Аспаркам (таблетки, Марбиофарм ОАО)

МНН: Калия, магния аспарагинат
Производитель: Марбиофарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты прочих минеральных веществ
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019598
Информация о регистрации в РК: 21.06.2018 - 21.06.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Аспаркам

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

магний аспарагинаты тетрагидраты 175 мг

калий аспарагинаты гемигидраты 175 мг

қосымша заттар: картоп крахмалы, тальк, кальций стеараты моногидраты, коповидон (коллидон VA-64)

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы мен сызығы бар, түсі ақ немесе ақ дерлік таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Минералды қоспалар. Басқа да минералды заттар.

АТХ коды А12СХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдаған кезде жылдам сіңеді және салыстырмалы түрде бүйрекпен жылдам шығарылады.

Фармакодинамикасы

Аспаркам калий мен магний иондарының көзі болып табылады, метаболизмдік үдерістерді реттейді. Әсер ету механизмі болжамды түрде аспарагинаттардың магний мен калий иондарын жасушаішілік кеңістікке тасымалдаушы рөлімен және аспарагинаттың метаболизмдік үдерістерге қатысуымен байланысты. Аспаркам электролиттер теңгерімі бұзылуын жояды, миокардтың қозғыштығы мен өткізгіштігін (аритмияға қарсы орташа әсерін) төмендетеді.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

  • жүрек жеткіліксіздігі кезінде, жүректің ишемиялық ауруында

  • гипокалиемияда

  • жүрек ырғағының бұзылуында (оның ішінде миокард инфарктісінде, жүрек гликозидтерінің артық дозалануы кезінде)

Қолдану тәсілі және дозалары

Аспаркамды ішке, тамақтанудан кейін тағайындайды.

Әдетте ересектерге 1-2 таблеткадан күніне 3 рет тағайындайды. Емдеу курсы - 3-4 апта. Қажет болғанда курс қайталанады.

Жағымсыз әсерлері

- жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы, ұйқы безі аумағында жайсыздықты немесе ашытуды сезіну (анацидті гастриті немесе холециститі бар науқастарда)

- атриовентрикулярлық блокада

- парадоксальді реакция (экстрасистол санының ұлғаюы)

- гиперкалиемия (жүрек айну, құсу, диарея, парастезия)

- гипермагниемия (беттің қызаруы, шөлдеу сезімі, артериялық қысымның төмендеуі, гипорефлексия, тыныс алудың бәсеңдеуі, құрысу).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- амин қышқылдары алмасуының бұзылуы

- артериялық гипотензия

- жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

- гиперкалиемия

- гипермагниемия

- атриовентрикулярлық өткізгіштіктің (AV I-III дәрежелі) бұзылуы

- ауыр миастения

- жедел метаболизмдік ацидоз

- сусыздану (эксикоз)

- гемолиз

- Аддисон ауруы

- олигурия

- анурия.

Сақтықпен: жүктілік (әсіресе I триместр), лактация кезеңі, гипофосфатемия, несеп-тас диатезі (кальций, магний және аммоний фосфаты алмасуы бұзылуымен байланысты).

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фармакодинамикалық: калий сақтаушы диуретиктермен (триамтерен, спиронолактон), бета-андреноблокаторлармен, циклоспориндермен, гепаринмен, ангиотензин-өзгертуші ферменті (АӨФ) тежегіштерімен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бір мезгілде қолдану гиперкалиемияның даму қаупін аритмия және асистолия дамуына дейін жоғарылатады. Калий препараттарын глюкокортикостероидтармен бірге қолдану соңғысы туындататын гипокалиемияны қайтарады. Калийдің әсерімен жүрек гликозидтерінің жағымсыз әсерлері азаяды. Магний неомицин, В полимиксині, тетрациклин және стрептомициннің әсерін төмендетеді. Анестетиктер магний препараттарының орталық жүйке жүйесіне бәсеңдетуші әсерін арттырады; атракурониймен, декаметониймен, сукцинилхлорид және суксаметониймен бір мезгілде қолданғанда жүйке-бұлшықет блокадасы күшеюі мүмкін; кальцитриол қан плазмасында магний құрамын арттырады, кальций препараттары магний препараттарының әсерін төмендетеді.

Аритмияға қарсы дәрілердің жағымсыз дромо- және батмотропты әсерін күшейтеді.

Фармакокинетикалық: тұтқыр және бүркемелейтін дәрілер препараттың асқазан-ішек жолында сіңуін азайтады.

Айрықша нұсқаулар

Балаларға

Препаратты балаларда қолдану туралы деректер жоқ, сондықтан препаратты педиатрия тәжірибесінде қолданбайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты егер әйел үшін күтілетін пайдасы балаға төнетін ықтимал қауіптен асып түскен жағдайда ғана жүктілік кезеңінде қолдануға болады. Препаратты емшек емізу кезеңінде қолданған жағдайда бала емізуді тоқтату ұсынылады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Аспаркам автокөлік құралдарын басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу кезінде реакция жылдамдығына әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: гиперкалиемия, гипермагниемия.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. Пішінді ұяшықты қаптамалар қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тең санымен қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Марбиофарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

424006, Марий Эл Республикасы, Йошкар-Ола қ., К.Маркс к-сі, 121.

Тел.: (8362) 42-03-12, факс: (8362) 45-00-00

e-mail: marbiopharm@marbiopharm.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Марбиофарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Марбиофарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

424006, Марий Эл Республикасы, Йошкар-Ола қ., К.Маркс к-сі, 121.

Тел.: (8362) 42-03-12, факс: (8362) 45-00-00

e-mail: marbiopharm@marbiopharm.ru

 

Прикрепленные файлы

466187401477976972_ru.doc 73.5 кб
618632621477978136_kz.doc 108 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники