Аскорбиновая кислота с глюкозой №10 (Борисовский завод медицинских препаратов ОАО) (Ascorbic acid in combination)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Глюкозамен аскорбин қышқылы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 100 мг аскорбин қышқылы, 877 мг глюкоза моногидраты,
қосымша заттар: картоп крахмалы, тальк, стеарин қышқылы.
Сипаттамасы
Ақ түсті, жалпақ цилиндр пішінді, сызығы және ойығы бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Витаминдер
Басқа препараттармен біріктірілімдерді қоса аскорбин қышқылы
АТХ коды А11GВ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакодинамикасы
Аскорбин қышқылы негізінен он екі елі және аш ішекте жақсы сіңеді.
Енгізгеннен кейін 30 минуттан кейін қандағы аскорбин қышқылының
құрамы айтарлықтай жоғарылайды, оның энергетикалық шығынсыз
жасуша жарғақшасы арқылы өтуге және жасушада тез қалпына келуге қабілетті дегидроаскорбин қышқылына алғашқы айналуы арқылы тіндермен қарқынды қармалуы басталады. Аскорбин қышқылы жасушаішілік үш түрде анықталады – аскорбин және дегидроаскорбин қышқылдары және аскорбиген (аскорбин қышқылымен байланысты). Ағзалар арасында таралуы бірқалыпты емес: ол ішкі сөлініс бездерінде, әсіресе бүйрекүсті бездерінде көп, мида, бүйрек, бауыр, жүрек және қаңқа бұлшықеттерінде аз. Аскорбин қышқылы ішінара метаболизденеді және 90 %-ға дейін бүйректермен оксалат түрінде, ішінара бос түрінде шығарылады. Глюкоза жеңіл сіңеді, метаболизмнің негізгі жолы гликолиз және көмірқышқыл газын және су түзумен АТФ босатып шығарумен және басқа макроэргиялық қосылыстар түзумен аэробты тотығу болып табылады.
Фармакокинетикасы
Витаминдік дәрі, метаболикалық әсер етеді, тотығу-тотықсыздану үдерістерін, көміртегі алмасуын қалпына келтіруге, қан ұю, тіндердің регенерациясы, стероидты гормондардың синтезіне қатысады, организмнің жұқпаларға төзімділігін арттырады, қантамырларының өткізгіштігін төмендетеді, В1, В2, А, Е витаминдеріне, фолий қышқылы, пантотен қышқылына қажеттілікті төмендетеді.
Қолданылуы
- С витаминінің гипо - және авитаминозында
- аскорбин қышқылына жоғары қажеттілікте (қарқынды өсу кезеңі, жүктілік, лактация кезеңі, жоғары физикалық жүктемелер, реконвалесценция кезеңі).
Қолдану тәсілдері және дозалары
Ішу арқылы. Алдын алу мақсатында (аскорбин қышқылына шаққанда):
ересектерге тәулігіне 50-100 мг, 6-дан 14 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 50 мг, 14 жастан асқан балаларға тәулігіне 50-75 мг.
Емдік мақсатта (аскорбин қышқылына шаққанда):
ересектерге күніне 3-5 рет 50-100 мг, 6 жастан асқан балаларға - күніне 2-3 рет 50-100 мг. Емдеу ұзақтығын және дозаны емдеуші дәрігер анықтайды.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар,
- асқазан-ішек жолы (АІЖ) шырышты қабығының тітіркенуі (жүректің айнуы, құсу, диарея, АІЖ түйілуі)
- ұйқы безінің инсулярлы аппараты қызметінің бәсеңдеуі (гипергликемия, глюкозурия)
-гипероксалурия және оксалатты нефрокальциноз (үлкен дозаларды қабылдағанда).
-тромбоцитоз, гиперпромбинемия, эритропения, нейтрофильді лейкоцитоз,
гипокалиемия
- артериялық қысымның жоғарылауы, миокардиодистрофия
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балалар
- тромбофлебиттер
- тромбоздарға бейімділік.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Аскорбин қышқылы қанда бензилпенициллин мен тетрациклиндер концентрациясын жоғарылатады; тәулігіне 1 г дозада этинилэстрадиолдың (оның ішінде ішу арқылы қабылданатын контрацептивтердің) биожетімділігін жоғарылатады.
Ішекте темір препараттарының сіңуін жақсартады, дефероксаминмен бір мезгілде қабылдағанда темірдің шығарылуын жоғарылатуы мүмкін.
Гепарин мен тікелей емес антикоагулянттардың тиімділігін төмендетеді.
Ацетилсалицил қышқылы, ішу арқылы қабылданатын контрацептивтер, жаңадан дайындалған шырындар және сілтілі сусындар оның сіңуі мен қорытылуын төмендетеді.
Салицилаттар мен қысқа әсер ететін сульфаниламидтермен емдеуде кристаллурияның даму қаупі артады, бүйректермен қышқылдардың шығарылуы баяулайды, сілтілі реакцияға ие дәрілік заттардың шығарылуы жоғарылайды (оның ішінде алкалоидтардың, қандағы ішу арқылы қабылданатын контрацептивтердің концентрациясын төмендетеді). Өз кезегінде аскорбин қышқылының организмдегі концентрациясын төмендететін, этанолдың жалпы клиренсін жоғарылатады.
Жоғары дозаларда мексилетиннің бүйректермен шығарылуын жоғарылатады.
Барбитураттар аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын жоғарылатады.
Антипсихотикалық дәрілік заттардың (нейролептиков) – фенотиазин туындыларының емдік әсерін, амфетамин мен үшциклдік антидепрессанттардың өзекшелік реабсорбциясын азайтады.
Айрықша нұсқаулар
Аскорбин қышқылының кортикостероидты гормондар синтезін
ынталандыратын әсеріне байланысты, бүйрек қызметі мен артериялық
қысымды бақылау керек. Үлкен дозаларда ұзақ уақыт қабылдағанда ұйқы
безінің инсулярлы аппараты қызметі бәсеңдеуі мүмкін болғандықтан, емдеу
үдерісінде оны үнемі бақылау керек.
Организмінде темірдің жоғары мөлшерімен емделушілерге аскорбин қышқылын төмен дозаларда қабылдау керек.
Аскорбин қышқылын тез пролиферацияланатын және қарқынды метастаздалатын ісіктерімен емделушілерге тағайындау үдеріс ағымын қиындатуы мүмкін.
Аскорбин қышқылы қалпына келтіргіш ретінде зертханалық тесттер нәтижесін (қандағы глюкоза, билирубин құрамын, «бауыр» трансаминазалары және ЛДГ белсенділігін) бұрмалауы мүмкін.
Жүктілік және емшекпен қоректендіру кезеңінде қолдану
Жүктілік және лактация кезеңінде егер анаға деген күтілген пайдасы ұрық пен балаға деген қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолданылады. Жүктілік және лактация кезеңінде аскорбин қышқылы тек дәрігердің тағайындауымен қолданылады. Жүктіліктің II-III триместрінде аскорбин қышқылының күнделікті қажеттілігі 90-100 мг. Ұрықтың жүкті әйел қабылдайтын аскорбин қышқылының жоғары дозаларына бейімделу мүмкіндігінен, жаңа туған балада «тоқтату» синдромы даму мүмкіндігін ескеру керек. Іс жүзінде емшекпен қоректендіретін аналармен аскорбин қышқылының жоғары дозалары қабылдануы (емшекпен қоректендіретін аналармен аскорбин қышқылының күнделікті қажеттілігін асырмау ұсынылады) балаға қауіпті. Аскорбин қышқылының лактация кезінде ұсынылған күнделікті қажеттілігі 120 мг.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктер
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: 1 г-нан жоғары қабылдағанда – бас ауыруы, ОЖЖ қозғыштығының жоғарылауы, ұйқысыздық, жүрек айнуы, құсу, диарея, гиперацидті гастрит, АІЖ шырышты қабатының ульцерациясы, ұйқы безінің инсулярлы аппараты функциясының бәсеңдеуі (гипергликемия, глюкозурия), гипероксалурия, оксалатты нефролитиаз, бүйректің гломерулярлы аппаратының зақымдануы, орташа поллакиурия (тәулігіне 600 мг-ден жоғары дозада қабылдағанда). Капиллярлар өткізгіштігінің төмендеуі (тіндер трофикасы нашарлауы мүмкін, артериялық қысымның жоғарылауы, гиперкоагуляция, микроангиопатияның дамуы).
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық терапия (артериялық
қысымды бақылау, антиагреганттар, инсулин, сілтілендіретін заттарды
тағайындау). Арнайы у қайтарғысы жоқ. Гемодиализ және перитонеальді
диализ тиімсіз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден немесе алюминй фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
10 таблеткадан қағаз және картон негізінде біріктірілген материалдан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға салынған.
Пішінді ұяшықсыз қаптамалар (қорапшаға салынбай) медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен бірге топтық қаптамаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
1 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,
Беларусь Республикасы, Минск облысы, Борисов қаласы, Чапаев көшесі, 64
тел/факс 8-(10375177)734043.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі, 64
тел/факс 8-(10375177)734043.
электрондық поштасы market@borimed.com