Аторвастатин (40 мг, Лок-Бета Фармасьютикалс (I) Пвт.Лтд.)

МНН: Аторвастатин
Производитель: Лок-Бета Фармасьютикалс (I) Пвт.Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Atorvastatin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019936
Информация о регистрации в РК: 14.06.2013 - 14.06.2018
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 29.25 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Аторвастатин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аторвастатин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг, 20 мг, 40 мг, 80 мг таблеткалар

Құрамы

10 мг бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 10 мг аторвастатинге баламалы 10,35 мг аторвастатин кальций

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалының гликоляты, повидон, изопропил спирті, тазартылған тальк, магний стеараты.

қабықтың құрамы: гипромеллоза, тазартылған тальк, титанның қостотығы (Е 171), хинолинді сары (Е 104), изопропил спирті, дихлорметан.

20 мг бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 20 мг аторвастатинге баламалы 20,70 мг аторвастатин кальций

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалының гликоляты, повидон, изопропил спирті, тазартылған тальк, магний стеараты.

қабықтың құрамы: гипромеллоза, тазартылған тальк, титанның қостотығы (Е 171), темірдің (III) қызыл тотығы (Е 172), изопропил спирті, дихлорметан.

40 мг бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 40 мг аторвастатинге баламалы 41,40 мг аторвастатин кальций

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалының гликоляты, повидон, изопропил спирті, тазартылған тальк, магний стеараты.

қабықтың құрамы: гипромеллоза, тазартылған тальк, титанның қостотығы (Е 171), темірдің (III) қызыл тотығы (Е 172), темірдің (II) сары тотығы (Е 172), изопропил спирті, дихлорметан.

80 мг бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 80 мг аторвастатинге баламалы 82,80 мг аторвастатин кальций

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалының гликоляты, повидон, изопропил спирті, тазартылған тальк, магний стеараты.

қабықтың құрамы: гипромеллоза, тазартылған тальк, титанның қостотығы, изопропил спирті, дихлорметан.

Сипаттамасы

Сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, дөңгелек, екі жақ беті дөңес таблеткалар (10 мг доза үшін).

Қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған, дөңгелек, екі жақ беті дөңес таблеткалар (20 мг доза үшін).

Қызыл сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, дөңгелек, екі жақ беті дөңес таблеткалар (40 мг доза үшін).

Ақшыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған, дөңгелек, екі жақ беті дөңес таблеткалар (80 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Гиполипидемиялық препараттар. Гипохолестеринемиялық және гипотриглицеридемиялық препараттар, ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері, Аторвастатин.

ATХ коды C10AA05 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін тез сіңеді. Қан плазмасында ең жоғары концентрацияға 1-2 сағат ішінде жетеді. Сіңу дәрежесі мен препарат дозасы арасында дозаға байланысты тәуелділік байқалды. Абсолютті биожетімділігі – 14%, ГМГ-КоА-редуктазаға қатысты белсенділікті тежейтін жүйелік биожетімділігі — 30%. Төмен жүйелік биожетімділігі асқазан-ішек жолының шырышты қабығында және бауыр арқылы «алғаш өту» кезінде жүйеалды метаболизмі арқылы болады. Тағам препараттың сіңу жылдамдығын және ұзақтығын біршама (тиісінше, 25%-ға және 9%-ға) төмендетеді, алайда ТТЛП холестеринінің төмендеуі Аторвастатинді тағамсыз қолданған кездегіге ұқсас. Аторвастатиннің концентрациясы кешкі уақытта қолданғанда, таңертеңгіге қарағанда (шамамен 30%-ға) төмен.

Орташа таралу көлемі — 381 л, қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы  — 98%. Көбіне бауырда метаболизденеді. P450 (CYP) 3A4 цитохромының әсер етуімен фармакологиялық белсенді метаболиттер (орто- және парагидроксилденген туындылары, бета-тотығу өнімдері) түзіледі. In vitro орто- және парагидроксилденген метаболиттер Аторвастатиндегі осындаймен салыстыруға келетін ГМГ-КоА-редуктазаны тежейтін әсер береді. Препараттың ГМГ-КоА-редуктазаға қатысты тежегіш әсерінің шамамен 70%-ы айналымдағы метаболиттердің белсенділігімен анықталады.

Бауырдағы және/немесе бауырдан тыс метаболизмнен кейін өтпен бірге шығарылады (ішек-бауырдың айқын кері айналымына ұшырамайды).

Жартылай шығарылу кезеңі — 14 сағат. Белсенді метаболиттердің болуының арқасында, ГМГ-КоА-редуктазаға қатысты тежегіш белсенділігі 20–30 сағатқа жуық сақталады. Препараттың ішке қабылданған дозасының 2%-дан азы несептен табылады. Гемодиализ барысында шығарылмайды.

Фармакодинамикасы

3-гидрокси-3-метилглютарил коэнзим А-ны, холестеринді қоса есептегенде, стеролдардың ізашары болып табылатын, мевалон қышқылына айналдыратын фермент – ГМГ-КоА редуктазаның селективті, бәсекелес тежегіші.

Аторвастатин, ГМГ-КоА-редуктазаны, бауырда холестерин синтезін тежей және жасушалар бетінде ТТЛП «бауыр» рецепторларының санын арттыра отырып, қан плазмасында холестериннің және липопротеиндердің деңгейін төмендетеді, бұл ТТЛП қармалып қалуына және катаболизмінің күшеюіне әкеледі. ТТЛП түзілуін төмендетеді, ТТЛП-рецепторлары белсенділігінің айқын және тұрақты төмендеуін туындатады. Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар, әдетте гиполипидемиялық дәрілермен емдеуге келмейтін науқастарда ТТЛП деңгейін төмендетеді. Жалпы холестерин, ТТЛП, В аполипопротеин және ТГ деңгейлерін төмендетеді; ТЖЛП (тығыздығы жоғары липопротеиндер) холестерині және А аполипопротеин деңгейлерін арттырады. Басқа гиполипидемиялық дәрілермен емдеуге төзімді гомозиготалы тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы бар науқастарда ТТЛП деңгейін дозаға байланысты төмендетеді.

Қолданылуы

- алғашқы гиперхолестеринемияда, гетерозиготалы отбасылық және отбасылық емес гиперхолестеринемияда және біріктірілген (аралас) гиперлипидемияда (Фредриксон бойынша IIa және IIb типі)

- гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемияда (жалпы холестерин деңгейі төмендейді)

- қан плазмасында триглицеридтер (ТГ) деңгейі жоғарылағанда (Фредриксон бойынша IV типі) және дисбеталипопротеинемияда (Фредриксон бойынша III типі).

Қолдану тәсілі және дозалары

Аторвастатинді тағайындар алдында емделушіге стандартты гиполипидемиялық емдәмге кеңес беру қажет, мұны ол емделудің бүкіл кезеңі ішінде орындауы тиіс.

Препаратты кез келген уақытта аспен бірге немесе ас қабылдау уақытына қарамай-ақ қабылдауға болады. Дозаны холестерин/ТТЛП бастапқы деңгейін, емдеу мақсатын және жекелей әсерін ескере отырып таңдайды. Емдеудің бас кезінде және/немесе Аторвастатин дозасын арттыру кезінде қан плазмасындағы липидтердің деңгейін әрбір 2-4 апта сайын бақылап отыру және дозаны тиісінше түзетіп отыру қажет.

Бастапқы доза тәулігіне 1 рет орта есеппен 10 мг құрайды және бұдан әрі тәулігіне 1 рет 10 мг-нан 80 мг-ға дейін өзгеріп отырады.

Алғашқы гиперхолестеринемияда және аралас гиперлипидемияда, ТГ сарысулық деңгейі жоғарылағанда (Фредриксон бойынша IV тип), сондай-ақ дисбеталипопротеинемияда (Фредриксон бойынша IІІ тип) препаратты көптеген жағдайларда тәулігіне 1 рет 10 мг дозада тағайындау жеткілікті. Елеулі емдік әсері әдетте 2 аптадан кейін байқалады, ең жоғары емдік әсері әдетте 4 аптадан кейін байқалады. Ұзақ уақыт емделген кезде бұл әсер сақталады.

Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемияда препаратты тәулігіне 1 рет 80 мг (20 мг-нан 4 таб.) дозада тағайындайды.

Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі және бүйрек аурулары бар емделушілерде аторвастатиннің қан плазмасындағы концентрациясы өзгермейді, ТТЛП холестерин мөлшерінің төмендеу дәрежесі сақталады, сондықтан препарат дозасын өзгерту қажет етілмейді.

Бауыр қызметінің жеткіліксіздігінде препарат дозасын азайтқан жөн.

Препаратты қолданған кезде егде жастағы емделушілерде, жалпы популяциямен салыстырғанда, қауіпсіздігінде, тиімділігінде немесе гиполипидемиялық емдеудегі жетістіктерінде айырмашылықтар байқалған жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (>1%)

- назофарингит

- гипергликемия

- жұтқыншақтың және көмейдің ауыруы, мұрыннан қан кету

- диспепсия, жүректің айнуы, метеоризм, іштегі жайсыздық, кекіру, диарея

- артралгия, аяқ-қолдың ауыруы, бұлшықеттердің құрысуы, миалгия, миозит, миопатиялар

- бауыр қызметі көрсеткіштерінің қалыпты болмауы, сарысулық креатинфосфокиназаның (КФК) жоғарылауы

- қорқынышты түстер көру

- көрудің көмескіленуі

- құлақтың шыңылдауы

- гепатит, холестаз

- есекжем

- бұлшықет әлсіздігі, мойынның ауыруы

- дімкәстік, дене температурасының жоғарылауы

- несепте лейкоциттердің пайда болуы

Келесі жағымсыз әсерлер постмаркетингтік зерттеулерде байқалды:

- тромбоцитопения

- аллергиялық реакциялар (анафилаксияны қоса есептегенде)

- сіңірдің үзілуі

- дене салмағының жоғарылауы

- гипестезия, амнезия, бас айналу, дәмнің бұзылуы

- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, мультиформалы эритема, буллезді бөртпе

- рабдомиолиз, арқаның ауыруы

- кеуденің ауыруы, шеткергі ісінулер, шаршау

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- бауырдың белсенді ауруы немесе сарысу трансаминазасы белсенділігінің, шығу тегі белгісіз жоғарылауы (норманың жоғары шегімен салыстырғанда 3 еседен көп)

- жүкті және емшек емізетін әйелдер, сондай-ақ бала көтере алатын жастағы, контрацепцияның талапқа сай әдістерін пайдаланбайтын әйелдер

- тұқым қуалайтын лактозаның жақпаушылығы, LAPP-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар емделушілер

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

- бауыр қызметі жеткіліксіздігінің ауыр түрлері

- лактозаның тұзым қуалайтын жақпаушылығы бар емделушілер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Миопатия қаупі басқа дәрілік заттармен, статиндер туындыларымен емдеу кезінде циклоспоринді, фибраттарды, эритромицинді, азолдарға жататын зеңге қарсы дәрілерді және никотин қышқылын бір мезгілде қолданғанда жоғарылайды.

Аторвастатинді және құрамында магний гидроксиді және алюминий гидроксиді бар суспензияларды ішке бір мезгілде қабылдағанда қан плазмасындағы аторвастатиннің концентрациясы шамамен 35%-ға азайды, алайда ТТЛП холестерині деңгейінің азаю дәрежесі мұндайда өзгерген жоқ.

Бір мезгілде қолданғанда Аторвастатин антипириннің (феназонның) фармакокинетикасына ықпалын тигізген жоқ, сондықтан Р450 цитохромы жүйесінің сол изоферменттерімен метаболизденетін басқа дәрілермен өзара әрекеттеседі деп күтілмейді.

Колестиполды бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы аторвастатиннің концентрациясы шамамен 25%-ға төмендейді. Алайда біріктірілген Аторвастатин мен колестиполдің гиполипидемиялық әсері әр препаратты жеке қолданған кездегі осындайдан басым болды.

Дигоксинді және Аторвастатинді 10 мг дозада қайталап қабылдағанда плазмадағы дигоксиннің Css өзгерген жоқ. Алайда дигоксинді тәулігіне 80 мг доза Аторвастатинмен біріктіріп қолданғанда дигоксиннің концентрациясы шамамен 20%-ға артты. Осы біріктірілімді қолданған кезде емделушінің жағдайын бақылаған жөн.

Аторвастатинді және эритромицинді (тәулігіне 4 рет 500 мг) немесе CYP3А4 изоферментін тежейтін кларитромицинді (тәулігіне 2 рет 500 мг) бір мезгілде қолданғанда қан плазмасында аторвастатин концентрациясының жоғарылағаны байқалды.

Аторвастатинді (тәулігіне 1 рет 10 мг) және азитромицинді (тәулігіне 1 рет 500 мг) бір мезгілде қолданғанда қан плазмасында аторвастатиннің концентрациясы өзгерген жоқ.

Аторвастатин қан плазмасында терфенадиннің концентрациясына клиникалық тұрғыдан маңызды әсер еткен жоқ, ол негізінен CYP3А4 қатысуымен метаболизденеді; осыған байланысты Аторвастатиннің CYP3А4 изоферментінің басқа субстраттарының фармакокинетикалық параметрлеріне елеулі ықпалын тигізуге қабілеттілігі мардымсыз деп табылады.

Аторвастатинді және ішке қабылданатын, құрамында норэтиндрон және этинилэстрадиол бар контрацептивті бір мезгілде қолданғанда норэтиндроннің және этинилэстрадиолдың AUC мәнінің шамамен, тиісінше, 30%-ға және 20%-ға елеулі жоғарылағаны байқалды. Бұл әсерді Аторвастатин қабылдап жүрген әйелдер үшін ішілетін контрацептивтерді таңдаған кезде ескерген жөн.

Эндогенді стероидтық гормондардың концентрациясын төмендететін дәрілік заттармен (соның ішінде циметидинмен, кетоконазолмен, спиронолактонмен) бір мезгілде қолдану эндогенді стероидтық гормондардың төмендеу қаупін арттырады (осы біріктірілімдерде сақтық қажет етіледі).

Аторвастатиннің варфаринмен және циметидинмен өзара әрекеттесуін зерттегенде клиникалық тұрғыдан өзара әрекеттесу белгілері байқалған жоқ.

80 мг доза аторвастатинді және 10 мг доза амлодипинді бір мезгілде қолданғанда аторвастатиннің фармакокинетикасы тепе-тең жағдайда өзгерген жоқ.

Аторвастатиннің және гипертензияға қарсы дәрілердің клиникалық тұрғыдан маңызды жағымсыз өзара әрекеттесуі байқалған жоқ.

Аторвастатинді CYP3А4 тежегіші ретінде белгілі протеаза тежегіштерімен бір мезгілде қолдану аторвастатиннің қан плазмасындағы концентрациясының артуымен қатарласа жүрді.

Фармацевтикалық үйлесімсіздігі белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Аторвастатинмен емдеуді бастар алдында гиперхолестеринемияны бақылауға талапқа сай емдәммен емдеу, дене белсенділігін арттыру, семіздікке шалдыққан науқастарда дене салмағын төмендету арқылы қол жеткізуге әрекет ету қажет. Емделушілер емдеудің бүкіл кезеңі ішінде гипохолестестеринді емдәмді сақтауы тиіс.

Қанда липидтер деңгейін төмендету үшін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін қолдану бауыр қызметін көрсететін биохимиялық көрсеткіштердің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін. Бауыр қызметін емдеуді бастар алдында, Аторвастатинді қабылдауды бастағаннан кейін 6 аптадан, 12 аптадан соң, сондай-ақ әлсін-әлсін, мысалы, әрбір 6 ай сайын бақылап отырған жөн. Қан сарысуында бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы Аторвастатинмен емдеу барысында байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда емделушілердің жағдайын бауыр ферменттерінің белсенділігі қалыпқа келгенше бақылаған жөн. Егер АЛТ немесе ACT мәндері ЖҚШ мәнінен 3 еседен астамға асып кетсе, Аторвастатиннің дозасын төмендету немесе емдеуді тоқтату керек. Бауырдың белсенді ауруы немесе аминотрансфераза белсенділігінің, генезі белгісіз, тұрақты жоғарылауы Аторвастатинді тағайындауға қарсы көрсетілім бола алады.

Аторвастатинмен емдеу миопатияны туындатуы мүмкін. Денеге таралған миалгиялары, бұлшықеттердің ауырғыштығы немесе әлсіздігі бар немесе/және КФК белсенділігінің жоғарылауы айқын емделушілерде миопатия пайда болуы мүмкін (КФК белсенділігінің жоғарылауымен біріккен бұлшықет ауыруы және әлсіздігі ЖҚШ-мен салыстырғанда 10 есе жоғары). Аторвастатинмен емдеуді КФК белсенділігі айқын жоғарылаған жағдайда немесе айғақталған немесе болжаммен алынған миопатия бар болған жағдайда тоқтатқан жөн. Осы топтың басқа препараттарымен емдеген кезде, циклоспоринді, фибраттарды, эритромицинді, никотин қышқылын немесе зеңге қарсы азольді дәрілерді бір мезгілде қолданғанда миопатия қаупі жоғарылады. Осы препараттардың көбісі CYP3A4 изоферменті арқылы болатын метаболизмді және/немесе дәрілік заттардың тасымалдануын тежейді. Аторвастатин CYP3A4 әсерімен биотрансформацияланады. Аторвастатинді фибраттармен, эритромицинмен, иммунодепрессанттармен, зеңге қарсы азольді дәрілермен немесе никотин қышқылымен гиполипидемиялық дозаларда біріктіріп тағайындай отырып, емдеуден күтілетін пайда мен қауіпті мұқият таразылаған және бұлшықеттердің ауыруы немесе әлсіздігін анықтау мақсатында, әсіресе емдеудің алғашқы айы ішінде және кез келген препараттың дозасын арттыру кезеңінде жүйелі бақылап отырған жөн. Осындай жағдайларда, бақылау ауыр миопатияның пайда болуына жол бермеуге мүмкіндік бермесе де, КФК белсенділігін әлсін-әлсін анықтап отыруға болады.

Аторвастатинді қолданғанда, осы класқа жататын басқа да дәрілер сияқты, миоглобинурия себепші болған бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі бар рабдомиолиз жағдайлары мәлімделген. Аторвастатинмен емдеуді миопатияның белгілері пайда болғанда немесе рабдомиолиз аясында бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің пайда болуының қауіпті факторлары (мысалы, ауыр жедел жұқпа, аретриялық гипотензия, күрделі операция, жарақат, алмасудың, эндокриндік және электролиттік ауыр бұзылулары және бақылауға келмейтін құрысулар) бар болған жағдайда уақытша немесе біржолата тоқтатқан жөн.

Түсініксіз ауырулар немесе бұлшықеттерде әлсіздік пайда болған жағдайда, әсіресе мұндайда дімкәстік немесе қызба байқалса, дәрігерге дереу қаралуы керектігін емделушілерге ескерту қажет.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Аторвастатиннің автомобильді басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне жағымсыз ықпалы жөнінде мәлімделген жоқ.

Артық дозалануы

Аторвастатиннің артық дозалануын емдеуге арналған арнайы дәрілер жоқ. Артық дозаланған жағдайда қажетіне қарай симптоматикалық ем жүргізу қажет. Препараттың плазма ақуыздарымен белсенді байланысуын ескерсек, гемодиализ тиімді емес.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан

Пішінді ұяшықты 1, 3 немесе 10 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден төмен температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Лок-Бета Фармасьютикалс (I) Пвт. Лтд., Үндістан

Корпарэйт Центр, Нирмал, Лайфстаиль,

Л. Б. C. Марг, Мулунд (W), Мумбай – 400 080, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Лок-Бета Фармасьютикалс (I) Пвт. Лтд., Үндістан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Алматы қ-сы, Гоголь к-сі, 86

«ABMG Expert» ЖШС

т. 2508-445

 

Прикрепленные файлы

730887051477976900_ru.doc 82.5 кб
562218171477978068_kz.doc 102 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники