Аспирин® Эффект

МНН: Ацетилсалициловая кислота
Производитель: Байер Биттерфельд ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Acetylsalicylic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021419
Информация о регистрации в РК: 29.05.2015 - 29.05.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Аспирин® Эффект

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ацетилсалицил қышқылы

Дәрілік түрі

Ішке қабылдауға арналған түйіршіктер, 500 мг

Құрамы

Бір пакеттің ішінде:

белсенді зат - ацетилсалицил қышқылы – 500 мг;

қосымша заттар: маннитол, натрий гидрокарбонаты, натрий гидроцитраты, аскорбин қышқылы, кола хош иістендіргіші, апельсин хош иістендіргіші, сусыз лимон қышқылы, аспартам.

Сипаттамасы

Ақтан сәл сарғыштау түске дейінгі сары түйіршіктер.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да аналгетиктер-антипиретиктер. Салицил қышқылы және оның туындылары. Ацетилсалицил қышқылы.

АТХ коды N02BA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ацетилсалицил қышқылын ішке қабылдағанда асқазан-ішек жолынан жылдам сіңеді. Кейіннен глицинмен немесе глюкуронидпен конъюгацияланумен салицил қышқылын түзе отырып, гидролиздену жолымен бауырда метаболизденеді. Салицил қышқылының 80% жуығы қан плазмасы ақуыздарымен байланысады және организмнің көптеген тіндері мен сұйық орталарына жақсы тарайды. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді. Салицил қышқылы сүтпен бөлінеді және плацента арқылы өтеді.

Ацетилсалицил қышқылының жартылай шығарылу кезеңі шамамен 15 минут, салицил қышқылынікі – 3 сағатқа жуық уақытты құрайды. Салицил қышқылы мен оның метаболиттері негізінен бүйрекпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Ацетилсалицил қышқылы (АСҚ) қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) тобына жатады әрі оның ауруды басатын, қызуды түсіретін және қабынуға қарсы әсері бар, сондай-ақ тромбоциттер агрегациясын бәсеңдетеді. Әсер ету механизмі циклооксигеназа (ЦОГ) – простагландиндер ізашары болып саналатын арахидон қышқылы метаболизмі негізгі ферментінің белсенділігін бәсеңдетумен байланысты, бұл қабыну, ауыру және қызба патогенезінде басты рөл атқарады.

Ацетилсалицил қышқылының ауыруды басатын әсері қос механизмге негізделген: шеткергі (жанама түрде, простогландиндердің синтезін басу арқылы) және орталықтық (орталық және шеткергі жүйке жүйесінде простагландиндер синтезін тежеу арқылы).

Простагландин өнімдерінің азаюына байланысты олардың жылу реттейтін орталыққа қатысты әсері төмендейді.

Ацетилсалицил қышқылы тромбоциттерде тромбоксан А2 синтезін бөгеу арқылы тромбоциттер агрегациясын бәсеңдетеді және агрегацияға қарсы әсер береді.

Қолданылуы

  • ересектердегі әртүрлі себептерден туындаған ауыру синдромында (бас ауыру, тіс ауыру, тамақ ауыру, бас сақинасы, бұлшықет және буын ауыруы, арқаның ауыруы, етеккір кезіндегі ауыру)

  • тұмау және басқа да жұқпалы- қабыну аурулары кезінде ересектер мен 16 жастан асқан балалардың дене температурасы көтерілгенде.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектер мен 16 жастан және одан асқан балаларға.

Құрғақ түйіршіктерді тілге салып, жұтар алдында еруге мүмкіндік береді. Бір реттік доза 4-8 сағат аралықпен түйіршіктері бар бір пакетті құрайды, ең жоғары емдік доза – 2 пакет.

Ең жоғары емдік доза 8 пакеттен аспауы тиіс.

Препаратты дәрігердің кеңесінсіз 3-5 күннен артық қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

  • тері бөртпесі, есекжем, қышыну, ринит, мұрынның бітелуі, анафилактикалық шок, бронх түйілуі, Квинке ісінуі

  • диарея, жүрек айнуы, құсу, эпигастрий тұсының ауыруы, тәбеттің төмендеуі, сирек асқазан-ішек ойық жарасы (жиі және ұзақ қолданғанда);

  • сирек асқазан-ішектен қан кету жағдайлары (жедел немесе созылмалы постгеморрагиялық анемия/ теміртапшылықты анемия салдарынан (мысалы, жасырын қан кету салдарынан)

  • геморрагиялық синдром (мұрыннан қан кету, қызыл иектің қанағыштығы), қан ұю уақытының ұлғаюы, тромбоцитопения, анемия

  • Рейе/Рей синдромы (үдемелі энцефалопатия: жүрек айну және іркілусіз құсу, тыныс алудың бұзылуы, ұйқышылдық, құрысулар; бауырдың майлы инфильтрациясы, гипераммониемия, АСТ, АЛТ деңгейінің жоғарылауы)

  • жедел бүйрек жеткіліксіздігі, нефротикалық синдром

  • өте сирек трансаминазалар ұлғаюымен бауыр функциясының уақытша бұзылуы мүмкін

  • глюкоза-6-фосфат-дегидрогеназа тапшылығының ауыр түріне шалдыққан емделушілерде гемолиз және гемолитикалық анемия жағдайлары болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- АСҚ-ға, басқа да салицилаттарға немесе препараттың кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық

- асқазан-ішек жолдарының ойық жаралы зақымдануы

- геморрагиялық диатез, геморрагияларға бейімділік, қанағыштықтың артуы, қан ұюдың бұзылуы (гемофилия, телеангиоэктазиялар, К витамині тапшылығы, тромбоцитопения)

- салицилаттарды немесе ҚҚСП қабылдаудан кейін пайда болған бронх

демікпесі

- метотрексатпен аптасына 15 мг немесе одан да көп дозада біріктіріп қолдану

- жүктілік және лактация кезеңі

- антикоагулянттармен қатар емдеу

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі

- жедел жүрек жеткіліксіздігі

- Рей синдромы даму қатеріне байланысты (энцефалопатия және жедел бауыр жеткіліксіздігі дамуымен бауырдың жедел дамитын майлы дистрофиясы) вирус жұқпаларынан туындаған жедел респираторлық аурулары бар 16 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ацетилсалицил қышқылы метотрексаттың бүйректік клиренсін төмендетеді және плазма ақуыздарымен байланысуын бұзады.

Ацетилсалицил қышқылын антикоагулянттармен (кумарин, гепарин) және тромболитикалық препараттармен қосып қолданғанда тромбоциттер функциясының бұзылуына және асқазан ішек жолдарының шырышты қабаты зақымдануына байланысты қан кету қаупі арта түседі.

Кумарин туындыларының антикоагуляциялық әсерін төмендетеді. Құрамында салицилаттар бар басқа да ҚҚСП үлкен дозада (3 > г/тәулік) қолданғанда, өзара әсерлері күшейетіндіктен ойық жаралы зақымданулар мен асқазан-ішек қан кетулері қаупі артады.

Ацетилсалицил қышқылын серотониннің кері қармау селективті тежегіштерімен (СКҚСТ, SSRIs) қосып қолданғанда синергетикалық әсеріне байланысты АІЖ жоғарғы бөлігінен қан кету қаупі артады. Ацетилсалицил қышқылы қан плазмасында дигоксиннің концентрациясын жоғарылатады. Ацетилсалицил қышқылының жоғары дозасы ацетилсалицил қышқылының гипогликемиялық әсері және плазма ақуыздарынан сульфонилмочевинаны ығыстырып шығару салдарынан диабетке қарсы препараттардың (инсулин, сульфонильмочевина препараттары) гипогликемиялық әсерін күшейтеді.

Ацетилсалицил қышқылын тәулігіне > 3 г дозада диуретиктермен бірге қолданғанда шумақтық сүзілудің (бүйректе простагландиндер синтезінің азаюына байланысты) төмендейтіні анықталған.

Жүйелік глюкокортикоидтар (Аддисон ауруы кезінде орын басатын ем ретінде қолданылатын гидрокортизоннан басқасы) қан плазмасында салицилаттардың концентрациясын төмендетеді, бұл глюкокортикостероидтармен емдеуді тоқтатқаннан кейін салицилаттардың артық дозалану қаупін арттырады.

Тәулігіне > 3г дозасындағы ацетилсалицил қышқылы мен ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерін үйлестіре қабылдау аясында АӨФ тежегіштері шумақтық сүзілуінің төмендеуі байқалады, бұл олардың гипертензияға қарсы әсерінің азаюымен қатар жүреді.

Ацетилсалицил қышқылы ақуыздармен байланысты жағдайдан ығыстырылып шығару салдарынан вальпрой қышқылының уытты әсерін күшейтеді. Алкоголь қан кету уақыты мен ацетилсалицил қышқылының АІЖ шырышты қабатына зақымдаушы әсерін ұлғайтады.

Урикозуриялық препараттармен (бензбромарон, пробеницид) қоса қолданғанда урикозуриялық (несеп қышқылының бүйрек арқылы бәсекелес шығарылуына байланысты) әсерінің төмендеуі байқалуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Ацетилсалицил қышқылы бронх демікпесі ұстамасын немесе басқа да аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін. Мұндай қатердің факторлары сыртартқысында бронхтық демікпе, пішен қызбасы, мұрын полипозы, тыныс алу ағзаларының созылмалы аурулары, сондай-ақ басқа препараттарға деген аллергиялық реакциялардың болуы деп саналады (мысалы, қышыну, есекжем, басқа да тері реакциялары).

Ацетилсалицил қышқылының тромбоциттер агрегациясын бәсеңдетуге қабілеттілігі хирургиялық араласу уақытында және одан кейін көп қан кетуге әкелуі мүмкін (тіпті аздаған араласулардың өзі, мысалы тісті жұлу). АСҚ жоғары дозада қолданған жағдайда қан кету қатері арта түседі. Ацетилсалицил қышқылы төменгі дозада несеп қышқылының экстракциясын төмендетеді, бұл экскрециясы бастапқы деңгейі төмен подаграға бейім емделушілерде подагра жедел ұстамасының орын алуына себеп болуы мүмкін.

Ацетилсалицил қышқылы қызба болған немесе болмаған вирус жұқпасын емдегенде дәрігердің кеңесінсіз балалар мен жасөспірімдерге пайдаланылмауы тиіс. Кейбір вирус жұқпаларында, әсіресе А, В тұмау вирусы мен желшешекте Рей синдромының туындау қаупі бар.

Глюкозо-6-фосфат-дегидрогеназа жеткіліксіздігінің ауыр түрімен зардап шегетін емделушілерде ацетилсалицил қышқылы гемолиз немесе гемолитикалық анемия туғызуы мүмкін.

Препараттың бір дозасында 19 мг натрий бар, тұзсыз емдәм ұстанып жүрген емделушілердің мұны ескергендері жөн.

Аспирин Эффект құрамында фенилкетонуриямен зардап шегетін адамдарға зиян болу ықтималдығы бар фенилаланин мөлшері (аспартам) болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: бас айналу, құлақтың шуылдауы, нашар естуді сезіну, тершеңдік, бас ауыруы, жүрек айну, құсу. Кейіннен қызба, гипервентиляция, кетоз, респираторлық алкалоз, метаболизмдік ацидоз, кома, қантамырлық жеткіліксіздік, тыныс алу жеткіліксіздігі, айқын гипогликемияның дамуы мүмкін.

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір және қарқынды сілтілік диурез. Емдеуді бұдан әрі мамандандырылған бөлімшелерде жүргізген жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий қабаты бар полиэтиленнен жасалған 10 немесе 20 пакеттен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Байер Биттерфельд ГмбХ, Германия

ОТ Греппин, Салегастер Шоссе 1, 06803 Биттерфельд-Вольфен, Германия.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Байер Консьюмер Кэр АГ, Швейцария.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Байер КАЗ» ЖШС

Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, 15 пав.

050057, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Tel.: + 7 (727) 258 80 40

Факс: + 7 (727) 244 70 01

e-mail: kz.claims@bayer.com

 

6

 

Прикрепленные файлы

248077641477976504_ru.doc 70 кб
547713551477977676_kz.doc 75.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники