Апилак Гриндекс

МНН: Маточное молочко
Производитель: Таллиннский фармацевтический завод АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний кожи
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005397
Информация о регистрации в РК: 03.10.2012 - 03.10.2017

Инструкция

Саудалық атауы

АПИЛАК ГРИНДЕКС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 10 мг/г жақпамай, 50 г

Құрамы

1 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат –10 мг араның лиофилизацияланған аналық сүті,

қосымша заттар: вазелин, цетил спирті, глицерин, қатты парафин, натрий цетостеарилсульфаты, даршын спирті, метилпарагидроксибензоат, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән даршын спиртінің (гиацинт) иісі бар ақ немесе сәл сарғыш реңді ақ түсті жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АTХ коды D11АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат әсері аналық ара сүті құрамдас бөліктері әсерінің бірлескен нәтижесі болып табылады, сондықтан кинетикалық бақылау жасау мүмкіндігі жоқ.

Фармакодинамикасы

АПИЛАК ГРИНДЕКС дәрілік затының белсенді заты – аналық ара сүтінде жұмысшы аралардың аллотрофиялық бездері өндіретін сөлініс болып табылады. Дәрілік затты сыртқа қолданғанда жасушалық метаболизмді және регенеративті үдерістерді көтермелейді, тіндер трофикасын жақсартады.

Қолданылуы

- себореяда

- себореялық және микробтық экземада

- нейродермитте

- тері қышымасында

- баздануда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен жасы 6 айлық балалардан бастап жақпамай (2-10 г) терінің зақымданған жеріне жұқалап тәулігіне 1-2 рет таңғышсыз немесе таңғыш астына жағылады.

Емдеу курсы ұзақтығы 1 аптадан 2 айға дейін. Балалар үшін емдеу курсы 7-15 күн.

Жағымсыз әсерлері

- тері аллергиялық реакциялары (тері бөртпесі, қышыну, терінің қызаруы және т.б.)

Жағымсыз әсерлер пайда болғанда емді тоқтатып, дәрігермен кеңесу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ара шаруашылығы өнімдеріне және жақпамайдың қандай да бір қосымша бөліктеріне жоғары сезімталдық

- Аддисон ауруы

- жасы 6 айға дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Жақпамайды кездейсоқ жұтып қойған жағдайда дәрігерге қаралыңыз. Дәрігерге өзіңізбен бірге препараттың қаптамасын ала барыңыз.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде жақпамайды пайдалануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік зат көлік жүргізу және техникалық қондырғылармен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 г препараттан ішкі беті алюминий, лакпен жабылған, мойнында қорғаныш алюминий жарғақшасы және пластмассадан жасалған бұралатын бушонда жарғақшаны тесуге арналған конус тәріздес тетігі бар сықпаға салынған. Сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау қажет.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Таллинн фармацевтикалық зауыты АҚ. Тонди 33, 11316 Таллинн, Эстония

Тіркеу куәлігінің иесі

«Гриндекс» АҚ, Латвия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Гриндекс» АҚ өкілдігі

Алматы қ., Достық даңғ., 63-65/13 Шевченко көш. бұрышы

т./ф. 291-88-77, 291-13-84

e-mail: grindeks.azia.kz@mail.ru

 

 

3

 

Прикрепленные файлы

708425211477977014_ru.doc 43.5 кб
530234361477978193_kz.doc 52.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники