Атропина сульфат (капли глазные, 10 мг/мл) (Atropine)

МНН: Атропин
Производитель: Опытный завод ГНЦЛС ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Atropine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012400
Информация о регистрации в РК: 13.11.2018 - 13.11.2023
Номер регистрации в РБ: 4939/01/06/07/09/11/16
Информация о регистрации в РБ: 21.12.2016 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 157.09 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Атропин сульфаты

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

10 мг/мл көз тамшы дәрісі

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 0,05 г атропин сульфаты бар,

қосымша заттар: натрий хлориді, натрий метабисульфиті,

инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Мидриатиктер.

Холиноблокаторлар. Атропин.

АТХ коды S01FA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Көз жасы өзегі арқылы мұрын жұтқыншағына түскен көз тамшы дәрісін жұтқанда атропиннің жүйелі әсер ететінін ескерсек, препарат асқазан-ішек жолында оңай сіңеді, препарат биожетімділігі 50%, жартылай шығарылу кезеңі 13-38 сағат құрайды, атропин қан плазмасы ақуыздарымен 50% байланысады, бауырда метаболизденеді, бүйрекпен 50%-ы өзгермеген күйде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Атропин сульфаты сілекей және басқа бездердің сөлінісін азайтады, тахикардияны тудырады, атриовентрикулярлық өткізгіштікті жақсартады, тегіс бұлшықетті ағзалар тонусын төмендетеді, қарашықтарды айқын кеңейтеді (осы орайда көзішілік қысым көтерілуі мүмкін), аккомодация салдануын туындатады.

Әсер ету механизмі М-холинорецепторларын атропиннің таңдамалы бөгеуімен жүзеге асады (Н-холинорецепторларға аз дәрежеде ықпал етеді), соның нәтижесінде соңғылары постганглионарлы парасимпатикалық жүйкелер ұштарының аумағында түзілетін ацетилхолинге сезімтал емес болып кетеді. Ең жоғары мидриаз 30-40 минуттан соң басталып, 7-10 күн бойы сақталады, аккомодация салдануы тиісінше 1-3 сағаттан соң болып, 8-12 күн сақталады.

Атропиннің жүйелі әсері оның антихолинергиялық (холинолитикалық) әсерімен жүзеге асады және сілекей, асқазан, бронх, тер бездерінің, ұйқы безі сөлінісінің бәсеңдеуін, жүрек жиырылуының жиілеуін (жүрекке n.vagus тежегіш әсерін азайтады), тегіс бұлшықетті ағзалар (бронх тармақтары, құрсақ қуысы ағзалары және т.б.) тонусының төмендеуін қамтиды.

Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтіп, атропин орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Препарат бұлшықет тонусын және паркинсонизммен науқастарда треморды (орталық холинолитикалық әсер) азайтады, емдік дозаларында атропин тыныс алу орталығын қоздырады, атропиннің үлкен дозалары қозғалыстық және психикалық бұзылуларды, құрысуларды, елестету құбылыстарын, тыныстың салдануын туындатады.

Қолданылуы

- көз түбін зерттеу үшін қарашықты диагностикалық кеңейту

- көздің нағыз рефракциясын анықтау мақсатында аккомодация салдануына жету үшін

- қабыну аурулары, көз жарақаттары, торқабықтың орталық артериясының эмболиясы немесе түйілуі кезінде кешенді ем құрамында

Қолдану тәсілі және дозалары

Емдік мақсатта ересектер мен 7 жастан үлкен балаларға атропиннің 1-2 тамшысын күніне 2-3 рет тағайындайды.

Атропинді конъюнктива қуысына тамызғаннан кейін препараттың мұрын қуысына түспеуі үшін тез арада көз жасы нүктесін мұрын қалқасына қысу керек. Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

- көзішілік қысымның көтерілуі

- қабақ терісінің гиперемиясы, конъюнктива гиперемиясы және ісінуі

(әсіресе, ұзақ уақыт қолданғанда)

- жарықтан қорқу

- тахикардия

- ауыздың кеберсуі, ішек атониясы, іш қату, бас айналу, несеп іркілісі, қуық атониясы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- глаукома

- қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясында несеп шығарудың бұзылуы

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 7 жасқа дейінгі балаларға

- нұрлы қабық синехиясы, кератоконус

Сақтықпен: ойық жаралы колит, салданған илеус, қуық асты безі гиперплазиясы кезіндегі айқын несеп іркілісі, гипертермия, тахикардиямен қатар жүретін жай-күйлер (тиреотоксикоз, жүрек жеткіліксіздігі, жүрекке хирургиялық араласу), миокард инфарктісі (миокард ишемиясының күшею қатері), гипертензия, митральді стеноз, аритмиялар, бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі. Атропиннің эзофагальді сфинктерге әсері рефлюкстің күшеюіне алып келеді.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Атропин сульфатын моноаминооксидаза тежегіштерімен қолданғанда

жүрек ырғағының бұзылуы пайда болады, хининмен, новокаинамидпен

холинолитикалық әсер жиынтығы байқалады.

Айрықша нұсқаулар

Атропин сульфатына жеке сезімталдықтың жоғары болуы мүмкін екенін ескеріп, оны сақтықпен тағайындау керек. Препаратты конъюнктива қалтасына тамшы түрінде енгізгенде ерітіндінің көз жасы өзегіне түсуіне және оның сіңуіне жол бермеу үшін көз жасы жолдары бөлігін қысу керек. Офтальмологиялық тәжірибеде атропин сульфатын ең алдымен емдік мақсатта қолданған дұрыс болады, ал диагностикалық мақсатта әсері ұзаққа созылмайтын мидриатиктер қолданған жақсы. Жүрек-қантамыр жүйесі ауыр зақымданған (аритмиялар, митральді стеноз) науқастарда, тахикардияның алдын алу мақсатында субконъюнктивалық және парабульбарлы енгізгенде науқасқа Атропинмен бірге тіл астына салатын валидол таблеткасын береді.

Атропин сульфатын қолдану кезінде жанаспалы линзалар пайдалану жөнінде деректер жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде препарат аса қажет жағдайда ғана тағайындалады. Атропин лактация кезінде қолданылғанда бала емізуді тоқтату керек, өйткені препарат емшек сүтіне өтіп, сәбиде тыныс тарылуын және ұйқышылдықты туғызуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделу кезеңінде автокөлік басқарудан және жоғары зейін шоғырландыруды, психомоторлық реакциялар шапшаңдығынн және анық көруді талап ететін басқа да қауіптілігі зор қызмет түрлерімен шұғылданудан бас тарту керек.

Артық дозалануы

Атропиннің жағымсыз әсерінің күшеюі және жүйелі әсерлерінің дамуы мүмкін: тахикардия, шырышты қабықтардың құрғауы, іш қатулар, несеп іркілісі, бронх тарылуы белгілерінің пайда болуы немесе күшеюі, тердің аз бөлінуі, гипертермияның пайда болуы, әсіресе, балаларда қозғалыстық және психикалық бұзылыстардың дамуы.

Емі: минутына 1 мг-ден аспайтын жылдамдықпен көктамыр ішіне 0,5-2 мг физостигмин (тәулігіне 5 мг-ден асырмай) немесе әр 2-3 сағат сайын

көктамыр ішіне 0,5-2 мг немесе бұлшықет ішіне 0,5-1 мг неостигмин

метилсульфатын енгізу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан резеңке тығындармен тұмшалана тығындалып, артынан алюминий қалпақшалармен қаусырылған шыны құтыларға құйылады.

Құтыларға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.

Құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және полиэтилен тамшылатқыш қақпақпен бірге картон

пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 С-ден 25 С-ге дейінгі температурада

сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейін пайдалану кезеңі – 14 тәулік.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ДЗМҰО» тәжірибе зауыты» ЖШҚ.

Украина, Харьков қ-сы, Воробьев к-і, 8.

Тіркеу куәлігінің иесі

«ДЗМҰО» тәжірибе зауыты» ЖШҚ.

Украина, Харьков қ-сы, Воробьев к-і, 8.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар)

сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Мекенжайы: «ДЗМҰО» тәжірибе зауыты» ЖШҚ

Украина, Харьков қ-сы, Воробьев к-і, 8.

Телефон: 752-30-17

Факс: 752-30-17

Электронды пошта: phoenix@gncls.com

Қазақстан Республикасы аумағындағы сенімді өкілі

Мекенжайы: «КФК Медсервис Плюс» ЖШС

050004, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,

Мәметова к-сі, 54

Телефон/факс: (727) 279 98 21

Электронды пошта: pharmanadzor@medservice.kz

 

Прикрепленные файлы

383479111477976795_ru.doc 53 кб
780414581477977949_kz.doc 79 кб
4939_01_06_07_09_11_16_i.pdf 0.22 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ