Аскорбиновая кислота с глюкозой №10 (Марбиофарм ОАО)

МНН: Аскорбиновая кислота, Декстроза
Производитель: Марбиофарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Аскорбиновая кислота в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019088
Информация о регистрации в РК: 09.02.2018 - 09.02.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Глюкоза қосылған аскорбин қышқылы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: аскорбин қышқылы 100 мг

глюкоза 877 мг

қосымша заттар: сахароза (қант), стеарин қышқылы, тальк

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы мен сызығы бар ақ түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Басқа препараттармен біріктірілген аскорбин қышқылы.

АТЖ коды А11GВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Аскорбин қышқылының сіңуі ауыз қуысында бәсең, ал аш ішекте –глюкозаның қатысуымен белсенді жүреді. Асқазан-ішек жолының патологиясы (пептикалық ойық жаралар, іш қатуы, іш өтуі, глисттік инвазия, лямблиоз) оның ішек арқылы қорытылуын бұзады. С витаминін емдік дозада пайдаланғанда биосіңімділігі 70% құрайды, қабылдау уақыты ұзарғанда ол төмендейді. Қандағы ең жоғарғы концентрациясы – 4 сағат өткен соң. Қанда аскорбин қышқылы бәрінен лейкоциттер мен тромбоциттерге жақсы өтеді, оның гипофиздің артқы үлесінде, бүйрекүсті бездерінде, көз эпителийінде және бауырда жинақталуы жүреді.

Аскорбин қышқылының дегидроаскорбин және дикетогулон қышқылына биоөзгеріске түсіп, ары қарай қымыздық қышқылына айналуы бауырда жүреді.

Аскорбин қышқылының барлық аталған метаболиттері мен өзінің өзгеріссіз күйде шығарылуы негізінен бүйрекпен жүзеге асады.

Фармакодинамикасы

Аскорбин қышқылы көптеген тотығу-тотықсыздану реакцияларына белсенді қатысады, ағзаға спецификалық емес жалпы көтермелегіштік әсер береді. Ағзаның бейімделу қабілетін және оның жұқпаларға қарсыластығын арттырады; регенерация үдерістерін ықпал етеді.

Молекуласында диенольді топтың болуы арқасында (-СОН=СОН-) оның күшті айқын қалпына келтіргіштік (антиоксиданттық) қасиеттері бар. Сутегінің көптеген биологиялық реакцияларға тасымалдануын реттейді, глюкозаның трикарбон қышқылдары циклында пайдаланылуын жақсартады, тетрагидрофолий қышқылының, стероидты гормондардың, коллаген мен проколлаген синтезіне қатысады.

Холестерин алмасуына қатысады, бауырдың детоксикациялық және ақуызды синтездеуші қызметін күшейтеді. Жасушааралық заттың коллоидтық жағдайын және қылтамырлардың қалыпты өткізгіштігін ұстап тұруға ықпал етеді. Өт бөлінісі мен ұйқы безінің сыртқы секреторлық қызметін жақсартады.

Адам ағзасы С витаминін өздігінен синтездей алмайды, оған қажеттілік оның тағамдағы құрамының есебінен қанағаттандырылады.

Қолданылуы

- С витаминінің гипо- және авитаминоздарының алдын алу және емдеуде

- балалардың белсенді өсу, жүктілік, бала емізу кезеңінде ағзаның С витаминіне қажеттілігінің жоғарылауында

- жоғары дене және ақыл-ой жүктемелерінде

- қатты қажуда

- стресс жағдайларында

- ұзақ және ауыр аурулардан кейінгі сауығу кезеңінде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Препаратті ішке, тамақтан кейін қабылдайды.

Алдын алу мақсатында:

Ересектерге - тәулігіне 50-100 мг; 6 жастан бастап балаларға – тәулігіне 25 мг. Жүктілік және лактация кезеңінде 10-15 күн бойы тәулігіне 300 мг/, сосын тәулігіне 100 мг тағайындайды.

Емдеу мақсатында:

Ересектерге – күніне 3-5 рет тәулігіне 50-100 мг; балаларға тәулігіне 50- 100 мг күніне 2-3 рет тағайындайды. Емдеу мерзімдері аурудың сипаты мен ағымына тәуелді және дәрігер ұсынады.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- көп дозаларын ұзақ қолданғанда – бас ауыруы, орталық жүйке жүйесінің қозғыштығының артуы, ұйқысыздық

- орташа поллакиурия, ұзақ қолданылғанда - гипероксалурия, нефролитиаз, бүйректің гломерулярлық аппаратының зақымдануы

- асқазан-ішек жолының шырышты қабығының тітіркенуі, ұзақ қолданғанда – жүрек айнуы, құсу, диарея, гиперацидті гастрит, асқазан-ішек жолының шырышты қабығының ульцерациясы

- ұзақ қолданғанда – қылтамырлар өткізгіштігінің төмендеуі,

- тері бөртпесі, тері гиперемиясы

- зертханалық көрсеткіштер: тромбоцитоз, гиперпротромбинемия, эритропения, нейтрофильді лейкоцитоз, гипокалиемия, глюкозурия

- басқа да: ұйқы безінің инсулярлық аппараты қызметінің бәсеңдеуі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- аскорбин қышқылына жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балалар

Көп дозаларын тағайындамау керек:

- қан ұйығыштығы жоғары, тромбофлебиттері бар және тромбоздарға бейім науқастар, сондай-ақ, қант диабеті мен қандағы қант құрамының жоғарылығымен бірге жүретін жағдайлар.

Сақтықпен:

- қант диабеті, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы, гемохроматоз, сидеробластты анемия, талассемия, гипероксалурия, бүйректас ауруы.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Аскорбин қышқылы бензилпенициллин мен тетрациклиндердің қандағы концентрациясын арттырады; тәулігіне 1 г/ дозада этинилэстрадиолдың биожетімділігін жоғарылатады (соның ішінде пероральді контрацептивтердің құрамына кіретін).

Темір препараттарының ішекте сіңуін жақсартады (үшвалентті темірді еківаленттіге ауыстырады); дефероксаминмен бір мезгілде қолданылғанда темірдің шығарылуын жоғарылатуы мүмкін.

Гепарин мен тікелей емес антикоагулянттардың тиімділігін төмендетеді.

Ацетилсалицил қышқылы, пероральді контрацептивтер, жаңа алынған шырындар мен сілтілік сусын сіңуі мен сіңірілуін төмендетеді.

Ацетилсалицил қышқылымен бір мезгілде қолданылғанда аскорбин қышқылының несеппен шығарылуы жоғарылап, ацетилсалицил қышқылының шығарылуы төмендейді. Ацетилсалицил қышқылы аскорбин қышқылының сіңірілуін шамамен 30%-ға төмендетеді.

Салицилаттармен және қысқа әсері бар сульфаниламидтермен емдеуде кристаллурияның даму қаупін ұлғайтады, қышқылдардың бүйрекпен шығарылуын баяулатады, сілтілік реакциясы бар (соның ішінде, алкалоидтардың) дәрілік заттардың шығарылуын арттырады, қандағы пероральді контрацептивтердің концентрациясын төмендетеді.

Этанолдың жалпы клиренсін арттырады, ол өз кезегінде ағзадағы аскорбин қышқылының концентрациясын төмендетеді.

Хинолиндік қатардың дәрілік заттары, кальций хлориді, салицилаттар, глюкокортикостероидтар ұзақ қолданылғанда аскорбин қышқылының қорын тауысады.

Бір мезгілде қолданылғанда изопреналиннің хронотропты әсерін азайтады.

Ұзақ қолданғанда немесе жоғары дозаларда қолданғанда дисульфирам-этанол өзара әрекеттестігін бұзуы мүмкін.

Жоғары дозаларда мексилетиннің бүйрекпен шығарылуын жоғарылатады.

Барбитураттар мен примидон аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын арттырады.

Антипсихотикалық дәрілік заттардың (нейролептиктердің) – фенотиазиннің туындыларының, амфетаминнің өзекшелік реабсорбциясын және үшциклдық антидепрессанттардың емдік әсерін азайтады.

Айрықша нұсқаулар

Аскорбин қышқылының кортикостероидтық гормондар синтезіне көтермелегіштік әсеріне байланысты, бүйрек қызметі мен артериялық қан қысымын қадағалау қажет.

Көп дозаларын ұзақ қолданғанда ұйқы безінің инсулярлық аппараты қызметінің бәсеңдеуі мүмкін, сондықтан емдеу үдерісінде оны жүйелі бақылап отыру қажет.

Ағзадағы темір құрамы жоғары емделушілерде аскорбин қышқылын ең төменгі дозаларда қолдану керек.

Аскорбин қышқылын тез пролиферацияланатын және қарқынды метастаздалатын ісіктері бар емделушілерге тағайындау үдеріс ағымын ушықтыруы мүмкін.

Аскорбин қышқылы, қалпына келтіргіш ретінде, түрлі зертханалық тестілердің нәтижелерін бұрмалауы мүмкін (қандағы глюкоза, билирубин құрамы, «бауыр» трансаминазалары мен ЛДГ белсенділігі).

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілікте сақтықпен қолдану керек, өйткені С витаминінің тәулігіне 1 г асатын жоғары дозалары эстрогендер синтезінің жоғарылығына байланысты, жүктіліктің үзілуін туғызуы мүмкін. Жүктілік және лактация кезеңінде дәрігермен кеңескеннен кейін қолдануға болады.

Жүктіліктің II-III триместрлері бойына аскорбин қышқылына ең төменгі күнделікті қажеттілік – 60 мг-ге жуық.

Бала емізу кезеңіндегі ең төменгі күнделікті қажеттілік – 80 мг. Құрамында аскорбин қышқылының қалыпты мөлшері бар ана емдәмі емшек жасындағы баладағы С витамині тапшылығының алдын алу үшін жеткілікті (бала емізетін ананың аскорбин қышқылына ең жоғарғы күнделікті қажеттілікті асырмауы ұсынылады).

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Белгілері : күніне 1,0 г артық қабылдағанда қыжыл, диарея, несеп шығарудың қиындауы, несептің қызыл түске боялуы, гемолиз болуы мүмкін (глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар емделушілерде).

Емі: симптоматикалық, препаратты тоқтату.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

Пішінді ұяшықты қаптамаларды мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықтардың тең санымен гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Марбиофарм» ААҚ, Ресей

424006, Марий Эл Республикасы, Йошкар-Ола қ-сы, К.Маркс к-сі, 121.

Тел.: (8362) 42-03-12, факс: (8362) 45-00-00

e-mail: marbiopharm@marbiopharm.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Марбиофарм» ААҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Марбиофарм» ААҚ, Ресей

424006, Марий Эл Республикасы, Йошкар-Ола қ-сы, К.Маркс к-сі, 121.

Тел.: (8362) 42-03-12, факс: (8362) 45-00-00

e-mail: marbiopharm@marbiopharm.ru

 

6

 

Прикрепленные файлы

384751281477977056_ru.doc 84 кб
138065651477978228_kz.doc 98 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники