.

АТХ коды C05А

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жақпамайды пайдаланып фармакокинетикасына зерттеулер жүргізілген жоқ.

Жергілікті қолданғанда преднизолон жүйелі әсер бере отырып сіңуі мүмкін (әсіресе окклюзиялық таңғыштардың астында немесе зақымданған теріге, сондай-ақ клизма ретінде пайдаланғанда). Препарат организмнің барлық тіндеріне кеңінен таралады. Преднизолон плазма ақуыздарымен белсенді байланысады, плацентарлық бөгет арқылы өтеді және емшек сүтінде анықталуы мүмкін. Препарат несеппен конъюгацияланған метаболиттер түрінде шығарылады.

Лидокаин шырышты қабық пен зақымданған тері арқылы жақсы сіңеді. Ол плазма ақуыздарымен белсенді байланысады; оның жартылай шығарылу кезеңі 1-2 сағатты құрайды. Препарат көбінесе бауырда метаболизденеді. Бүйрек функциясының бұзылуы бастапқы заттың шығарылуына әсер етпейді, алайда оның белсенді метаболитінің жинақталуына алып келуі мүмкін. Лидокаин плацентарлық және гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді, сондай-ақ емшек сүтімен бөлініп шығады.

Фармакодинамикасы

Препараттың құрамында перианальді аймақтың қабыну үдерістерін емдеуде тиімді заттар бар. Преднизолон жергілікті қабынуға қарсы әсері бар галогенделмеген глюкокортикостероид болып табылады. Сондай-ақ ол қан тамырларының өткізгіштігін төмендетеді, қантамырлар қабырғасының тонусын көтереді және қабыну белгілерін әлсіретеді. Лидокаин ауыру мен шымылдатып ашуды жылдам басады. Пантенол зақымданған эпителий мен шырышты қабықтардың регенерациясын жеңілдетеді.

Қолданылуы

- артқы өтістің қышынуын, экзема мен перианальді аймақтың дерматитін, геморрой мен артқы өтіс сызатын қоса, перианальді аймақтың қабыну ауруларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер және егде жастағы адамдар

Ауробинді® дененің зақымданған жеріне күніне 2-4 рет жағу керек. Препаратты тәулігіне 2 реттен аз пайдалану тек симптомдарының жеңілдеуін ғана қамтамасыз етуі мүмкін. Емдеу тек қысқа уақытқа созылуы мүмкін (5-7 күн).

Балаларда пайдаланылуы:

Ауробинді® бір жасқа дейінгі балаларда пайдалануға болмайды.

Бұл препаратты балаларға тек белгілі бір жағдайларда және емдік әсеріне жету үшін жеткілікті азғантай мөлшерде тағайындауға болады; емдеу ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс.

Бір жастан асқандарға жақпамайды зақымдалған жерге жағымсыз әсерлерінің даму ықтималдылығын төмендету мақсатында, күніне екі реттен жиілетпей жағуға болады. Емдеуді 5 күннен асырмай жалғастыруға болады.

Емделушінің жас шамасына байланыссыз, жақпамайдың терінің зақымданған немесе ауқымды беткейлеріне, сондай-ақ тері қыртыстары аймағына ұзақ уақыт қолданылуын болдырмау керек.

Окклюзиялық таңғыштардың астында қолдану ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

- субклиникалық жұқпалардың белсенділенуі, жұқпа белгілерінің бүркемеленуі, оппортунистік жұқпалар

- аса жоғары сезімталдық реакциялары

- бүйрекүсті бездерінің қыртысты заты функциясының бәсеңдеуі

- гипокалиемиялық алкалоз, сұйықтықтың іркілуі, гипокалиемия, натрий іркілісі

- ұйқысыздық, психикалық бұзылыстар, құрысулар, бас айналуы, бас ауыруы, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы

- катаракта (катарактаның даму ықтималдылығы балаларда жоғары), капсула асты катарактасы, экзофтальм, глаукома, көру жүйкесі дискісінің ісінуі, мөлдір қабықтың ойық жарасы, көзішілік қысымның жоғарылауы

- жүрек жеткіліксіздігі, жүрек өткізгіштігінің бұзылулары, гипертония, шеткергі вазодилатация

- геморрагиялық гастрит, асқазан-ішектен қан кету, асқазан-ішек жолы мүшелерінің тесілуі, эзофагит, панкреатит, пептикалық ойық жара

- дерматит, фолликулит (қолданылған жерде), акне типті бөртпе, жанаспалы дерматит, терінің құрғауы, жұқаруы және ауыруы, эритема, гирсутизм, гипергидроз, интертриго, терінің қышынуы, атрофиясы, гипопигментация, терінің тітіркенулері, стриялар, телеангиэктазиялар, терінің шымылдатып ашыту сезімі, жараның ұзақ жазылуы

- өсудің тежелуі, стероидты миопатия, остеонекроз, остеопороз

- теріс азотты теңгерім

- терінің провокациялық тестілерге реакциясының тежелуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затына немесе қосымша заттарының қандай-да біреуіне аса жоғары сезімталдық

- терінің бастапқы бактериялық, вирустық немесе зеңдік жұқпасы

- бет розацеасы, кәдімгі безеу, ауыз маңы аймағының дерматиті, баздану

- терінің құрғауы, қабыршақтануы

- 1 жасқа дейінгі балаларға

- жүктілік және лактация кезеңі

- тері туберкулезі

- қант диабеті

- көзді және периорбитальді аймақты емдеу үшін қолдануға болмайды

- лидокаинді басқа көрсетілім бойынша бір мезгілде қолдану

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ауробиннің® басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеген.

Басқа да аритмияға қарсы препараттармен бір мезгілде қолдану сақтықты қажет етеді.

Айрықша нұсқаулар

Тітіркену немесе сезімталдық туындаған жағдайда, Ауробин® жақпамайымен емдеуді тоқтату және сәйкесінше қосымша емдік шараларды қолдану керек.

Жақпамайды терінің ауқымды немесе зақымдалған бөліктеріне, тері қыртыстарына, окклюзиялық таңғыштардың астында және/немесе ұзақ уақыт жағудан бас тарта отырып, жергілікті немесе жүйелі уыттылығының дамуын болдырмауға болады.

Ауробин® жақпамайын терінің бір жеріне ұзақ уақыт бойы қолданғанда, әсіресе балаларда тері атрофиясы дамуы мүмкін.

Зеңдік немесе бактериялық жұқпа дамыған жағдайда сәйкесінше жергілікті немесе жүйелі емді пайдалану керек.

Катаракта, қант диабеті, глаукома, туберкулез және анемия кезінде, сондай-ақ глюкокортикоидтардың гипоталамо-гипофизарлық-бүйрекүсті бездері функциясын бәсеңдетуі кезінде ерекше сақтық таныту керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жергілікті қолдануға арналған кортикостероидтармен емдеу буаз жануарларда ұрықтың зақымдануын (мысалы, таңдай жырығы немесе құрсақішілік даму ақаулары) туғызуы мүмкін.

Препаратты жүктілік кезінде пайдаланудың қауіпсіздігі жөніндегі мәліметтер жеткіліксіз. Сондықтан, Ауробин® жақпамайын жүктілік кезінде пайдаланбаған дұрыс.

Кортикостероидтар мен лидокаин емшек сүтімен бөлініп шығады. Кортикостероидтар жаңа туған сәбилерде бүйрек үсті бездерінің функциясына әсер етуі және өсудің бұзылуына алып келуі мүмкін. Емшек сүтімен лидокаиннің азғантай мөлшері бөлініп шығады. Лактация кезеңінде препаратты қолдану ұсынылмайды немесе емдеу кезінде бала емізуді тоқтата тұру керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бұл препараттың автокөлік басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықтимал әсері зерттелмеген. Дегенмен, препаратты қолданғанда бас айналуы сияқты жағымсыз әсері байқалуы мүмкін болғандықтан, сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жергілікті немесе жүйелі көріністердің дамуы.

Емі: симптоматикалық. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Тесетін ұштығы бар полиэтилен қалпақшамен тығындалған алюминий сықпаларда 20 г-ден.

1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

8 0С-ден 15 0С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы және елі

«Гедеон Рихтер» ААҚ,

1103 Будапешт, Дёмрёи к-сі, 19-21, Венгрия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Гедеон Рихтер» ААҚ ҚР өкілдігі

E-mail: info@richter.kz

Телефон: 8-(727) - 258-26-22, 8-(727) 258-26-23

 

 

5/5

 

Прикрепленные файлы

898028851477976764_ru.doc 57.5 кб
391806681477977934_kz.doc 67 кб
656_95_2000_04_08_13_18_i.pdf 0.34 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ