Аторвастатин (40 мг, Лекфарм)

МНН: Аторвастатин
Производитель: Лекфарм СООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Atorvastatin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021531
Информация о регистрации в РК: 17.09.2020 - 17.09.2030
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)

Инструкция

Саудалық атауы

Аторвастатин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аторвастатин

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг, 20 мг және 40 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат – аторвастатин (тригидраттың кальций тұзы түрінде) – 10 мг, 20 мг және 40 мг (10.85 мг, 21.70 мг және 43.40 мг),

қосымша заттар: кальций карбонаты, кросповидон, натрий лаурилсульфаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, микрокристалды целлюлоза,

қабықтың құрамы: опадрай II қызғылт (тальк, полиэтиленгликоль, титанның қостотығы (Е171), поливинил спирті, темірдің (III) сары тотығы (Е172), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), темірдің (III) қара тотығы (Е172)).

Сипаттамасы

Екі беті дөңес, қызғылт түсті қабықпен қапталған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Гиполипидемиялық препараттар. Гипохолестеринемиялық және гипотриглицеридемиялық препараттар. HMG CoA-редуктаза тежегіштері. Аторвастатин.

ATХ коды C10AA05 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Аторвастатин пероральді қабылдағаннан кейін жылдам сіңеді, қан плазмасындағы оның концентрациясы ең жоғары деңгейіне 1-2 сағат ішінде жетеді. Аторвастатиннің салыстырмалы биожетімділігі 95-99%, абсолютті – 12-14%, жүйелік биожетімділігі (ГМГ-КоА редуктаза тежелуін қамтамасыз ететін) - 30% жуықты құрайды. Жүйелік биожетімділігінің төмендігі асқазан-ішек жолдары шырышты қабығындағы жүйеалдылық клиренспен және/немесе бауыр арқылы біріншілік өткендегі метаболизммен түсіндіріледі. Сіңуі және қан плазмасындағы концентрациясы препарат дозасына пропорционалды артады. Тамақпен бірге қабылдағанда препарат сіңуі азаюына қарамастан (ең жоғары концентрациясы және AUC – шамамен 25 және 9%-ға тиісінше), ХС ТТЛП деңгейі төмендеуі аторвастатиннің тамақпен бірге немесе онсыз қабылдануына байланыссыз. Аторвастатинді кешке қабылдағанда таңертең қабылдауға қарағанда оның қан плазмасындағы концентрациясы төмен болды (ең жоғары концентрациясы және AUC үшін – шамамен 30%). Алайда ХС ТТЛП деңгейінің төмендеуі препаратты қабылдау уақытына байланыссыз.

Препараттың 98%-дан астамы қан плазмасындағы ақуыздармен байланысады. Эритроцит/плазма арақатынасының коэффициенті шамамен 0,25 құрайды, бұл препараттың эритроциттерге әлсіз өтетіндігін айғақтайды.

Аторвастатин орто- және парагидроксилденген туындыларға дейін және әртүрлі бета-тотыққан өнімдерге дейін метаболизденеді. Препараттың ГМГ-КоА-редуктазаға қатысты тежегіш әсері айналымдағы метаболиттер белсенділігі есебінен шамамен 70%-ға жүзеге асады. Аторвастатиннің цитохром Р450 ЗА4 әлсіз тежегіші болып табылатыны анықталған.

Аторвастатин және оның метаболиттері бауырлық және/немесе бауырдан тыс метаболизмнен кейін негізінен өтпен бөлінеді. Алайда препарат ішек-бауыр рециркуляциясына елеулі ұшырамайды. Аторвастатиннің орташа жартылай шығарылу кезеңі 14 сағат дерлікті құрайды, бірақ ГМГ-КоА-редуктазаға қатысты тежегіш белсенділік кезеңі айналымдағы белсенді метаболиттерге орай 20-30 сағатты құрайды. Пероральді қабылданған аторвастатин дозасының 2% азы несеппен бөлінеді.

Егде жастағы (65 жастан асқан) дені сау адамдардың қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясы жас адамдағыға (ең жоғары концентрация үшін шамамен 40% және AUC үшін - 30%) қарағанда жоғары. Егде жастағы емделушілер мен басқа жастағы топтардың емделушілері арасында аторвастатинмен емнің тиімділігінің айырмашылығы анықталмаған. Әйелдердің қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясының еркектердің қан плазмасындағы концентрациясынан айырмашылығы бар (әйелдерде ең жоғары концентрация шамамен 20%-ға жоғары, ал AUC –10%-ға аз). Алайда әйелдер мен еркектердегі липидтер деңгейіне әсерінің клиникалық нақты айырмашылығы анықталмаған.

Бүйрек ауруы қан плазмасындағы препарат концентрациясына немесе аторвастатиннің липидтер деңгейіне әсер етпейді, сондықтан бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда препарат дозасын түзету қажеттігі жоқ. Жүргізілген зерттеулер бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы бар емделушілерді қамтымаған, гемодиализдің аторвастатин клиренсін елеулі өзгертпеуі ықтимал, өйткені препарат қан плазмасындағы ақуыздармен толық дерлік байланысады.

Қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясы алкогольдік этиологиялы бауыр циррозы бар науқастарда елеулі жоғарылайды (ең жоғары концентрациясы – шамамен 16 есе, AUC - 11 рет).

Фармакодинамикасы

Аторвастатин - ГМГ-КоА-ның стеролдардың ізашары (оның ішінде холестерин (ХС)) мевалонатқа қайта түзілуінің жылдамдығын реттейтін ГМГ-КоА-редуктазы-энзимнің селективті бәсекелес тежегіші болып табылады. Гомозиготалы және гетерозиготты отбасылық гиперхолестеринемиясы бар, гиперхолестеринемияның тұқым қуаламайтын түрімен және аралас дислипидемиясы бар емделушілерде аторвастатин жалпы ХС, тығыздығы төмен липопротеидтердің (ТТЛП) және аполипопротеиннің В (Апо В) концентрациясын төмендетеді. Сондай-ақ аторвастатин тығыздығы өте төмен липопротеидтердің (ТӨТЛП) және триглицеридтердің (ТГ) концентрациясын төмендетеді, сондай-ақ тығыздығы жоғары липопротеидтердің (ТЖЛП) ХС мөлшерін біршама арттырады.

Аторвастатин ХС және қан плазмасындағы липопротеидтер деңгейін ГМГ-КоА-редуктазаны бәсеңдету, бауырдағы ХС синтезін және гепатоциттер беткейінде ТТЛП рецептор мөлшерін арттыру жолымен төмендетеді, бұл ТТЛП қармаудың және катаболизмі күшеюімен қатар жүреді. Аторвастатин ТТЛП өнімін азайтады, ТТЛП рецепторар белсенділігі артуының айқындығын және ұзақтығын туындатады. Аторвастатин гиполипидемиялық дәрілермен стандартты емге бағынбайтын гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар емделушілерде ТТЛП деңгейін тиімді төмендетеді.

Аторвастатиннің біріншілік әсер ету орны бауыр болып табылады, ХС синтезін және ТТЛП клиренсінде басты рөл атқарады. ХС ТТЛП деңгейінің төмендеуі препарат дозасымен және оның организмдегі концентрациясымен өзара байланысты.

Аторвастатин 10–80 мг дозада ХС (30-46%-ға), ХС ТТЛП (41-61%-ға), Апо В (34-50%-ға) және ТГ (14-33%-ға) жалпы деңгейі төмендеген. Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы, гиперхолестеринемияның жүре пайда болған түрі және гиперлипидемияның аралас түрі бар емделушілерде, оның ішінде инсулинге тәуелді қант диабеті бар науқастарда бұл нәтиже тұрақты.

Оқшауланған гипертриглицеридемиялы емделушілерде аторвастатин жалпы ХС, ХС ТТЛП, ХС ТӨТЛП, Апо В, ТГ деңгейін төмендетеді және ХС ТЖЛП деңгейін біршама жоғарылатады. Дисбеталипопротеинемиясы бар емделушілерде аторвастатин ХС ОТЛП деңгейін төмендетеді.

IIа және IIb (Фредриксон жіктемесі бойынша) типті гиперлипопротеинемиясы бар емделушілерде 10-80 мг дозада аторвастатин қолданғанда ХC ТЖЛП жоғарылауының орташа деңгейі дозаға байланыссыз 5,1–8,7% құрайды. Бұдан басқа жалпы ХС/ХС ТЖЛП және ХС ТТЛП/ХС ТЖЛП арақатынасының дозаға тәуелді елеулі азаюы анықталды. Аторвастатинді қолдану Q тісшесі жоқ миокард инфарктісі және ХС ТТЛП деңгейі тура пропорционалды тұрақсыз стенокардиясы (жынысына және жасына байланыссыз) бар науқастарда ишемия және өлім жағдайы дамуының қаупін төмендетеді.

Педиатриядағы гетерозиготалы тектес гиперхолестеринемия. Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиялы немесе ауыр гиперхолестеринемиялы 10-17 жастағы ер балалар мен қыздарда аторвастатин 10-20 мг дозасында тәулігіне 1 рет қан плазмасындағы жалпы ХС, ХС ТТЛП, ТГ және Апо В деңгейін елеулі төмендеткен. Бұл арада ер балаларда бойы өсуіне және жыныстық жетілуіне немесе қыздардағы етеккір оралымының ұзақтығына елеулі әсері анықталмады. Балаларды емдеу үшін 20 мг астам дозада қолданылуының қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Балалық кезде аторвастатинмен емнің ұзақтығының ересек жаста аурушаңдыққа және өлім жағдайына әсері анықталмаған.

Қолданылуы

  • қан плазмасында жалпы холестериннің, Хс-ТТЛП, аполипопротеин В және триглицеридтер мөлшерінің жоғарылауы және біріншілік гиперхолестеринемиялы (отбасылық гетерозиготалы және отбасылық емес гиперхолестеринемиялы), біріктірілген (аралас) гиперлипидемиялы (Фредериксон бойынша IIа және IIЬ типтері) науқастарды Хс-ТЖЛП мөлшерінің жоғарылауын, қан плазмасында триглицеридтер мөлшерінің жоғарылауы (Фредериксон бойынша IV типі) және емдәм талапқа сай тиімді болмаған жағдайда дисбеталипопротеинемиялы (Фредериксон бойынша III типі) науқастарды емдәммен үйлесімде емдегенде

  • емдәмнің және емнің басқа да фармакологиялық емес әдістерінің тиімділігі жеткіліксіздігінде гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиялы науқастарда қан плазмасындағы жалпы холестериннің, Хс-ТТЛП құрамын төмендету үшін

  • ЖИА өліммен аяқталу қаупін және миокард инфарктісін, стенокардия, инсульт даму қаупін төмендету үшін және жүрек-қантамыр аурулары бар және/немесе дислипидемиясы бар науқастарда реваскуляризация емшарасын жүргізу қажеттігін азайту үшін, сондай-ақ егер бұл ауру анықталмаған, бірақ ЖИА даму қаупінің үштен кем емес факторы бар жағдайда, жасының 55 жастан асуы, шылым шегу, артериялық гипертензия, қан плазмасында Хс-ТЖЛП төмен концентрациясы, туысқандарда ЖИА ерте дамуының жағдайында

- қан плазмасында жалпы холестерин, Хс-ТТЛП және гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиялы аполипопротеин В құрамы жоғары 10-17 жастағы балаларды емдеу үшін ем-дәммен үйлестіре, егер талапқа сай ем-дәм емінен кейін Хс ТТЛП деңгейі >190 мг/дл болып қалса немесе Хс ТТЛП деңгейі >160 мг/дл болып қалса, бірақ бұл арада туыстарында жүрек-қан тамыр ауруларының ерте дамуының жағдайы немесе балада жүрек-қан тамыр ауруларының дамуының екі немесе одан көп фактілерінің қаупі бар.

Қолдану тәсілі және дозалары

Аторвастатинмен ем бастар алдында тиісінше емдәм аясында қандағы ХС деңгейін анықтау, дене жаттығуларын тағайындау және семіздігі бар емделушілерде дене салмағын төмендетуге бағытталған іс-шаралар жүргізу, сондай-ақ негізгі аурулардың емін жүргізу керек. Аторвастатинмен ем уақытында емделушілерге стандартты гипохолестеринемиялы емдәм ұстану керек. Препаратты күн сайын тәулігіне 1 рет 10–80 мг дозада, тамақ ішуге байланыссыз, кез келген, бірақ күннің бір ғана уақытына тағайындайды.

Бастапқы және демеуші доза ХС ТТЛП бастапқы деңгейіне, емнің міндеттері мен тиімділігіне сәйкес жеке қарастырылуы мүмкін. Ем басталғаннан және Аторвастатинмен доза түзетілгеннен кейін 2-4 аптадан соң липидограмма жүргізу керек және дозаны тиісті түрде түзету керек.

Бастапқы гиперхолестеринемия және біріктірілген (аралас) гиперлипидемия кезінде. Көптеген жағдайларда препаратты күнделікті тәулігіне 1 рет 10 мг-ден тағайындау жеткілікті. Емдік әсері 2 апта ішінде көрінеді, ең жоғары әсері 4 апта бойы байқалады. Оң өзгерістерін препаратты ұзақ қолдану жолымен демейді.

Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия. Препаратты күн сайын тәулігіне 1 рет 10 -нан 80 мг дейінгі дозада, тамақ ішуге байланыссыз, кез келген уақытқа тағайындайды. Бастапқы және демеуші доза жеке-дара анықталады. Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар емделушілерде көптеген жағдайларда нәтижеге тәулігіне 1 рет 80 мг дозада Аторвастатин қолдану арқылы қол жеткізіледі.

Педиаториядағы гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия (10–17 жастағы емделушілер). Аторвастатин препаратын күн сайын тәулігіне 1 рет 10 мг бастапқы дозада тағайындау ұсынылады. Ең жоғары ұсынылатын дозасы күн сайын тәулігіне 1 рет 20 мг (20 мг асатын доза, аталған жастағы топтардағы емделушілерде зерттелмеген) құрайды. Дозаны емнің мақсатын ескерумен жеке белгілейді, дозаны 4 және одан көп апталық аралықпен түзетуге болады.

Бүйрек ауруы және бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолданылуы. Бүйрек ауруы аторвастатин концентрациясына немесе қан плазмасындағы ХС ТТЛП деңгейінің төмендеуіне әсер етпейді, сондықтан доза түзету қажеттігі жоқ.

Егде жастағы емделушілерде қолданылуы. Егде жастағы және 60 жастан кейінгі жастағы ересек емделушілерде гиперхолестеринемияны емдегенде препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігінде айырмашылық жоқ.

Бауыр функциясы бұзылуы бар емделушілерге препараттың организмнен шығарылуы баяулауына байланысты препаратты сақтықпен тағайындайды.

Клиникалық және зертханалық көрсеткіштерді бақылау көрсетілген және елеулі патологиялық өзгерістер анықталғанда доза азайтылуы немесе ем тоқтатылуы тиіс.

Егер Аторвастатин және CYP3А4 тежегіштерін бірге қабылдау туралы шешім қабылданса, онда мынаны ескеру керек:

Емдеуді барлық уақытта ең аз дозадан (10 мг) бастау керек, доза титрлегенге дейін қан сарысуындағы липидтерді бақылау міндетті.

Егер CYP3А4 тежегіштері қысқаша курспен тағайындалса (мысалы, кларитромицин сияқты антибиотиктің қысқа курсы), Аторвастатин қабылдауды уақытша тоқтата тұруға болады.

Аторвастатинді пайдаланғанда ең жоғары дозалары туралы ұсыныстар:

циклоспоринмен - доза 10 мг аспауы тиіс;

кларитромицинмен - доза 20 мг аспауы тиіс;

итраконазолмен - доза 40 мг аспауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (>1/100-ден <1/10 дейін)

  • бас ауруы

  • назофарингит

  • гипергликемия

  • жұтқыншақ және көмейдің ауыруы, мұрыннан қан кету

  • диспепсия, жүрек айнуы, іш қатуы, метеоризм, диарея

  • артралгия, аяқ-қол ауырулары, бұлшықет құрысулары, миалгия, буындар ісінуі, арқаның ауыруы

  • бауыр функциясының қалыптан тыс көрсеткіштері, сарысулық креатинфосфокиназаның жоғарылауы (КФК)

  • аллергиялық реакциялар

Жиі емес ( ≥1/1000-ден <1/100 дейін)

  • гипогликемия, дене салмағының артуы, анорексия

  • шым-шытырық түстер, ұйқысыздық

  • бас айналуы, парестезия, гипестезия, дисгевзия, амнезия

  • бұлыңғырланып көру

  • құлақтағы шуыл

  • құсу, іштің жоғарғы және төмен бөлігінің ауыруы, кекіру

  • панкреатит, гепатит

  • есекжем, тері бөртпесі, қышыну, алопеция

  • мойын ауыруы, бұлшықет шаршағыштығы

  • дімкәстік, астения, кеуденің ауыруы, шеткергі ісіну, қатты шаршағыштық, қызба

  • несепте лейкоциттер пайда болуы

Сирек (≥1/10000-ден <1/1000 дейін)

  • тромбоцитопения

  • шеткергі нейропатия

  • көрудің бұзылуы

  • холестаз

  • ангионевроздық ісіну, буллезді дерматит, полиморфтық эритеманы қоса, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз

  • миопатия, миозит, рабдомиолиз, кейде үзілумен асқынған тендинопатия

Өте сирек (1/10000-ден)

  • анафилаксия

  • естімей қалу

  • бауыр жеткіліксіздігі

  • гинекомастия

Белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес)

  • иммунитетке байланысты некрозданған миопатия

Төмендегі жағымсыз әсерлер балалық жастағы емделушілерде анықталды:

Жиі ( >1/100-ден <1/10 дейін)

  • бас ауыруы

  • іштің ауыруы

  • аланинаминотрансфераза (АЛТ) және сарысулық креатинфосфокиназа (КФК) деңгейінің жоғарылауы

Кейбір статиндерді қабылдағанда:

  • жыныстық дисфункция

  • депрессия

  • өкпенің интерстициальді ауруының тек қана сирек жағдайлары, әсіресе ұзақ мерзімді емдеуде

  • қант диабеті: жиілігі қауіп факторының болуына немесе болмауына байланысты (ашқарындағы қандағы глюкоза ≥5.6 ммоль/л, ДСМ >30 кг/м2, триглицеридтер деңгейінің жоғарылығы, сыртартқысындағы артериялық гипертензия)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

  • бауырдың белсенді ауруы немесе шығу тегі белгісіз сарысулық трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы (қалыптың жоғары шегімен салыстырғанда 3 еседен артық)

  • жүктілік және лактация кезеңі, талапқа сай контрацепция әдістерін пайдаланбайтын репродуктивтік жастағы әйелдер

Сақтықпен қолдану керек алкогольді шамадан тыс пайдаланатын және/немесе бауыр ауруынан зардап шегуші (сыртартқысында) науқастарда

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Миопатия қаупі осы кластың басқа препараттарымен емдеу кезінде циклоспорин, фибрин қышқылының туындылары, эритромицин, азолға қатысты зеңге қарсы препараттар және никотин қышқылын бір уақытта қолданғанда жоғарылайды.

Антацидтер: құрамында магний және алюминий гидроксиді бар суспензияны ішке бір мезгілде қабылдау қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясын шамамен 35%-ға төмендетті, алайда бұл арада ХС ТТЛП деңгейінің азаю дәрежесі өзгермеген.

Антипирин: Аторвастатин антипирин фармакокинетикасына әсер етпейді, сондықтан цитохромның сондай изоферменттерімен метаболизденетін басқа препараттармен өзара әрекеттесуі күтілмейді.

Амлодипин: дені сау адамдарда дәрілік өзара әрекеттесулерін зерттегенде аторвастатинді 80 мг дозада және амлодипинді 10 мг дозада бір мезгілде қабылдағанда клиникалық мәні болмайтын аторвастатиннің әсерінің 18%-ға артуына алып келді.

Гемфиброзил: миопатия/рабдомиолиз дамуының жоғары қаупіне байланысты ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін гемфиброзилмен бір мезгілде қолданғанда, көрсетілген дәрілік заттарды бір мезгілде тағайындаудан аулақ болу керек.

Басқа да фибраттар: миопатия/рабдомиолиз дамуының жоғары қаупіне байланысты, ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін фибраттармен бір мезгілде қолданғанда, фибраттарды қабылдағанда аторвастатинді сақтықпен тағайындау керек.

Никотин қышқылы (ниацин): аторвастатинді никотин қышқылымен біріктірілімде пайдаланғанда миопатия/рабдомиолиз дамуының қаупі артуы мүмкін, сондықтан бұл жағдайда аторвастатин дозалануын төмендету туралы мәселені қарастыру керек.

Колестипол: колестиполды фибраттармен бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясы шамамен 25%-ға төмендеген. Алайда аторвастатин және колестиполдың біріктірілімінің гиполипидемиялық әсері әр препаратты жеке-дара алғандағы сондайдан астам болды.

Колхицин: аторвастатин мен колхицинді бір мезгілде қолданғанда рабдомиолизді қоса, миопатия жағдайы тіркелген, сондықтан аторвастатин мен колхицинді тағайындағанда сақтық білдіру керек.

Дигоксин: дигоксин мен аторвастатинді 10 мг дозада қайталап қабылдағанда қан плазмасындағы дигоксиннің тепе-теңдік концентрациясы өзгермеген. Алайда дигоксинді аторвастатинмен 80 мг/тәулік дозада қолданғанда дигоксин концентрациясы шамамен 20%-ға артқан. Дигоксинді аторвастатинмен үйлесімде қабылдаған науқастар тиісті бақылауды талап етеді.

Эритромицин/кларитромицин: аторвастатин және эритромицинді (тәулігіне төрт рет 500 мг) немесе цитохром Р450 ЗА4 тежейтін кларитромицинді (тәулігіне екі рет 500 мг) бір мезгілде қабылдағанда, қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясының жоғарылауы бақыланған.

Азитромицин: аторвастатин (тәулігіне бір рет 10 мг) және азитромицинді (500 мг/ тәулігіне бір рет) бір мезгілде қолданғанда плазмадағы аторвастатин концентрациясы өзгермеген.

Терфенадин: аторвастатин және терфенадинді бір мезгілде қолданғанда терфенадин фармакокинетикасында клиникалық елеулі өзгерістер анықталмаған.

Пероральді контрацептивтер: аторвастатин және құрамындағы норэтиндрон және этинилэстрадиол бар пероральді контрацептивтерді бір мезгілде қолданғанда, норэтиндрон мен этинилэстрадиолдың AUC елеулі, шамамен 30% және 20%-ға тиісінше жоғарылауы байқалды. Бұл әсерін аторвастатин қабылдайтын әйелдер үшін пероральді контрацептив таңдауда ескеру керек.

Варфарин: аторвастатин мен варфариннің өзара әрекеттесулерін зерттегенде клиникалық елеулі өзара әрекеттесулерінің белгілері анықталмады.

Циметидин: аторвастатин мен циметидиннің өзара әрекеттесулерін зерттегенде клиникалық елеулі өзара әрекеттесулерінің белгілері анықталмады.

Протеаза тежегіштері: аторвастатинді Р450 ЗА4 тежегіштері ретінде белгілі протеаза тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясының жоғарылауымен қатар жүрді.

Аторвастатин және АИТВ протеаза тежегіштерін бірге қолданудың ұсыныстары :

АИТВ протеаза тежегіштері

Бірге қолдану бойынша ұсыныстар

Типранавир+ритонавир

Телапревир

Бірге қабылдау ұсынылмайды

Лопенавир+ритонавир

Аторвастатинді сақтықпен қолдану керек және ең аз тиімді дозада

Дарунавир+ритонавир

Фосампренавир

Фосампренавир+ритонавир

Саквинавир+ритонавир

Аторвастатин дозасы тәулігіне 20 мг аспауы тиіс

Нелфинавир

Аторвастатин дозасы тәулігіне 40 мг аспауы тиіс

Тасымалдаушы тежегіштері: аторвастатин және аторвастатин метаболиттері ОАТР1В1 тасымалдаушы субстраттары болып табылады. ОАТР1В1 тежегіштері (мысалы, циклоспорин) аторвастатиннің биожетімділігін жоғарылатуы мүмкін. Аторвастатинді 10 мг дозада және циклоспоринді 5,2 мг/кг/тәулік дозада бір мезгілде қабылдау аторвастатиннің әсерінің 7,7 есеге артуына алып келді.

Дилтиазем гидрохлориді: аторвастатин (40 мг) және дилтиаземді (240 мг) бір мезгілде қолдану плазмадағы аторвастатиннің жоғарырақ концентрациясымен бірге жүрді.

Итраконазол: аторвастатин (20-дан 40 мг дейінгі дозада) және итраконазолды (200 мг) бір мезгілде қолдану аторвастатиннің AUC артуымен бірге жүрді.

Грейпфрут шырыны: құрамында CYP ЗА4 тежейтін бір немесе одан көп компоненттері бар және плазмадағы аторвастатин концентрациясын жоғарылатуы мүмкін, әсіресе грейпфрут шырынын шамадан тыс қабылдағанда (күніне 1,2 литрден артық).

Цитохром Р450 ЗА индукторлары: аторвастатинді және цитохром Р450 ЗА4 индукторларын (мысалы, эфавиренц, рифампицин) үйлестіре қолдану плазмадағы аторвастатин концентрациясының әртүрлі айқындықта төмендеуіне алып келуі мүмкін. Рифампициннің өзара әрекеттесуінің екі түрлі механизмінен (цитохром Р450 ЗА4 индукциясы және гепатоциттармен қармауды қамтамасыз ететін ОАТР1В1 тасымалдаушысының тежелуі), аторвастатин мен рифампицинді бір мезгілде үйлестіре тағайындау ұсынылады, өйткені рифампицин тағайындаудан кейін аторвастатинді тағайындау аторвастатиннің плазмадағы концентрациясының елеулі төмендеуімен бірге жүрді.

Айрықша нұсқаулар

Сол кластың басқа да гиполипидемиялық дәрілерін пайдаланғандағы сияқты, Аторвастатинмен емдегенде бауыр трансаминазасының сарысулық белсенділігінің орташа жоғарылауы (қалыптың жоғарғы шегімен салыстырғанда 3 реттен көп) пайда болуы мүмкін.

Бастағанға дейін, препарат қолдануды бастаған соң 6 апта немесе 12 аптадан кейін немесе доза ұлғайтылғаннан кейін, сондай-ақ емнің барлық курсы бойына бауыр функциясының көрсеткіштерін бақылау керек. Бауыр функциясын сондай-ақ бауыр зақымдануының клиникалық белгілері пайда болғанда да зерттеу керек. Бауыр трансаминазасының деңгейі жоғарылауы жағдайында олардың белсенділігін олар қалыпқа келгенше бақылау керек. Егер аспарагинді трансаминаза (АСТ) немесе аланинді трансаминаза (АЛТ) белсенділігі қалыптың жоғарғы шегімен салыстырғанда 3 еседен астам жоғарылауы сақталса дозаны төмендету немесе препаратты тоқтату ұсынылады.

Аторвастатин қабылдаған емделушілерде миалгия бақыланған. Миопатия диагнозын жайылған миалгиясы бар, бұлшықет ауыруы немесе әлсіздігі және/немесе креатинфосфокиназа (КФК) белсенділігі айқын жоғарылауы бар науқастарда болжауға болады.

Атовастатинмен емді КФК белсенділігі айқын жоғарылауы жағдайында немесе расталған немесе болжамды миопатия болғанда тоқтату керек. Миопатия қаупі циклоспоринді, фибрин қышқылы туындыларын, эритромицинді, никотин қышқылын немесе зеңге қарсы азольді препараттарды бір мезгілде қолданғанда жоғарылауы мүмкін. Аторвастатин препаратын фибраттармен, эритромицинмен, иммуносупрессанттармен, зеңге қарсы азольді препараттармен немесе никотин қышқылымен біріктірілімде гиполипидемиялық дозаларда тағайындағанда күтілетін пайданы және емдеу қаупін мұқият салыстыру және науқастарды бұлшықеттердің ауырулары немесе әлсіздігін анықтау мақсатында, әсіресе емнің бірінші айлары ішінде және кез келген препараттың дозасын жоғарылату кезеңінде ұдайы бақылау керек. Бұндай жағдайларда КФК белсенділігін мерзім сайын анықтау ұсынылады.

Аторвастатин КФК белсенділігі жоғарылауын туындатуы мүмкін. Аторвастатинді қолданғанда, осы кластың басқа да препараттары сияқты, миоглобинуриямен шартталған жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар рабдомиолиздің сирек жағдайлары сипатталады. Аторвастатинмен емді уақытша тоқтату керек немесе болжамды миопатия белгілері пайда болғанда немесе рабдомиолиз (мысалы, ауыр жедел жұқпа, артериялық гипотензия, күрделі операция, жарақат, метаболизмдік, эндокриндік және электролиттік бұзылулар және бақыланбайтын құрысулар) аясында бүйрек жеткіліксіздігі даму қаупі факторы болғанда толық тоқтату керек.

80 мг аторвастатин қолданғанда плацебомен салыстырғанда қайталанатын миішілік қан құйылу қаупі бар.

Бұлшықеттерде түсініксіз ауырулар немесе әлсіздік пайда болғанда, әсіресе олар дімкәстікпен немесе қызбамен қатар жүрсе, дереу дәрігерге қаралу керек.

Өкпенің интерстициальді аурулары:

статиндерді қабылдағанда, әсіресе ұзақ емдегенде, өкпенің интерстициальді аурулары дамуының өте сирек жағдайлары туралы мәлімдемелер алынған.

Тыныс алудың бұзылуы, ентігу, өнімсіз жөтел, жалпы жай-күйдің нашарлауы (шаршағыштық, салмақ жоғалту, қызба) сияқты өкпенің интерстициальді ауруларының симптомдары пайда болғанда статиндармен емді тоқтату керек.

Қант диабеті:

Кейбір деректер статиндер класс ретінде қандағы глюкоза деңгейін жоғарылататынын айғақтайды, ал диабет дамуының қаупі жоғары емделушілерде тиісті емдеуді талап ететін қандағы қант деңгейінің жоғарылауын туындатуы мүмкін. Алайда жүрек-қан тамыр ауруларының қаупі төмендеуіне қатысты статиндер артықшылығы диабеттің даму қаупінің аздап артуын жоғарылатады, сондықтан статиндерді қолдануды тоқтатпау керек. Статиндер қабылдайтын, әсіресе қауіп тобындағы (ашқарындағы глюкоза 5,6 - 6,9 ммоль/л, дене салмағының индексі >30 кг/м2, триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы немесе гипертензия) емделушілерде гликемияны мерзім сайын мониторингтеуге негіз бар.

Жүктілік және лактация кезеңі

Аторвастатин препаратын жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер ем уақытында контрацепцияның талапқа сай әдістерін пайдалануы тиіс. Аторвастатин препаратын ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге тек егер жүкті болу ықтималдығы оларда өте төмен болған жағдайда ғана тағайындауға болады, ал емделуші ем уақытында ұрпақ үшін болжамды қауіп туралы хабардар болуы керек.

Аторвастатин препаратын бала емізгенде қолдануға болмайды. Препараттың емшек сүтімен шығарылатыны белгісіз. Емшек еметін балаларда жағымсыз реакциялар болуы мүмкіндігін ескере отырып, бұл препаратты қабылдаушы әйелдер бала емізуді тоқтатулары тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері:

Белгісіз.

Артық дозалануы

Симптомдары: миопатия (рабдомиолиз), бауыр функциясының бұзылуы, жүрек айнуы, құсу, диарея.

Емі: симптоматикалық ем жүргізеді (асқазан шаю, белсендірген көмір немесе іш жүргізетін препараттарды қабылдау).

Соңынан рабдомиолизі және жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар миопатия дамуында препаратты дереу тоқтату керек. Диуретик және натрий гидрокарбонаты ерітіндісін енгізу көрсетілген. Рабдомиолиз гиперкалиемияға алып келуі мүмкін, оны болдырмау үшін кальций хлоридін немесе кальций глюконатын көктамыр ішіне енгізу, инсулинмен глюкоза инфузиясы, гемодиализ талап етіледі.

Арнайы у қайтарғысы жоқ. Аторвастатин қан плазмасындағы ақуыздармен байланысатындықтан гемодиализдің тиімділігі аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден МемСТ 25250-88 және ТШ 1811-002-45094918-97 бойынша алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

3 немесе 6 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге МемСТ 7933-89 картон қорапшаға салынған (10 мг және 20 мг доза үшін).

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге МемСТ 7933-89 бойынша картон қорапшаға салынған (40 мг доза үшін).

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылуы

Рецепт арқылы.

Өндіруші

«Лекфарм» ЖШБҚ, Беларусь Республикасы, 223110, Логойск қ., Минская к-ші, 2а үйі

Тел./факс: (01774)-53801, е-mail: office@lekpharm.by

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Лекфарм» ЖШБҚ, Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«РОМФАРМ КОМПАНИ» С.Р.Л. Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

050013, Қазақстан Республика, Алматы қ., Бұхар Жырау бульвары, 33 үй,

«Жеңіс» БО, 607 кеңсе, тел.(727) 247 07 85

 

Прикрепленные файлы

923536581477976410_ru.doc 110 кб
069041221477977609_kz.doc 133 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники