Апиксар (5 мг)

МНН: Апиксабан
Производитель: Абди Ибрахим Глобал Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Апиксабан
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-0№026172
Информация о регистрации в РК: 13.03.2024 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Апиксар

Халықаралық патенттелмеген атауы

Апиксабан

Дәрілік түрі, дозалануы

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 2,5 мг және 5 мг

Фармакотерапиялық тобы

Қан және қан түзу ағзалары. Тромбозға қарсы препараттар. Ха факторының тікелей тежегіштері. Апиксабан.

ATХ коды B01AF02

Қолданылуы

Апиксар 2,5 мг және 5 мг препараты келесі жағдайларда қолдану үшін көрсетілген:

  • NYHA бойынша (Нью-Йорк кардиология қауымдастығының жіктеуі бойынша) ФК ≥ II жүрек функциясының симптомдық жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, 75 және одан үлкен жас, қантты диабет, алдыңғы инсульт немесе өтпелі ишемиялық шабуыл (ӨИШ) сияқты бір немесе бірнеше қауіп факторлары бар жүрекшенің қақпақшалық емес фибрилляциясы (ЖҚЕФ) бар ересек пациенттерде инсульт пен жүйелі эмболияның профилактикасы үшін

  • терең веналар тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу, сондай-ақ ересектерде қайталанатын ТВТ және ӨАТЭ профилактикасы

Апиксар 2,5 мг ересектерде келесі жағдайларда қолдану үшін көрсетілген:

- ұршықбуынын немесе тізе буынын жоспарлы эндопротездеуден кейін ересек пациенттерде веналық тромбоэмболиялық асқынулардың (ВТА) профилактикасы үшін

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

-тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға

- клиникалық айқын белсенді қан кету

- бауыр ауруы коагулопатиямен және қан кетудің дамуының клиникалық маңызды қаупімен бірге

- зақымдану ошағының немесе үлкен қан кетудің айқын қаупімен байланысты жағдайдың болуы, мысалы, қазіргі немесе жақын арада болған АІЖ ойықжарасы, қан кету қаупі жоғары қатерлі ісіктердің болуы, мидың немесе жұлынның жақында болған жарақаты, миға, жұлынға немесе көзге жақында жасалған операция, жақында өткен бассүйекішілік қан кету, өңеш веналарының анықталған немесе күдікті варикозды кеңеюі, тамырлардың артерия-веналық даму ауытқулары, тамыр аневризмасы немесе ірі омыртқаішілік немесе ми тамырларының патологиялық жағдайы

- антикоагулянттармен емдеуге көшу жағдайларынан басқа, кез келген басқа антикоагулянтпен, мысалы фракцияланбаған гепаринмен (ФБГ), төмен молекулалы гепаринмен (эноксапарин, далтепарин және т. б.), гепарин туындыларымен (фондапаринукс және т. б.), пероральді антикоагулянттармен (варфарин, ривароксабан, дабигатран және т. б.) бір мезгілде қолдану, орталық веналық немесе артериялық катетердің өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін немесе жүрекшелер фибрилляциясына байланысты катетерлік абляция кезінде ФБГ қолдану үшін қажетті дозаларда ФБГ енгізілгенде

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Қан кету қаупі

Басқа антикоагулянттар сияқты, апиксабан қабылдайтын пациенттерді қан кету белгілерін анықтау үшін мұқият бақылау қажет. Қан кетудің жоғары қаупімен байланысты жағдайларда препаратты сақтықпен қолдану ұсынылады. Ауыр қан кету жағдайында апиксабанды қабылдауды тоқтату керек.

Апиксабан терапиясы оның қандағы концентрациясын үнемі бақылауды қажет етпесе де, кейде апиксабанның әсері туралы деректер клиникалық шешімдер қабылдауға ықпал ететін ерекше жағдайларда, мысалы, артық дозаланғанда және жедел операциялық араласу кезінде, калибрлік сандық талдау арқылы анти-Ха-факторлық белсенділікті талдау қажет болуы мүмкін.

Апиксабанның анти-Ха-факторлық белсенділігін бейтараптандыратын препарат бар.

Гемостазға әсер ететін басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Қан кету қаупі жоғары болғандықтан, кез келген басқа антикоагулянттармен бірге қолдануға болмайды.

Апиксабанды тромбоциттерге қарсы препараттармен бір мезгілде қабылдау қан кету қаупін арттырады.

Серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштерін (СКҚСТ) немесе серотонин-норэпинефринді кері қармаудың селективті тежегіштерін (СНКҚСТ) немесе ацетилсалицил қышқылын қоса алғанда, стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде терапияны абайлап жүргізу қажет.

Хирургиялық араласудан кейін апиксабанмен бір мезгілде тромбоциттер агрегациясының басқа тежегіштерін қолдану ұсынылмайды.

Жүрекше фибрилляциясы және бір немесе екі антитромбоциттік дәрілермен емді талап ететін жағдайдағы пациенттер үшін мұндай емді апиксабанмен біріктірмес бұрын әлеуетті пайда мен қауіп арақатынасына мұқият бағалау жүргізген жөн.

Жүрекше фибрилляциясы бар пациенттерде АСҚ қосу апиксабанда үлкен қан кету қаупін жылына 1,8% - дан жылына 3,4% - ға дейін, варфаринде жылына 2,7% - дан жылына 4,6% - ға дейін арттырады.

АСҚ бар немесе онсыз P2Y12 тежегішімен және пероральді антикоагулянтпен 6 ай бойы жоспарланған емдеу кезеңімен ЖКС және/немесе ТАВ бастан өткерген жүрекше фибрилляциясы бар (апиксабан немесе К дәруменінің антагонисті - КДА ) пациенттерде. Апиксабан алған пациенттерде АСҚ бір мезгілде қабылдау Тромбоз және гемостаз бойынша халықаралық қоғамның (International Society on Thrombosis and Haemostasis — ISTH) критерийлері бойынша үлкен қан кетулердің немесе клиникалық маңызы бар шағын қан кетулердің (КМШҚК) туындау қаупін жылына 16,4% - дан жылына 33,1% - ға дейін арттырды.

Клопидогрелмен бірге АСҚ немесе АСҚ алған көптеген қатар жүретін кардиологиялық және кардиологиялық емес аурулармен сипатталатын жүрекше фибрилляциясынсыз жедел коронарлық синдромнан кейін жоғары қауіпті пациенттерде плацебомен (жылына 2,04%) салыстырғанда апиксабанда ISTH бойынша үлкен қан кету қаупінің едәуір ұлғаюы (жылына 5,13%) байқалды.

Жедел ишемиялық инсультті емдеу үшін тромболитикалық дәрілерді қолдану

Апиксабан қабылдаған пациенттерде жедел ишемиялық инсультті емдеу үшін тромболитик препараттарды қолдану тәжірибесі өте шектеулі.

Жасанды жүрек қақпақшалары бар науқастар

Жүрекшелердің фибрилляциясы бар немесе онсыз жүректің жасанды қақпақшалары бар пациенттерде апиксабанның қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Осыған байланысты осы топтағы пациенттерде апиксабанды қолдану ұсынылмайды.

Антифосфолипидті синдромы бар пациенттер

Тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттар (ТӘПА), оның ішінде апиксабан анамнезінде антифосфолипидті синдром диагнозы қойылған тромбозы бар пациенттерге қолдану үшін ұсынылмайды. Атап айтқанда, антифосфолипидті синдромына үш талдаудың оң нәтижесі бар пациенттерде (жегілік антикоагулянтқа, кардиолипинге антиденелерге және I типті бета-2-гликопротеинге антиденелерге талдау) ТӘПА емдеу К дәруменінің антагонистерімен терапиямен салыстырғанда қайталанатын тромбоздық құбылыстардың пайда болу жиілігінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Хирургиялық араласулар және инвазиялық емшаралар

Апиксабанды қабылдауды жоспарлы операцияны немесе орташа немесе жоғары қан кету қаупімен байланысты инвазиялық рәсімді орындағанға дейін кемінде 48 сағат бұрын тоқтату керек. Бұған клиникалық маңызды қан кету ықтималдығы жоққа шығарылмайтын немесе қан кету қаупі қолайсыз болатын араласулар жатады.

Жоспарлы операциялар немесе қан кету қаупі төмен инвазиялық емшаралар алдында апиксабанды қабылдауды 24 сағаттан кешіктірмей тоқтату керек. Бұған азғана, орналасуы бойынша қатер шегінде емес немесе оңай бақыланатын қан кету күтілетін араласулар жатады.

Егер операцияны немесе инвазивті емшараны кейінге қалдыру мүмкін болмаса, қан кету қаупінің жоғарылауын ескере отырып, оларды тиісті сақтықпен жүргізу керек. Қан кету қаупі мен шұғыл араласу қажеттілігін байланыстыру керек.

Хирургиялық араласудан немесе инвазивті емшарадан кейін апиксабанды қабылдауды клиникалық жағдай мүмкіндік беріп, тиісті гемостазға жеткен жағдайда мүмкіндігінше тезірек жаңарту керек.

Жүрекшелердің фибрилляциясына байланысты катетерлік абляция жасалатын пациенттерде апиксабан терапиясын тоқтатудың қажеті жоқ.

Терапияны уақытша тоқтату

Белсенді қан кету, жоспарлы операция немесе инвазиялық емшараға байланысты апиксабанды қоса алғанда, антикоагулянттарды қабылдауды тоқтату пациент үшін тромбоз қаупін арттырады. Емдеудегі үзілістерден аулақ болу керек, егер апиксабанмен антикоагулянттық терапияны қандай да бір себептермен уақытша тоқтату қажет болса, оны мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіру керек.

Жұлын және эпидуральды анестезия немесе пункция

Нейроаксиальдік анестезияны (жұлын немесе эпидуральды анестезияны) не жұлын немесе эпидуральды пункцияны қолданғанда тромбоэмболиялық асқынулардың профилактика үшін антитромбоциттік препараттар алатын пациенттер эпидуральды немесе жұлын гематомасының даму қаупі тобында болады, бұл ұзақ немесе қайтымсыз салдануға әкелуі мүмкін. Бұл құбылыстардың қаупі операциядан кейін тұрақты эпидуральды катетерді қолданғанда немесе гемостазға әсер ететін препараттарды бір уақытта қолданғанда артуы мүмкін. Тұрақты эпидуральді немесе интратекальді катетерді апиксабанның бірінші дозасын қабылдағанға дейін кемінде 5 сағат бұрын алып тастау қажет. Қан кету қаупі жарақаттанған немесе қайталанатын эпидуральды немесе жұлын пункцияларында да артады. Пациенттерде неврологиялық бұзылулардың белгілері мен симптомдарына (мысалы, аяқтардың ұюы немесе әлсіздігі, ішектің немесе қуықтың дисфункциясы) жиі бақылау жүргізу қажет. Неврологиялық бұзылулар анықталған кезде шұғыл диагноз қою және емдеу қажет. Нейроаксиальдік араласудан бұрын дәрігер антикоагулянттық ем алатын немесе оны тромбоздың профилактикасы үшін алатын пациенттер үшін әлеуетті пайда мен қауіп арақатынасын талдауы керек.

Апиксабанды тұрақты интратекальді немесе эпидуральді катетерлермен қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ. Апиксабанның жалпы фармакокинетикалық қасиеттерін ескере отырып, соңғы дозаны қабылдау мен катетерді алу арасында, мұндай қажет болған жағдайда, 20-30 сағат (яғни жартылай шығарылудың 2 еселенген кезеңі) өтуі тиіс және катетерді алу алдында апиксабанның кемінде бір дозасын өткізіп алу керек. Апиксабанның келесі дозасын катетер алынғаннан кейін кемінде 5 сағаттан кейін қолдануға болады. Барлық жаңа антикоагулянттық препараттар сияқты, апиксабанды нейроаксиальдік блокадада қолдану тәжірибесі шектеулі, сондықтан мұндай жағдайда ерекше сақ болу керек.

Тұрақсыз гемодинамикамен ӨАТЭ бар пациенттер немесе тромболизис немесе өкпе эмболэктомиясы көрсетілген пациенттер

Тұрақсыз гемодинамикамен өкпе артериясының тромбоэмболиясы бар пациенттерде немесе тромболизис немесе өкпе эмболэктомиясы орындалуы мүмкін пациенттерде апиксабанның қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмағандықтан, осы клиникалық жағдайларда фракцияланбаған гепариннің орнына апиксабанды қолдану ұсынылмайды.

Белсенді үдемелі қатерлі ісігі бар пациенттер

Белсенді үдемелі қатерлі ісігі бар пациенттерде веноздық тромбоэмболияның да, қан кетудің де даму қаупі жоғары болуы мүмкін. Апиксабан қатерлі ісігі бар пациенттерде ТВТ немесе ӨАТЭ емдеу үшін қаралған кезде пайда мен қауіп арақатынасына мұқият бағалау жүргізген жөн.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Шектелген клиникалық деректер бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде (креатинин клиренсі 15-29 мл/мин) қан плазмасында апиксабан концентрациясының жоғарылағанын көрсетеді, бұл қан кету қаупінің артуына әкелуі мүмкін. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде (креатинин клиренсі 15-29 мл/мин) ұршықбуынын немесе тізе буынын жоспарлы эндопротездеу (пВТЭ) кезінде ВТА профилактикасы, ТВТ терапиясы және қайталанатын ТВТ және ӨАТЭ (тВТА) профилактикасы үшін апиксабанды сақтықпен пайдалану керек.

ЖҚЕФ бар пациенттерде инсульт пен жүйелі эмболияның профилактикасы үшін бүйрек функциясы ауыр бұзылған пациенттер (креатинин клиренсі 15-29 мл/мин) және сарысулық креатинин деңгейі ≥ 1,5 мг/дл (133 мкмоль/л) ≥ 80 жастағы немесе дене салмағы ≤ 60 кг болатын пациенттер тәулігіне екі рет 2,5 мг апиксабанның төмендетілген дозасын алуы тиіс.

Креатинин клиренсі < 15 мл/мин пациенттерде немесе диализдегі пациенттерде апиксабанды клиникалық қолдану тәжірибесінің болмауына байланысты препаратты пациенттердің осы тобында қолдану ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер

Жасы ұлғайған сайын қан кету қаупі артуы мүмкін.

Егде жастағы пациенттердің апиксабан мен АСҚ бір мезгілде қолдануы қан кетудің ықтимал жоғары қаупіне байланысты сақтықты талап етеді.

Дене салмағы

Дене салмағы төмен (<60 кг) кезде қан кету қаупі артуы мүмкін.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Апиксабан препаратын коагулопатиямен қосарласқан бауыр ауруы және қан кетудің клиникалық маңызды даму қаупі бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Препаратты бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерге қабылдау ұсынылмайды.

Препаратты бауыр функциясының жеңіл немесе орташа бұзылуы бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А немесе В класы) пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Бауыр ферменттерінің белсенділігі жоғары (АЛТ/АСТ қалыптың жоғарғы шегінен 2 есе жоғары) немесе жалпы билирубин қалыптың жоғарғы шегінен 1,5 есе немесе одан жоғары пациенттер клиникалық зерттеулерге енгізілмеген. Осыған байланысты пациенттердің осы тобында апиксабанды сақтықпен қолданған жөн. Апиксабан препаратын қабылдауды бастағанға дейін бауыр функциясына зерттеу жүргізу қажет.

P450 3A4 (CYP3A4) цитохромның және P-гликопротеиннің (P-gp)тежегіштерімен өзара әрекеттесуі

Апиксабанды бір мезгілде азол тобының антимикотиктері (мысалы, кетоконазол, итраконазол, вориконазол және позаконазол) және АИТВ протеаза тежегіштері (мысалы, ритонавир) сияқты күшті CYP3A4 және P-gp тежегіштерімен жүйелі ем алатын пациенттерге қолдану ұсынылмайды. Бұл дәрілік препараттар апиксабанның әсерін апиксабанның әсерін күшейтуі мүмкін қосымша факторлардың қатысуымен 2 есе немесе одан да көп арттыруы мүмкін (мысалы, бүйрек функциясының ауыр бұзылуы).

CYP3A4 және P-gp индукторларымен өзара әрекеттесу

Апиксабанды CYP3A4 және P-gp күшті индукторларымен бір мезгілде қолдану (мысалы, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал немесе кәдімгі шайқурай) апиксабанның әсерінің шамамен 50% - ға төмендеуіне әкелуі мүмкін. Апиксабанды және CYP3A4 және P-gp күшті индукторларын бірге қолданған кезде жүрекше фибрилляциясы бар пациенттерде клиникалық зерттеуде апиксабан монотерапиясымен салыстырғанда препарат тиімділігінің төмендеуі және қан кету қаупінің анағұрлым жоғары болуы байқалды.

Бір мезгілде күшті CYP3A4 және P-gp индукторларымен жүйелі ем алатын пациенттерге келесі ұсынымдар жатады:

- ұршықбуынын немесе тізе буынын (пВТА) жоспарлы эндопротездеуден кейін ВТА профилактикасында, ЖҚЕФ бар пациенттерде инсульт пен жүйелі эмболияның профилактикасында және қайталанатын ТВТ мен ӨАТЭ профилактикасында апиксабанды сақтықпен қолдану керек;

- ТВТ және ӨАТЭ емдеу үшін апиксабанды қолдануға болмайды, өйткені оның тиімділігі төмендеуі болады.

Ұршықбуынының сынықтарын хирургиялық емдеу

Ұршықбуынының сынуы бойынша хирургиялық операциядан өткен пациенттерде апиксабанды қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалаудың болмауына байланысты препаратты пациенттердің осы тобында қолдану ұсынылмайды.

Зертханалық талдау параметрлері

Күтілгендей, апиксабанның әсер ету механизмі қанның ұю талдауларының нәтижелеріне әсер етеді (мысалы, протромбин уақыты, ХҚҚ және ішінара белсендірілген тромбопластин уақыты (ІБТУ)). Апиксабанның күтілетін емдік дозалары кезінде осы қан ұю талдауларының нәтижелерінде байқалатын өзгерістер аз және құбылмалылықтың жоғары дәрежесімен сипатталады.

Басқа дәрілік  препараттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A4 және P-gp тежегіштері

Апиксабанды кетоконазолмен (тәулігіне бір рет 400 мг), CYP3A4 және P-gp күшті тежегішімен бір мезгілде қабылдау апиксабанның орташа AUC 2 есе ұлғаюына және апиксабанның орташа Cmax 1,6 есе ұлғаюына әкелді.

Апиксабанды бір мезгілде азол тобының антимикотиктері (мысалы, кетоконазол, итраконазол, вориконазол және позаконазол) және АИТВ протеаза тежегіштері (мысалы, ритонавир) сияқты күшті CYP3A4 және P-gp тежегіштерімен жүйелі ем алатын пациенттерге қолдану ұсынылмайды.

CYP3A4 және P-gp күшті тежегіштері болып саналмайтын белсенді заттар (мысалы, амиодарон, кларитромицин, дилтиазем, флуконазол, напроксен, хинидин, верапамил) плазмадағы апиксабан концентрациясын аз дәрежеде арттырады деп болжанады. Апиксабан дозасын CYP3A4 және P-gp күшті тежегіштері болып табылмайтын басқа препараттармен бірге қолданғанда түзету талап етілмейді. Мысалы, CYP3A4 орташа тежегіші және P-gp әлсіз тежегіші болып саналатын дилтиазем (тәулігіне бір рет 360 мг дозада) апиксабанның AUC орташа мәнінің 1,4 есе жоғарылауын және Cmax орташа мәнінің 1,3 есе жоғарылауын тудырады. Напроксен (500 мг бір реттік доза), ол P-gp тежегіші болып табылады, бірақ CYP3A4 тежемейді, AUC және Cmax орташа мәндерін тиісінше 1,5 және 1,6 есе арттырады. Кларитромицин (тәулігіне 2 рет 500 мг дозада), P-gp тежегіші және CYP3A4 күшті тежегіші апиксабанның AUC және Cmax орташа мәндерінің тиісінше 1,6 және 1,3 есе артуына әкелді.

CYP3A4 және P-gp индукторлары

Апиксабанды рифампицинмен, CYP3A4 және P-gp күшті индукторымен бір мезгілде қолдану апиксабанның AUC және Cmax орташа мәндерінің тиісінше 54% және 42% төмендеуін тудырды. Апиксабанды басқа күшті CYP3A4 және P-gp индукторларымен бір мезгілде қолдану (мысалы, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал немесе шайқурай) қан плазмасындағы апиксабан концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Апиксабанды осындай препараттармен біріктірген кезде оның дозасын түзету талап етілмейді, алайда бір мезгілде күшті CYP3A4 және P-gp индукторларымен жүйелі ем алатын пациенттерде ұршықбуынын немесе тізе буынын жоспарлы эндопротездеуден кейін ВТА профилактикасында, ЖҚЕФ бар пациенттерде инсульт пен жүйелі эмболияның профилактикасында және қайталанатын ТВТ мен ӨАТЭ профилактикасында апиксабанды сақтықпен қолдану керек.

Апиксабанды бір мезгілде күшті CYP3A4 және P-gp индукторларымен жүйелі ем алатын пациенттерде ТВТ және ӨАТЭ терапиясы үшін қолдану ұсынылмайды, өйткені оның тиімділігі төмендеуі мүмкін.

Антикоагулянттар, тромбоциттер агрегациясының тежегіштері, СКҚСТ/СНКҚСТ және ҚҚСП

Қан кетудің жоғары қаупіне байланысты кез келген басқа антикоагулянттармен бір мезгілде қолдануға, антикоагулянтпен емді ауыстырудың белгілі бір жағдайларынан басқа, орталық веналық немесе артериялық катетердің өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін қажетті дозаларда ФЕГ қолдануға немесе жүрекшелердің фибрилляциясына байланысты катетерлік абляция кезінде ФЕГ қолдануға болмайды.

Эноксапаринді (бір реттік доза 40 мг) және апиксабанды (бір реттік доза 5 мг) бір мезгілде қолданғаннан кейін Xa антифакторының белсенділігіне қатысты аддитивті әсер байқалды.

Апиксабанды АСҚ-мен тәулігіне бір рет 325 мг дозада қабылдаған кезде фармакокинетикалық немесе фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ. Апиксабанды клопидогрелмен (тәулігіне 1 рет 75 мг), 75 мг дозада клопидогрелмен және тәулігіне 1 рет 162 мг дозада АСҚ-мен немесе прасугрелмен (60 мг, содан кейін — тәулігіне 1 рет 10 мг) бір мезгілде қабылдау кезінде апиксабансыз антитромбоцитарлық препараттарды қабылдаумен салыстырғанда қан кету ұзақтығының елеулі жоғарылауы немесе тромбоциттер агрегациясының одан әрі тежелуі тіркелген жоқ. Қанның ұю көрсеткіштерінің жоғарылауы (протромбин уақыты, ХҚҚ және ІБТУ) тек апиксабанды пайдалану кезінде алынған нәтижелерге сәйкес келді.

Напроксеннің P-gp тежегішін (500 мг) қолдану апиксабанның AUC және Cmax орташа мәндерінің тиісінше 1,5 және 1,6 есе ұлғаюына әкелді. Апиксабанды қабылдау кезінде қан ұю көрсеткіштерін талдау нәтижелерінің тиісінше артуы байқалды. Арахидон қышқылымен индукцияланған тромбоциттер агрегациясына напроксеннің әсерінің ешқандай өзгерістері байқалған жоқ, сондай-ақ апиксабан мен напроксенді бірге қолданғаннан кейін қан кету ұзақтығының клиникалық елеулі ұлғаюы байқалмады.

Осы деректерге қарамастан, жекелеген пациенттерде апиксабанды басқа антитромбоциттік препараттармен бірге қолданғаннан кейін анағұрлым айқын фармакодинамикалық жауап байқалуы мүмкін. Апиксабанды СКҚСТ/СНКҚСТ, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен (ҚҚСД), АСҚ және/немесе P2Y12 тежегіштерімен бірге абайлап қолдану керек, өйткені бұл дәрілік заттар әдетте қан кету қаупін арттырады.

Препаратты тромбоциттер агрегациясының басқа тежегіштерімен (мысалы, GPIIb/IIIa рецепторларының антагонистері, дипиридамол, декстран немесе сульфинпиразон) немесе тромболитикалық агенттермен бірге қолдану тәжірибесі шектеулі. Мұндай агенттер қан кету қаупін арттыратындықтан, бұл дәрілік препараттарды апиксабанмен бірге қолдану ұсынылмайды.

Басқа қатар жүретін терапия

Апиксабанды атенололмен немесе фамотидинмен бір мезгілде қабылдаған кезде қандай да бір клиникалық маңызды фармакокинетикалық немесе фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ. Апиксабанды 10 мг дозада атенололмен 100 мг дозада бір мезгілде қолдану апиксабанның фармакокинетикасына клиникалық маңызды әсерін көрсеткен жоқ. Екі препаратты бірге қабылдағаннан кейін апиксабан үшін AUC және Cmax орташа мәні тек апиксабанды қабылдағанға қарағанда 15% және 18% төмен болды. 10 мг дозада апиксабанды және 40 мг дозада фамотидинді бір мезгілде қабылдау апиксабанның AUC немесе Cmax мәндеріне әсер етпеді.

Апиксабанның басқа дәрілік препараттарға әсері

Апиксабанның in vitro зерттеулерінде CYP1A2, CYP2A6, CYP2B6, CYP2C8, CYP2C9, CYP2D6 немесе CYP3A4 (ИК50 (50% ингибиция коэффициенті) > 45 мкМ) белсенділігіне тежеуші әсер анықталған жоқ және пациенттерде байқалатын плазмадағы ең жоғары концентрациядан едәуір жоғары концентрацияларда CYP2C19 (ИК50 > 20 мкМ) белсенділігіне қатысты әлсіз тежеуші әсер анықталды. Апиксабан 20 мкМ дейінгі концентрацияларда CYP1A2, CYP2B6 және CYP3A4/5 индукторы болып табылмайды. Сондықтан апиксабан осы ферменттермен метаболизденетін бірге қолданылатын дәрілік препараттардың метаболизмдік клиренсін өзгертпейді деп күтілуде. Апиксабан P-gp айтарлықтай дәрежеде тежемейді. Апиксабан дигоксиннің, напроксеннің және атенололдың фармакокинетикасын елеулі дәрежеде өзгерткен жоқ.

Дигоксин

P-gp субстраты болып табылатын апиксабанды (тәулігіне бір рет 20 мг дозада) және дигоксинді (тәулігіне бір рет 0,25 мг дозада) бірге қабылдаған кезде дигоксиннің AUC немесе Cmax мәндері өзгерген жоқ. Осылайша, апиксабан P-gp арқылы субстраттардың тасымалдануын тежемейді.

Напроксен

ҚҚСД жиі қолданатын апиксабанның (10 мг) және напроксеннің (500 мг дозада) бір реттік дозаларын бірге қабылдау напроксеннің AUC немесе Cmax мәндеріне ешқандай әсер еткен жоқ.

Атенолол

Апиксабанның (10 мг) және жиі қолданылатын бета-блокатор атенололдың (100 мг дозада) бір реттік дозасын бірге қабылдау атенолол фармакокинетикасының өзгерісін тудырмады.

Белсендірілген көмір

Белсендірілген көмірді қабылдау апиксабанның әсерін азайтады.

Арнайы сақтандырулар

Апиксарды келесі жағдайларда қолданған кезде ерекше сақ болу керек:

  • «Антифосфолипид синдромы» деп аталатын ауру кезінде (тромбылардың түзілу қаупі жоғарылайтын иммундық жүйенің ауруы) емдеуші дәрігерге хабарлау керек, ол емдеуді өзгерту керек пе, жоқ па, соны шешеді.

Хирургия немесе қан кетуін тудыруы мүмкін емшара қажет болса, дәрігер бұл препаратты қысқа уақытқа уақытша тоқтатуды сұрауы мүмкін. Егер емшара қан кетуіне әкелуі мүмкін екендігі туралы нақты ақпарат болмаса, емдеуші дәрігермен кеңесу керек.

Қосымша заттар туралы мәліметтер

Апиксардың құрамында лактоза бар. Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл дәрілік препаратты қабылдамағандары жөн.

Бұл дәрілік препараттың құрамында бір таблеткаға 1 ммоль аз натрий (23 мг) бар, яғни іс жүзінде «құрамында натрий жоқ».

Педиатрияда қолдану

Апиксарды балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қабылдау ұсынылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде

Жүктілік немесе бала емізу кезінде, жүктілікке күдік болған кезде немесе жоспарланған жүктілік кезінде, осы препаратты қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесу керек.

Сақтық шарасы ретінде апиксабанды жүктілік кезінде қолданудан аулақ болған жөн.

Бала емізудің пайдасы мен әйел үшін терапияның пайдасын ескере отырып, емшек емізуді тоқтату немесе апиксабан терапиясын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылдау қажет.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді  басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Апиксар автокөлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне теріс әсерін көрсеткен жоқ.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Жүрекшелердің қақпақшалық емес фибрилляциясы (ЖҚЕФ) бар пациенттерде инсульт пен жүйелі эмболияның профилактика

Апиксабанның ұсынылатын дозасы тәулігіне екі рет 5 мг құрайды.

Дозаны төмендету

ЖҚЕФ және кем дегенде келесі екі қауіп факторы бар пациенттер үшін - 80 жас және одан жоғары, дене салмағы ≤ 60 кг немесе қан сарысуындағы креатинин концентрациясы ≥ 1,5 мг/дл (133 мкмоль/л) болса - апиксабанның ұсынылатын дозасы тәулігіне екі рет 2,5 мг құрайды.

Терапия ұзақ болуы керек.

ТВТ емдеу, ӨАТЭ емдеу және қайталанатын ТВТ мен ӨАТЭ профилактикасы (ВТА емдеу)

Жедел ТВТ емдеу және ӨАТЭ емдеу үшін апиксабанның ұсынылатын дозасы алғашқы 7 күн ішінде тәулігіне пероральді екі рет 10 мг, содан кейін тәулігіне пероральді екі рет 5 мг құрайды. Қолда бар медициналық ұсыныстарға сәйкес емдеудің қысқа ұзақтығы (кем дегенде 3 ай) уақытша қауіп факторларына негізделуі керек (мысалы, жақында жасалған хирургиялық араласу, жарақат немесе иммобилизация).

Қайталанатын ТВТ мен ӨАТЭ профилактика үшін апиксабанның ұсынылатын дозасы тәулігіне екі рет пероральді 2,5 мг құрайды. Қайталанатын ТВТ және ӨАТЭ профилактикасы көрсетілген кезде препаратты тәулігіне екі рет 2,5 мг дозада пероральді қабылдауды апиксабанмен тәулігіне екі рет 5 мг дозада немесе басқа антикоагулянтпен емдеудің 6 айлық курсы аяқталғаннан кейін төмендегі 1-кестеде көрсетілгендей бастаған жөн.

Ұсынылатын доза (ВТА емдеу)

Дозалау режимі

Ең жоғары тәуліктік доза

ТВТ немесе ӨАТЭ емдеу

Алғашқы 7 күнде тәулігіне екі рет 10 мг

20 мг

Содан кейін күніне екі рет 5 мг

10 мг

ТВТ немесе ӨАТЭ емдеудің 6 айлық курсы аяқталғаннан кейін қайталанатын ТВТ және (немесе) ӨАТЭ профилактикасы

тәулігіне екі рет 2,5 мг

5 мг

Жалпы емнің ұзақтығын қан кетудің пайда болу қаупімен салыстырғанда емнің пайдасын мұқият бағалағаннан кейін жеке таңдаған жөн.

ВТА профилактикасы: ұршықбуынын немесе тізе буынын жоспарлы эндопротездеу

Апиксабанның ұсынылатын дозасы тәулігіне екі рет 2,5 мг құрайды. Бірінші дозаны операциядан кейін 12-24 сағат ішінде қабылдау керек.

Көрсетілген аралықта препаратты қабылдау уақытын таңдау кезінде дәрігерлер ВТА және араласудан кейін қан кету қаупінің профилактикасы үшін антикоагулянттық емді ертерек бастаудың ықтимал пайдасы туралы пайымдауларды басшылыққа алуы мүмкін.

Ұршықбуынын эндопротездегеннен кейінгі пациенттер үшін

Терапияның ұсынылатын ұзақтығы 32-ден 38 күнге дейін.

Тізе буынын эндопротездегеннен кейінгі пациенттер үшін

Терапияның ұсынылатын ұзақтығы 10-нан 14 күнге дейін.

Препаратты ауыстыру

Парентеральді антикоагулянттармен емдеуден Апиксарға ауысу (және керісінше) келесі дозаны қабылдау жоспарланған сәтте жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл дәрілік препараттарды бір уақытта қабылдауға болмайды.

K дәрумені антагонистерімен (КДА) емнен Апиксарға ауысу

K дәрумені (КДА) антагонистерімен емделген пациенттерді Апиксарға ауыстырған кезде варфаринді немесе басқа КДА қабылдауды тоқтату және халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) мәні 2,0-ден аз болған кезде Апиксарды қабылдауды бастау керек.

Апиксар терапиясынан КДА-ға ауысу

Пациенттерді Апиксармен емдеуден КДА-ға ауыстыру кезінде Апиксар қабылдауды КДА-мен емдеу басталғаннан кейін кемінде екі күн бойы жалғастыру керек. Апиксар мен АВК бір мезгілде қабылдаған соң 2 күннен кейін Апиксардың кесте бойынша келесі дозасын қабылдағанға дейін ХҚҚ мәнін анықтау керек. Апиксар мен КДА бір мезгілде қабылдауды ХҚҚ ≥ 2,0 мәніне жеткенге дейін жалғастыру керек.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде Апиксарды қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ. Деректер жоқ.

Егде жастағы пациенттер

ЖҚЕФ- пациенттің жағдайы дозаны төмендету қажеттілігі критерийлеріне жауап беретін жағдайларды қоспағанда, препарат дозасын түзету талап етілмейді (4.2 «Дозалау режимі және қолдану тәсілі» бөлімінің басындағы «Дозаны төмендету» қараңыз).

ВТА профилактикасы және ВТА емдеу - препарат дозасын түзету талап етілмейді (4.4 «Айрықша нұсқаулар және қолдану кезіндегі сақтандыру шаралары» және 5.2 «Фармакокинетикалық қасиеттері» бөлімдерін қараңыз).

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Апиксар препаратын коагулопатиямен қосарласқан бауыр ауруы және қан кетудің клиникалық маңызды даму қаупі бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Препаратты бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерге қабылдау ұсынылмайды.

Препаратты бауыр функциясының жеңіл немесе орташа бұзылуы бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А немесе В класы) пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа бұзылуы бар пациенттерде препараттың дозасын түзету талап етілмейді.

Бауыр ферменттерінің белсенділігі жоғары (АЛТ/АСТ қалыптың жоғарғы шегінен 2 есе жоғары) немесе жалпы билирубин қалыптың жоғарғы шегінен 1,5 есе және одан жоғары пациенттер клиникалық зерттеулерге енгізілмеген. Осыған байланысты пациенттердің осы тобында Апиксарды сақтықпен қолданған жөн (4.2 «Дозалау режимі және қолдану тәсілі» және 5.2 «Фармакокинетикалық қасиеттері» бөлімдерін қараңыз).

Апиксабан препаратын қабылдауды бастағанға дейін бауыр функциясына зерттеу жүргізу қажет.

Бүйрек  функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

  • Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа бұзылуы бар пациенттерге қатысты мынадай ұсынымдар қолданылады: ұршықбуынды немесе тізе буынын жоспарлы эндопротездеуден (ВТАп) кейін ВТА профилактикасы, ТВТ емдеу, ӨАТЭ емдеу және қайталанатын ТВТ мен ӨАТЭ (ВТЭе) профилактикасы үшін дозаны түзету талап етілмейді;

  • ЖҚЕФ және сарысулық креатинин деңгейі ≥ 1,5 мг/дл (133 мкмоль/л) бар пациенттерде инсульт пен жүйелі эмболияның профилактикасы үшін ≥ 80 жас немесе дене салмағы ≤ 60 кг үйлесімде тәулігіне екі рет 2,5 мг дозаны төмендету талап етіледі. Дозаны төмендетудің басқа критерийлері (жасы, дене салмағы) болмаған кезде дозаны түзету талап етілмейді.

Бүйрек функциясы ауыр бұзылған (креатинин клиренсі 15-29 мл/мин) пациенттерге қатысты мынадай ұсынымдар қолданылады:

  • ұршықбуынын немесе тізебуынын жоспарлы эндопротездеуден кейін ВТА профилактикасы, ТВТ терапиясы, ӨАТЭ терапиясы және қайталанатын ТВТ және ӨАТЭ(тВТА) профилактикасы үшін апиксабанды сақтықпен қабылдау керек;

  • ЖҚЕФ бар пациенттерде инсульт пен жүйелі эмболияның профилактика үшін пациенттер тәулігіне екі рет 2,5 мг апиксабанның төмендетілген дозасын алуы тиіс.

Креатинин клиренсі < 15 мл/мин немесе диализде жүрген пациенттерде апиксабанды клиникалық қолдану тәжірибесінің болмауына байланысты препаратты пациенттердің осы тобына қабылдау ұсынылмайды.

Дене салмағы

ЖҚЕФ - пациенттің жағдайы дозаны төмендету қажеттілігі критерийлеріне жауап беретін жағдайларды қоспағанда, дозаны түзету талап етілмейді

ВТА профилактикасы және емдеу - препараттың дозасын түзету қажет емес.

Жынысы

Препараттың дозасын түзету қажет емес.

Катетерлі абляция орындалатын пациенттер (ЖҚЕФ)

Пациенттер катетерлік абляцияны орындау кезінде апиксабанды қабылдауды жалғастыра алады.

Кардиоверсия жүргізілетін пациенттер

Кардиоверсия жүргізуді қажет ететін ЖҚЕФ бар пациенттер апиксабан терапиясын бастай немесе жалғастыра алады.

Бұрын антикоагулянттармен ем алмаған пациенттерде жалпы қабылданған медициналық нұсқауларға сәйкес кардиоверсияны орындамас бұрын визуализациялық зерттеу әдістерінің (мысалы, өңеш арқылы эхокардиография (ӨАЭхоКГ) немесе компьютерлік томография (КТ)) көмегімен солжақ жүрекше тромбозының болмауына көз жеткізу керек.

Апиксабанмен емдеуді бастайтын пациенттер тиісті антикоагулянттық әсерді қамтамасыз ету үшін кардиоверсияны орындау алдында кемінде 2,5 күн бойы (5 бір реттік доза) тәулігіне екі рет 5 мг дозада препаратты алуы тиіс. Дозалау режимін, егер пациент препарат дозасын төмендету өлшемдеріне сәйкес келсе, кемінде 2,5 күн бойы (5 бір реттік доза) тәулігіне екі рет 2,5 мг апиксабанға дейін қысқарту қажет.

Егер кардиоверсияны апиксабанның 5 дозасын қабылдаудан ерте жүргізу қажет болса, бастапқы жүктеме дозасын 10 мг, содан кейін тәулігіне екі рет 5 мг қолдану керек. Егер пациент дозаны төмендету критерийлеріне сәйкес келсе, жүктеме дозасын 5 мг-ға дейін төмендету, және кейіннен тәулігіне екі рет 2,5 мг дозалау режиміне өту керек. Бастапқы жүктеме дозасы кардиоверсия басталғанға дейін кемінде 2 сағат бұрын қабылдануы тиіс.

Кардиоверсия жасалатын барлық пациенттерге қатысты емшараны жүргізер алдында пациенттің ұйғарымға сәйкес апиксабанды қабылдағаны туралы растау алу қажет. Емдеуді бастау және ұзақтығы туралы шешім қабылдау кезінде кардиоверсиядан өтетін пациенттердің антикоагулянттық терапиясы бойынша мойындалған нұсқаулықтардың ұсынымдарын назарға алған жөн.

ЖҚЕФ және жедел коронарлық синдромы (ЖКС) бар және/немесе тері арқылы коронарлық араласудан (ТАА) өткен пациенттер

Гемостазға қол жеткізгеннен кейін ЖКС және/немесе ТАА болған пациенттерде антиагреганттармен үйлесімде қолданған кезде ЖҚЕФ бар пациенттер үшін ұсынылған дозада апиксабанмен емдеудің шектеулі тәжірибесі бар.

Енгізу әдісі мен жолы

Тамақтануға қарамастан, ішке қабылдау үшін.

Апиксар таблеткаларын сумен ішіп жұту керек.

Таблеткаларды тұтасымен жұта алмайтын пациенттер үшін Апиксар таблеткаларын ұсақтап, суда немесе 5% глюкозаның сулы ерітіндісінде (5ГВ) немесе алма шырынында суспензиялай алады немесе алма езбесімен араластырып, дереу ішке қабылдауға болады. Сонымен қатар, Апиксар таблеткаларын 60 мл суда немесе 5ГВ ұнтақтауға және суспензиялауға болады және алынған суспензияны назогастральды зонд арқылы дереу енгізуге болады.

Ұнтақталған Апиксар таблеткаларындағы белсенді зат суда, 5 ГВ, алма шырыны және алма пюресінде 4 сағатқа дейін тұрақты.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар

Егер препарат дозасын қабылдауды өткізіп алса, пациент Апиксарды дереу қабылдауы, содан кейін тәулігіне екі рет режимде қабылдауды жалғастыруы тиіс.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Апиксабанның артық дозалануы қан кету қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Геморрагиялық асқынулар жағдайында емдеуді тоқтатып, қан кету көзін тексеру керек. Тиісті емді, мысалы, хирургиялық гемостазды, жаңа мұздатылған плазма трансфузиясын немесе Ха-фактор тежегіштерінің әсерін бейтараптандыратын препаратты қабылдауды бастау орынды болуы мүмкін.

Апиксабанмен кездейсоқ немесе әдейі артық дозаланғанда белсендірілген көмірді қабылдау пайдалы болуы мүмкін.

Өмірге қауіп төндіретін немесе бақыланбайтын қан кетуге байланысты антикоагуляциялық белсенділікті бейтараптандыру қажет болған жағдайда, Ха-факторы тежегіштерінің әсерін бейтараптандыруға қабілетті препарат бар. Сондай-ақ, протромбин кешені концентратын (ПКК) немесе рекомбинантты VIIa факторын енгізуді қарастыруға болады. Тромбин генерациясы тестінің нәтижелері бойынша апиксабанның фармакодинамикалық әсерінің қайтымдылығы инфузияның соңында байқалды және бастапқы мәндерге құрамында қан ұюының 4 факторы бар ПКК 30 минуттық инфузиясы басталғаннан кейін 4 сағат ішінде қол жеткізілді.

Үлкен қан кету жағдайында мүмкіндігінше дәрігер-гематологтан кеңес алу туралы мәселені қарастырған жөн.

Бүйрек ауруының терминалдық сатысы (БАТС) бар пациенттерде гемодиализ 5 мг дозада бір реттік пероральді қабылдағаннан кейін апиксабанның AUC мәнін 14% - ға төмендетті. Осылайша, гемодиализ апиксабанның артық дозалануы кезінде терапияның тиімді әдісі болып табылуы екіталай.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерден немесе фармацевтен кеңес алу керек.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Бір немесе бірнеше қауіп факторларымен (ЖҚЕФ) ЖҚЕФ бар ересек пациенттерде инсульт пен жүйелі эмболияның профилактика кезіндегі жанама әсерлер

Жиі:

- анемия

- көзішілік қан құйылу (конъюнктивалық қан құйылуды қоса алғанда)

- қан кету, гематома

- гипотензия (емшараны орындағаннан кейін гипотензияны қоса алғанда)

- мұрыннан қан кету

- жүрек айнуы

- АІЖ-дан қан кету

- тікішектен қан кету, қызыл иектен қан кету

- қандағы гаммаглутамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауы

- қанталау

- несепте қанның болуы

Жиі емес:

- тромбоцитопения

- аса жоғары сезімталдық, аллергиялық ісіну және анафилаксиялық шок

- тері қышуы

- миға қан құйылу

- құрсақішілік қан кету

- қан түкіру

- геморроидальды қан кету

- ауыз қуысында қан кету

- нәжісте өзгермеген қанның болуы

- бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы, аспартатаминотрансфераза белсенділігінің жоғарылауы, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы

- қандағы аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы

- тері бөртпесі

- алопеция

- патологиялық қынаптық қан кетулер, урогенитальды қан кетулер

- енгізу орнында қан кету

- жасырын қан кетуге оң сынама

- емшарадан кейін қан құйылу (емшараны орындағаннан кейін гематоманы, жарадан қан кетуді, тамыр тесілген жерде гематоманы және катетер орнатылған жерде қан кетуді қоса алғанда), жарадан бөлінділер бөлінуі, кескен жерде қан кету (кескен жерде гематоманы қоса алғанда), интраоперациялық қан кету

- жарақаттық қан кету

Сирек:

- тыныс алу жолдарынан қан кету

- ішпердеартылық қан кету

- бұлшықеттен қан кету

Өте сирек:

- көп формалы эритема

Белгісіз

- ангионевроздық ісіну

- тері васкулиті

ТВТ мен ӨАТЭ емдеу және қайталанатын ТВТ мен ӨАТЭ (тВТА) профилактикасы кезіндегі жағымсыз әсерлер

Жиі:

- анемия

- тромбоцитопения

- қан кету, гематома

- мұрыннан қан кету

- жүрек айнуы

- ауыз қуысында қан кету

- АІЖ-дан қан кету

- тікішектен қан кету, қызыл иектен қан кету

- қандағы гаммаглутамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауы

- қандағы аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы

- тері бөртпесі

- қанталау

- несепте қан болуы

- патологиялық қынаптық қан кетулер, урогенитальды қан кетулер

Жиі емес:

- аса жоғары сезімталдық, аллергиялық ісіну және анафилаксиялық шок

- тері қышуы

- көзішілік қан құйылу (конъюнктивалық қан құйылуды қоса алғанда)

- гипотензия (емшараны орындағаннан кейінгі гипотензияны қоса алғанда)

- қан түкіру

- геморроидальды қан кету

- нәжісте өзгермеген қанның болуы

- бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы, аспартатаминотрансфераза белсенділігінің жоғарылауы, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы

- алопеция

- енгізу орнында қан кету

- жасырын қан кетуге оң сынама

- емшарадан кейін қан құйылу (емшараны орындағаннан кейін гематоманы, жарадан қан кетуді, тамыр тесілген жерде гематоманы және катетер орнатылған жерде қан кетуді қоса алғанда), жарадан бөліністер бөліну, кескен жерде қан кету (кескен жерде гематоманы қоса алғанда), интраоперациялық қан кету

- жарақаттық қан кету

- бұлшықеттен қан кету

Сирек:

- миға қан құйылу

- тыныс алу жолдарынан қан кету

Белгісіз:

- ангиневроздық ісіну

- құрсақішілік қан кету

- ішпердеартылық қан кету

- көп формалы эритема

- тері васкулиті

«Миға қан құйылу» термині бассүйекішілік немесе жұлынішілік қан кетулердің барлық түрлерін біріктіреді (мысалы, геморрагиялық инсульт немесе базальды ядро, мишыққа қан құйылу, субдуральды немесе қарыншаішілік қан кету.

Апиксабанды қолдану постгеморрагиялық анемияны тудыруы мүмкін кез келген тіннен немесе ағзадан жасырын немесе айқын қан кету қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Оның симптомдары мен ауырлығы қан кетудің орналасуы мен деңгейіне байланысты болады.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – апиксабан 2,5 мг немесе 5 мг,

қосымша заттар - сусыз лактоза, микрокристалды целлюлоза (МКЦ 102), натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты.

Қабықтың құрамы:

2,5 мг доза үшін Опадрай® II 32K220070 сары (Opadry® II 32K220070 Yellow) (гипромеллоза 2910, лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172) және триацетин);

5 мг доза үшін Опадрай® II 32K240058 қызғылт (Opadry® II 32K240058 Pink) (гипромеллоза 2910, лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е171), темірдің қызыл тотығы (Е172)және триацетин).

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Дөңгелек, екі беті дөңес, сызығы бар, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «А1» нақыштамасы бар таблеткалар (2,5 мг доза).

Сопақша, екі беті дөңес, сызығы бар, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, «А2» нақыштамасы бар таблеткалар (5 мг доза).

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлорид/ полиэтилен/поливинилиденхлоридті (PVC/PE/PVDC) үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

2 немесе 6 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші туралы мәліметтер

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы,

Алматы обл., Іле ауданы, Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 356-11-00, 8-800-070-1100, электрондық пошта: info@aigp.kz

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы,

Алматы обл., Іле ауданы, Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 356-11-00, 8-800-070-1100, электрондық пошта: info@aigp.kz

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы,

Алматы обл., Іле ауданы, Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 356-11-00, 8-800-070-1100, электрондық пошта: info@aigp.kz

Прикрепленные файлы

ЛВ_Апиксар_рус.docx 0.09 кб
ЛВ_Апиксар_каз.docx 0.09 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту