Аскорбиновая кислота №200 (50 мг, Марбиофарм ОАО)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Аскорбин қышқылы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Аскорбин қышқылы
Дәрілік түрі
50 мг драже
Құрамы
Бір драже құрамында
белсенді зат – 50 мг - аскорбин қышқылы,
қосымша заттар: қант (сахароза), крахмал сірнесі, күнбағыс майы, балауыз, тальк, хош иісті эссенция, хинолинді сары Е-104.
Сипаттамасы
Жасылдау-сары немесе сары түсті, шар сияқты пішінді, түсі біркелкі драже.
Фармакотерапиялық тобы
Витаминдер. Аскорбин қышқылы
АТХ коды А11GA01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Аскорбин қышқылының ауыз қуысында сіңуі бәсең жүреді, ал аш ішекте – глюкозаның қатысуымен белсенді жүреді. Асқазан-ішек жолының патологиясы (пептикалық ойық жара, іш қату, іш өту, гельминт инвазиясы, лямблиоз) оның ішекте қорытылуын бұзады. С витаминін емдік дозада қолданғандағы биосіңуі 70% құрайды, қабылдау артқан сайын ол төмендейді. Қандағы ең жоғарғы концентрациясына 4 сағаттан соң жетеді. Аскорбин қышқылы қаннан лейкоциттер мен тромбоциттерге бәрінен жақсы өтеді, гипофиздің артқы бөлігінде, бүйрек үсті безінде, көз эпителиясы мен бауырда жинақталады.
Аскорбин қышқылының соңынан қымыздық қышқылына айналумен жүретін дегидроаскорбинді және дикетогулонді биотрансформациясы бауырда жүреді.
Жоғарыда аталған барлық метаболиттердің және аскорбин қышқылының өзінің өзгермеген түрінің экскрециясы негізінен бүйрекпен жүзеге асады.
Фармакодинамикасы
Аскорбин қышқылы көптеген тотығу-қалпына келтіру реакцияларына белсенді қатысады, организмге спецификалық, жалпы көтермелейтін әсер көрсетеді. Организмнің үйренісу және оның жұқпаға қарсы тұра білу қабілетін жоғарылатады, регенерация үдерістеріне ықпал етеді.
Молекуласында диенольді топтың (-COH=COH-) болуына орай ол айқын күшті білінетін қалпына келтіргіш (антиоксидантты) қасиеттерге ие. Көптеген биохимиялық реакцияларда сутегі тасымалын реттейді, үшкарбонды қышқыл циклында глюкозаны пайдалануды жақсартады, тетрагидрофолий қышқылының, стероидты гормондардың, коллаген мен проколлаген синтезіне қатысады.
Холестерин алмасуына қатысады, бауырдың уытсыздандыратын және ақуыз синтездейтін қызметін күшейтеді. Жасуша аралық заттардың коллоидты күйін және қылтамырлардың қалыпты өткізгіштігін ұстап тұруға ықпал етеді. Өт бөлінуін және ұйқы безінің сыртқы секреторлық қызметін жақсартады.
Адам организмі С витаминін өзі синтездей алмайды, оның қажеттілігі тамақ құрамынан алыну есебімен қанағаттандырылады.
Аскорбин қышқылының тәуліктік қажеттілігі ересек еркектерде 0,07-0,1 г, әйелдерде – 0,08 г, жүкті әйелдерде – 0,1 г, емшекпен емізу кезінде – 0,12 г құрайды.
Қолданылуы
- С витаминінің гипо- және авитаминозын емдеу және алдын алуда
- қырқұлақта
- геморрагиялық диатезде
- мұрыннан, жатырдан, өкпеден қан кеткенде
- интоксикацияда
- тамақтанудың теңгерімделінбеуінде
- жұқпалы ауруларда
- дене және ақыл-ой жүктемесі жоғары болғанда
- бауыр ауруында
- жүктілікте және емшекпен емізу кезінде
- ауыр ұзақ ауырулардан кейінгі сауығу кезеңінде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Препаратты ішке, тамақтан кейін қабылдайды.
Алдын алу үшін: ересектерге күніне 0,05-0,1 г (1 – 2 драже).
Емдеу үшін: ересектерге күніне 3 – 5 рет 0,05-0,1 г (1 – 2 драже).
Жүктілік және емшекпен емізу кезінде күніне 0,3 г (6 дражеден) 10 – 15 күн бойына, одан әрі қарай алдын алу үшін күніне 0,1 г (2 дражеден).
Емдеу ұзақтығы аурудың сипаты мен ағымына байланысты және дәрігер тағайындайды.
Жағымсыз әсерлері
- бас ауыруы, шаршау сезіну
- үлкен дозаны ұзақ уақыт қолданғанда– ОЖЖ қозуының жоғарылауы, ұйқының бұзылуы
- асқазан-ішек жолы шырышты қабығының тітіркенуі, жүрек айнуы, құсу, диарея, асқазанның түйілуі
- орташа полликиурия, үлкен дозада ұзақ қолданғанда - гипероксалурия, нефролитиаз, бүйректің гломерулярлық аппаратының зақымдануы
- үлкен дозада ұзақ қолданғанда – қылтамырлар өткізгіштігінің төмендеуі
- ұйқы безінің инсулярлық аппараты қызметінің бәсеңсуі (гипергликемия, глюкозурия)
- тері бөртпесі, сирек – анафилактикалық шок.
Зертханалық көрсеткіштер:
- тромбоцитоз
- гиперпротромбинемия
- эритропения
- нейтрофильді лейкоцитоз
- гипокалиемия
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- тромбофлебиттер
- тромбозға бейімділік
- қант диабеті
- қан ұюының жоғарылауы
- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік жас
- гипероксалатурия
- бүйрек жеткіліксіздігі
- гемохроматоз
- талассемия
- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
- өршудегі қатерлі ісік ауруы.
Сақтықпен
- полицитемия
- лейкемия
- сидеробластты анемия
- орақ тәрізді жасушалы анемия
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Қандағы бензилпенициллин мен тетрациклиндердің концентрациясын жоғарылатады; 1 г/тәулігіне дозада этинилэстрадиол биожетімділігін жоғарылатады.
Темір препараттарының ішектегі сіңуін жақсартады (үш валентті темірді екі валенттіге ауыстырады); дефероксаминмен бір мезгілде қолданғанда темір экскрециясын жоғарылатуы мүмкін.
Ацетилсалицилды қышқыл (АСҚ), пероральді контрацептивтер, жаңа дайындалған шырындар және сілтілік сусындар сіңуі мен қорытылуын төмендетеді.
АСҚ бір уақытта қолданғанда аскорбин қышқылының несеппен шығарылуы жоғарылайды және АСҚ экскрециясы төмендейді. АСҚ аскорбин қышқылының сіңуін шамамен 30 % төмендетеді.
Салицилаттармен және қысқа мерзімді әсерлі сульфаниламидтармен емдегенде кристаллурия даму қатері жоғарылайды, бүйрекпен қышқылдардың шығарылуы баяулайды, сілтілік реакциялары бар (оның ішінде алкалоидтардың) препараттардың шығарылуын ұлғайтады, қандағы пероральді контрацептивтердің концентрациясын төмендетеді.
Этанолдың жалпы клиренсін жоғарылатады, ол өз кезегінде организмдегі аскорбин қышқылының концентрациясын төмендетеді.
Хинолинді қатар препараттары (фторхинолондар және басқалар), кальций хлориді, салицилаттар, глюкокортикостероидтар ұзақ уақыт қолданғанда аскорбин қышқылының қорын азайтады.
Бір мезгілде қолданғанда изопреналиннің хронотропты әсерін азайтады.
Ұзақ уақыт және жоғары дозаларда қолданғанда дисульфирам-этанолдың өз ара әрекеттесуін бұзуы мүмкін.
Жоғары дозаларда мексилетиннің бүйректік экскрециясын жоғарылатады.
Барбитураттар мен примидон аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын жоғарылатады.
Антипсихотроптық дәрілердің (фенотиазин туындыларының) емдік әсерін, амфетамин мен үшциклды антидепрессанттардың өзекшелік қайта сіңуін азайтады.
Айрықша нұсқаулар
Аскорбин қышқылының кортикостероидты гормондарының синтезін көтермелейтін әсеріне байланысты бүйрек қызметі мен артериялық қысымды бақылау қажет.
Үлкен дозаны ұзақ уақыт қолданудан ұйқы безінің инсулярлық аппараты қызметі бәсеңсуі мүмкін, сондықтан емдеу барысында оны ұдайы бақылау қажет.
Организмінде темір құрамы жоғары емделушілер аскорбин қышқылын өте төменгі дозада қабылдауы тиіс.
Аскорбин қышқылын жылдам пролиферацияланатын және қарқынды метастазаланатын ісігі бар емделушілерге тағайындау үдеріс барысын күшейтіп жіберуі мүмкін.
Аскорбин қышқылы қалыпқа келтіруші ретінде әртүрлі зертханалық тестілердің (қан құрамындағы глюкоза, билирубинді, трансаминаза, ЛДГ белсенділігін) нәтижесін бұрмалауы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
С витаминінің тәулігіне 1 г артық жоғары дозалары эстрогендер синтезі жоғарылауына байланысты жүктілікті үзуді туындатуы мүмкін, сондықтан жүктілік кезінде сақтықпен қолдану керек. Жүктілік және лактация кезеңінде дәрігер кеңесінен кейін қолдану керек.
Жүктіліктің II-III триместрінде аскорбин қышқылына деген күнделікті ең төменгі қажеттілік – 60 мг жуық.
Емшекпен емізу кезеңіндегі күнделікті ең төменгі қажеттілік – 80 мг. Құрамында аскорбин қышқылының талапқа сай мөлшері бар ананың ем-дәмі емшектегі баланың С витамині тапшылығының алдын алу үшін жеткілікті
(бала емізетін анаға аскорбин қышқылын қабылдауды күнделікті ең жоғарғы қажет шамасынан асырмау ұсынылады).
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Симптомдары: емдік дозаның өзін ұзақ қолданғанда болуы мүмкін: қыжыл, диарея, несеп шығарудың қиындауы немесе несептің қызыл түске боялуы, гемолиз (глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар емделушілерде ).
Кез келген жағымсыз әсерлер пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.
Емдеу: симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Полимер материалдан жасалған банкіде 200 дражеден. 1 банкі медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған. Медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тең санымен бірге полимер материалдан жасалған банкілердің гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынуына жол беріледі.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Марбиофарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
424006, Марий Эл Республикасы, Йошкар-Ола қ., К.Маркс к., 121.
Тел.: (8362) 42-03-12, факс: (8362) 45-00-00
e-mail: marbiopharm@marbiopharm.ru
Тіркеу куәлігінің иесі
«Марбиофарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «Марбиофарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
424006, Марий Эл Республикасы, Йошкар-Ола қ., К.Маркс к., 121.
Тел.: (8362) 42-03-12, факс: (8362) 45-00-00
e-mail: marbiopharm@marbiopharm.ru