Аскорбиновая кислота (раствор для внутривенного и внутримышечного введения, 50 мг/мл, Дальхимфарм ОАО)

МНН: Аскорбиновая кислота
Производитель: Дальхимфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ascorbic acid
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022472
Информация о регистрации в РК: 15.12.2021 - 15.12.2031
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 16.03 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Аскорбин қышқылы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аскорбин қышқылы

Дәрілік түрі

Вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған 50 мг/мл ерітінді

Құрамы

Белсенді зат:

Аскорбин қышқылы – 50 г

Қосымша заттар:

Екі көмір қышқылды натрий (натрий гидрокарбонаты) - 23,85 г

Сусыз натрий сульфиті (натрий сульфиті) - 2,0 г

Инъекцияға арналған су – 1 л дейін

Сипаттамасы

Мөлдір аздап боялған сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Дәрумендер. Аскорбин қышқылы, басқа да препараттармен біріктіріліміндерін қоса. Аскорбин қышқылы таза күйінде. Аскорбин қышқылы.

АТХ коды А11GА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармокинетикасы

Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы – 25%. Күнделікті белгілеген дозаны қолданғанда аскорбин қышқылының қан плазмасындағы концентрациясы норма бойынша шамамен 10-20 мкг/мл, организмдегі қоры шамамен 1,5 г құрайды.

Аскорбин қышқылы парентеральді енгізуден кейін лейкоциттерге, тромбоциттерге, содан соң - барлық тінге оңай өтеді; негізінен ағзалардағы зат алмасу үдерісі жоғары деңгейдегі, атап айтқанда бүйрекүсті безінде жиналады. Тінде еркін жағдайда, сондай-ақ қосылыс түрінде болады. Организмнен несеппен өзгермеген түрде де, сондай-ақ метоболит түрінде де шығарылады. Бүйректен, емшек сүтімен өзгермеген аскорбат пен метаболит түрінде шығарылады.

Алькоголь мен темекіні тұтыну, организмде оның қорын бірден төмендете отырып, аскорбин қышқылының ыдырауын (белсенді емес метаболиттерге айналдыруын) жеделдетеді.

Фармодинамикасы

Аскорбин қышқылы (С дәрумені) – суда еритін дәрумен, ол тін алмасуының оңтайлы жүруіне ықпал етеді. Тотығу-тотықсыздану реакцияларында белсенді қатысады, сутегі протонын тасымалдау жүйесінде дегидроаскорбин қышқылын түзе отырып, антиоксидант қасиетін байқатады, соның салдарынан жасуша жарғақшаларының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қан тамырлар қабырғаларының дәнекер тініндегі негізгі зат синтезіне қатысады, осылайша геморрагиялық диатездің дамуына жол бермейді. Адам организмінде синтезделмейді. Тағам өнімдерімен аскорбин қышқылының түсуінің жетіспеушілігінен шырышты қабықтың және қызыл иектің қанауы дамиды. Глюкоза алмасуында, холестерин катоболизмінде, стероидты гормондар синтезіне қатысады. Стрестік реакциялары жағдайында аскорбин қышқылының организм мен бүйрекүсті безінің тінінде ішінара айтарлықтай төмендейді, бұл аскорбин қышқылының бейімделу реакциясына қатысатынын білдіреді. Темір алмасуына ықпал етуіне байланысты анемияға қарсы әсер ете алатын қасиеті бар. Қан ағысымен тасымалданатын үшвалентті темірді қосваленттілік қалыпқа келтіреді.

Қолданылуы

- гипо- және С авитаминозын емдеу үшін (С дәруменінің орнын жылдам толтыру қажеттілігі кезінде және пероральді түрде қолдану мүмкін болмағанда).

- құрқұлақта

Қолдану тәсілі және дозалары

Аскорбин қышқылы дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады.

Вена ішіне сорғалатып немесе тамшылатып және бұлшықет ішіне тағайындалады.

Вена ішіне 1-3 минут бойы сорғалатып енгізеді.

Вена ішіне тамшылатып енгізу үшін препараттың бір реттік дозасын натрий хлоридінің 0,9 % 50-100 мл-де сұйылтады және минутына 30-40 тамшы жылдамдықпен вена ішіне баяу инфузиялық жолмен енгізеді.

Бұлшықет ішіне терең енгізеді.

Аурудың сипатына және ауырлығына байланысты дозаны жекелей белгілейді.

Ересектерге С гиповитаминозы және геморрагиялық диатез кезінде әдетте тәулігіне 50-150 мг тағайындайды. Құрқұлақ және қан кету кезінде тәуліктік дозаны 300-500 мг жоғарылатады. Ең жоғарғы бір реттік доза - 200 мг, тәуліктік – 1 г.

12 жасқа дейінгі балаларға 5 % ерітінді түрінде (0,5-2 мл) вена ішіне дене салмағының кг тәулігіне 5-7 мг дозада тағайындайды.

Әдетте балалар үшін тәуліктік доза:

6 айлық жасқа дейінгі балаларда – 30 мг,

6-12 ай – 35 мг,

1-3 жас – 40 мг,

4-10 жас – 45 мг,

11-14 жас – 50 мг құрайды.

Ең жоғарғы тәуліктік доза – 100 мг.

Ерекше топтағы науқастар. Бүйректе тастың қайта түзілуімен пациенттер үшін аскорбин қышқылының тәуліктік дозасы 100-200 мг аспауы керек. Ауыр немесе терминальді бүйректік жеткіліксіздігі бар (диализде жүрген науқастар) пациенттер үшін аскорбин қышқылының тәуліктік дозасы 50-100 мг аспау керек. Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар науқастар үшін аскорбин қышқылының тәуліктік дозасы 100-500 мг аспау керек.

Жағымсыз әсерлері

Аскорбин қышқылы, әдетте, көтерімділігі жақсы, алайда мынадай жағымсыз құбылыстар дамуы мүмкін.

Қан жүйесі және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар: жоғары дозада ұзақ уақыт бойы қолданған кезде – тромбоцитоз, гиперпротромбинемия, тромб түзілуі, эритроцитопения, нейтрофильді лейкоцитоз, гипокалиемия.

Неврологиялық бұзылулар: бас ауыруы, шаршағанды сезіну, жоғары дозада ұзақ уақыт бойы қолданған кезде – ұйқының бұзылуы, орталық жүйке жүйесінің жоғарғы қозғыштығы, бас айналуы, ұйқысыздық.

Асқазан-ішек бұзылулары: жүрек айнуы, диарея, асқазанның түйілуі, асқазанның ауыруы.

Несеп шығару жүйесі тарапынан бұзылулар: гипероксалатурия; жоғары дозада ұзақ уақыт бойы қолданған кезде – бүйректің гломерулярлық аппаратындағы бұзылыстар, кальций оксалаттарымен бүйрек тасының түзілуі.

Тері және тері асты шелі тарапынан бұзылулар: өте сирек – тері бөртпесі, тері гиперемиясы, қышыну.

Зат алмасу, метаболизмнің бұзылуы: С гипервитаминозы, жоғары дозада ұзақ уақыт бойы қолданған кезде – ұйқы безі (гипергликемия, глюкозурия) инсулярлық аппараты және гликоген синтезінің, натрий және сұйықтық іркілу функциясының бәсеңдеуі, мырыш және мыс алмасуының бұзылуы.

Қан тамырлар бұзылуы: капиллярлар өткізгіштігінің төмендеуі, тін трофикасының нашарлауы; жоғары дозада ұзақ уақыт бойы қолданған кезде – миокард дистрофиясы, артериялық қысымның жоғарылауы, микроангиопатия дамуы.

Жалпы бұзылулар: вена ішіне енгізгенде шымылдатып ашытуы мүмкін.

Жүктілік: жоғары дозада вена ішіне енгізгенде – түсік тастау қаупі.

Иммун жүйесі тарапынан бұзылулар: анафилаксиялық шок, аллергиялық реакция.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- аскорбин қышқылына немесе препараттың қосымша компоненттерінің қандай да біріне жекелей жоғары сезімталдық

- қант диабеті

- гиперкоагуляция

- тромбозға, тромбофлебитке бейімділік

- несептас ауруы (оның ішінде гипероксалурия)

- бүйрек жеткіліксіздігі

- үдемелі қатерлі аурулар

- гемохроматоз

- талассемия

- полицетемия

- лейкемия

- сидеробласты анемия

- орақша тәрізді жасушалы анемия

- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Аскорбин қышқылы қандағы салицилаттар (кристалурия қаупін жоғарылатады), этинилэстрадиол, бензилпеницилин және тетрациклиндер концентрациясын жоғарылатады, қандағы пероральді контрацептивтер деңгейін төмендетеді. Сілтілік реакциясы бар (оның ішінде алкалоидтар) препараттардың шығарылуын арттырады. Жоғары дозада бүйректен мексилетиннің шығуын жоғарылатады.

Тетрациклиндер және ацетилсалицил қышқылы аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын күшейтеді.

Салицилаттармен және әсері қысқа сульфаниламидтермен бір мезгілде тағайындағанда несеп конкременттерінің түзілуінің қаупі артады.

Аскорбин қышқылының жоғары дозасы несеп рН төмендетуі мүмкін, осының салдарынан амфетаминнің және бір мезгілде қолданылатын тетрациклиндік антидепрессанттардың өзекшелік реабсорбциясы төмендейді.

Дефероксамин қабылдап жүрген пациенттерде темірдің экскрециясын жоғарылатады.

Кумарин және гепарин туындыларының антикоагулянттық әсерін, антибиотиктердің тиімділігін азайтады. Сусыздануды және этил спиртінің жалпы клиренсін жоғарылатады.

Изопреналиннің хронотроптық әсерін және фенотиазин туындыларының емдік әсерін азайтады.

Барбитураттармен, примидонмен бір мезгілде пайдаланғанда несеппен аскорбин қышқылының экскрециясы жоғарылайды.

Аскорбин қышқылын жоғары дозада пайдаланғанда және алкогольді бір мезгілде тұтынғанда дисульфирамға ұқсас реакция дамуы мүмкін.

Аскорбин қышқылы жоғары тотығу-тотықсыздану потенциалына иеленген, сондықтан басқа препараттардың химиялық құрамын өзгертуі мүмкін. Сол себепті басқа дәрілік заттармен қолдану мүмкіндігі қарастырылғанда олардың үйлесімділігіне көз жеткізу керек.

Препарат темір тұздарымен, тотықтырғыштар және ауыр металл тұздарымен, атап айтқанда мыспен үйлесімсіз. Аскорбин қышқылының инъекцияға арналған ерітіндісі аминофиллинмен, блеомицин сульфатымен, эритромицин лактобионатымен, натрий нафциллинімен, натрий нитрофурантоинмен, конъюгацияланған эстрогендермен, натрий бикарбонатымен және сульфафуразол диэтаноламинмен үйлесімсіз. рН немесе ерітінді концентрациясына байланысты тұрақсыз үйлесімсіздігі, натрий хлорамфеникол сукцинатымен байқалған.

Үйлесімсіздігі

Темір тұздарымен, тотықтырғыштар және ауыр металл тұздарымен, мыспен, эуфиллинмен, блеомицин сульфатымен, эритромицинмен, лактобионатпен, натрий нафциллинмен, натрий нитрофурантоинмен, натрий бикорбанатымен, сульфафуразолмен, диэтаноламинмен, хлорамфениколмен, натрий сукцинатымен үйлесімсіз.

Айрықша нұсқаулар

Жоғары дозада қолданғанда бүйрек функциясын, артериялық қысымды (кортикостероидтарды түзетін аскорбин қышқылының стимуляциясын), сондай-ақ ұйқы безі функциясын (инсулярлы аппаратты бәсеңдетуін) бақылау керек.

Жоғары дозада емдеуді қайталанатын несептас ауруына бейім науқастарға жүргізуге болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға кристалурия қаупін төмендету үшін жеткілікті мөлшерде (күніне 1,5-2 л) сұйықтықты тұтынуды қамтамасыз ету керек,

Аскорбин қышқылын жоғары дозада тұтыну кейбір зертханалық зерттеулер нәтижесіне әсер етуі мүмкін: несепте қанттың бар болуына жалған оң тест және нәжісте жасырын қанның бар болуына теріс тест, сондай-ақ қан сарысуындағы лактатдегидрогеназа және аминотрансферазалар концентрациясын зерттеуде билирубиннің, «бауыр» трансаминазалар белсенділігінің нәтижесін төмендетуі мүмкін.

Организмде темірдің жоғары құрамы бар пациенттерге аскорбин қышқылын ең аз дозада қолдану керек.

Натрийдің төмен құрамы бар диетада жүрген науқастарға препараттың жоғары дозасын тағайындамау керек.

Жылдам пролиферацияланатын және қарқынды метастаздалатын ісігі бар пациенттерге аскорбин қышқылын тағайындағанда үдеріс ағымын күшейтуі мүмкін. Химиялық емдеу курсын өтіп жүрген пациенттерге химиялық емдеуден кейін препаратты 1-3 күннен ертерек тағайындауға болмайды (ісікке қарсы препараттың жартылай шығарылу кезеңіне байланысты), өйткені өзара байланысу мүмкіндігі жөнінде клиникалық деректер жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктіліктің ІІ-ІІІ триместрінде аскорбин қышқылына ең аз күнделікті қажеттілік – шамамен 60 мг. Аскорбин қышқылы плацентарлы бөгет арқылы өтеді. Жүкті әйел қабылдап жүрген аскорбин қышқылының жоғары дозасына шарананың бейімделуін назарға алу керек, кейіннен жаңа туылған сәбиде “тоқтату” реакциясы сияқты аскорбин ауруы дамуы мүмкін. Сондықтан жүктілік кезеңінде егер ана үшін күтілген пайда шарана үшін болуы мүмкін қауіптен артқан жағдайды қоспағанда препаратты жоғары дозада тағайындауға болмайды.

Бала емізу кезеңінде аскорбин қышқылына ең аз күнделікті қажеттілік – шамамен 80 мг. Анасының диета құрамындағы аскорбин қышқылының адекватты мөлшері жаңа туған сәбиге тапшылық профилактикасы үшін жеткілікті болады. Аскорбин қышқылы емшек сүтіне өтеді. Теориялық тұрғыдан алғанда анасы аскорбин қышқылын жоғары дозада пайдаланғанда сәби үшін қауіп бар деп саналады (емшек емізу кезеңінде аскорбин қышқылының күнделікті қажеттілігінен асырмау керек). Препаратты жоғары дозада тағайындау қажеттілігінде емшек емізуді тоқтату керек.

Балалар

Препаратты балаларға қолдану “Қолдану тәсілі мен дозалары” бөлімін қараңыз.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуі

Препарат ұсынылған дозада автокөлікті басқару немесе басқа да техникалық механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Аскорбин қышқылының үлкен дозасы диареяны қоса асқазан-ішек жолының бұзылуын туындатуы, сондай-ақ гипероксалурияға және оксалатты конкременттерге әкелуі мүмкін. Дозаны тәулігіне 600 мг арттырса диурездік әсер байқатады. Жоғары дозада вена ішіне енгізгенде түсік тастау қаупі туындауы мүмкін.

Артериялық гипертензия, гипергликемия, глюкозурия, тромбоэмболиялық асқынулар, нефролитиаз даму сипатына ие.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған 50 мг/мл ерітінді

2 мл-ден бейтарап шыны ампулада.

10 ампуладан қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен және ампуланы ашуға арналған пышақпен немесе ампула скарификаторымен бірге картон қорапқа салынған.

Сындыру нүктесі және сақинасы, кертігі бар ампуланы пайдалану кезінде ампуланы ашуға арналған пышақ немесе ампула скарификаторы салынбайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 5-тен 25 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл 6 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

"ДАЛЬХИМФАРМ" ААҚ, 680001, Ресей Федерациясы, Хабаровск өлкесі, Хабаровск қ-сы, Ташкентская к-сі, 22, тел/факс (4212) 53-91-86.

Тіркеу куәлігінің иесі

"ДАЛЬХИМФАРМ" ААҚ, 680001, Ресей Федерациясы, Хабаровск өлкесі, Хабаровск қ-сы, Ташкентская к-сі, 22, тел/факс (4212) 53-91-86.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан препарат сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«МедЛайн Фармацевтика» ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050054, Алматы қ., Сүйінбай даңғылы, 162 А,

тел. 8 (727) 225 00 37

Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан және тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігіне тіркеуден кейін қадағалауға жауыпты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері

«МедЛайн Фармацевтика» ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050054, Алматы қ-сы, Сүйінбай даңғылы, 162 А,

тел. 8 (727) 225 00 37

8

Прикрепленные файлы

Аскорбиновая_к-та_Дальхим_инстр_рус.doc 0.06 кб
Аскорбиновая_к-та_Дальхим_инстр_каз.doc 0.08 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники