Аскорбиновая кислота 100 мг с глюкозой

МНН: Аскорбиновая кислота, Декстроза
Производитель: Павлодарский фармацевтический завод ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Аскорбиновая кислота в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014690
Информация о регистрации в РК: 31.10.2014 - 31.10.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Глюкоза қосылған 100 мг аскорбин қышқылы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

100 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 100 мг аскорбин қышқылы, 877 мг глюкоза моногидраты;

қосымша заттар: картоп крахмалы, тальк, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, сызығы және ойығы бар жалпақ цилиндр тәрізді ақ түсті таблеткалар, аздап мәрмәрлануына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да препараттармен біріктірілген аскорбин қышқылы

АТХ коды А11GВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Аскорбин қышқылы он екі елі ішекте және аш ішекте жылдам сіңеді. Қабылдағаннан кейін 30 мин өткен соң қандағы аскорбин қышқылының мөлшері айтарлықтай жоғарылайды, оның тіндермен қармалуы басталады, мұндайда ол алдымен жасуша жарғақшаларына энергетикалық шығынсыз ену қабілетіне ие және жасушада тез қалпына келетін дегидроаскорбин қышқылына айналады. Тіндегі аскорбин қышқылы тек жасуша ішінде ғана болады, аскорбин, дегидроаскорбин қышқылы және аскорбиген (байланысқан аскорбин қышқылы) секілді үш түрде анықталады. Ағзалар арасындағы таралуы біркелкі емес: ол ішкі секреция бездерінде, әсіресе бүйрек үсті бездерінде көп, ал мида, бүйректе, бауырда, жүрек және қаңқа бұлшықеттерінде – аздау. Аскорбин қышқылы ішінара метаболизденеді және бүйрек арқылы 90%-ға дейіні оксалат түрінде, ішінара – бос күйінде шығарылады.

Глюкоза жеңіл сіңеді, метаболизмнің негізгі жолдары гликолиз және көмір қышқыл газы мен суға дейінгі аэробты тотығу болып табылады, осының нәтижесінде АТФ және басқа да макроэргиялық қосылыстар түзіледі.

Фармакодинамикасы

Құрамына диенольді топ кіретін аскорбин қышқылының қалпына келтіру қасиеттері бар. Оның тотығу-тотықсыздану үдерістеріне, көмірсулардың алмасуын реттеуге, қанның ұю үдерісіне, стероидты гормондардың биосинтезіне, тіндердің регенерациясына, коллаген мен проколлагеннің синтезіне, қылтамырлар өткізгіштігінің қалыпқа түсуіне қатысуы осыған байланысты. Организмде синтезделмейтін аскорбин қышқылының тағамда жетіспеуі С авитаминозының немесе гиповитаминозының дамуына мүмкіндік береді.

Глюкоза көмірсулық және энергетикалық алмасуларға қатысады, организмнің детоксикациялық потенциалын жақсартады, осылайша оның бірнеше функциясын оңтайландырады.

Қолданылуы

  • С витаминінің гипо- және авитаминозында

  • цингада

  • геморрагиялық диатезде

  • мұрыннан, өкпеден,жатырдан қан кетулерде

  • жұқпалы ауруларда

  • әртүрлі уыттануларда

  • бауыр ауруларында

  • теңдестірілмеген тамақтануда

  • жүктілік және бала емізу кезеңінде

  • ұзаққа созылған ауыр аурулардан кейін сауығу кезеңінде

  • дене және ақыл-ой жүктемелерінде

  • баяу жазылатын жараларда, ойық жарада, сүйектің сынуында

  • дистрофияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге аурудың алдын алу мақсатында тәулігіне 50-100 мг; жүктілік кезінде, босанғаннан кейінгі кезеңде және бала емізетін әйелдер сүтінде С витамині мөлшері төмендеген кезде 10-15 күн бойы тәулігіне 300 мг, осыдан кейін алдын алу үшін бүкіл лактация кезеңі бойы күніне 100 мг-ден тағайындайды.

6 жастан бастап балаларға алдын алу мақсатында – күніне 2-3 рет 60 – 90 мг, емдеу мақсатында күніне 2 - 3 рет 50 – 100 мг. Ересектерге арналған емдік дозасы ішке қабылдау кезінде күніне 3-5 рет 50 – 100 мг құрайды.

Емдеу мерзімі аурудың сипаты мен ағымына байланысты болады және дәрігермен тағайындалады.

Жағымсыз әсерлері

- гипергликемия

- глюкозурия, гликоген синтезінің бәсеңдеуі

- артериялық гипертензия

- жүректің айнуы, құсу, қыжыл, диарея, эпигастрияда түйіліп ауыру

- бас ауыру, шаршау сезімі

- тері бөртпесі

- несептің рН-ның транзиторлы төмендеуі

- ұйқы безінің инсулярлы аппараты функциясының бәсеңдеуі

- бүйрек функциясының бәсеңдеуі

- аллергиялық реакциялар

- гипервитаминоз

- үлкен дозаларда ұзақ қолданғанда – ОЖЖ қозғыштығының жоғарылауы, ұйқының бұзылуы

Зертханалық көрсеткіштер

- тромбоцитоз

- гиперпротромбинемия

- эритропения

- нейтрофильді лейкоцитоз

- гипокалиемия

- бүйректерде несептік, цистиндік және оксалаттық тастардың түзілуі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- қанның жоғары ұйығыштығы

- тромбофлебиттер, тромбоздарға бейімділік

- қант диабеті

- глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы.

- бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі

- гемохроматоз

- талассемия

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Құрамында алюминий бар антацидтер

Құрамында алюминий бар антацидтерді және аскорбин қышқылын бір мезгілде қолданбау керек, өйткені сүйек тінінде және жүйке жүйесінде уыттылық жиналып қалуына әкеп соғуы мүмкін.

Салицилаттар

Қанда салицилаттардың концентрациясын жоғарылатады және оксалатурияның даму қаупін арттырады.

Дисульфирам

Жекелеген жағдайларда аскорбин қышқылы этанолдың дисульфираммен өзара әрекеттесу симптомдарын жою үшін спецификалық у қайтарғы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Аскорбин қышқылын бір мезгілде қолдану абстинентті синдромы бар емделушілерде дисульфирамның тиімділігін тежейді деп күткен жөн.

Несептің қышқылдылығына ықпал ететін препараттар (мысалы, амфетамин, мексилетин)

Несептің қышқылдылығының аскорбин қышқылымен жоғарылауы цистеиннің, несеп қышқылының немесе оксалатты тастардың шөгуін туындатуы мүмкін және бір мезгілде қолданылатын кейбір басқа препараттардың экскрециясын өзгертеді. Кейбір препараттардың бөлініп шығуы несептің қышқылдылығының жоғарылауы есебінен ұлғаюы мүмкін. Емделушінің жағдайын ұдайы қадағалаған жөн. Егер өзара әрекеттесу реакциясы байқалса, аскорбин қышқылын тоқтату немесе дозасын түзету жөніндегі мәселені шешу қажет.

Варфарин Аскорбин қышқылының үлкен дозалары варфарин антикоагулянтының әсерін азайтады. Аскорбин қышқылын күн сайын 5 г немесе одан көп дозада қабылдап жүрген емделушілерде коагуляция көрсеткіштерін бақылау және сәйкесінше варфарин дозасын таңдап алу қажет.

Этинилэстрадиолдың, тетрациклиннің және пенициллиндердің сіңуін жоғарылатады.

Темірдің сіңуіне және оның қалпына келтірілген түрде жинақталуына мүмкіндік береді.

Амфетамин / декстроамфетамин/ бензфетамин

Аскорбин қышқылын декстроамфетаминмен, амфетаминмен немесе бензфетаминмен бірге пайдалану осы препараттардың әсерін төмендетуі мүмкін. Препараттарды пайдалануды дәрігердің кеңесінсіз тоқтатпау керек.

Аскорбин қышқылы және біріктірілген пероральді контрацептивтер бір-бірінің концентрациясын өзара төмендетеді.

Дефероксаминмен бір мезгілде қолданғанда оның әсерін потенциялайды және темірдің экскрециясын арттырады.

Темекі тарту және этил спирті аскорбин қышқылының метаболизмін тездетеді және оның организмдегі мөлшерін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Аскорбин қышқылының кортикостероидты гормондар синтезіне стимуляциялаушы әсерімен байланысты бүйрек үсті безінің функциясын және артериялық қысымды тексеру қажет. Үлкен дозаларды ұзақ қолданғанда ұйқы безінің инсулярлы аппаратының функциясы тежелуі мүмкін, сондықтан емдеу барысында оны үнемі қадағалап отыру қажет.

Аскорбин қышқылы темірдің сіңуін арттыратын болғандықтан, оны жоғары дозаларда қолдану гемохроматозы, талассемиясы, полицитемиясы, лейкемиясы, сидеробластты анемиясы бар емделушілерде үдеріс барысын күшейтуі мүмкін. Организмінде темір мөлшері жоғары болатын емделушілерде аскорбин қышқылын ең төмен дозаларда қабылдаған жөн. Аскорбин қышқылын жоғары дозаларда қолдану орақ-жасушалы анемияны өршітуі мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде абайлап қолдану керек, өйткені С витаминінің тәулігіне 1 г-ден көп жоғары дозалары эстрогендер синтезінің жоғарылауына байланысты жүктіліктің үзілуін тудыруы мүмкін. Жүктілік және лактация кезеңінде дәрігердің кеңесінен кейін қолдану керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, ентігу, артериялық қысымның төмендеуі, аритмия, сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігі (СҚЖЖ).

Емі: асқазанды шаю, бүйрек функциясы мен артериялық қысымды бақылау, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті немесе импорттыққа ұқсас үлбірден және баспалы лакталған немесе импорттыққа ұқсас алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Бірінші қаптамалары медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тиісті санымен бірге гофрланған картон жәшікке салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндiрушi

«Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС

Қазақстан Республикасы, Павлодар қ-сы, 140011, Қамзин к-сі, 33.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС, Қазақстан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС, Қазақстан, Павлодар қ-сы, 140011, Қамзин к-сі, 33, тел./факс: 8 (7182) 61-79-63/61-79-62, pfz@romat.kz.

 

Прикрепленные файлы

701933211477976638_ru.doc 100.5 кб
135983691477977785_kz.doc 80 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники