Атрибет (20 мг)


Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Аторвастатин
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг, 20 мг, 40 мг және 80 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат –10,85 мг, 21,70 мг, 43,38 мг, 86,80 мг аторвастатин кальций тригидраты 10 мг, 20 мг, 40 мг, 80 мг аторвастатинге шаққанда
қосымша заттар:
Ядро: кальций карбонаты, ұнтақ, лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, повидон, май қышқылдарының полиоксиэтилен сорбитан эфирі (Полисорбат 60), коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, тальк, магний стеараты,
Қабығы: ақ Опадри 03F28342.
Сипаттамасы
Ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес таблеткалар (10 мг және 20 мг дозалары үшін). Ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде сызығы бар таблеткалар (40 мг және 80 мг дозалары үшін). Сындырған кезде ақ дерлік түсті ядросы және ақ түсті жұқа үлбірлі қабығы көрінеді.
Фармакотерапиялық тобы
Гиполипидемиялық препараттар. Гипохолестеринемиялық және гипотриглицеридемиялық препараттар. HMG CoA редуктаза тежегіштері. Аторвастатин.
АТХ коды C10AA05
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі.
Ішке қабылдағаннан кейін аторвастатин қанға тез сіңеді. Қан плазмасында ең жоғары концентрацияға (Cmax) 1-2 сағат ішінде жетеді. Сіңу дәрежесі аторвастатин дозасына пропорционалды түрде артады. Тамақ ішу препараттың сіңірілу жылдамдығын және ұзақтығы біршама (сәйкесінше, 25%-ға және 9%-ға) төмендетеді, алайда холестериннің азаюы аторвастатинді тамақсыз қабылдаған кездегі осындайға ұқсас. Аторвастатиннің абсолютті биожетімділігі шамамен 12%-ды, ГМГ-КоА-редуктазаға қатысты тежегіш белсенділігін анықтайтын жүйелік биожетімділігі 30%-ды құрайды. Төмен жүйелік биожетімділігі асқазан-ішек жолының шырышты қабығындағы жүйеалды метаболизмі және бауыр арқылы «алғаш өту» кезінде жүзеге асады.
Таралуы.
Аторвастатиннің орташа таралу көлемі шамамен 381 л құрайды. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы – 98%.
Метаболизмі.
Аторвастатин көбіне бауырда Р450 цитохромының CYP3A4, CYP3A5 және CYP3A7 изоферменттерінің қатысуымен метаболизденіп, фармакологиялық тұрғыдан белсенді метаболиттерді (орто- және парагидроксилденген туындылар, бета-тотығу өнімдері) түзеді. In vitro орто- және парагидроксилденген метаболиттер аторвастатиндегіге ұқсас ГМГ-КоА-редуктазаға тежегіш әсер береді. Препараттың ГМГ-КоА-редуктазаға қатысты тежегіш әсерінің шамамен 70%-ы айналымдағы метаболиттер белсенділігімен анықталады.
Шығарылуы.
Аторвастатин бауырлық және/немесе бауырдан тыс метаболизмнен кейін көбіне өтпен бірге шығарылады (айқын ішек-бауырлық кері айналымға түспейді).
Жартылай шығарылу кезеңі – 14 сағат. ГМГ-КоА-редуктазаға қатысты тежегіш белсенділігі белсенді метаболиттерінің болуының арқасында 20-30 сағатқа жуық сақталады. Препараттың қабылданған дозасының 2%-дан азы несептен табылады. Гемодиализ барысында шығарылмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағылар: 65 жастағы және одан үлкен егде жастағы адамдарда қан плазмасындағы аторвастатиннің концентрациясы жастау ересек пациенттердегі ге қарағанда (Cmax шамамен 40%-ға, AUC шамамен 30%-ға) жоғары; егде жастағы адамдарда гиполипидемиялық емдеудің қауіпсіздігінде, тиімділігінде және мақсатқа қол жеткізуінде жалпы популяциямен салыстырғанда айырмашылықтар байқалған жоқ.
Балалар: балаларда препараттың фармакокинетикасына зерттеулер жүргізілген жоқ.
Жынысы: әйелдерде қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясының еркектердегі осындайдан айырмашылығы жоқ (Cmax шамамен 20% жоғары, ал AUC 10% төмен), алайда препараттың еркектер мен әйелдердегі липидтік алмасуға ықпал етуінде клиникалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтары байқалған жоқ.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі: бүйрек ауруы қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясына немесе оның липидтік алмасу көрсеткіштеріне ықпалын тигізбейді, осыған орай, бүйрек функциясы бұзылған науқастарда дозаны өзгерту қажет емес.
Гемодиализ: гемодиализдің аторвастатин клиренсінің елеулі жоғарылауына әкелуі екіталай, өйткені препарат қан плазмасы ақуыздарымен едәуір дәрежеде байланысқан.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі: аторвастатин концентрациясы алкогольдік бауыр циррозы (Чайлд-Пью В) бар науқастарда едәуір (Cmax шамамен 16 есеге, AUC шамамен 11 есеге) жоғарылайды.
Фармакодинамикасы
Аторвастатин 3-гидрокси-2-метил-глютарил-коэнзим А-ның, холестеринді қоса, стеролдар ізашары - мевалонатқа айналуына жауапты холестерин биосинтезінің шектік жылдамдығын айқындайтын фермент – ГМГ-КоА-редуктазаның селективті бәсекелес тежегіші болып табылады. Бауырда триглицеридтер және холестерин тығыздығы өте төмен липопротеиндер (ТӨТЛП) құрамына қосылады, қан плазмасына түседі және шеткері тіндерге тасымалданады. ТӨТЛП-ден тығыздығы төмен липопротеиндер (ТТЛП) түзіледі, олар көбінесе ТТЛП жоғары аффинді рецепторларымен өзара әрекеттесу арқылы катаболизденеді.
Аторвастатин бауырдағы ГМГ-КоА-редуктаза мен холестерин синтезінің тежелуі есебінен, сондай-ақ ТТЛП арттыратын жасушалар беткейіндегі «бауырлық» рецепторлар ТТЛП мөлшерінің артуы есебінен қан плазмасындағы холестерин мен липопротеиндер деңгейлерін төмендетеді.
Препарат ТТЛП өнімін және ТТЛП бөлшектерінің санын азайтады. Аторвастатин айналымдағы ТТЛП бөлшектер сапасының жағымды өзгерістерімен біріккен ТТЛП рецепторлары белсенділігінің айқын және тұрақты жоғарылауын туындатады.
Басқа липидемиялық дәрілермен емдеуге резистентті гомозиготалы тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы бар науқастарда ТТЛП деңгейін дозаға байланысты төмендетеді.
Доза/әсер арақатынасына жүргізілген зерттеулер аторвастатиннің жалпы холестерин (30-46%-ға), ТТЛП холестерині (41-61%-ға), аполипопротеин В (34-50%-ға) және триглицеридтер (14-33%-ға) деңгейлерін төмендетіп, сонымен бір мезгілде ТТЛП құрамындағы холестерин деңгейін және аполипопротеин А деңгейін сол немесе өзгеше дәрежеде арттыратынын көрсетті. Бұл нәтижелер, инсулинге тәуелсіз қант диабеті бар пациенттерді қоса, гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы, гиперхолестеринемияның және аралас гиперлипидемияның отбасылық емес түрлері бар пациенттерде ұқсас болды.
Жалпы холестерин, ТТЛП холестерині және аполипопротеин деңгейінің төмендеуіне байланысты, жүрек-қантамыр ауруларының үдеу қаупі азаяды, сәйкесінше, өлім қатері азаяды. 80 мг аторвастатиннің жедел фазадағы жедел коронарлы синдромы бар пациенттердің ауруханадан кейінгі және 16 апта бойы жалғасқан жағдайының динамикасына ықпалын тигізуіне жүргізілген зерттеулер мұндай қауіптің 16%-ға төмендегенін айғақтады. Препаратты егде жастағы пациенттерде пайдалану кезінде, жалпы популяциямен салыстырғанда, гиполипидемиялық емнің қауіпсіздігінде, тиімділігінде немесе мақсатқа қол жеткізуінде айырмашылықтары байқалған жоқ.
Қолданылуы
Гиперхолестеринемия:
- отбасылық гиперхолестеринемияны (гетерозиготалы нұсқасы) немесе біріктірілген (аралас) гиперлипидемияны (Фредриксон бойынша IIa және IIb типі) қоса, алғашқы гиперхолестеремиясы бар ересектерде, жасөспірімдерде және 10 жастан асқан балаларда, диетаға және басқа да фармакологиялық емес емдеу әдістеріне жеткіліксіз жауап болған жағдайда, жалпы холестериннің, тығыздығы төмен липопротеиндер (ТТЛП) холестеринінің, В аполипопротеиннің және триглицеридтердің жалпы деңгейінің жоғарылауын төмендету үшін диетаға қосымша ретінде
- гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар ересектерде жалпы холестеринді және тығыздығы төмен липопротеиндер (ТТЛП) холестеринін азайту үшін басқа гиполипидемиялық емдеу түрлеріне (мысалы, ТТЛП аферезі) қосымша ретінде немесе мұндай емдеу әдістері жеткіліксіз болғанда.
Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы:
- алғашқы жүрек-қантамыр ауруларының жоғары қаупі бар ересек пациенттерде жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы үшін, басқа да қауіп факторларын түзету үшін қосымша ретінде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Атрибет препараты пероральді түрде қолдануға арналған. Тәуліктік дозаның барлығын бірден, тәуліктің кез келген уақытында тамақпен немесе онсыз қабылдау қажет. Аторвастатинмен емдеуді бастар алдында семіздікке шалдыққан науқастарда диета, дене жаттығулары және дене салмағын азайту, сондай-ақ негізгі ауруды емдеу көмегімен гиперхолестеринемияны бақылауға қол жеткізуге әрекеттенген жөн. Препаратты науқасқа тағайындағанда оған емделу кезінде ұстануы тиіс болатын стандартты гипохолестеринемиялық диетаны ұсыну қажет. Бастапқы доза тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Дозалар ТТЛП деңгейіне, ем мақсаттарына және пациенттің емге реакциясына қарай жекелей реттелуі тиіс. Препаратты тәулігіне бір рет күннің кез келген уақытында тамақ ішуге қарамай-ақ қабылдай беруге болады. Атрибет дозасын арттырудың басында және/немесе арттыру кезінде әрбір 2-4 апта сайын қан плазмасындағы липидтердің деңгейін бақылап, дозаны тиісінше ретке келтіру қажет. Дозаны түзетуді кем дегенде 4 апта аралықтармен жүзеге асырған жөн. Ең жоғары тәуліктік доза 80 мг құрайды.
Алғашқы гиперхолестеринемия және біріктірілген (аралас) гиперлипидемия. Пациенттердің көпшілігінде липидтердің деңгейін қажетті бақылауды 10 мг Атрибетті күніне бір рет қабылдау арқылы қамтамасыз етеді. Айтарлықтай емдік әсері әдетте 4 аптадан кейін-ақ байқалады. Ұзақ емделу кезінде осы әсері сақталады.
Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия. Пациенттерді емдеуді күніне 10 мг Атрибет тағайындаудан бастау керек. Дозаны әрбір 4 апта сайын жекелей түзете отырып, оны күніне 40 мг-ге дейін жеткізген жөн. Одан кейін дозаны күніне 80 мг-ге тең ең жоғары деңгейіне дейін арттыруға немесе 40 мг Атрибет пен өт қышқылдарының секвестрантын біріктіріп тағайындауды қолдануға болады.
Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия. Препаратты осы ауруда қолдану жөнінде деректер шектеулі.
Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде аторвастатиннің дозасы тәулігіне 1 рет 10-нан 80 мг-ге дейінді құрайды. Атрибетті липидтерді (мысалы, ТТЛП аферезаны) төмендетудің басқа әдістеріне қосымша ретінде немесе егер осы емдеу әдістеріне қол жетімсіз болса, қолдану қажет.
Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы
Алғашқы профилактикасы бойынша жүргізілген зерттеулерде дозасы тәулігіне 10 мг құрады. Холестериннің ұсынылған деңгейіне қол жеткізу үшін (ағымдағы ұлттық нұсқауларға сәйкес) Атрибет препаратының өте жоғары дозалары қажет болуы мүмкін.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Атрибет препаратын қолданғанда бүйрек аурулары қан плазмасында аторвастатиннің концентрациясына немесе липидтердің азаю дәрежесіне ықпалын тигізбейді; осыған байланысты бүйрек аурулары бар пациенттерде дозаға қандай да бір түзету қажет емес.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауырдың орташа және ауыр дисфункциясы бар пациенттерде аторвастатиннің әсері өзгермейді, бірақ препараттың әсер етуі едәуір артады. Cmax шамамен 16 есе, және AUC (0-24) шамамен 11 есе артады. Сондықтан алкогольді едәуір мөлшерде пайдаланатын және/немесе анамнезінде бауыр аурулары бар пациенттерде сақтық танытқан жөн. Атрибет препаратын бауырдың белсенді ауруы бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
70 жастан асқан пациенттерде ұсынылатын дозалардың тиімділігі және қауіпсіздігі жалпы популяцияда қолданылатындағыға ұқсас болады.
Балалар
Гиперхолестеринемия:
Препаратты балаларға қолдану тәжірибесі шектеулі және жеткіліксіз. Балалардағы гиперлипидемияны емдеуге препаратты тәжірибелі дәрігерлер ғана тағайындай алады, пациенттер үдеріс динамикасына баға беру үшін жүйелі түрде тексерілуі тиіс. 10 жастағы және одан үлкен пациенттер үшін Атрибеттің ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне 20 мг дейін артырылатын 10 мг құрайды. Дозаны арттыруды әр пациенттің жекелей реакциясына және оның науқас балаларға жағымдылығына сәйкес жүргізген жөн. Балаларда шамамен 0,5 мг/кг сәйкес келетін 20 мг-ден жоғары дозалардың қауіпсіздігі жөніндегі ақпарат шектеулі.
Препарат 10 жасқа толмаған балаларға қолданылмауы тиіс.
Өткізіп алған доза. Дәрілік препараттың өткізіп алған дозасының орнын толтыру мақсатында екі еселенген дозаны қабылдауға болмайды, дәрілік препараттың ұсынылған дозаларын қабылдауды жалғастыру керек және келесі дозаны белгіленген уақытта қабылдаған жөн.
Жағымсыз әсерлері
Жиі (1%)
- бас ауыру
- гипергликемия, сарысулық КФК белсенділігінің жоғарылауы, функциональді бауырлық тестілердің ауытқулары
- назофарингит, жұтқыншақтың, көмейдің ауыруы, мұрыннан қан кету
- аллергиялық реакциялар
- іш қату, метеоризм, диспепсия, жүректің айнуы, диарея
- миалгия, артралгия, аяқ-қолдың ауыруы, бұлшық еттің түйілулері, буындардың ісінуі, арқаның ауыруы.
Сирек:
-тромбоцитопения
- шеткері невропатия
- көрудің бұзылуы
- холестаздық сарғаю
-ангионевроздық ісіну, буллезді бөртпе, полиморфты экссудативті эритема (соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы), Лайелл синдромы
-миозит, миопатия, рабдомилиоз, тендопатия, кейде сіңірлердің үзілуіне дейін асқынатын
Өте сирек:
- анафилаксия
- естуден айырылу
- бауыр функциясының жеткіліксіздігі
- гинекомастия.
Жиі емес:
- гипогликемия, дене салмағының артуы, анорексия
- қорқынышты түстер көру, ұйқысыздық
- бас айналу, парестезиялар, гипестезия, дисгевзия, амнезия.
- көрудің бұлдырауы
- құлақтың шуылдауы
- құсу, іштің жоғарғы және төменгі жағының ауыруы, кекіру, панкреатит, гепатит
- есекжем, тері бөртпесі, қышыну, алопеция
- мойынның ауыруы, бұлшық еттің шаршауы
- дімкәстік, астения, кеуденің ауыруы, шеткері ісінулер, шаршау, гипертермия
- несепте лейкоциттерге оң тест.
Белгісіз:
- иммунитетке байланысты некроздық миопатия.
ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштері жағдайындағы сияқты, қан сарысуында трансаминазаларының жоғары көрсеткіштері аторвастатин қабылдаған пациенттерде байқалды. Бұл өзгерулер, әдеттегідей, жеңіл, өткінші және емдеуде үзілісті қажет етпейді. Сарысудағы трансаминазалардың клиникалық тұрғыдан маңызды (қалыптың жоғары шегінен > 3 есе) жоғарылауы аторвастатин қабылдаған пациенттердің 0,8%-да байқалды. Бұл жоғарылау дозамен байланысты және барлық пациенттерде қайтымды болды.
Клиникалық сынақтарда қан сарысуындағы креатинкиназа деңгейінің (қалыптың жоғары шегінен 3 еседен көбірекке) жоғарылауы аторвастатин қабылдаған пациенттердің 2,5%-да байқалды, осыған ұқсас өзгерулер ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін қолданған кезде де білінді. Қалыптың жоғары шегінен 10 есе артық деңгейлер аторвастатинмен ем қабылдаған пациенттердің 0,4%-да байқалды.
Балалар
Жиі:
- бас ауыру, іштің ауыруы, аланинаминотрансферазаның, қан креатинінің, фосфокиназаның жоғарылауы.
Қолда бар деректер негізінде балаларда жағымсыз реакциялардың жиілігі, типі және ауырлығы ересектердегі сияқты болады деп күтіледі. Қазіргі таңда препаратты балаларға қолданудың ұзақ мерзімдік қауіпсіздігіне қатысты тәжірибелер шектеулі.
Келесі жағымсыз оқиғалар кейбір статиндермен тіркелді:
- сексуальді дисфункция
- депрессия
- өкпенің интерстициальді ауруларының сирек жағдайлары, әсіресе ұзақ емделген кезде
- қант диабеті (жиілігі ашқарында қандағы ≥ глюкоза деңгейі 5,6 ммоль / л, ДСИ> 30 кг / м2 түріндегі қауіп факторларының болуына немесе жоқтығына байланысты болады, триглицеридтердің жоғарылауы, гипертонияның бар болуы).
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- бауырдың белсенді аурулары немесе генезі түсініксіз бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы (жоғары қалып шегі 3 еседен астамға жоғары)
- жүктілік және лактация кезеңі, контрацепцияның тиімді шараларын пайдаланбайтын ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер
- 10 жасқа дейінгі балалар (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)
- тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, LAPP-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Сақтықпен:
- алкогольді шамадан тыс пайдаланатың пациенттерде
- анамнезінде бауыр аурулары бар болғанда
- электролиттің теңгерімнің ауыр бұзылуларында
- эндокриндік және метаболизмдік бұзылуларда
- артериялық гипотензияларда
- ауыр жедел инфекцияларда (сепсис)
- бақыланбайтын эпилепсияларда
- ауқымды хирургиялық араласымдарда
- жарақаттарда, қаңқа бұлшық еттерінің ауруларында
Дәрілік өзара әрекеттесулер
Бірге енгізілетін дәрілік препараттардың аторвастатинге ықпалы
Аторвастатин Р450 3А4 (CYP3A4) цитохромымен метаболизденеді және OATP1B1 тасымалдаушысы, бауырлық сіңудің тасымалдаушы ақуыздары үшін субстрат болып табылады. CYP3A4 тежегіштері болып табылатын дәрілік препараттарды немесе тасымалдаушы ақуыздарды бір мезгілде қолдану қан плазмасында аторвастатин концентрациясының жоғарылауына және миопатия дамуының жоғары қаупіне әкеп соғуы мүмкін. Қауіп аторвастатинді миопатияны туындатуы мүмкін фиброй қышқылының дериваты және эзетимиб сияқты басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданғанда жоғарылауы мүмкін (4.4 бөлімін қараңыз).
CYP3A4 тежегіштері
Күшті әсер ететін CYP3A4 тежегіштері, көрсетілгендей, аторвастатин концентрациясының анық артуына әкеледі (1 кестені және төменде берілген нақты ақпаратты қараңыз). CYP3A4 күшті тежегіштерін (мысалы, циклоспорин, телитромицин, кларитромицин, делавирдин, стирипентол, кетоконазол, вориконазол, итраконазол, позаконазол және, ритонавирді, лопинавирді, атазанавирді, индинавирді, дарунавирді және т.б. қоса, АИТВ-протеаза тежегіштері) бірге енгізуге, егер бұл мүмкін болса, жол бермеген жөн. Осы дәрілік препараттарды аторвастатинмен бірге қолданбасқа болмайтын жағдайларда аторвастатиннің өте төмен бастапқы және ең жоғары дозаларын тағайындауды қарастыру керек және пациентке тиісінше клиникалық мониторинг ұсынылады (1 кестені қараңыз).
CYP3A4 орташа тежегіштері (мысалы, эритромицин, дилтиазем, верапамил және флуконазол) аторвастатиннің плазмалық концентрациясын арттыруы мүмкін (1 кесте). Миопатияның жоғары қаупі эритромицинді статиндермен біріктіріп қолданғанда байқалады. Амиодаронның немесе верапамилдің аторвастатинге ықпалына баға беру үшін өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілген жоқ. Амиодарон да және верапамил де, белгілі болғандай, CYP3A4 белсенділігін бәсеңдетеді және аторвастатинмен бірге қолдану аторвастатиннің әсер етуінің артуына әкелуі мүмкін. Осылайша, CYP3A4 орташа тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда аторвастатиннің өте төмен ең жоғары дозасын қарастырған жөн, пациентке тиісінше клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады. Тиісті клиникалық мониторинг тежегіш дозасын бастағаннан кейін немесе түзеткеннен кейін ұсынылады.
CYP3A4 индукторлары
P450 3A цитохромының индукторларымен (мысалы, эфавиренз, рифампицин, шайқурай) бір мезгілде қолдану аторвастатиннің плазмалық концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Рифампициннің өзара әрекеттесуінің қос механизміне байланысты, (P450 3A цитохромының индукциясы және OATP1B1 тасымалдаушының гепатоциттермен сіңірілуінің тежелуі арқылы), оны аторвастатинді рифампицинмен бірге қолданған кезде бір мезгілде реттеу ұсынылады, өйткені рифампицинді енгізуден кейін аторвастатин қабылдаудың кідіруі қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясының едәуір төмендеуімен байланысты болды. Алайда рифампициннің гепатоциттердегі аторвастатиннің концентрациясына әсері белгісіз және, егер бір мезгілде қолданбасқа болмаса, пациенттер емдеудің тиімділігіне қатысты мұқият бақылануы тиіс.
Тасымалдаушы ақуыз тежегіштері
Тасымалдаушы ақуыздардың тежегіштері (мысалы, циклоспорин) аторвастатиннің жүйелік әсері күшейтуі мүмкін (1 кестені қараңыз). Тасымалдаушылардың бауырлық сіңуінің бәсеңдеуінің гепатоциттердегі аторвастатиннің концентрациясына ықпалы белгісіз. Егер қатар тағайындамасқа болмаса, дозаны азайту және тиімділігіне клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады (1 кестені қараңыз).
Гемифиброзил туындылары/фибрин қышқылының дериваттары
Фибраттарды монотерапия ретінде қолдану кейде бұлшық еттің бұзылыстарымен, соның ішінде рабдомиолизбен астасады. Осы оқиғаның даму қаупі аторвастатинді және фибрин қышқылының туындыларын бір мезгілде қолданғанда жоғарылауы мүмкін. Егер бір мезгілде тағайындамасқа болмаса, емдік мақсатқа қол жеткізу үшін аторвастатиннің ең төмен дозасы қолданылуы тиіс, және пациенттер тиісінше бақылануы тиіс (4.4 бөлімді қараңыз).
Эзетимиб
Эзетимибті ғана қолдану бұлшық етпен, соның ішінде рабдомиолизбен байланысты оқиғалармен байланысты. Сондықтан осы оқиғалардың қаупі эзетимибті және аторвастатинді бір мезгілде қолданғанда жоғарылауы мүмкін. Мұндай жағдайларда пациенттерге тиісті клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады.
Колестипол
Плазмадағы аторвастатин мен оның белсенді метаболиттерінің концентрациясы колестиполді аторвастатинмен бірге қолданған кезде төмен (шамамен 25%) болды. Алайда липидтік әсерлер аторвастатин мен колестиполді бірге қабылданған кезде, монотерапияға қарағанда өте айқынырақ болды.
Фузидий қышқылы
Рабдомиолиді қоса, миопатия қаупі фузидий қышқылы мен статиндерді бір мезгілде жүйелік қолдану есебінен жоғарылауы мүмкін. Осы өзара әрекеттесулердің механизмі (фармакодинамикалық, фармакокинетикалық немесе екеуінің де) әзірше белгісіз. Осы біріктірілімді қабылдап жүрген пациенттерде рабдомиолиз жөнінде (тіпті өліммен аяқталатын) мәлімдемелер түскен.
Егер фузидий қышқылын жүйелік енгізу қажет болса, аторвастатинмен емдеуді фузидий қышқылымен емдеудің барлық кезеңі ішінде тоқтатқан жөн (4.4 бөлімді қараңыз).
Аторвастатиннің бірге енгізілетін дәрілік препараттарға ықпалы
Дигоксин
Дигоксиннің бірнеше дозаларын және 10 мг аторвастатинді бірге енгізген кезде, дигоксиннің тепе-тең концентрациясы аздап жоғарылады. Дигоксинді қабылдап жүрген пациенттер тиісінше бақылануы тиіс.
Ішуге арналған контрацептивтер
Аторвастатинді пероральді контрацептивтермен бірге қабылдағанда норэтиндронның және этинилэстрадиолдың, эстрадиолдың плазмалық концентрацияларын арттырады.
Варфарин
Варфарин қабылдап жүрген пациенттерге жүргізілген клиникалық зерттеулерде варфариннің тәуліктік дозасын 80 мг аторвастатинмен бірге енгізу дозаны қабылдаудың алғашқы 4 аптасы ішінде протромбин уақытын 1,7 секундқа дейін аздап төмендетті, ол содан кейін аторвастатинмен емдеу барысында 15 күн ішінде қалыпты мәндеріне оралды. Антикоагулянттармен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесуінің өте сирек жағдайлары байқалса да, аторвастатинді қабылдар алдында, антикоагулянт кумаринді қабылдап жүрген пациенттерде протромбин уақыты анықталуы тиіс, және әрі қарай мұны протромбин уақытының айтарлықтай ешқандай өзгеруі байқалмайтынына кепілдік беру үшін емдеудің бастапқы кезеңінде мұны барынша жиі жасау қажет. Протромбин уақытының тұрақталуы құжатты түрде айғақталғаннан кейін, оны әдетте антикоагулянт кумарин қабылдап жүрген науқастарға ұсынылатын мезгіл-мезгіл бақылауды қолдануға болады. Егер аторвастатиннің дозасы өзгерсе немесе емдеу тоқтатылса, бұл процедура қайтадан жүргізілуі тиіс. Аторвастатинмен емдеу антикоагулянттар қабылдап жүрмеген пациенттерде қан кетулерді немесе протромбин уақытының өзгерулерін туындатқан жоқ.
1 кесте. Бірге енгізілетін дәрілік препараттардың аторвастатин фармакокинетикасына ықпалы
Бір мезгілде тағайындалатын медициналық препарат, оның дозасы |
Аторвастатин |
||
Доза (mg) |
AUC& өзгеруі |
Клиникалық нұсқау |
|
Типранавир 500 мг екі рет / ритонавир 200 мг екі рет, 8 күн (14 күннен бастап 21 күні) |
40 мг 1-ші күні, 10 мг 20-шы күні |
↑ 9.4 көрсеткіштердің жоғарылауы |
Аторвастатинмен бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайларда, аторвастатиннің күнделікті дозасын 10 мг-ден арттырмаған жөн. Осы пациенттерді клиникалық бақылау ұсынылады. |
Телапревир 750 мг әрбір 8 сағат сайын, 10 күн |
20 мг бір реттік доза |
↑ 7.9 көрсеткіштердің жоғарылауы |
|
Циклоспорин 5,2 мг / кг / күн, тұрақты доза |
Тәулігіне 10 мг 28 күн бойы |
↑ 8.7 көрсеткіштердің жоғарылауы |
|
Лопинавир 400 мг күніне / ритонавир 100 мг екі рет 14 күн бойы |
Тәулігіне 20 мг 4 күн бойы |
↑ 5.9 көрсеткіштердің жоғарылауы |
Аторвастатинмен бірге қолдану қажет болған жағдайларда, аторвастатиннің өте төмен дозаларын тағайындау ұсынылады. Аторвастатиннің 20 мг-ден асатын дозаларында, осы пациенттерге клиникалық мониторинг ұсынылады. |
Кларитромицин 500 мг екі рет, 9 күн |
Тәулігіне 80 мг 8 күн бойы |
↑ 4.4 көрсеткіштердің жоғарылауы |
|
Саквинавир 400 мг күніне екі рет / ритонавир (300 мг күніне екі рет 5-7 күндері, 400 мг дейін күніне екі ретке арттыру (8 –ші күн), 4-18 күн. Аторвастатинді қабылдағаннан кейін 30 минуттан соң қабылдау керек |
Тәулігіне 40 мг 4 күн бойы |
↑ 3.9 көрсеткіштердің жоғарылауы |
Аторвастатинмен бірге қолдану қажет болған жағдайларда, аторвастатиннің өте төмен дозаларын тағайындау ұсынылады. Аторвастатиннің 40 мг-ден асатын дозаларында, осы науқастарға клиникалық мониторинг ұсынылады. |
Дарунавир 300 мг күніне екі рет / ритонавир 100 мг күніне екі рет, 9 күн |
Тәулігіне 10 мг 4 күн бойы |
↑ 3.3 көрсеткіштердің жоғарылауы |
|
Итраконазол 200 мг бір реттік, 4 күн |
40 мг бір реттік доза |
↑ 3.3 көрсеткіштердің жоғарылауы |
|
Фосампренавир 700 мг екі рет / ритонавир 100 мг екі рет 14 күнде |
Тәулігіне 10 мг 4 күн бойы |
↑ 2.5 көрсеткіштердің жоғарылауы |
|
Фосампренавир 1400 мг екі рет, 14 күн |
Тәулігіне 10 мг 4 күн бойы |
↑ 2.3 көрсеткіштердің жоғарылауы |
|
Нелфинавир 1250 мг екі рет, 14 күн |
Тәулігіне 10 мг 28 күн бойы |
↑ 1.7 көрсеткіштердің жоғарылауы |
Арнайы нұсқаулар жоқ |
Грейпфрут шырыны, 240 мл күніне бір рет |
40 мг бір реттік доза |
↑ 37% |
Грейпфрут шырынының көп мөлшерін және аторвастатинді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. |
Дилтиазем 240 мг күніне бір рет, 28 күн |
40 мг бір реттік доза |
↑ 51% |
Дилтиаземді қабылдауды бастағаннан кейін немесе дозасын түзеткеннен кейін, осы пациенттерге тиісті клиникалық мониторинг ұсынылады. |
Эритромицин 500 мг күніне төрт рет, 7 күн |
10 мг бір реттік доза |
↑ 33%^ |
Ең жоғары доза және осы пациенттерге клиникалық мониторинг ұсынылады. |
Амлодипин 10 мг, бір реттік доза |
80 мг бір реттік доза |
↑ 18% |
Арнайы нұсқаулар жоқ |
Циметидин 300 мг күніне төрт рет, 2 апта |
Тәулігіне 10 мг 2 апта бойы |
↓ less than 1%^ |
Арнайы нұсқаулар жоқ |
Антацидтер (суспензияда магний және алюминий гидроокистертері), 30 мл-ден күніне төрт рет, 2 апта |
Тәулігіне 10 мг, 4 апта |
↓ 35%^ |
Арнайы нұсқаулар жоқ |
Эфавиренз 600 мг OD, 14 күн |
Тәулігіне 10 мг 3 күн бойы |
↓ 41% |
Арнайы нұсқаулар жоқ |
Рифампицин 600 мг күніне бір рет, 7 күн (бірге енгізу) |
40 мг бір реттік доза |
↑ 30% |
Егер бір мезгілде қолданбасқа болмаса, аторвастатинді рифампицинмен бірге қолдану тиісті клиникалық мониторингті қажет етеді. |
Рифампицин 600 мг күніне бір рет, 5 күн (бөлінген дозада) |
40 мг бір реттік доза |
↓ 80% |
|
Гемфиброзил 600 мг екі рет, 7 күн |
40 мг бір реттік доза |
↑ 35% |
Ең төмен бастапқы доза және осы пациенттерге клиникалық мониторинг ұсынылады. |
Фенофибрат 160 мг күніне бір рет, 7 күн |
40 мг бір реттік доза |
↑ 3% |
Ең төмен бастапқы доза және осы пациенттерге клиникалық мониторинг ұсынылады. |
Боцепревир 800 мг, күніне үш рет, 7 күн |
40 мг бір реттік доза |
↑ 2.3 көрсеткіштердің жоғарылауы |
Ең төмен бастапқы доза және осы пациенттерге клиникалық мониторинг ұсынылады. Боцепревирмен бірге қабылдағанда аторвастатиннің тәуліктік доза 20 мг-ден арттырылмауы тиіс. |
Х-рет өзгерулер келтірілген деректер аторвастатинді бірге қолдану мен бөлек жеке қабылдау арасындағы жай арақатынасы болып табылады (яғни. 1 реттік = өзгерусіз). % өзгерулерде келтірілген деректер жеке қабылданатын аторвастатиннің % айырмашылығын көрсетеді (яғни 0% = өзгерусіз).
* Құрамында CYP3A4 тежейтін бір немесе одан көбірек компоненттер бар және CYP3A4-те қан плазмасындағы дәрілік заттардың концентрациясын арттыруы мүмкін. Бір стакан 240 мл грейпфрут шырыны ішу де белсенді орто- гидрокси метаболитте AUC мәнінің 20,4%-ға төмендеуіне әкеледі. Грейпфрут шырынының көп мөлшері (5 күн бойы күніне 1,2 л-ден көбірек) аторвастатиннің AUC мәнін 2,5 есе және аторвастатин метаболитінің AUC мәнін арттырады.
2 кесте: Аторвастатиннің бірге енгізілетін дәрілік заттардың фармакокинетикасына ықпалы
Аторвастатин және дозалау режимі |
Бірге қолданылатын дәрілік препарат |
||
Дәрілік препарат / доза (мг) |
AUC өзгеруі* |
Клиникалық нұсқаулар |
|
80 мг 10 күн бойы күніне бір рет |
Дигоксин 0,25 мг күніне бір рет, 20 күн |
↑ 15% |
Дигоксин қабылдап жүрген пациенттер тиісінше бақылауда болуы тиіс |
40 мг 22 күн бойы тәулігіне бір рет |
Ішіп қабылдайтын контрацептив тәулігіне бір рет, 2 ай - норэтиндрон 1 мг - этинилэстрадиол 35 мкг |
↑ 28% ↑ 19% |
Арнайы нұсқаулар жоқ |
80 мг 15 күн бойы тәулігіне бір рет |
Феназон, 600 мг, бір реттік доза |
↑ 3% |
Арнайы нұсқаулар жоқ |
10 мг бір реттік доза |
Типранавир 500 мг екі рет / ритонавир 200 мг екі рет, 7 күн |
Өзгеріс жоқ |
Арнайы нұсқаулар жоқ |
10 мг 4 күн бойы тәулігіне бір рет |
Фосампренавир 1400 мг екі рет, 14 күн |
↓ 27% |
Арнайы нұсқаулар жоқ |
10 мг 4 күн бойы тәулігіне бір рет |
Фосампренавир 700 мг екі рет / ритонавир 100 мг екі рет, 14 күн |
Өзгеріс жоқ |
Арнайы нұсқаулар жоқ |
* % өзгеруі сияқты бастапқы деректер қабылданған бір дәрілік препаратқа ғана қатысты айырмашылықтың % болып табылады (яғни 0% = өзгерулерсіз)
Жоғарылауы "↑" деп, төмендеуі "↓" деп белгіленеді.
Айрықша нұсқаулар
Атрибет препаратымен емдеуді бастар алдында адекватты диетотерапия, дене белсенділігін арттыру, семіздікке шалдыққан науқастарда дене салмағын төмендету және басқа да жағдайларды емдеу жолымен гиперхолестеринемияны бақылауға қол жеткізуге әрекет жасау қажет.
Бауырға әсері
Қандағы липидтер деңгейін төмендету үшін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін қолдану бауыр функциясын көрсететін биохимиялық көрсеткіштердің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Бауыр функциясын емдеуді бастар алдында, аторвастатин қабылдау басталғаннан кейін 6 апта, 12 апта өткен соң және дозаны әрбір арттырудан кейін, ал әрі қарай белгілі бір мерзіммен, мысалы, әрбір 6 ай сайын қадағалап отыру керек. Аторвастатинмен емделу кезінде қан сарысуында бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылайтынын байқауға болады. Ферменттер деңгейінің жоғарылауы білінетін пациенттер фермент деңгейлері қалып шегіне оралғанша бақылауда болуы тиіс. АЛТ немесе АСТ мәндері ҚЖШ 3 еседен көбірекке асып кететін деңгейге дейін тұрақты артқан жағдайда Атрибет дозасын азайту немесе емдеуді тоқтату ұсынылады. Алкогольді шамадан тыс тұтынатын және/немесе анамнезінде бауыр ауруы бар науқастарда Атрибетты сақтықпен қолдану керек. Бауырдың белсенді ауруы немесе шығу тегі түсініксіз аминотрансферазалар белсенділігінің тұрақты жоғарылауы Атрибеттің тағайындалуына қарсы көрсетілімдер болып саналады.
Геморрагиялық инсульт
Алдыңғы 6 айда инсульт немесе транзиторлы ишемиялық шабуыл болған (жүректің ишемиялық ауруы – ЖИА жоқ), және 80 мг дозадағы аторвастатинді қабылдай бастаған 4731 пациенттің қатысуымен жүргізілген зерттеулерді талдау 80 мг аторвастатин қабылдаған топта, плацебо тобымен салыстырғанда (плацебо тобындағы 33-ке қарама-қарсы аторвастатинде - 55), геморрагиялық инсульттердің жоғары пайызы анықталды. Геморрагиялық инсульті бар пациенттерде қайталанған инсульттің жоғары даму қаупі байқалды (плацебодағы 2-ге қарама-қарсы аторвастатинде - 7). Алайда 80 мг аторвастатин қабылдаған пациенттерде кез келген типтегі инсульттердің аз саны (311-ге қарама-қарсы 265) және ЖИА аз саны байқалды.
Бұлшық етке әсері
Аторвастатинмен, басқа да ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен емдеу сияқты, миопатияны туындатуы мүмкін. Бұлшық еттің ауыруы таралған немесе бұлшық еттің әлсіздігі және/немесе КК белсенділігінің айқын жоғарылаған пациенттерде миопатия диагнозын (қалыптың жоғары шегімен салыстырғанда, креатинкиназаның (КК) 10 еседен астамға жоғарылауымен біріккен бұлшық еттің ауыруы мен әлсіздігі) талқыға салған жөн. Егер олар дімкәстанумен немесе қызбамен қатар жүрсе, бұлшық еттерде түсініксіз ауыру немесе әлсіздіктің пайда болғанын дәрігерге дереу хабарлау керектігін пациенттерге алдын ала ескерту қажет. КФК белсенділігі айқын жоғарылаған жағдайда немесе расталған әлде болжанған миопатия болғанда Атрибет препаратымен емдеуді тоқтатқан жөн. Осындай жайдайларда, мұндай бақылау ауыр миопатияның дамуын болдырмауға мүмкіндік бермесе де, КК белсенділігін мезгіл-мезгіл анықтап отыруды ұсынуға болады.
Осы кластың басқа препараттары сияқты, аторвастатинді қолданған кезде миоглобинурия себебінен бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі бар рабдомиолиз жағдайларының болғаны сипатталған.
Ықтимал миопатия белгілері пайда болған кезде немесе рабдомиолиз аясында бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің даму қаупінің факторлары (мысалы, ауыр жедел инфекция, артериялық гипотензия, күрделі операция, жарақат, зат алмасулық, эндокриндік және электролиттік ауыр бұзылулар және бақыланбайтын құрысулар) бар болғанда Атрибет препаратымен емдеуді уақытша немесе толық тоқтатқан жөн.
Препаратты тағайындағанға дейін
Атрибет препаратын рабдомиолизге бейім ететін факторлары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. КK деңгейін келесі жағдайларда статиндермен емдеуді бастағанға дейін өлшеген жөн:
- бүйрек функциясының жеткіліксіздігі
- гипотиреоз
- жеке немесе отбасылық анамнезінде тұқым қуалайтын бұлшық ет бұзылуларының болуы
- статиндерді немесе фибраттарды қабылдау аясында бұлшық ет уыттылығының бұдан бұрынғы жағдайы
- анамнезінде бауыр ауруларының болуы және/немесе алкогольді едәуір мөлшерде пайдалану
- егде жаста (70 жастан асқан), препаратты тағайындау қажеттілігін рабдомиолизге бейім ететін басқа факторлардың болуына қарай қарастырған жөн.
- дәрілік өзара әрекеттесулер нәтижесінде немесе тұрғындардың ерекше топтарында (генетикалық субпопуляцияны қоса) плазмалық деңгейлері артуы мүмкін жағдайларда.
Мұндай жағдайларда емдеу қаупін ықтимал пайдасымен арақатынасын ескере отырып қарастырған жөн, және міндетті түрде клиникалық мониторинг ұсынылады.
Егер КK деңгейі бастапқыда едәуір жоғары болса (> 5 есе ҚЖШ), емдеуді бастамаған жөн.
Креатинкиназаны өлшеу
Дене жүктемесінен кейін немесе КК арттыратын кез келген стимулятор бар болған жағдайда креатинкиназа (КК) өлшенбеуі тиіс, өйткені ол оның маңызына түсінік беруді қиындатады. Егер КK деңгейлері бастапқыда едәуір жоғары болса (> 5 есе ULN), оларды алынған нәтижелерді дәлелдеу үшін 5 -7 күннен кейін қайтадан анықтау қажет.
Басқа дәрілік препараттармен қатар емдеу
Рабдомиолиз қаупі Атрибет препаратын аторвастатиннің плазмалық концентрациясын арттыруы мүмкін, CYP3A4 немесе тасымалдаушы ақуыздардың күшті тежегіштері сияқты дәрілік препараттармен (мысалы, циклоспорин, телитромицин, кларитромицин, делавирдин, стирипентол, кетоконазол, вориконазол, итраконазол, позаконазол және, АИТВ-протеаза тежегіштері ритонавирді, лопинавирді, атазанавирді, индинавирді, дарунавирді қоса, және т.б.) бір мезгілде тағайындағанда ұлғаяды. Гемфиброзилді және фибрин қышқылының басқа туындылары, боцепревирді, эритромицинді, ниацинді, эзетимибті, телапревирді немесе типранавир/ритонавир біріктірілімін қатар қолданғанда миопатия қаупі де ұлғаюы мүмкін. Егер мүмкін болса, өзара әрекеттеспейтін дәрілік препараттармен бірге альтернативті сызбаларды тағайындаған жөн.
Кейбір статиндермен емдеу кезінде немесе емдеуден кейін иммунитетке байланысты некроздық миопатия (ИБНМ) жөнінде өте сирек мәлімдемелер болды. ИБНМ клиникалық тұрғыдан проксимальді бұлшық еттердің тұрақты әлсіздігімен және, статиндермен емдеудің тоқтатылғанына қарамастан сақталатын, сарысудағы креатинкиназа деңгейінің жоғарылауымен сипатталады.
Осы дәрілік препараттарды Атрибетпен бір мезгілде қолданған жағдайда қатар жүргізілген емдеудің пайдасы мен қаупіне мұқият баға беру қажет. Пациенттер аторвастатиннің плазмалық концентрациясын арттыратын дәрілік препарттарды қабылдаған кезде Атрибет препаратының өте төмен ең жоғары дозасы ұсынылады. Бұдан басқа, CYP3A4 күшті тежегіштерін қолданған жағдайда Атрибеттің ең төмен бастапқы дозасы ұсынылады, сондай-ақ осы пациенттерге тиісінше клиникалық мониторинг жүргізу керек.
Аторвастатин мен фузидий қышқылын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, сондықтан фузидий қышқылымен емдеу барысында Атрибет препаратымен емдеуді уақытша тоқтата тұру қажет болуы мүмкін.
Өкпенің интерстициальді ауруы
Өкпенің интерстициальді ауруларының төтенше жағдайлары, әсіресе ұзақ мерзімдік ем кезінде, кейбір статиндерді қолданғанда тіркелді. Бұл ауру ентігумен, өнімсіз жөтелмен және жалпы денсаулық жағдайының нашарлауымен (шаршау, салмақтың жоғалуы және қызба) көрініс беруі мүмкін. Егер пациентте өкпенің интерстициальді ауруының дамығанына күмән бар болса, Атрибет препаратымен емдеу тоқтатылуы тиіс.
Қант диабеті
Кейбір деректер статиндердің қанда глюкоза деңгейін арттыруы мүмкін екендігін, ал диабеттің даму қаупі жоғары кейбір пациенттерде гипергликемияны туындатуы мүмкін екендігін айғақтайды, бұл гипогликемиялық препараттарды тағайындауды қажет етуі мүмкін. Бұл қауіп, алайда, статиндерді қабылдаған кезде қантамырлық қауіптің азаюымен қайта өлшенуі мүмкін, сондықтан Атрибет препаратымен емдеуді тоқтату үшін себеп болмауы тиіс. Гипергликемия қаупі бар (ашқарында глюкоза деңгейі 5,6-дан 6,9 ммоль / л дейін, дене салмағы > 30 кг/м2, триглицеридтер деңгейі жоғары, гипертония) пациенттер ұлттық нұсқауларға сәйкес клиникалық және биохимиялық бақылауда болуы тиіс.
Қосымша заттар
Атрибет препаратының құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын аурулары - галактоза жақпаушылығы, Lapp лактоза тапшылығы немесе глюкоза/галактоза жақпаушылығы бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы тиіс.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік кезінде және емшек емізу кезеңінде Атрибет препаратын қолдануға болмайды. Жүкті әйелдерде препаратты қолданудың қауіпсіздігі анықталған жоқ. Жүкті әйелдерде аторвастатинмен бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ, ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерінің жатырішілік әсерінен кейін дамудың туа біткен ақаулары жөнінде сирек мәлімдемелер алынды. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде аторвастатин фертильділікке ықпалын көрсеткен жоқ және тератогенді болған жоқ, алайда уытты дозаларын (аторвастатиннің тәуліктік дозасы адам үшін ұсынылатын дозадан 6-21 есе артық) қолданған кезде егеуқұйрықтың және үй қояндарының ұрпағына уытты әсері (дамуының кідіруі және ұрпағының тірі қалуынің қиындауы) байқалды. Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер емделу кезінде контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалануы тиіс. Атрибет препараты жүкті әйелдерге, жүкті болғысы келіп жүрген немесе жүкті екендігіне күмәнді әйелдерге қолданылмауы тиіс. Емдеу жүктілік кезінде немесе әйелдің жүкті екені анықталғанға дейін тоқтатылуы тиіс. Пациент жүкті болуды жоспарлаған жағдайда Атрибет препаратымен емдеуді ұрықтанудан 1 ай бұрын тоқтатуы тиіс екендігінен хабардар болуы тиіс.
Осы препараттың немесе оның метаболиттерінің емшек сүтімен бірге бөлініп шығатыны-шықпайтыны белгісіз. Егеуқұйрықтарда аторвастатиннің және оның белсенді метаболиттерінің плазмалық концентрациялары сүттен табылғандарға ұқсас. Ауыр жағымсыз реакциялардың дамуы мүмкін болғандықтан, Атрибет препаратын қабылдап жүрген әйелдер өз балаларын емшекпен қоректендірмеуі тиіс.
Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері.
Көлік құралдарын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне препараттың аздаған ықпалы бар.
Артық дозалануы
Спецификалық антидоты жоқ. Артық дозаланған жағдайда қажетті симптоматикалық және демеуші ем жүргізілуі тиіс. Бауыр функциясын және қан сарысуындағы КФК деңгейін бақылау қажет. Гемодиализ тиімді емес.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Полиамид/алюминий/поливинилхлорид үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.
Пішінді 3 қаптама медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Реплек Фарм Лтд., Македония Республикасы
Скопье, Козле к-сі 188, Скопье
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
Belinda Laboratories, Ұлыбритания
Қазақстан Республикасы аумағында тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері (телефон, факс, электронды пошта):
«Cepheus Medical» (Цефей Медикал) ЖШС өкілдігі
050000, ҚР, Алматы қ., Панфилов к-сі 98, «OLD SQUARE» БО, офис 807,
телефон: +7 (727) 300 69 71, эл. почта: cepheusmedical@gmail.com.