Аскорбиновая кислота (раствор для внутривенного и внутримышечного введения, 50 мг/мл)

МНН: Аскорбиновая кислота
Производитель: Новосибхимфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ascorbic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005323
Информация о регистрации в РК: 10.10.2017 - 10.10.2022
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)

Инструкция

Саудалық атауы

Аскорбин қышқылы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аскорбин қышқылы

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған 50 мг/мл, 2 мл ерітінді

Құрамы

1 л препараттың құрамында

белсенді зат - аскорбин қышқылы - 50 г,

қосымша заттар - натрий гидрокарбонаты, натрий сульфиті, иньекцияға арналған 1,0 л дейін су.

Сипаттамасы

Мөлдір сәл боялған сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдік дәрі. Таза түрдегі аскорбин қышқылы

АТЖ коды А 11 GA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Плазма ақуыздарымен байланысы - 25%.

Плазмадағы аскорбин қышқылының концентрациясы нормада 10-20 мкг/мл құрайды. Лейкоциттерге, тромбоциттерге, содан соң барлық тіндерге жеңіл өтеді; жоғарырақ концентрацияға безді ағзаларда, лейкоциттерде, бауырда және көз бұршағында жетеді; плацента арқылы өтеді. Аскорбин қышқылының концентрациясы эритроциттер мен плазмадағыға қарағанда лейкоциттер мен тромбоциттерде жоғары. Тапшылық жағдайында лейкоциттердегі концентрация кешірек төмендейді және баяуырақ және плазмадағы концентрацияға қарағанда тапшылықты бағалаудың ең жақсы критерийі болып табылады.

Көбіне бауырда дезоксиаскорбинді және одан әрі қарай қымыздық-сірке қышқылына және аскорбат-2-сульфатқа метаболизденеді.

Бүйрекпен, ішек арқылы, содан соң өзгермеген түрде емшек сүтімен және метаболиттер түрінде шығарылады.

Жоғары дозаларда тағайындағанда шығарылу жылдамдығы күрт күшейеді. Шылым шегу және этанол қолдану организмнің қорын күрт төмендете отырып, аскорбин қышқылының бұзылуын жеделдетеді (белсенді емес метаболитке айналуы). Гемодиализде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Аскорбин қышқылы – адам организмінде түзілмейтін, тек аспен қабылданатын витаминдік дәрі. Тотығу-тотықсыздану процесстерін реттеуге, көмір су алмасуына, қан ұйығыштығына, тіндердің регенерациясына, стероидты гормондар синтезіне қатысады; организмнің жұқпаға қарсы төзімділігін жоғарылатады, тамыр өткізгіштігін азайтады, В1, В2, А, Е витаминдеріне, фолий қышқылы мен пантотен қышқылына деген қажеттілікті төмендетеді. Айқын антиоксидантты қасиеттері бар. Көптеген биохимиялық реакцияларда сутегі тасымалын реттейді, үшкарбонды қышқыл циклында глюкоза пайдалануды жақсартады, тетрагидрофолий қышқылы түзілуі мен тіндер регенерациясына, стероидты гормондардың, коллаген, проколлаген синтезіне қатысады. Протеолитикалық ферменттерді белсенділендіреді, бауырда гликоген жинақталуына қатысады. Бауырдағы тыныс алу ферменттерін белсенділендіру есебінен уытсыздану және ақуыз түзу қызметін күшейтеді, протромбин синтезін жоғарылатады. Өт бөлінуін жақсартады, ұйқы безі мен қалқанша бездің секреторлық қызметін қалпына келтіреді. Иммунологиялық реакцияларды реттейді (антидене, комплементтің С3-компоненті, интерферон синтезін белсенділендіреді), фагоцитозға ықпал етеді, организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарылатады.

Гистамин босап шығуын тежейді және гистаминнің деградациясын жеделдетеді, простагландиндердің және басқа да қабыну медиаторларының түзілуін бәсеңсітеді.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

- цингада

- қан кетуде (сәулелік аурудан туындаған өкпелік, жатырлық),

- әртүрлі уыттанулар мен жұқпалы ауруларда

- алкогольдік және жұқпалық делирияда

- Аддисон ауруында

- антикоагулянттарды артық дозалауда

- сүйектер сынуы мен баяу жазылатын жарақаттарда

- әртүрлі дистрофияларда.

Аскорбин қышқылын қосымша енгізу қажеттілігімен байланысты барлық клиникалық жағдайларда емдік мақсаттарда қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Дәрігер тағайындауымен қолданылады. Аскорбин қышқылын бұлшықет ішіне және көктамыр ішіне тағайындайды.

Ересектер үшін емдік доза – тәулігіне 1-3 мл ерітіндіден; уланғанда тәулігіне 60 мл-ге дейін енгізеді.

Балалар үшін емдік дозалар- 1-2 мл ерітіндіден.

Емнің ұзақтығы аурудың сипаты мен ағымына байланысты.

Жағымсыз әсерлері

-бас ауыруы, шаршау сезімі, үлкен дозаларда ұзақ уақыт қолданғанда - ОЖЖ қозуы жоғарылауы, ұйқы бұзылуы.

- асқазан-ішек жолы шырышты қабығының тітіркенуі, жүрек айнуы, құсу, диарея,асқазан түйілуі.

- ұйқы безі инсулярлық аппараты қызметінің бәсеңсуі (гипергликемия, глюкозурия).

- гипероксалурия және кальций оксалаттарынан несеп тастары түзілуі, бүйректің гломерулярлық аппаратының зақымдануы.

- қылтамырлардың өткізуінің төмендеуі және тін трофикасының нашарлауы, тромбоз, жоғары дозаларда қолданғанда - артериялық қысым жоғарылауы, микроангиопатия, миокардиодистрофия дамуы.

- аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, сирек – анафилактикалық шок.

- тромбоцитоз, гиперпротромбинемия, эритропения, нейтрофильді лейкоцитоз, гипокалиемия.

- гипервитаминоз, зат алмасуының бұзылуы, ысыну сезімі, үлкен дозаларды ұзақ уақыт қолданғанда - натрий мен сұйықтық іркілісі, мырыш, мыс алмасуының бұзылуы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.

- гиперкоагуляция

- тромбофлебит,

- тромбозға бейімділік

- қант диабеті

- бүйрек-тас ауруы, бүйрек жеткіліксіздігі

- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Аскорбин қышқылы қандағы бензилпенициллин және тетрациклиндер концентрациясын жоғарылатады; тәулігіне 1 г дозада этинилэстрадиол биожетімділігін жоғарылатады (ішке қабылдауға арналған контрацептивтер құрамында). Гепарин мен тікелей емес антикоагулянттардың, антибиотиктердің тиімділігін төмендетеді. Ацетилсалицил қышқылымен бір мезгілде қолданылғанда аскорбин қышқылының несеппен шығарылуы жоғарылап, ацетилсалицил қышқылының шығарылуы төмендейді. Салицилаттармен және қысқа әсері бар сульфаниламидтермен емдеуде кристаллурияның даму қаупін ұлғайтады, қышқылдардың бүйрекпен шығарылуын баяулатады, сілтілік реакциясы бар (соның ішінде, алкалоидтардың) препараттардың шығарылуын арттырады, қандағы пероральді контрацептивтердің концентрациясын төмендетеді. Этанолдың жалпы клиренсін арттырады, ол өз кезегінде организмдегі аскорбин қышқылының концентрациясын төмендетеді. Хинолиндік қатардың препараттары, кальций хлориді, салицилаттар, глюкокортикостероидтар ұзақ қолданылғанда аскорбин қышқылының қорын тауысады. Бір мезгілде қолданылғанда изопреналиннің хронотропты әсерін азайтады. Ұзақ қолданғанда немесе жоғары дозаларда қолданғанда дисульфирам-этанол өзара әрекеттесуін бұзуы мүмкін. Жоғары дозаларда мексилетиннің бүйрекпен шығарылуын жоғарылатады. Барбитураттар мен примидон аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын арттырады. Нейролептиктердің (фенотиазиннің туындыларының), амфетаминнің өзекшелік реабсорбциясын және үшциклдық антидепрессанттардың емдік әсерін азайтады.

Айрықша нұсқаулар

Гипероксалурияда, бүйрек жеткіліксіздігінде, гемохроматозда, талассемияда, полицитемияда, лейкемияда, орақжасушалы анемияда, қатерлі жаңа түзілімдерде сақтықпен қолдану керек. Аскорбин қышқылының кортикостероидты гормондар синтезін көтермелеуші әсеріне байланысты бүйрек қызметі мен артериялық қысымды қадағалау керек. Үлкен дозаларда ұзақ уақыт қолданғанда ұйқы безі инсулярлық аппараты қызметін бәсеңсітуі мүмкін, сондықтан емдеу барысында оны ұдайы бақылау қажет. Организмде темір құрамы жоғары емделушілерде аскорбин қышқылын ең төменгі дозаларда қабылдау керек. Жылдам пролиферацияланатын және қарқынды метастаздалатын ісіктері бар емделушілерге аскорбин қышқылын тағайындау процесс барысын күрделендіруі мүмкін. Аскорбин қышқылы қалыпқа келтіруші ретінде әртүрлі зертханалық тесттердің (қандағы глюкоза, билирубин құрамын, трансаминаза белсенділігін, лактатдегидрогеназдар белсенділігін) нәтижелерін бұрмалауы мүмкін.

Артық дозалануы

Қылтамырлар өткізгіштігінің төмендеу симптомдары (тіндер трофикасының төмендеуі, артериялық қысым жоғарылауы, гиперкоагуляция, микроангиопатия дамуы мүмкін). Жоғары дозаларда көктамыр ішіне енгізуде – жүктіліктің үзілу қаупі (эстрогенемия салдарынан), эритроциттер гемолизі.

Күніне 1 г артық қабылдағанда қыжыл, диарея, несеп шығарудың қиындауы немесе несептің қызыл түске боялуы, гемолиз (глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар емделушілерде) болуы мүмкін.

Емі: доза төмендеуі немесе препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Көктамыр ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған 50мг/мл ерітінді.

2 мл ампулалар.

10 ампуладан медицинада қолдануға арналған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен және ампула ашуға арналған пышақпен немесе ампулалық скарификатормен картон қорапқа салынған.

Поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 ампуладан салынған.

1 (10 ампула) пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолдануға арналған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен және ампула ашуға арналған пышақпен немесе ампулалық скарификатормен картон пәшкеге салынған. Сындыру сақинасы немесе сындыру нүктесі бар ампулалар қапталғанда ампула ашуға арналған пышақ немесе ампулалық скарификатор салынбайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 150С-ден 250С-ге дейінгі температурада. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Новосибхимфарм» ААҚ

630028, Ресей, Новосібір қ., Декабристер к., 275

тел. (383)363-32-44,

факс (383) 363-32-55

 

Тіркеу куәлігінің иесі

«Новосибхимфарм» ААҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР –дағы «Валента Азия» ААҚ өкілдігі, Алматы қ., Абай даңғылы, Радостовец к. қиылысы, 151/115, «Алатау» бизнес-орталығы №702 кеңсе

Тел./факс 8727 334-15-52, Е-mail: asia@valentapharm.com

 

 

Прикрепленные файлы

612381421477977024_ru.doc 51 кб
059368961477978204_kz.doc 68 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники