Аскорутин №50 (Алтайвитамины ЗАО)

МНН: Аскорбиновая кислота, Рутозид
Производитель: Алтайвитамины ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Аскорбиновая кислота (включая комбинации с другими препаратами)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011021
Информация о регистрации в РК: 20.03.2013 - 20.03.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Аскорутин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Состав

Бір таблетка құрамында

белсенді заттар: аскорбин қышқылы - 0,05 г

рутин - 0,05 г,

қосымша заттар: картоп крахмалы, сахароза (қанттың ұнтағы), кальций стеараты, тальк.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді ашық жасыл-сары түсті аздаған теңбілдерімен ойығы мен сызығы бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Аскорбин қышқылы, басқа препараттармен біріктірілімді қоса.

АТХ коды А 11 G

  • Фармакологиялық қасиеттері

    Фармакокинетикасы

    Аскорбин қышқылы көбінесе он екі елі ішек пен аш ішекте (қабылданған дозаның 50-70%) жылдам сіңеді. Қабылдағаннан кейін 30 минуттан соң, қанда аскорбин қышқылының құрамы айтарлықтай жоғарылайды, оның тінде тұтылуы басталады, осылайша алдымен жасуша жарғақшасы арқылы энергетикалық шығынсыз өтетін және жасушада тез қалпына келетін дегидроаскорбин қышқылына айналады. Тіндердегі аскорбин қышқылы тек жасуша ішінде ғана болады, үш түрде– аскорбин, дегидроаскорбин қышқылы және аскорбиген (аскорбин қышқылымен байланысқан) айқындалады. Ағзалар арасында біркелкі емес таралады.

    Ішкі секреция бездерінің құрамында әсіресе бүйрек үсті безінде көп, мида, бүйректе, бауырда, жүрек және қаңқа бұлшықеттерінде аз мөлшерде болады. Аскорбин қышқылының мөлшері қан плазмасына қарағанда лейкоциттер мен тромбоциттерде жоғарырақ. Ол бүйректе метаболизмге ұшырайды және 90% дейін оксалат түрінде бүйрек арқылы сыртқа шығады, ішінара бос түрінде нәжіспен және термен шығарылады. Бүйректермен 90%-ға дейін оксалат түрінде, ішінара бос күйінде нәжіспен және термен шығарылады. Плазмадағы концентрациясы 1,4мг/дл асатын жоғары дозада қабылдағанда, шығарылуы дереу күшейеді.

    Рутинді (рутозид) ішке қабылдағанда қандағы ең жоғары концентрациясына 1-4 сағаттан соң жетеді. Рутин ас қорыту жолында сіңе отырып, аскорбаттың тасымалдануына және жинақталуына жағдай туғызады. Өзгермеген түрде және метаболиттер түрінде негізінен өтпен сыртқа шығарылады және аз дәрежеде несеппен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 10-25 сағат құрайды.

    Фармакодинамикасы

    Әсері оның құрамына кіретін компоненттердің әсеріне байланысты біріктірілген дәрілік зат. Препарат С және Р витаминдері тапшылығын қалпына келтіреді.

    Аскорбин қышқылы тотығу-тотықсыздану үдерістерінде, көміртегі алмасуын, қанның ұюын, тіндердің регенерациясын қалпына келтіруде маңызды рөл атқарады, организмнің қарсыласуының жоғарылауына ықпал етеді.

    Рутин Р витаминдер тобына жатады. Аскорбин қышқылымен тотығу-тотықсыздану үдерістеріне қатысады, антиоксидантты әсерге ие, тотығудың алдын алады және тіндерде аскорбин қышқылының жинақталуына ықпал етеді. Капиллярлардың жоғары өткізгіштігін болғызбайды, оның ісінуін және қабынуды азайтып, қан тамырлары қабырғаларын нығайтады. Антиагрегантты әсерге ие, ол микроциркуляцияның жақсаруына ықпал етеді. Екі компонент те қан тамырлары қабырғасын нығайтады (жасуша аралық заттардың түзілуіне ықпал етеді, гиалуронидазаның белсенділігін төмендетеді) капиллярлардың өткізгіштігін және сынғыштығын азайтады.

    Рутин аскорбин қышқылымен бірге тотығу-тотықсыздану үдерістеріне қатысады, антиоксиданттық қасиетке ие (атап айтқанда адреналинді тотығудан сақтайды), аскорбин қышқылының тотығуын болғызбайды және тіндерде жинақталуына жағдай туғызады. Екі компонент те қан тамырлары қабырғаларын нығайтады (жасуша аралық заттардың түзілуіне түрткі болады және гиалуронидазаның белсенділігін төмендетеді), қылтамырлар өткізгіштігін және сынғыштығын төмендетеді.

    Рутин (Р витамині) аскорбин қышқылының дегидроаскорбин қышқылына өзгеруіне ықпал етеді және соңғының ары қарай дикетогулон қышқылына трансформациялануына кедергі етеді.

    Сондықтан рутиннің әсерінің көбі С витамині әсеріне байланысты. Рутин аскорбин қышқылымен біріктірілімде капиллярлардың өткізгіштігін және сынғыштығын төмендетеді, қантамырлары қабырғасын бекемдейді, тромбоциттер агрегациясын азайтады, қабынуға қарсы әсерге ие (оның ішінде гиалуронидаза белсенділігін төмендету есебінен), антиоксидантты қасиетке ие, тотығу-тотықсыздану үдерісіне қатысады.

    Одан басқа, рутинге плазманың сұйық бөлігінің және қан жасушаларының диапедезасының қан тамырлары қабырғасы арқылы шығарылуын азайту секілді; өт айдайтын және жеңіл антигипертензивті әсерлер тән. Созылмалы көктамырлық жеткіліксіздікпен науқастарда рутин ісіну және ауыру синдромдарының, трофикалық бұзылыстардың азаюына, парестезиялар мен құрысулардың азаюына немесе жоғалуына әкеледі. Сәулемен емдеудің (цистит, энтеропроктит, дисфагия, тері эритемасы) жағымсыз әсерлерінің айқындығының азаюына ықпал етеді, сондай-ақ диабеттік ретинопатияның үдеуін баяулатады.

Қолданылуы

- аскорбин қышқылы және рутиннің гиповитаминозы және авитаминозында

Кешенді ем құрамында:

- ауыру және ісіну синдромымен көктамырлардың варикозды кеңеюінде

- беткейлік тромбофлебитте

- трофикалық бұзылыстар және ойық жараларда

- көктамырлардың созылмалы жеткіліксіздігінде

- геморрагиялық диатезде

Қолданылу тәсілі және дозалары

Ересектер тамақтану алдында немесе тамақтан кейін тәулігіне 1 таблеткадан 2-3 рет. 6 жастан бастап балаларға ½ таблеткадан 2-3 рет қабылдау керек. Курсы жекелей дәрігермен анықталады.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- бас ауыруы, жоғары қозғыштық, ұйқының бұзылуы

- артериялық қысымның жоғарылауы

- тромбоцитоз, лейкоцитоз

- жүрек айнуы, құсу, анорексия, эпигастрия аймағының ауыруы , ішектің түйілуі, диарея.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары жекелей сезімталдық

- тромбофлебит

- қан ұюының жоғарылауымен және тромбоздарға бейімділікпен қатар жүретін жағдайлар

- қант диабеті (аскорбин қышқылының болуына байланысты)

- жүктіліктің І триместрі

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

В тобының витаминдерімен және құрамында мыс бар препараттармен бірге қолдануға болмайды.

Ұзақ уақыт қолданғанда (4 аптадан аса) рутинді жүрек гликозидтерімен, гипертензияға қарсы дәрілермен немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бір уақытта тағайындауға болмайды, өйткені ол олардың әсерін күшейтуі мүмкін.

Аскорбин қышқылы салицилаттармен біріктірілімде олардың қансарысуындағы концентрациясын жоғарылатады және кристаллурия қаупін жоғарылатады. Кумарин туындыларының антикоагулянтты әсерін төмендетеді. Ішекте пенициллин, темір препараттарының сіңуін жақсартады, ішке қабылданатын антикоагулянттардың азайтады. Ішке қабылданатын контрацептивтерді қолдану организмде С витамині деңгейін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты сілтілі сусындармен, жаңадан дайындалған жемістер немесе жидектер шырынымен бірге қабылдау С витаминінің сіңуін азайтады. Сондай- ақ сіңуі энтериттерде бұзылуы мүмкін. Препараттың үлкен дозасын жоғары қан ұйығыштығымен, тромбофлебиттермен, тромбоздарға бейім науқастарға, қант диабетінде (аскорбин қышқылының болуына байланысты) тағайындауға болмайды.

Аскорутиннің жоғары дозасын қабылдағанда бүйрек қызметін және артериялық қысым деңгейін, сондай-ақ ұйқы безі қызметін бақылау керек.  Препарат қан, билирубин, глюкоза деңгейіне, трансаминазалар, лактатдегидрогеназалар белсенділігіне және басқаларына зертханалық тесттер нәтижесін өзгертуі мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

С витаминінің жоғары дозалары эстрогендер синтезін жоғарылатуына байланысты жүктіліктің үзілуін туындатуы мүмкін. Препаратта рутиннің болуына байланысты оны жүктіліктің бірінші триместрінде қолдануға болмайды.

Дәрілік затттың көлік құралын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, іштің өтуі, бас ауыруы, артериялық қысымның жоғарылауы, тромб түзілуі.

Емі: асқазанды шаю, сорбенттер, белгісіне қарай ем жүргізу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. Топтық қаптамаға немесе тасымалдайтын ыдысқа қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықты қаптама санына сай салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін, қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі 69

Телефон: (3854) 326-946, 338-719

Факс: (3854) 327-640

Тіркеу куәлігінің иесі

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Алтайвитамины» ЖАҚ

Мекенжайы: 659325, Алтай өлкесі, Ресей Федерациясы, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69

Телефон: (3854) 326-946, 338-719

Факс: (3854) 327-640

 

Прикрепленные файлы

867155031477976908_ru.doc 55 кб
180570471477978080_kz.doc 62 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники