Аркоксиа (120 мг)

МНН: Эторикоксиб
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Etoricoxib
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015577
Информация о регистрации в РК: 13.09.2019 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 389.76 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Аркоксиа

Халықаралық патенттелмеген атауы

Эторикоксиб

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 60 мг, 90 мг,120 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 60 мг, 90 мг немесе 120 мг эторикоксиб бар,

қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты,

үлбірлі қабықтың құрамы:

Опадрай® II Жасыл 39К11520 (лактоза моногидраты - 35%, гипромеллоза - 33%, титанның қостотығы Е171 - 16.6%, триацетин - 8.0%, индигокармин лагы Е132 - 5.4%, темірдің сары (III) тотығы Е172 - 1.9%), карнауб балауызы (60 мг үшін);

Опадрай® II Ақ 39К18305 (лактоза моногидраты - 35%, гипромеллоза - 33%, титанның қостотығы Е171 - 24.0%, триацетин - 8.0%), карнауб балауызы (90 мг үшін);

Опадрай® II Жасыл 39К11529 (лактоза моногидраты - 35 %, гипромеллоза - 33%, титанның қостотығы Е171 - 21.6%, триацетин - 8.0%, индигокармин лагы Е132 - 1.6%, темірдің сары (III) тотығы Е172 - 0.9%), карнауб балауызы (120 мг үшін).

Сипаттамасы

60 мг таблеткалар – Алма пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «ARCOXIA 60» және екінші жағында «200» деген жазуы бар жасыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

90 мг таблеткалар - Алма пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «ARCOXIA 90» және екінші жағында «202» деген жазуы бар ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

120 мг таблеткалар - Алма пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «ARCOXIA 120» және екінші жағында «204» деген жазуы бар ашық-жасыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП). Коксибтер. Эторикоксиб

АТХ коды М01АН05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі. Эторикоксиб ішу арқылы қабылдағанда жақсы сіңеді. Ішу арқылы қолданғанда биожетімділігінің орташа мәні шамамен 100% құрайды. Тәулігіне 1 рет 120 мг аш қарынға ересектер қабылдағаннан кейін тепе-тең жай күйге жеткенше қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясы (орташа геометриялық Cmax = 3.6 мкг/мл) қабылдағаннан кейін шамамен 1 сағаттан (Tmax) соң бақыланған. Орташа геометриялық мәні AUC0-24сағ 37.8 мкг·сағ/мл құрады. Клиникалық дозалар диапазоны шегінде эторикоксиб фармакокинетикасы дозаға байланысты болып табылады.

Эторикоксибты 120 мг дозада тамақ ішу уақытында (май құрамы жоғары тамақпен) қабылдағанда сіңу дәрежесіне клиникалық елеулі әсер бақыланбады. Бұл деректер клиникалық мәнді деп табылмаса да, сіңу жылдамдығы өзгерген, бұл концентрацияның (Сmax) 36 %-ға төмендеуімен және уақытының (Тmax) 2 сағатқа ұлғаюымен сипатталды. Клиникалық зерттеулерде эторикоксибты ас ішуге байланыссыз қабылдаған.

Таралуы. Эторикоксиб 0.05-тен 5 мкг/мл дейінгі концентрациялар диапазонында адамның қан плазмасы ақуызымен 92%-ға байланысады. Адамда таралу көлемі (Vdss) тепе-тең жағдайда шамамен 120 л құрайды.

Эторикоксиб егеуқұйрықтар мен үй қояндарында плацентарлық бөгет арқылы, сондай-ақ егеуқұйрықтарда гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді.

Метаболизмі. Эторикоксиб қарқынды метаболизденеді; дозаның 1%-дан төмені бастапқы препарат түрінде несеппен шығарылады. Метаболизмнің негізгі жолы – бұл Р450 цитохромы ферменттерімен (CYP) катализациялағанда 6-гидроксиметилэторикоксиб туындысын қалыптастыру.

CYP3A4 эторикоксибтың in vivo метаболизміне ықпал етеді. In vitro зерттеулері сондай-ақ CYP2D6, CYP2C9, CYP1A2 және CYP2C19 метаболизмнің негізгі жолын катализдеуі мүмкіндігін көрсетеді, бірақ олардың мөлшерлік сипаттамасы in vivo зерттелмеген.

Адамда 5 метаболит сәйкестендірілген. Негізгі метаболит 6’-карбоксил қышқылы, 6’-гидроксиметил дериватының кейінгі тотығуымен қалыптасқан эторикоксиб дериваты болып табылады. Бұл негізгі метаболиттер циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) тежегіштері сияқты өлшенетін белсенділікті көрсетпейді немесе тек белсенділігі төмен тежегіштер болып табылады. Бұл метаболиттердің бір де бірі циклооксигеназа-1 (ЦОГ-1) тежемейді.

Шығарылуы. Дені сау еріктілерге радиоизотоппен таңбаланған 25 мг эторикоксибты бір реттік вена ішіне енгізгеннен кейін радиоактивті препараттың 70%-ы несеппен және негізінен метаболиттер түрінде 20%-ы нәжіспен шығарылады. 2%-дан азы өзгермеген препарат түрінде байқалады.

Эторикоксиб негізінен метаболизм арқылы кейіннен бүйрекпен шығарылады. Эторикоксибтың тепе-тең концентрациялары 2-ге жуық жиналу көрсеткішімен тәулігіне 1 рет 120 мг қабылдағанда 7 күн бойы жетеді, бұл шамамен 22 сағат жартылай ыдырау кезеңіне сәйкес келеді. 25 мг дозада препаратты вена ішіне енгізгеннен кейін қан плазмасының клиренсі шамамен 50 мл/мин. құрайды.

Пациенттердің жеке топтары

Егде жас. Егде жастағы пациенттердің фармакокинетикасы (65 жастан үлкен жастағы) жасырақ жастағы пациенттердің фармакокинетикасына ұқсас.

Жынысы.

Эторикоксиб фармакокинетикасы әйелдер мен ерлерде ұқсас болып келеді.

Бауыр функциясының бұзылуы. Ауырлығы жеңіл дәрежедегі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 5-6 балл) бауыр функциясы бұзылған пациенттерде эторикоксибты тәулігіне 1 рет 60 мг дозада қабылдағанда AUC орташа көрсеткіші дені сау адамдарда препаратты осындай дозада қолданғандағы AUC-тан шамамен 16%-ға астам. Ауырлығы орташа дәрежедегі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 7-9 балл) бауыр функциясы бұзылған пациенттерде эторикоксибты екі күнде 1 рет 60 мг дозада қабылдағанда AUC орташа көрсеткіші препаратты тәулігіне 1 рет 60 мг дозада күнделікті қабылдаған дені сау адамдардағыға ұқсас болды; эторикоксибты 30 мг дозада қолдану пациенттердің бұл тобында зерттелмеген. Ауыр түрде бауыр функциясы бұзылған (Чайлд-Пью шкаласы бойынша ≥10 балл) пациенттерге қатысты клиникалық және фармакокинетикалық деректер жоқ.

Бүйрек функциясының бұзылуы. Эторикоксибтың 120 мг бір реттік дозасының фармакокинетикасы бүйрек функциясының орташа және ауыр бұзылуы бар пациенттерде, сондай-ақ гемодиализ жүргізетін терминальді сатыдағы бүйрек ауруы бар пациенттерде дені сау адамдардағы осындайдан сәл ғана ерекшеленді. Гемодиализ препараттың шығарылуына елеусіз әсер етеді (диализ клиренсі шамамен 50 мл/мин құрайды).

Балалар. 12 жастан кіші балаларда эторикоксиб фармакокинетикасы зерттелмеген.

12-ден 17 жасқа дейінгі жастағы жасөспірімдердің қатысуымен өткен фармакокинетикалық зерттеулерде (n=16) дене салмағы 40 - 60 кг жасөспірімдерде фармакокинетика тәулігіне 1 рет 60 мг дозада эторикоксибты қабылдаған кезде және дене салмағы 60 кг-ден жоғары жасөспірімдерде тәулігіне 1 рет 90 мг дозада эторикоксиб қабылдаған кезде тәулігіне 1 рет 90 мг дозада эторикоксиб қабылдаған ересектердегі фармакокинетикаға ұқсас болды. Балаларда эторикоксибтың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі. Эторикоксиб, ішу арқылы қолдануға арналған препарат, дозаның клиникалық диапазоны шегінде қабылдағанда ЦОГ-2 селективті тежегіші болып табылады. Клиникалық фармакологиялық зерттеулерде тәулігіне 150 мг дейінгі дозада қолданғанда препарат ЦОГ-1 тежеусіз, ЦОГ-2 дозаға байланысты тежейді. Эторикоксиб асқазан простагландиндері синтезін тежемейді және тромбоциттер функциясына әсер етпейді. Циклооксигеназа простагландиндер түзілуіне жауап береді. Изоформалардың екі түрі – ЦОГ-1 және ЦОГ-2 сәйкестендірілген. ЦОГ-2 қабынуға қарсы импульстармен индукцияланатын фермент изоформасы болып табылады және ауырудың, қабынудың және қызбаның простаноидты медиаторлары синтезіне жауап беретін негізгі фактор ретінде қарастырылады. Сондай-ақ ЦОГ-2 овуляция, имплантация және артериялық ағыс өзекшесі жабылуының, бүйрек және орталық жүйке жүйесінің функциясын реттеу (қызбаны, ауыру сезіндуі индукциялау, когнитивті функция) үдерісінде әрекет етеді; сондай-ақ ойық жараның жазылуы үдерісіне қатысуы мүмкін. ЦОГ-2 адамның асқазандағы ойық жарасы төңірегіндегі тіндерде сәйкестендірілген, бірақ оның ойық жараның жазылуы үшін маңызы анықталмаған.

Қолданылуы

- остеоартритте

- ревматоидты артритте

- шорбуынданатын спондилитте

-жедел подагралық артритке байланысты қабыну ауырулары мен симптомдарын симптоматикалық емдеуде

-стоматологиялық операция жасаумен байланысты ауыруды қысқа мерзімдік емдеуде

ЦОГ-2 селективті тежегішін тағайындау туралы шешім пациент үшін барлық жеке қауіптерді бағалауға негізделуі тиіс.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ас ішуге байланыссыз ішке қабылдайды. Егер препаратты ас ішудің алдында қабылдаса, әсері тез басталады, мұны симптомдарын тез басу қажет болғанда ескеру керек.

Эторикоксибты қолданған кезде жүрек-қантамыр асқынуларының туындау қаупі дозаны арттырғанда және ұзақ қолданғанда жоғарылауы мүмкін болғандықтан, барынша қысқа уақыт кезеңінде ең төменгі тиімді дозаларды пайдалану керек. Әсіресе остеоартриті бар пациенттерде симптомдарды жеңілдету қажеттілігін және жүргізілген емге жауапты жүйелі қайта бағалап отыру керек.

Остеоартрит

Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 30 мг құрайды. Кейбір пациенттерде тиімділігі жеткілікті болмағанда дозаны тәулігіне бір рет 60 мг-ге дейін арттыру қарастырылуы мүмкін. Әсері болмағанда басқа да ықтималды емдеу әдістерін қарастыру керек.

Ревматоидты артрит. Ұсынылатын доза – тәулігіне бір рет 60 мг. Кейбір пациенттерде әсері жеткілікті болмағанда дозаны тәулігіне бір рет 90 мг дейін ұлғайту туралы мәселені қарастыру керек. Науқастың жай-күйі тұрақтанғаннан кейін, дозаны тәулігіне 60 мг дейін төмендету жеткілікті. Әсері болмағанда басқа да ықтималды емдеу әдістерін қарастыру керек.

Шорбуынданатын спондилит. Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 60 мг құрайды. Кейбір пациенттерде әсері жеткілікті болмағанда дозаны тәулігіне бір рет 90 мг дейін ұлғайту туралы мәселені қарастыру керек. Науқастың жай-күйі тұрақтанғаннан кейін, дозаны тәулігіне 60 мг дейін төмендету жеткілікті. Әсері болмағанда басқа да ықтималды емдеу әдістерін қарастыру керек.

Жедел ауыру жай-күйі

Эторикоксибты тек жедел ауыру симптомдары кезеңінде қолдану керек.

Жедел подагралық артрит. Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 120 мг құрайды. Жедел подагралық артритті емдеудің клиникалық зерттеулерінде эторикоксибты 8 күн бойы қолданған.

Хирургиялық стоматологиядағы операциядан кейінгі ауыру. Ұсынылатын доза ең көбі 3 күн бойы тәулігіне бір рет 90 мг құрайды. Кейбір пациенттер үшін операциядан кейінгі ауыруды басу үшін басқа әдістер қарастыру қажет болуы мүмкін.

Әр көрсетілім үшін ұсынылғаннан асатын дозалардың не қосымша тиімділігі жоқ, не болмаса зерттелмеген.

Сондықтан:

- ОА-да доза тәулігіне 60 мг-ден аспауы тиіс

- РA-да және шорбуынданатын спондилитте доза тәулігіне 90 мг-ден аспауы тиіс

- жедел подаграда доза тәулігіне 120 мг-ден аспауы тиіс, ал емдеу ең көбі 8 күн бойы жүргізіледі

- стоматологиялық операциядан кейінгі жедел ауыру кезіндегі доза тәулігіне 90 мг-ден аспауы тиіс, ал емдеу ең көбі 3 күн бойы жүргізіледі.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзетудің қажеті жоқ. Басқа препараттарды қолданғандағыдай егде жастағы пациенттерде сақтық шараларын ұстану керек.

Бауыр функциясының бұзылуы

Ауырлығы жеңіл дәрежелі (Чайлд-Пью бойынша 5-6 балл) бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дозаны тәулігіне бір рет 60 мг-ден асыруға болмайды. Ауырлығы орташа дәрежелі (Чайлд-Пью бойынша 7-9 балл) бауыр функциясы бұзылған пациенттерде қолданылуына байланыссыз, дозаны күніне бір рет 30 мг асырмау керек.

Препаратты қолданудың, атап айтқанда ауырлығы орташа бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттерде клиникалық тәжірибесі шектеулі, сондықтан сақтық жасау ұсынылады. Ауыр түрде бауыр функциясы бұзылған (Чайлд-Пью шкаласы бойынша ≥10 балл) пациенттерде препарат қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ, сондықтан препаратты бұндай пациенттерге қолдану қарсы көрсетілімде.

Бүйрек функциясының бұзылуы. Креатинин клиренсі минутына ≥30 мл пациенттерде препарат дозасын түзету қажет емес. Креатинин клиренсі <30 мл/мин пациенттерде эторикоксибты қолдануға болмайды.

Балалар. Эторикоксиб 18 жастан кіші балалар мен жасөспірімдерге қарсы көрсетілімде.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялар клиникалық зерттеу деректеріне негізделген және туындау жиілігіне байланысты бөлінеді: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000), өте сирек (<1/10000)

Өте жиі

- абдоминальді ауыру

Жиі

- астения/әлсіздік, тұмау тәрізді симптомдар

- бас айналу, бас ауыруы

- бронх түйілуі

- жүрек қағуы, аритмия, гипертензия, ісінулер/сұйықтықтың іркілуі

- іштің қатуы, метеоризм, гастрит, қыжыл/ қышқылдық рефлюкс, диарея, диспепсия, эпигастрий тұсындағы жайсыздық сезімі, жүрек айнуы, құсу, эзофагит, ауыз қуысының ойық жарасы

- альвеолярлық остеит

- АЛТ деңгейінің жоғарылауы, АСТ деңгейінің жоғарылауы

- экхимоз

Жиі емес

- дәм сезудің бұрмалануы, ұйқысыздық, парестезия/гипестезия, ұйқышылдық, үрейлену, депрессия, ақыл-ой қызметінің нашарлауы, елестеулер

- анық көрмеу, конъюнктивит

- құлақтың шыңылдауы, вертиго

- жүрекшелер фибрилляциясы, тахикардия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, ЭКГ-дегі спецификалық емес өзгерістер, стенокардия, миокард инфарктісі, қан кернеулері, инсульт, ми қан айналымының транзиторлық ишемиялық бұзылулары, гипертониялық криз, васкулит

- кеуде қуысының ауыруы, жөтел, диспноэ, мұрыннан қан кету, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары

- іштің кебуі, ішек перистальтикасы сипатының өзгеруі, ауыздың құрғауы, гастродуоденальді ойық жаралар, гастроинтестинальді тесілу мен қан кетуді қоса, пептидтік ойық жаралар, тітіркенген ішек синдромы, панкреатит, гастроэнтерит, тәбеттің төмендеуі немесе артуы, дене салмағының артуы

- протеинурия, сарысулық креатинин деңгейінің жоғарылауы, бүйрек жеткіліксіздігін қоса, бүйрек функциясының бұзылуы, несеп шығару жолының инфекциялары

- бұлшықет түйілуі/құрысуы, қаңқа-бұлшықет ауыруы/шектелуі

- аса жоғары сезімталдық реакциялары, беттің ісінуі, қышыну, бөртпе, эритема, есекжем

- анемия (көбінесе асқазан-ішектен қан кету нәтижесінде), лейкопения, тромбоцитопения

- қандағы мочевина азоты деңгейінің жоғарылауы, креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, гиперкалиемия, несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы

Сирек

- сананың шатасуы, мазасыздық

- гепатит, бауыр жеткіліксіздігі, сарғаю

- ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық/анафилактоидты шок, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, тұрақты дәрілік эритема

- қандағы натрий деңгейінің төмендеуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затқа немесе препараттың құрамына кіретін кез келген басқа компонентке аса жоғары сезімталдық

  • асқыну сатысындағы пептидтік ойық жара немесе асқазан-ішектен жедел қан кету

  • циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) тежегіштерін қоса, ацетилсалицил қышқылы немесе ҚҚСП қолданғаннан кейін анамнезінде бронх түйілуі, жедел ринит, мұрын полиптері, ангионевроздық ісіну, есекжем немесе басқа да аллергиялық реакциялар дамыған пациенттер

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • бауыр функциясының ауыр бұзылулары (қан сарысуының альбумині <25 г/л немесе Чайлд-Пью шкаласы бойынша ≥10 балл)

  • анықталған бүйректік креатинин клиренсі минутына <30 мл

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

  • ішектің қабыну аурулары

  • іркілісті жүрек жеткіліксіздігі (NYHA II-IV)

  • тұрақты бақыланбайтын артериялық гипертензия 140/90 мм.с.б. жоғары

  • анықталған жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артерия аурулары және/немесе цереброваскулярлық аурулары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі

Пероральді антикоагулянттар. Жай-күйі варфаринді тұрақты қолданумен тұрақтандырылған пациенттерде эторикоксибты тәулігіне 120 мг дозада қабылдау Халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) протромбинді уақытының шамамен 13%-ға артуымен қатар жүреді. Сондықтан ішу арқылы антикоагулянттар қабылдайтын пациенттерде, әсіресе эторикоксибты алғашқы қабылдау күндері немесе оның дозасын өзгерткенде ХҚҚ протромбинді уақыт көрсеткіштерін тексеру керек.

Диуретиктер, ангиотензинөзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері және ангиотензин ІІ антагонистері. ҚҚСП диуретиктер мен гипертензияға қарсы басқа да препараттардың әсерін бәсеңдетуі мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылған кейбір пациенттерде (мысалы, дегидратациясы бар немесе бүйрек функциясы әлсіреген егде жастағы пациенттерде) АӨФ тежегішін немесе ангиотензин ІІ антагонисін және ЦОГ тежейтін препараттарды бір мезгілде қолдану әдетте қайтымды сипатқа ие ықтималды жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса, бүйрек функциясының кейінгі нашарлауына әкелуі мүмкін. Эторикоксибты АӨФ тежегіштерімен немесе ангиотензин ІІ антагонистерімен бір мезгілде қолданатын пациенттерде осындай өзара әрекеттесулер болу мүмкіндігі туралы естен шығармау керек. Сондықтан мұндай біріктірілімді, әсіресе егде жастағы пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Талапқа сай гидратация жүргізу және біріктірілген емнің басында, сондай-ақ ары қарай белгілі бір жүйелілікпен бүйрек функциясына мониторинг жүргізу туралы мәселені қарастыру керек.

Ацетилсалицил қышқылы. Дені сау еріктілердің қатысуымен жүргізілген зерттеулерде тепе-тең жағдайда эторикоксибты тәулігіне 1 рет 120 мг дозада қолдану ацетилсалицил қышқылының антиагреганттық белсенділігіне (тәулігіне 1 рет 81 мг) әсер еткен жоқ. Эторикоксибты жүрек-қантамыр асқынуларының профилактикасына арналған дозада (төмен дозалар) қолданылатын ацетилсалицил қышқылымен бір мезгілде тағайындауға болады. Алайда, эторикоксиб пен ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларын бір мезгілде қолдану эторикоксибпен жүргізілетін монотерапиямен салыстырғанда АІЖ ойық жарасы немесе басқа да асқынулар туындау жиілігінің артуына әкелуі мүмкін. Эторикоксибты жүрек-қантамыр асқынуларының профилактикасы үшін белгіленгеннен асатын дозада ацетилсалицил қышқылымен, сондай-ақ басқа да ҚҚСП-пен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Циклоспорин және такролимус. Эторикоксибтың осы препараттармен өзара әрекеттесуі зерттелмесе де, ҚҚСП-ны циклоспориндермен және такролимуспен бір мезгілде қолдану соңғыларының нефроуытты әсерін күшейтуі мүмкін. Эторикоксибты осы препараттардың кез келгенімен бір мезгілде қолданғанда бүйрек функциясын бақылау керек.

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі

Эторикоксибтың басқа препараттардың фармакокинетикасына әсері

Литий. ҚҚСП литийдің бүйрекпен шығарылуын әлсіретеді, осылайша қан плазмасында литийдің деңгейін арттырады. Егер қажет болса, қандағы литий деңгейіне жиі бақылау жүргізеді және осы препараттарды біз мезгілде қолдану кезеңінде, сондай-ақ ҚҚСП қолдануды тоқтатқанда литий дозасын түзетеді.

Метотрексат. Екі зерттеуде ревматоидты артритте 7,5 мг-ден 20 мг-ге дейінгі дозада метотрексатты аптасына бір рет қабылдаған пациенттердің жеті күн бойы тәулігіне бір рет 60 мг, 90 мг және 120 мг дозада эторикоксибты қолданған кездегі әсерлері зерттелді. Эторикоксиб 60 мг және 90 мг дозада метотрексаттың қан плазмасындағы концентрациясына және бүйрек клиренсіне әсер еткен жоқ. Бір зерттеуде эторикоксиб 120 мг дозада метотрексат көрсеткіштеріне әсер еткен жоқ, бірақ басқа зерттеуде қан плазмасындағы метотрексат концентрациясы 28%-ға жоғарылаған, ал метотрексаттың бүйректік клиренсі 13%-ға төмендеген. Эторикоксиб пен метотрексатты бір мезгілде қолданғанда метотрексаттың уыттылығына қатысты тиісті мониторинг жүргізу керек.

Ішу арқылы қабылданатын контрацептивтер. 60 мг дозада эторикоксиб құрамында 35 мкг этинилэстрадиол және 0,5–1 мг норэтиндрон бар пероральді контрацептивтермен бір мезгілде қолданғанда 21 күн бойы этинилэстрадиолдың AUC0‑24 37 %-ға жоғарылауына әкелді. 120 мг дозада эторикоксиб жоғарыда көрсетілген ішу арқылы қабылданатын контрацептивтермен бір мезгілде немесе 12 сағат аралықпен қолданғанда этинилэстрадиолдың AUC0‑24 мәнін тепе-тең жағдайда 50–60%-ға арттырды. Этинилэстрадиол концентрациясының бұлай жоғарылауын эторикоксибпен бір мезгілде қолданылатын ішу арқылы қабылданатын контрацептивті таңдағанда есте ұстау керек. Этинилэстрадиол экспозициясының жоғарылауы ішу арқылы қабылданатын контрацептивтерді қолданумен байланысты жағымсыз әсерлердің туындау жиілігін арттыруы мүмкін (мысалы, қауіп тобындағы әйелдердегі көктамыр тромбоэмболиясы).

Гормон алмастыратын ем. 120 мг эторикоксибты 28 күн бойы конъюгацияланған эстрогендерді (Премарин™ 0,625 мг) қамтитын гормон алмастырғыш препараттармен бірге қабылдау тепе-тең жағдайда конъюгацияланбаған эстронның (41%-ға), эквилиннің (76%-ға) және 17-β-эстрадиолдың (22%-ға) AUC0‑24 орташа көрсеткішін арттырады. Ұзақ қолдануға ұсынылған (30, 60 және 90 мг) эторикоксиб дозасының әсері зерттелмеген.

120 мг дозада эторикоксиб Премарин препаратымен жүргізілген монотерапиямен салыстырғанда Премарин препаратының эстрогенді компоненттерінің экспозициясын (AUC0‑24) жартысынан аз төмендетті; соңғысының дозасын 0,625-тен 1,25 мг-ге дейін арттырды. Бұлай жоғарылаудың клиникалық мәні белгісіз, ал Премарин препаратының эторикоксибпен біріктірілімдегі барынша жоғары дозалары зерттелмеген. Эторикоксибты бір мезгілде қолданғанда постменопауза кезеңінде қолдану үшін гормональді препаратты таңдағанда эстрогендер концентрациясының бұлай жоғарылауын назарға алу керек, себебі эстрогендер экспозициясының жоғарылауы орын басушы гормонмен емдеу кезінде жағымсыз реакциялардың туындау қаупін арттыруы мүмкін.

Преднизон/преднизолон. Препараттармен өзара әрекеттесу зерттеулерінде эторикоксиб преднизон/преднизолон фармакокинетикасына клиникалық маңызды әсер көрсеткен жоқ.

Дигоксин. Эторикоксибты дені сау еріктілер 10 күн бойы тәулігіне 1 рет 120 мг дозада қолданғанда тепе-тең жағдайда AUC0‑24 көрсеткішіне және дигоксиннің бүйрекпен шығарылуына әсері байқалған жоқ. Дигоксиннің Cmax көрсеткішінің (33%-ға жуық) артқаны байқалды. Бұлай жоғарылау, әдетте, көптеген пациенттер үшін маңызды емес. Алайда эторикоксиб пен дигоксинді бір мезгілде қолданғанда дигоксиннің уытты әсеріне қатысты жоғары қаупі бар пациенттердің жай-күйін бақылап отыру керек.

Эторикоксибтың сульфотрансферазалармен метаболизденетін препараттарға әсері

Эторикоксиб адамның сульфотрансфераза белсенділігінің, атап айтқанда SULT1E1 тежегіші болып табылады, сондай-ақ қан сарысуында этинилэстрадиол концентрациясын арттыруы мүмкін. Қазіргі таңда түрлі сульфотрансферазалар әсері туралы деректер аз болғандықтан, ал көптеген препараттарды қолдану үшін клиникалық маңыздылығы әлі зерттелу үстінде болғандықтан, эторикоксибты негізінен адамның сульфотрансферазаларымен метаболизденетін (мысалы, ішу арқылы қабылданатын сальбутамол және миноксидил) басқа препараттармен бір мезгілде сақтықпен тағайындау керек.

Эторикоксибтың CYP жүйесінің изоферменттерімен метаболизденетін препараттарға әсері

Іn vitro зерттеулері деректеріне қарай Р450 (CYP) 1А2, 2С9, 2С19, 2D6, 2E1 және 3А4 цитохромдарының эторикоксибпен тежелуі күтілмейді. Дені сау еріктілердің қатысуымен болған зерттеулерде эторикоксибты 120 мг дозада күнделікті қолдану бауырдың CYP3A4 белсенділігіне әсер көрсетпеді, бұл эритромициндік тыныс алу тесті арқылы анықталды.

Басқа препараттардың эторикоксиб фармакокинетикасына әсері

Эторикоксиб метаболизмінің негізгі жолы CYP жүйесінің ферменттеріне байланысты. CYP3A4 эторикоксиб метаболизміне in vivo ықпал етеді. Іn vitro зерттеулері CYP2D6, CYP2C9, CYP1A2 және CYP2C19 да метаболизмнің негізгі жолын катализациялауы мүмкін екендігін көрсетті, бірақ олардың мөлшерлік сипаттамалары in vivo зерттелмеген.

Кетоконазол. Кетоконазол CYP3A4 күшті тежегіші болып табылады. Дені сау еріктілер 11 күн бойы тәулігіне 1 рет 400 мг дозада қолданғанда кетоконазол 60 мг эторикоксибтың бір реттік дозасының фармакокинетикасына клиникалық елеулі әсер көрсеткен жоқ (AUC 43 %-ға артуы).

Рифампицин. Эторикоксиб пен рифампицинді (CYP ферменттерінің күшті индукторы) бір мезгілде қолдану қан плазмасында эторикоксиб концентрацияларының 65 %-ға төмендеуіне әкелді. Мұндай өзара әрекеттесу егер эторикоксибты рифампицинмен бір мезгілде қолданса, симптомдардың қайталануымен қатар жүруі мүмкін. Бұл деректер дозаны арттыру қажеттілігін білдіруі мүмкін болғанда әр көрсетілім үшін белгіленгеннен асатын дозада эторикоксибты қолдану ұсынылмайды, себебі рифампицин мен эторикоксибты осындай дозаларда біріктіріп қолдану зерттелген жоқ.

Антацидтер. Антацидтік препараттар эторикоксиб фармакокинетикасына клиникалық маңызды әсер көрсетпейді.

Айрықша нұсқаулар

Асқазан-ішек жолына әсері. Эторикоксиб қолданған пациенттерде кейде өліммен аяқталатын асқазан-ішек жолы тарапынан болатын асқынулар (тесілулер, ойық жаралар немесе қан кету) туралы хабарланған.

АІЖ тарапынан болатын асқынулар дамуының жоғары қаупі бар пациенттерді емдеген кезде ҚҚСП сақтықпен қолдану ұсынылады (бір мезгілде кез келген басқа ҚҚСП немесе ацетилсалицил қышқылын қолданатын пациенттер, асқазан-ішектен қан кету немесе ойық жарасы сияқты сыртартқысында АІЖ аурулары бар пациенттер).

Эторикоксиб пен ацетилсалицил қышқылын (тіпті төмен дозада болса да) бір мезгілде қолданғанда АІЖ (асқазан-ішектің ойық жарасы немесе АІЖ тарапынан болатын басқа да асқынулар) тарапынан болатын жағымсыз реакциялардың қосымша туындау қаупі бар. Ұзаққа созылған клиникалық зерттеулерде ЦОГ-2 селективті тежегішін + ацетилсалицил қышқылын және ҚҚСП + ацетилсалицил қышқылын қолданған кезде АІЖ үшін қауіпсіздікке қатысты айқын ерекшелік байқалған жоқ.

Жүрек-қантамыр жүйесіне әсері. Клиникалық зерттеулер ЦОГ-2 селективті тежегішін қолдану плацебомен және кейбір ҚҚСП-мен салыстырғанда тромбоздық асқынулардың (әсіресе миокард инфарктісі және инсульт) туындау қаупімен байланысты болуы мүмкін екендігін көрсетті. Эторикоксиб дозасын арттырғанда және ұзақ уақыт қолданғанда жүрек-қантамыр асқынуларының қаупі артатындықтан, препаратты ең жоғарғы қысқа уақыт кезеңінде ең төменгі тиімді дозада қолдану керек.

Әсіресе остеоартриті бар пациенттерде ауырудың симптомдарын жеңілдету қажеттілігін және жүргізілетін емге жауапты мезгіл-мезгіл қайта қарап отыру керек.

Жүрек-қантамыр асқынулары (артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, шылым шегу) даму қаупінің айқын факторлары бар пациенттерге мұндай мүмкіндікті мұқият қарастырғаннан кейін ғана эторикоксибпен ем жүргізу керек.

ЦОГ-2 селективті тежегіштері жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы үшін аспирин алмастырғыштары болып табылмайды, себебі тромбоциттерге әсер етпейді. Сондықтан антиагреганттық препараттарды қолдануды тоқтатуға болмайды.

Бүйрекке әсері. Бүйректік простагландиндер бүйрек перфузиясын демеуге компенсаторлық рөл атқарады. Сондықтан бүйрек перфузиясын бәсеңдеткен кезде эторикоксибты қабылдау простагландиндер түзілуінің төмендеуін және осының салдарынан бүйрек қан ағысының төмендеуін және бүйрек функциясының әлсіреуін туғызуы мүмкін. Мұндай реакция қаупі бүйрек функциясының бұрыннан елеулі әлсіреуі, компенсацияланбаған жүрек жеткіліксіздігі немесе циррозы бар пациенттерде өте жоғары. Мұндай пациенттерде бүйрек функциясын бақылау мүмкіндігін қарастыру керек.

Сұйықтықтың іркілуі, ісінулер және артериялық гипертензия. Простагландиндер синтезін тежейтін басқа препараттарды қолданғандағы сияқты эторикоксиб қабылдайтын кейбір пациенттерде сұйықтықтың іркілуі, ісінулер және артериялық гипертензия байқалды. Эторикоксибты қоса, барлық ҚҚСП іркілісті жүрек жеткіліксіздігінің туындауына немесе қайталануына әкелуі мүмкін. Анамнезінде жүрек жеткіліксіздігі, сол жақ қарынша функциясының бұзылуы немесе артериялық гипертензия бар пациенттерге, сондай-ақ кез келген басқа себеппен туындаған ісінулері бар пациенттерге препаратты сақтықпен тағайындайды. Мұндай пациенттердің жай-күйі нашарлауының клиникалық белгілері болғанда эторикоксибты қабылдауды тоқтатуды қоса, тиісті шаралар қолдану керек.

Әсіресе, жоғары дозада эторикоксибты қолдану кейбір басқа ҚҚСП және ЦОГ-2 селективті тежегіштерін қолдануға қарағанда барынша жиі және ауыр артериялық гипертензиямен қатар жүруі мүмкін. Сондықтан эторикоксибпен емдеуді бастар алдында гипертензия бақылауда болуы тиіс, сондай-ақ эторикоксибпен емдеген кезде артериялық қысымды бақылауға ерекше назар аудару керек. Қысым айтарлықтай жоғарылағанда баламалы ем жүргізу керек. Емді бастағаннан кейін артериялық қысымды (АҚ) 2 апта бойы, содан соң мезгіл-мезгіл бақылап отыру керек. Егер АҚ айтарлықтай жоғарыласа, баламалы ем жүргізу мүмкіндігін қарастыру керек.

Бауырға әсер етуі. Тәулігіне 30 мг, 60 мг және 90 мг дозада эторикоксибпен ем қабылдаған пациенттердің шамамен 1%-да бір жылға дейінгі ұзақтықпен клиникалық зерттеулерде аланинаминотрансфераза (АЛТ) және/немесе аспартатаминотрансфераза (АСТ) (жоғарғы қалып шегімен салыстырғанда шамамен үш және одан көп рет) белсенділігінің жоғарылағаны байқалды.

Бауыр функциясының бұзылуы симптомдары және/немесе белгілері бар барлық пациенттердің, сондай-ақ бауыр функциясының патологиялық көрсеткіштері бар пациенттердің жағдайын бақылау керек. Бауыр функциясының бұзылу белгілері болғанда немесе бауыр функциясы көрсеткіштерінің тұрақты патологиялық өзгерістері (жоғарғы қалып шегінен үш есе жоғары) болғанда эторикоксиб қабылдауды тоқтату керек.

Жалпы нұсқаулар. Егер емдеу барысында пациентте жоғарыда көрсетілген ағзаларының қандай да бір жүйесі функциясының нашарлағаны байқалса, тиісті шара қолданып, эторикоксибты қабылдауды тоқтату туралы мәселені қарастыру керек. Егде жастағы пациенттерде және бүйрек, бауыр немесе жүрек функциясы бұзылған пациенттерде эторикоксибты қолданғанда тиісті медициналық қадағалау жүргізу керек.

Дегидратациясы бар пациенттерге эторикоксибпен емдеуді сақтықпен бастау керек. Эторикоксибты қолдануды бастар алдында регидратация жүргізу ұсынылады.

Кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын күрделі тері реакцияларының, соның ішінде эксфолиативтік дерматиттің, Стивенс – Джонсон синдромының және уытты эпидермальді некролиздің туындағаны туралы постмаркетингтік бақылау кезінде ҚҚСП және кейбір ЦОГ-2 селективті тежегіштерін қолданғанда өте сирек хабарланған. Мұндай реакциялар туындауының ең жоғарғы қаупі емнің басында, ал көріністер басталуы көптеген жағдайда емнің алғашқы айында болады. Эторикоксиб қолданатын пациенттерде аса жоғары сезімталдықтың (анафилаксия және ангионевроздық ісіну сияқты) күрделі реакциялары туралы хабарланған. Кейбір селективті ЦОГ-2 тежегіштері анамнезінде қандай да бір препаратқа аллергиялық реакциясы бар пациенттерде тері реакцияларының туындау қаупін арттыруы мүмкін. Теріде бөртпенің алғашқы көріністері, шырышты қабықтың зақымданулары немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа белгілері пайда болғанда эторикоксибті қабылдауды тоқтату керек.

Эторикоксиб қызбаның көрінісін немесе инфекцияның басқа белгілерін басуы мүмкін.

Эторикоксиб пен варфаринді немесе басқа да пероральді антикоагулянттарды бір мезгілде сақтықпен тағайындайды.

ЦОГ және простагландиндер синтезін тежейтін басқа препараттар сияқты эторикоксибты жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге қолдану ұсынылмайды.

Аркоксиа препаратының құрамына лактоза кіреді. Галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты туа біткен сирек аурулары бар пациенттер осы препаратты қолданбауы тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік. Жүкті әйелдерде адекватты және жақсы бақыланатын зерттеулер жүргізілмеген. Адамдағы жүктілік үшін потенциалды қаупі белгісіз. Простагландиндер синтезін тежейтін басқа да препараттар сияқты жүктіліктің кешеуілді мерзімінде Аркоксиа препаратын қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл артериялық түтіктің мезгілінен бұрын жабылуына әкелуі және және жатырдың жиырылуы болмауын туындатуы мүмкін. Аркоксиа жүктілік уақытында қарсы көрсетілімде.

Жүктілік диагностикаланған жағдайда препаратпен емдеуді тоқтату керек.

Лактация. Эторикоксибтың емшек сүтіне бөлінетіні белгісіз. Эторикоксиб лактациядағы егеуқұйрықтардың сүтіне бөлінеді. Бала емізетін әйелдер емдеу кезеңінде бала емізуді тоқтатуы тиіс.

Фертильділігі. Жүктілікті жоспарлаған әйелдерде басқа да селективті ЦОГ-2 тежегіштері сияқты эторикоксибты қолдану ұсынылмайды, өйткені жануарлардағы зерттеулер ұрпақ өрбітуге уыттылығын көрсетті.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Аркоксиа қабылдау уақытында бас айналуы, вертиго немесе ұйқышылдық білінулері бар пациенттердің автомобиль жүргізу немесе механизмдерді басқаруына рұқсат беруге болмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары. Клиникалық зерттеулерде Аркоксиа 500 мг-ге дейінгі бір реттік дозада қолдану немесе 21 күн бойы тәулігіне 150 мг-ге дейін көп рет қабылдау елеулі уытты әсерлер туғызған жоқ. Эторикоксибпен жедел артық дозалану туралы хабарланды, бірақ көп жағдайда жағымсыз реакциялар туралы хабарланған жоқ.

Өте жиі бақыланатын жағымсыз реакциялар эторикоксибтың қауіпсіздік бейінімен үйлесімді болды (мысалы, АІЖ тарапынан болатын реакциялар, реноваскулярлық реакциялар).

Емі. Артық дозалану жағдайында сіңірілмеген препаратты АІЖ-ден шығару, клиникалық бақылау жүргізу сияқты әдеттегі демеуші іс-шаралар қолдану керек және қажет болғанда демеуші ем жүргізген дұрыс.

Эторикоксиб гемодиализде шығарылмайды; перитонеальді диализде шығарылуы белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

60 мг, 90 мг және 120 мг үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

7 таблеткадан ПВХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1, 2 және 4 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған (60 мг, 90 мг, 120 мг дозалар үшін).

2 таблеткадан ПВХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған (90 мг, 120 мг дозалар үшін).

Сақтау шарттары

300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Фросст Иберика С.А., Испания

Қаптаушы

Мерк Шарп және Доум Б.В., Нидерланды

Тіркеу куәлігінің иесі

Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігіне тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ» компаниясының Қазақстандағы өкілдігі,

Алматы қ., Достық даңғ., 38, «Кең Дала» бизнес орталығы, 3 қабат

Тел. + 7 (727) 330-42-66, + 7 (727) 259-80-84

Факс + 7 (727) 259-80-90

эл. пошта: dpoccis2@merck.com, pharmacovigilance.ukraine&cis@merck.com

Прикрепленные файлы

885062561477976540_ru.doc 61.81 кб
991509341477977700_kz.doc 135 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники