Аргосульфан

МНН: Сульфатиазол серебра
Производитель: Фармзавод Jelfa А.О.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Sulfathiazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010891
Информация о регистрации в РК: 18.09.2017 - 18.09.2022

Инструкция

Саудалық атауы

АРГОСУЛЬФАН

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

2, 15 г, 40 г крем

Құрамы

1 г кремнің құрамында

белсенді зат – 20,0 мг күміс сульфатиазолы,

қосымша заттар: цетостеарил спирті, сұйық парафин, ақ вазелин,

натрий лаурилсульфаты, глицерин, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, калий дигидрофосфаты, натрий гидрофосфаты, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Ақ, жұмсақ, біркелкі масса. Препарат реңі қызғылттан ашық-сұр түске дейін ауысуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Микробтарға қарсы жергілікті қолдануға арналған препараттар. Сульфаниламидтер. Күміс сульфатиозолы.

АТХ коды D06ВА02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат құрамында болатын сульфатиазол күміс тұзының аз дәрежелі ерігіштігі бар, соның нәтижесінде жергілікті қолданған кезде жарада препарат концентрациясы тұрақты деңгейде сақталады. Тым аз кері сіңірілуіне орай, препарат уытты әсер көрсетпейді. Сульфатиазол күміс тұзының аздаған мөлшері ғана жалпы қан ағымына өтіп, сонан соң бауырда ацетилденуге ұшырайды.

Несеппен белсенді емес метаболиттер түрінде және ішінара өзгермеген күйінде шығарылады. Сульфатиазол сіңірілуі препаратты зақымданған терінің ауқымды бөліктеріне қолданғаннан кейін артады.

Фармакодинамикасы

Аргосульфан кремі – жараның (күйік, трофикалық, іріңді және т.б.) жазылуына ықпал ететін, тері сыртына қолдануға арналған бактерияға қарсы препарат, жараны жұқпаланудан қорғау тиімділігін қамтамасыз етеді, жараның ауыруын және ашытуын басады, емдеу мерзімін және жараның теріні ауыстыруға дайын болу уақытын қысқартады, көптеген жағдайларда жараны жазады, бұл трансплантация жүргізу қажеттілігін жоққа шығарады.

Крем құрамына енетін сульфаниламид – сульфатиазол микробқа қарсы бактериостатикалық дәрі болып табылады, оның грамоң және грамтеріс бактерияларға қатысты бактерияға қарсы әсер ету ауқымы кең. Сульфатиазолдың микробқа қарсы әсер ету механизмі парааминобензой қышқылымен бәсекелес антагонизм мен дигидроптероатсинтетазаның бәсеңдеуі нәтижесінде микробтардың өсуін және көбеюін төмендетумен жүзеге асады. Бұл дигидрофолий қышқылы синтезінің бұзылуына әкеледі, әрі түпкі нәтижеде, микроб жасушасының пуриндері мен пиримидиндерінің синтезі үшін қажет болатын оның белсенді метаболиті – тетрагидрофолий қышқылының да синтезі бұзылады. Препаратта болатын күміс иондары сульфаниламидтің бактерияға қарсы әсерін бірнеше ондаған есе күшейтеді – олар микроб жасушасының дезоксирибонуклеин қышқылымен байланысу арқылы бактериялардың өсуі мен бөлінуін тежейді. Бұдан басқа, күміс иондары сульфаниламидтің сенсибилизациялау қасиеттерін әлсіретеді.

Кремнің рН ұтымды және су мөлшері көп гидрофильді негізінің арқасында, жергілікті ауыруды басу әсері қамтылады және жара аумағында ылғалдылық жоғарылайды. Мұның бәрі препарат көтерімділігінің жақсы болуына және жараның жылдам жазылуына ықпал етеді.

Қолданылуы

- барлық дәрежедегі және шығу тегі әртүрлі күйіктерде (соның ішінде термиялық, күн сәулесінен, химиялық, электр тоғынан, сәулеленyден болған)

- үсікте

- тесілулерде

- шығу тегі әртүрлі балтырдың трофикалық ойық жараларында (соның ішінде созылмалы көктамыр жеткіліксіздігінде, облитерацияланған эндартериитте, қант диабеті кезінде қанмен қамтамасыздандырудың бұзылуларында, тілмеде және т.б.)

- іріңді жараларда

- тұрмыстық жарақаттарда (кесіктер, жырылулар)

- жұқпаланған дерматиттер, қарапайым жанаспалы дерматитте

- асқынған импетигода

- микробты экземада

- стрепто- және стафилодермияда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат ашық әдіспен де, окклюзиялық таңғыштарды пайдаланумен де сыртқа қолданылады.

Тазартудан және хирургиялық өңдеуден кейін стерильділік шарттарының сақталуымен препаратты күніне 2-3 рет 2-3 мм қалыңдықпен жараға жағады. Емделу кезінде жараның барлық жеріне крем жағылуы тиіс. Егер жараның бір бөлігі ашылса, қосымша крем жағу қажет. Окклюзиялық таңғышпен байлауға болады, бірақ ол міндетті түрде емес.

Кремді жара толық жазылғанша немесе жараның беті теріні ауыстыруға дайын болғанша жағады. Препарат жұқтырылған жараларға қолданылған жағдайда экссудат пайда болуы мүмкін. Кремді қолданар алдында жараны хлоргексиннің 0,1 сулы ерітіндісімен, бор қышқылының 3 сулы ерітіндісімен немесе басқа антисептикпен шаю қажет.

Ең жоғары тәуліктік дозасы – 25 г.

Ең ұзақ емдеу курсы – 20 күн.

2 айлығынан асқан сәбилерде дозаны өзгерту қажет емес.

Жағымсыз әсерлері

- терінің аллергиялық реакциялары

- крем қолданылған жерде ашытумен көрініс беретін тітіркену (кейде)

- десквамациялы дерматит

- лейкопения (ұзақ уақыт қолданған жағдайда).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- сульфатиазолға және басқа сульфаниламидтерге асқын сезімталдық

- туа біткен глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі

- шала туған сәбилер және 2 айлыққа дейінгі жаңа туған нәрестелер (ядролық сарғаюдың даму қаупіне орай)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сыртқа қолдануға арналған басқа дәрілік препараттармен біріктіріп қолдану ұсынылмайды. Миелоуытты ДЗ препараттың гемауыттылық көріністерін күшейтеді.

Фолий қышқылы және оның құрылымдық аналогтары (мысалы, прокаин) сульфатиазолдың микробқа қарсы әсерін әлсіретуге қабілетті.

Айрықша нұсқаулар

Терінің ауқымды бөліктерінде ұзақ уақыт қолдану аясында, әсіресе бүйрек пен бауыр аурулары жағдайында қан сарысуындағы сульфатиазол деңгейін бақылау керек.

Ауқымды күйіктерде, толық аллергологиялық сыртартқы жинау мүмкін болмауына орай, шок күйіндегі науқастарға қолданғанда сақ болу керек. Жаңа туылғандарда сарғаюдың күшею ықтималдығына орай, шала туған сәбилерде, жаңа туған нәрестелерде және 2 айға толмаған балаларда қолданылмайды.

Сыртқа қолданылатын Аргосульфан кремі теріні және іш киімді қарайтпайды.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.

Емшек емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Көлік құралдарын басқару және қозғалмалы механизмдерде қызмет көрсету қабілетіне әсер етуі

Препарат психофизикалық белсенділікті және автокөлікті басқару мен мәшинелік құрал-жабдықтармен қызмет көрсету қабілетін шектемейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары болмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 г (15 г бөлшектеп өлшеу үшін) немесе 40 г (40 г бөлшектеп өлшеу үшін) препараттан пластмасса қақпақпен жабылатын алюминий жарғақшалы сықпаларға салады.

1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеде.

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Jelfa фармзауыты А.Қ.

58-500, Еленя Гура, В.Поля к-сі, 21, Польша

Тіркеу куәлігінің иесі

«Валеант» ЖШҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Валеант» ЖШҚ ҚР өкілдігі

Қазақстан, 050059, Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғылы,

17 үй, Блок 4Б, ғимарат 4-4Б-11

Телефон 3 111 516 Факс 3 111 517

Элетронды пошта Office.KZ@valeant.com

 

 

Прикрепленные файлы

058248841477977073_ru.doc 55 кб
972666311477978250_kz.doc 46.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники