Ариста

МНН: Тадалафил
Производитель: "Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Tadalafil
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022987
Информация о регистрации в РК: 15.04.2022 - 15.04.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Ариста

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тадалафил

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 20 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - тадалафил 20 мг,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, гидроксипропилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты,

қабық құрамы:

Опадри® II сары 31К32498 (лактоза моногидраты, гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы, триацетин, темірдің қара тотығы).

Сипаттамасы

Тамшы тәрізді, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Спазмолитиктерді қоса, урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа препараттар. Эрекцияның бұзылуын емдеуге арналған препараттар. Тадалафил.

АТХ коды G04BE08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Ішке қабылдағаннан кейін тадалафил жылдам сіңіріледі. Ең жоғарғы концентрацияға орташа есеппен 2 сағаттан соң жетеді. Сіңірілу жылдамдығы және дәрежесі ас қабылдауға байланысты емес. Препарат қабылдау уақыты (таңертең немесе кешке) сіңірілу жылдамдығына және дәрежесіне клиникалық тұрғыдан маңызды әсер етпейді.

Тадалафилдің дені сау адамдардағы фармакокинетикасы уақытқа және дозаға байланысты.

Эрекция функциясы бұзылған пациенттердегі тадалафил фармакокинетикасы эрекция функциясы бұзылмаған адамдардағы препарат фармакокинетикасына барабар.

Таралуы

Орташа таралу көлемі шамамен 63 л құрайды. Емдік концентрацияларда 94% тадалафил қан плазмасының ақуыздарымен байланысады.

Дені сау адамдарда енгізілген дозаның <0,0005% спермада анықталады.

Метаболизмі

Негізінен CYP3A4 изоферментінің қатысуымен метаболизденеді. Айналымдағы негізгі метаболиті метилкатехолглюкуронид болып табылады. Ол тадалафилге қарағанда ФДЭ-5 қатысты белсенділігі 13 000 есе төменірек. Демек, бұл метаболиттің клиникалық тұрғыдан маңызды болуы екіталай.

Шығарылуы

Дені сау адамдарда орташа жартылай шығарылу кезеңі - 17,5 сағат. Тадалафил көбінесе белсенді емес метаболиттер түрінде, негізінен нәжіспен (шамамен 61% доза) және аз дәрежеде несеппен (шамамен 36% доза) шығарылады.

Тұрғындардың ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы (65 жас және одан үлкен) дені сау адамдарда тадалафилдің төменірек клиренсі анықталады, бұл 19-45 жас аралығындағы дені сау адамдармен салыстырғанда AUC 25%-ға ұлғаюымен көрініс табады. Бұл айырмашылық клиникалық тұрғыдан маңызды болып табылмайды және дозаны таңдауды талап етпейді.

Гемодиализдегі пациенттерді қоса, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дені сау адамдарға қарағанда AUC үлкен. Ақуыздармен байланысы бүйрек функциясының бұзылуында өзгермейді.

Жеңіл немесе орташа ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттердегі тадалафил фармакокинетикасы дені сау адамдардағы осындаймен салыстырмалы. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) бар пациенттерге қатысты деректер жоқ.

Қант диабеті бар пациенттерде тадалафилді қолдану аясында AUC дені сау адамдарға қарағанда шамамен 19%-ға аз болды. Бұл айырмашылық дозаны өзгертуді керек етпейді.

Фармакодинамикасы

Эрекцияның бұзылуын емдеуге арналған препарат. Циклдық гуанозинмонофосфат (цГМФ)5 типті спецификалық фосфодиэстеразасының (ФДЭ-5) қайтымды селективті тежегіші болып табылады. Сексуалды қозу азот тотығының жергілікті шығарылуын туындатқан кезде ФДЭ-5 тадалафилмен тежеу жыныстық мүшенің кавернозды денесінде цГМФ деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Мұның салдары артерия тегіс бұлшықеттерінің релаксациясы және эрекцияны туындататын қанның жыныс мүшесі тіндеріне ағылуы болып табылады. Тадалафил сексуалды стимуляция болмаған жағдайда әсер етпейді.

In vitro зерттеулер тадалафил ФДЭ-5 селективті тежегіші болып табылатынын көрсетті. ФДЭ-5 - кавернозды дененің тегіс бұлшықеттерінде, ішкі ағза тамырларының тегіс бұлшықеттерінде, қаңқа бұлшықеттерінде, тромбоциттерде, бүйректе, өкпеде, мишықта табылатын фермент.

Тадалафилдің ФДЭ-5 қатысты әсері басқа фосфодиэстеразаларға қарағанда белсендірек болады. Тадалафил жүректе, мида, қан тамырларында, бауырда, лейкоциттерде, қаңқа бұлшықеттерінде және басқа ағзаларда орналасатын ФДЭ-1, ФДЭ-2, ФДЭ-4, ФДЭ-7 салыстырғанда ФДЭ-5 қатысты 10 000 есе белсендірек. Тадалафил жүректе және қан тамырларында табылатын ФДЭ-3 ферментіне қарағанда ФДЭ-5 10 000 есе белсендірек бөгейді. ФДЭ-5 қатысты бұл селективтілік ФДЭ-3 салыстырғанда үлкен маңызға ие, өйткені ФДЭ-3 жүрек бұлшықетінің жиырылуына қатысатын фермент болып табылады. Одан өзге, тадалафил торлы қабықта болатын және фотоберіліске жауапты болып табылатын ФДЭ-6 қарағанда ФДЭ-5 қатысты шамамен 700 есе белсенді.

Тадалафил сондай-ақ, ФДЭ-5 қатысты 9 000 есе күштірек әсер көрсетеді, оның ФДЭ-8, ФДЭ-9 және ФДЭ-10 ықпалымен салыстырғанда және ФДЭ-11 салыстырғанда ФДЭ-5 қатысты 14 есе күштірек.

Тадалафил эрекцияны және сәтті жыныстық қатынас жасау мүмкіндігін жақсартады.

Препарат 36 сағат бойы әсер етеді. Әсері сексуалды қозу болған жағдайда препаратты қабылдағаннан кейін 16 минуттан соң-ақ байқалады.

Тадалафил дені сау адамдарда плацебомен салыстырғанда жатқан күйде (АҚ орташа барынша төмендеуі тиісінше 1,6/0,8 мм с.б. құрайды) және тұрған күйде (АҚ орташа барынша төмендеуі тиісінше 0,2/4,6 мм с.б. құрайды) систолалық және диастолалық артериялық қысымның (АҚ) сенімді өзгеруін туындатпайды. Тадалафил жүрек жиырылуы жиілігінің сенімді өзгеруін туындатпайды.

Тадалафил түсті тану (көгілдір/жасыл) өзгерістерін туындатпайды, бұл ФДЭ-6-ға ұқсастығы төмендігімен түсіндіріледі. Одан өзге, тадалафилдің көру өткірлігіне, электроретинограммаға, көзішілік қысымға және қарашық көлеміне ықпалы байқалмады.

Тадалафилді сперматогенезге күнделікті қабылдағандағы оның ықпалын бағалау мақсатында бірнеше зерттеу жүргізілген. Зерттеулердің ешбірінде сперматозоидтардың морфологиясына және олардың қозғалғыштығына жағымсыз ықпалы байқалмады. Зерттеулердің бірінде плацебомен салыстырғанда сперматозоидтардың орташа концентрациясының төмендеуі байқалған. Сперматозоидтар концентрациясының төмендеуі эякуляцияның жоғары жиілігімен байланысты болған. Одан өзге, тадалафил плацебомен салыстырғанда қан плазмасында тестостерон, лютеиндейтін гормон және фолликулостимуляциялайтын гормон мөлшерінің жағымсыз өзгерістерін туындатпады.

Қолданылуы

- эректильді дисфункцияны емдеуде.

Препарат сексуалды стимуляция болған жағдайда ғана тиімді.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ариста препаратын ересектер (еркектер) ішке, ас қабылдауға қарамастан қабылдайды. Ұсынылған доза болжанған сексуалды белсенділік алдында 20 мг құрайды. Препаратты сексуалды белсенділік алдында 16 минут бұрын қабылдауға болады. Тадалафилдің тиімділігі дозаны қабылдағаннан кейін 36 сағатқа дейін сақталуы мүмкін. Ең жоғарғы ұсынылған қабылдау жиілігі – тәулігіне 1 рет.

Тұрғындардың ерекше топтары

Егде жастағы пациенттерде (65 жас және одан үлкен), жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, қант диабеті бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді.

Аристаның ең жоғарғы ұсынылған дозасы бауыр жеткіліксіздігі және ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде 10 мг құрайды. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша С класы) бар пациенттерде Аристаны қолданудың қауіпсіздігі туралы шектеулі клиникалық деректер бар. Аристаны аталған топта тағайындаған жағдайда әрбір пациент үшін жекелей пайда/қауіпке мұқият талдау жүргізу қажет. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге 10 мг астам дозаны тағайындау туралы тиісті деректер жоқ.

Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Ариста балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде эректильді дисфункцияны емдеу үшін қолданылмайды.

Жағымсыз әсерлер

Жекелеген жағдайларға қарағанда жиі кездесетін жағымсыз реакциялар келесі градацияға сәйкес тізілген: өте жиі (≥ 10 %); жиі (≥ 1 %, 10 %); кейде (≥ 0,1 %,  1 %); сирек (≥ 0,01 %,  0,1 %); аса сирек ( 0,01 %), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша реакциялардың пайда болу жиілігін бағалау мүмкін емес).

Жиі

  • бас ауыруы

  • мұрынның бітелуі

  • диспепсия, гастроэзофагеальді рефлюкс

  • арқаның ауыруы, миалгия, қол-аяқтың ауыруы

  • қан құйылу/кернеу

  • бас айналуы

  • егде жастағы (65 жас және одан үлкен) пациенттердегі диарея

  • жүрек айнуы

  • шаршау

Кейде

  • аса жоғары сезімталдық реакциялары

  • бас айналуы

  • көру түйсігінің анық болмауы, көз алмасының ауырсыну сезімдері

  • құлақтың шулауы

  • тахикардия, жиі жүрек қағуы, гипотензия2, гипертензия

  • ентігу, мұрыннан қан кету

  • іш ауыруы

  • бөртпе, гипергидроз (қатты тершеңдік)

  • гематурия, жыныстық мүшеден қан кету, гемоспермия

  • кеуденің ауыруы1

  • құсу

  • шеткері ісіну

  • конъюнктива гиперемиясы

Сирек

  • ангионевроздық ісіну

  • инсульт (оның ішінде геморрагиялық тип бойынша МҚЖБ), естен тану, транзиторлық ишемиялық шабуылдар (ТИШ)1, бас сақинасы3, ұстамалар/құрысулар, транзиторлық амнезия

  • көру аймағының бұзылуы

  • артериитпен байланысты емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатия3, торлы қабық тамырларының окклюзиясы3

  • кенеттен естімей қалу

  • миокард инфарктісі, тұрақсыз стенокардия3, қарыншалық аритмия3

  • есекжем, Стивенс-Джонсон синдромы3, эксфолиативті дерматит3

  • ұзақ эрекция, приапизм3

  • беттің ісінуі3, кенет жүректен болатын өлім1,3

1 Бұрын жүрек-қантамыр қауіп факторлары бар пациенттерде байқалды. Алайда бұл құбылыстар тікелей осы қауіп факторларымен, Аристамен, сексуалды қозумен немесе осы немесе басқа факторлардың біріктірілімімен байланысты ма, соны дәл анықтау мүмкін емес.

2 Көптеген жағдайларда бұрын гипотензиялық дәрілер қабылдаған пациенттерде байқалған.

3 Постмаркетингтік зерттеулер барысында анықталған, клиникалық плацебо-бақыланатын зерттеулерде байқалмаған жағымсыз реакциялар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • тадалафилге немесе препарат құрамына кіретін кез келген затқа жоғары сезімталдық

  • құрамында кез келген органикалық нитраттар бар препараттарды қабылдау

  • жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар пациенттерде сексуалды белсенділікке қарсы көрсетілімдердің болуы: соңғы 90 күн ішінде миокард инфарктісі, тұрақсыз стенокардия, жыныстық қатынас кезінде стенокардия ұстамасының туындауы, Нью-Йорк кардиологиялық қауымдастығының (NYHA) жіктеуі бойынша II-IV класты жүрек жеткіліксіздігі, соңғы 6 ай ішінде дамыған бақыланбайтын аритмия, артериялық гипотензия (АҚ 90/50 мм с.б. аз), бақыланбайтын артериялық гипертензия, соңғы 6 ай ішіндегі ишемиялық инсульт

  • артериитпен байланысты емес алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатия (АБЕАИОН) салдарынан бір көздің көрмей қалуы (ФДЭ-5 тежегіштерін қабылдаумен байланысқа қарамастан)

  • доксазозинді, сондай-ақ эректильді дисфункцияны емдеуге арналған дәрлік заттарды бір уақытта қабылдау

  • созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (КК 30 мл/мин төмен) бар пациенттерде жиі (аптасына 2 реттен артық) қолдану

  • тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза тапшылығы және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

  • балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

  • тадалафилді қоса, ФДЭ-5 тежегіштерін риоцигуат сияқты гуанилатциклаза стимуляторларымен бірге қабылдау, өйткені симптоматикалық гипотонияның дамуына әкелуі әбден мүмкін

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ариста метаболизмі P450 цитохромы изоферментінің қатысуымен жүретін дәрілік заттардың клиренсіне клиникалық тұрғыдан маңызды ықпал етпейді. Зерттеу нәтижелері тадалафил CYP3А4, CYP1А2, CYP2D6, CYP2С19, CYP2E1 және CYP2С9 изоферменттерін тежемейтінін және индукцияламайтынын растады.

Басқа дәрілердің тадалафилге ықпалы

Тадалафил негізінен CYP3А4 ферментінің қатысуымен метаболизденеді. CYP3А4 селективті тежегіші кетоконазол тәулігіне 400 мг дозада қабылдағанда тадалафил AUC оны бір рет қабылдаудан кейін 312%-ға ұлғайтады, қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясын 22%-ға, ал тәулігіне 200 мг дозада тиісінше 107% және 15% жоғарылатады. Ритонавир (CYP3A4, 2С9, 2С19 және 2D6 тежегіші) тәулігіне 2 рет 200 мг дозада бір рет қабылдаудан кейін қандағы ең жоғарғы концентрацияны өзгертпестен тадалафил AUC 124%-ға ұлғайтады. Спецификалық әрекеттесулер зерттелмегеніне қарамастан, саквинавир сияқты протеаза тежегіштері, сондай-ақ эритромицин және итраконазол сияқты CYP3А4 тежегіштері қан плазмасындағы тадалафил деңгейін жоғарылатады деп болжамдауға болады.

CYP3A4 индукторлары

20 мг таблеткалар үшін: CYP3A4 селективті индукторы рифампицин (тәулігіне 600 мг) - тадалафилді бір рет қолданғанда тек бір тадалафил үшін AUC мәндері мен ең жоғарғы концентрациясымен салыстырғанда AUC шамасын 88%-ға және ең жоғарғы концентрацияны 46%-ға төмендетті. Басқа CYP3A4 индукторларын бір уақытта қолдану да қан плазмасындағы тадалафил концентрациясының төмендеуіне ықпал ететінін күтуге болады.

Тадалафилдің басқа дәрілік заттарға ықпалы

Гипертензияға қарсы препараттар

Тадалафил гипертензияға қарсы препараттардың гипотензиялық әсерін көтермелеуі мүмкін жүйелі вазодилатациялайтын әсерге ие. Одан өзге, бір уақытта бірнеше гипотензиялық препарат қабылдайтын гипертензиясы нашар бақыланатын пациенттерде АҚ едәуір төмендеуі мүмкін. Көптеген пациенттерде АҚ төмендеуі гипотензия симптомдарымен қатар жүрмейді. Гипертензияға қарсы препараттармен ем алатын және тадалафил қабылдайтын адамдарға тиісті клиникалық ұсынымдар берілуі тиіс.

Α-адренорецепторлардың блокаторлары

Бір уақытта тадалафил және α1-адренорецепторлардың селективті блокаторы тамсулозинді қабылдайтын пациенттерде АҚ едәуір төмендеуі байқалмады. α1-адренорецепторлардың блокаторы доксазозинді тәулігіне 4-8 мг дозада қабылдайтын дені сау еріктілерде тадалафилді қолданғанда гипотензиялық әсердің күшеюі байқалды. Кейбір пациенттерде бас айналуы байқалды.

Алкоголь

Тадалафил этанол концентрациясына ықпал етпеді, ал этанол тадалафил концентрациясына ықпал етпейді. Этанолды жоғарғы дозаларда (дене салмағына 0,7 г/кг) қабылдау аясында тадалафилді бір уақытта қолдану АҚ статистикалық тұрғыдан елеулі төмендеуіне әкелмеді. Кейбір пациенттерде постуральді бас айналуы және ортостаздық гипотензия байқалды. Тадалафилді төменірек дозалар (0,6 г/кг) аясындағы этанолмен қолдану артериялық гипотензияның дамуын туындатпады, ал бас айналуы тек алкогольді ғана қабылдағандағыдай жиілікте анықталды.

Н2-антагонистер

Н2-рецепторлардың блокаторы низатидинді қолдану нәтижесінде асқазандағы рН жоғарылауы тадалафил фармакокинетикасына ықпал етпеді.

Антацидтер (магний гидроксиді/алюминий гидроксиді)

Антацидтерді (магний гидроксиді/алюминий гидроксиді) тадалафилмен бір уақытта қабылдау тадалафил AUC экспозициясының өзгеруінсіз оның сіңірілу жылдамдығын төмендетті.

Ацетилсалицил қышқылы

Тадалафил ацетилсалицил қышқылын қабылдау аясында қан кетудің ұзақтығын ұлғайтпады.

Варфарин

Тадалафил S-варфарин немесе R-варфарин фармакокинетикасына клиникалық тұрғыдан елеулі ықпал туындатпады және варфаринмен индукцияланған протромбиндік уақытқа ықпал етпеді.

Теофиллин

Тадалафил теофиллиннің фармакокинетикасына немесе фармакодинамикасына клиникалық тұрғыдан елеулі ықпал көрсетпеді.

Үйлесімсіздігі

Тадалафил қандай да бір дәрілік түрдегі органикалық нитраттар қабылдайтын пациенттерге қарсы көрсетілген.

Айрықша нұсқаулар

Ариста препараты әйелдерге қолдануға арналмаған!

Эректильді дисфункцияның диагностикасына потенциалды негізгі себепті анықтау, тиісті медициналық тексеру және емдеу әдісін анықтау кіреді.

Сексуалды белсенділік жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттер үшін аса қауіпті. Сондықтан эректильді дисфункцияны, оның ішінде Ариста препаратымен емдеуді сексуалды белсенділік танытуға кеңес берілмейтін жүрек аурулары бар еркектерде жүргізбеген жөн.

Тадалафилді қоса, ФДЭ-5 тежегіштерін қолданғанда приапизм туындауы туралы хабарламалар бар. Пациенттер 4 сағат және одан ұзақ эрекция туындаған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туралы хабардар болуы тиіс. Приапизмді уақытында емдемеу жыныс мүшесі тіндерінің зақымдануына әкеледі, оның нәтижесінде қайтымсыз импотенция болуы мүмкін.

Ариста препаратын басқа емдеу түрлерімен біріктіру қауіпсіздігі және тиімділігі зерттелмеді. Сондықтан осындай біріктірілімдерді қолдану ұсынылмайды.

Тадалафил (басқа ФДЭ-5 тежегіштері сияқты) жүйелі тамыр кеңейтетін қасиеттерге ие, бұл АҚ транзиторлық төмендеуіне әкелуі мүмкін. Ариста препаратын тағайындар алдында дәрігерлер жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттердің осындай тамыр кеңейтетін әсерлер есебінен жағымсыз ықпалдарға ұшырап қалмау жөніндегі мәселені мұқият қараулары тиіс.

Артериялық емес алдыңғы ишемиялық оптикалық невропатия (АЕАИОН) толық көрмей қалуды қоса, көрудің нашарлау себебі болып табылады. ФДЭ-5 тежегіштерін қабылдаумен байланысты уақыт бойынша АЕАИОН даму жағдайлары туралы сирек хабарламалар бар. Қазіргі уақытта АЕАИОН дамуы мен ФДЭ-5 тежегіштерін қабылдау немесе басқа факторлар арасында тікелей байланыстың бар-жоғын анықтау мүмкін емес. Дәрігерлер пациенттерге кенеттен көрмей қалған жағдайда тадалафил қабылдауды тоқтатып, медициналық көмекке жүгінуді ескертулері тиіс. Дәрігерлер сондай-ақ пациенттерге, АЕАИОН бастан өткізген адамдарда АЕАИОН қайта даму қаупі жоғары екенін хабарлаулары тиіс.

Кіші жамбас ағзаларына хирургиялық операция немесе радикальді нейрон сақтайтын простатэктомия жасалған пациенттерде Ариста препаратының тиімділігі белгісіз.

Педиатрияда қолданылуы

Препарат балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға арналмаған.

Жүктілік және лактация

Препарат әйелдерге қолдануға арналмаған.

Фертильділігі

Кейбір еркектерде сперматозоидтар концентрациясының төмендеуі байқалған.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Плацебо және Ариста аясында бас айналуы туындауының жиілігі бірдей болатынына қарамастан емдеу кезеңінде автокөлік жүргізу және аса назар аударуды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін басқа да аса қауіпті қызмет түрлерімен айналысу кезінде сақтық таныту қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: тадалафилді дені сау адамдарда 500 мг дозада бір рет және эректильді дисфункциясы бар пациенттерде тәулігіне 100 мг көп рет қолданғанда жағымсыз әсерлер төменірек дозаларда қолданғандағыдай болды.

Емі: артық дозалану жағдайында стандартты симптоматикалық ем жүргізу қажет. Гемодиализде тадалафил аз мөлшерде шығарылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

4 таблеткадан поливинилхлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Ылғалдан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

Өндірілген күннен бастап 3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.», Түркия

(Багджылар Илчеси, Гюнешли, Эврен Махаллеси, Джами Йолу Джад. №50 К. 1В Земин 4-5-6, Стамбул)

"World Medicine İlaҫ San. ve Tic. A.Ş.", Turkey

(Bağcılar İlçesi, Güneşli, Evren Mahallesi, Cami Yolu Cad. No:50 K. 1B Zemin 4-5-6, İstanbul).

Тіркеу куәлігінің иесі

«РОТАФАРМ ИЛАЧЛАРЫ ЛИМИТЕД ШИРКЕТИ», ТҮРКИЯ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстар) қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР, Алматы, Түрксіб ауданы, Сүйінбай д-лы, 222б

Тел/факс: 8 (7272) 529090

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«TROKA-S PHARMA» ЖШС, Алматы, Сүйінбай даңғылы 222-б

Ұялы тел +7 701 786 33 98, (24-сағат бойы).

е-mail: pvpharma@worldmedicine.kz

Прикрепленные файлы

708705941498795294_ru.doc 87.5 кб
377082281498795825_kz.doc 45.2 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники